Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет91/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
214 
байланыстарды  жүзеге  асыру  құралы  –  ортақ  тақырыптар  –  жаңартылған 
бағдарламалардың  бірден  бір  ерекшелігі  болып  табылады.  Олар  барлық 
пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен 
байланысқан.  Сондықтан  мұғалім  қысқа  мерзімді  жоспар  әзірлеуде  ортақ 
тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың 
сабақтағы қызметін ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс. 
Бастауыш  мектептің  оқу  бағдарламалары  мен  оқу  жоспарларының  
мазмұны  шынайы  өмірмен  тығыз  байланысты,  практикаға  бағытталған  және 
байқампаздық,  білуге  құмарлық,  ақпаратпен  жұмыс  істей  білу,  өз  көзқарасын 
білдіру сияқты қасиеттердің дамуына ықпал етеді.  
1, 2-
сыныптардың  білім  алушылары  үшін  «патриотизм»,  «адамгершілік 
құндылықтар жүйесі» сияқты ұғымдар әзірге абстрактылы сипатта болады. Ал 
«Менің  отбасым  және  достарым»,  «Бізді  қоршаған  әлем»,  «Саяхат»,  «Салт-
дәстүр  және  ауыз  әдебиеті»  деген  тақырыптар  оларға  жақын  және  түсінікті. 
Оқушылардың  өз  отбасы,  үйі,  ата-анасына  деген  махаббаты,  достық  туралы 
әңгімелер  және  кез  келген  саяхат  туған  үйінен  басталатынын  түсінуі,  көп 
жағдайда  оқушының  өзін-өзі  отбасы  мүшесі  ретінде  айқындауын  қамтамасыз 
етеді және адамгершілік бағдарларды қалыптастырады. 
Ортақ  тақырыптар  әр  тоқсанға  екі-екіден  тең  бөлінген.  Мұғалім  әрбір 
ортақ  тақырыпқа  бөлінетін  сағат  санын  білім  алушылардың  дайындық 
ерекшеліктеріне байланысты өзі өзгертеді. 
55-
кесте – 1,2-сыныптардың оқу бағдарламаларындағы ортақ тақырыптар 
 
Тоқсан 
Ортақ тақырыптар 
1-
сынып 
2-
сынып 

Өзім туралы 
Өзім туралы 
Менің мектебім 
Менің отбасым және достарым 
II 
Менің 
отбасым 
және 
достарым 
Менің мектебім 
Бізді қоршаған әлем 
Менің туған өлкем 
III 
Саяхат 
Дені саудың жаны сау 
Салт-дәстүр 
және 
ауыз 
әдебиеті 
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті 
IV 
Тағаммен сусын 
Қоршаған орта 
Дені саудың жаны сау 
Саяхат 
 
Оқу  бағдарламаларында  күтілетін  нәтижелер  оқу  мақсаттарының  жүйесі 
түрінде тұжырымдалған, олар оқу пәнінің мазмұнын анықтау үшін негіз болып 
табылады. 
Бағалау  критерийлері  бар  оқу  мақсаттары  мен  күтілетін  нәтижелер 
мұғалімдерге  өз  жұмысын  жоспарлауға  және  білім  алушылардың  оқу 
жетістіктерін  бағалауға,  сондай-ақ  оларды  оқытудың  келесі  кезеңдері  туралы 
хабардар етуге мүмкіндік береді. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
215 
Күтілетін нәтижелер мәндес бірнеше оқу пәндерін біріктіретін әрбір білім 
саласының ерекшелігін ескере отырып, жобаланған.  
Оқу  мақсаттарының  нақты  сипаттамасы  оқу  бағдарламасына  енгізілген. 
Оқу мақсаттары әрбір оқу пәнінде екіден артық болуы мүмкін
.
 
Белгілі бір оқу 
мақсаттары (базалық дағдыларды қалыптастыратын) оқу жылы ішінде бірнеше 
рет қайталанады және бекітіледі.  
Әр  сабақ  оқу  мақсаттарын  және  оларға  жетудің  критерийлерін 
айтудан/көрсетуден  басталатынын  есте  сақтау  маңызды.  Әрбір  білім  алушы 
қойылған  оқу  мақсатын  түсініп,  ұғынуы  керек  және  оған  қалай  жетуге 
болатынын білуі керек. 
Оқытудың күтілетін нәтижелерінің жүйесі білім алушыларды оқыту және 
тәрбиелеудің мазмұндық негізін анықтайды.  
Қысқа  мерзімді  жоспарды  әзірлеу  кезінде  әр  мұғалім,  ең  алдымен,  оқу 
мақсатын  бағдарлайды.  Әдетте,  бастауыш  сыныптарда  оқу  пәндері  бойынша 
сабақта 1 немесе 2 оқу мақсаты қойылуы мүмкін.  
Әр  оқу  мақсаты  бойынша  бағалау  критерийлерін  мұғалім  әзірлеуі  тиіс. 
Сондай-ақ,  мұғалім  өзінің  білім  алушыларының  дайындық  деңгейіне  сәйкес 
келсе,  ЖӘК  порталына  орналастырылған  жиынтық  бағалау  бойынша 
жинақтардағы бағалау критерийлерін пайдалануға құқығы бар.  
Бастауыш  мектептің  өзінде  оқыту  процесі  білім  алушылардың 
функционалдық 
сауаттылықтары 
мен 
кең 
ауқымды 
дағдыларын 
қалыптастыруға  бағытталған.  Бұл  ретте  оқыту  процесі  дәстүрлі  оқыту 
процесінен  алшақтағанын  және  күтілетін  нәтижелерге  негізделетінін  есте 
сақтау қажет. Күтілетін нәтижелер алты білім салалары бойынша анықталады 
және  іс-әрекеттік  аспектісін  көрсетеді,  яғни  білім  алушылар  «біледі», 
«
түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды». 
Бастауыш  сынып  мұғалімі  жаңартылған  оқу  бағдарламаларын  іске  асыру 
аясында ұсынылған оқу процесін, қалыптастырушы  және жиынтық бағалауды 
өткізуді  ұйымдастыру  бойынша  әдістемелік  құралдар  мен  нұсқауларға  назар 
аударғаны  жөн.  Олардың  электрондық  нұсқалары  Ы.  Алтынсарин  атындағы 
Ұлттық білім академиясының (www.nao.kz), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 
Дербес білім беру ұйымының (smk.edu.kz) сайттарында орналастырылған. 
Бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  әдістемелік  қолдау  көрсету  мақсатында 
«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  «Жүйелі-әдістемелік  кешен»  (бұдан 
әрі – ЖӘК) порталы (smk.edu.kz) әзірленген.  
ЖӘК  мұғалімдер  үшін  ақпараттық-әдістемелік  база,  педагогикалық 
тәжірибе  алмасу  алаңы,  желілік  өзара  әрекеттестікті  дамытатын  ақпараттық 
кеңістік, орта білім мазмұнын жаңарту аясында дайындалған онлайн платформа 
болып табылады. 
 
ЖӘК-ті қалай пайдалану керек? 
Пайдаланушыға порталға кіру үшін алдымен тіркелу қажет. Бұл үшін:   
1.  Порталдың  басты  бетіндегі  «Тіркелу»  батырмасын  басу  қажет.  Сонда 
тиісті  деректерді  енгізуді  қажет  ететін  тіркеу  нысаны  ашылады.  Жүйе 
енгізілген  жеке  сәйкестендіру  нөмірінің  (ЖСН)  дұрыстығын  алдын  ала 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау