Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет88/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
207 
Бағдарламалық  талаптарды  ескеріп,  әрбір  оқушының  жеке  мүмкіндіктері 
мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке 
талаптар  қойып  (қорытынды  тапсырмалар),  талаптардың  өзіндік  шкаласын 
құруына  және  сол  бойынша  оқушылардың  жылдық  үлгерімін  бағалауына 
болады.  Дене  шынықтыру  мұғаліміне  оқыту-үйретудің  барлық  кезеңдерінде 
оқушылардың  даму  деңгейлерінің  жеке  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары: 
 
мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс 
дағдысына  байланысты  ұсынылып  отырылған  бағдарламаның  кез  келген 
бөлімін    өзінің  материалдарымен  толықтыруға  (немесе  түзетулер  енгізуге) 
құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талаптар жүзеге асыру барысында; 
 
мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес оқушылардың даярлығы 
мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады; 
  
оқушылардың  қозғалыс  ойындарын  игеруін  тексеру  мақсатында 
бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс; 
 
дене  тәрбиесі  сабақтарының  тиімділігі  екі  параметр  бойынша 
бағаланады:  
 
а) жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері;  
 
ә)  Президент  сынамалары  нормативтерін  орындау  нәтижелері 
(мұғалімнің таңдауы бойынша). 
«Шаңғы  дайындығы»  және  «Жүзу»  тараулары  бойынша  сабақтарды  толық 
мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру 
ұсынылады.  Мектеп  ұжымының  педагогикалық  кеңесінің  шешімі  бойынша  бұл 
сабақтар  тиісінше  дала  жарысымен  (кросс  дайындығымен)  және  гимнастикамен 
(ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.  
«Дене  шынықтыру»  пәнін  оқыту  барысында  оқушыларды  топқа  бөлу 
барлық  қажетті  медициналық  құжаттардың  ұсынуымен,  медициналық 
тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.  
Сабақтың,  сабақтан  тыс  және  сыныптан  тыс  іс-шаралардың  тәрбиелік 
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 
«Дене  шынықтыру»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды 
ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2017-2018  оқу  жылында 
мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:  

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл (1992-2017); 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздеріне  25  жыл                             
(1992-2017);  
- «
ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесі (2017 жылғы 
маусым-қыркүйек). 
Оқушылардың  дене  шынықтыру  бойынша  үй  тапсырмасын  орындаулары 
оқу  процесінің  қажетті  элементтерінің  бірі  болып  саналады.  Дұрыс 
ұйымдастырылған  жағдайда,  үй  тапсырмасы  сабақта  алынған  білімді  бекітуге 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
208 
және  тереңдетуге,  сабақта  қарастырылған  тақырыптарға  қызығушылықтарын 
қалыптастыруға  (қозғалыстарды  қайталау,  гимнастика  жасау  және  т.б.) 
мүмкіндік  береді.  Үй  тапсырмасын  тұжырымдау  барысында  оқушылардың 
жеке және гендерлік жас ерекшеліктерін ескеру қажет. 
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері 
бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-
практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың 
сайтына орналастырылған (www.nnpcfk.kz). 
Дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:  
10-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;  
11-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды. 
 
Алғашқы әскери дайындық 
Алғашқы  әскери  дайындық    (бұдан  әрі  –  АӘД)  меншік  түрі  мен 
ведомствалық  бағыныстылығына  қарамастан,  барлық  типтегі  жалпы  білім 
беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-
техникалық мектептерде  әскерге  шақырылуға  дейінгі  және  әскерге  шақырылу 
жасындағы  білім  алушы  жастардың  міндетті  оқытылатын  пәні  болып 
табылады. 
Жалпы  білім  беретін  мектептің  10-11-сыныптарында  «Алғашқы  әскери 
дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге 
асырылады. 
Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы 
әскери қызметке даярлау, өткізу және ұйымдастыру үшін негіз болып табылған 
құжаттар мыналар:  
1)  «Әскери  қызмет  және  әскери  қызметшілердің  мәртебесі  туралы» 
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы. 
2)  «Азаматтарды  әскери  қызметке  даярлау,  ұйымдастыру  және  өткізу, 
сондай-ақ,  алғашқы  әскери  дайындық  бойынша  оқу-материал  базасын  құру 
ережесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  
11  ақпандағы  №118  қаулысының  күші  жойылды,  оны  «Бастапқы  әскери 
даярлықты  ұйымдастыру  және  жүргізу,  сондай-ақ  оның  оқу-материалдық 
базасын  қалыптастыру  қағидасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Қорғаныс  министрінің  2014  жылғы  19  желтоқсандағы  №  606  бұйрығымен 
ауыстыру қажет. 
Алғашқы  әскери дайындық  теориялық және практикалық сабақтарда іске 
асырылады.  Теориялық  сабақтар  оқытудың  дидактикалық  материалдарын, 
техникалық  құралдар  мен  инновациялық  әдістерді  қолдана  отырып  әңгімелеу 
және  сұхбаттасу  түрінде  өткізіледі.  Практикалық  сабақтар  қарулану  және 
әскери-техникалық  мүлікті,  құралдарды  және  өзге  де  жабдықтарды  қолдана 
отырып оқу материалын игеруге бағытталған. 
Оқу  пәнінің  мақсаттары  –  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінде 
қызмет  ету  туралы  түсінігін  және  әскери  іс  негіздері  бойынша  оқушылардың 
білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау