Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет5/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
11 
Назар аударыңыз! 
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында 
үй  тапсырмасын  ұйымдастыру  және  орындау  жөніндегі 
әдістемелік  ұсынымдама  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2017  жылғы 
24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді. 
 
Осы ұсынымдамаға сәйкес үй тапсырмасын дайындау уақытын қысқарту 
үшін 5-11-сыныптарда қосарланған сабақтар өткізуге болады. 
Үй  тапсырмасын  (бір  оқу  күніне)  орындауға  жұмсалатын  уақыт 
шығынын  ескере  отырып,  тапсырманың  көлемі  бойынша  нормативтер 
өзгертілді. 
Үй  тапсырмасын  орындау    2-сыныпта  50  минуттан,  3-4-сыныптарда  
70  минуттан,  5-6-сыныптарда  90  минуттан,  7-9-сыныптарда  110    минуттан,  
10-11-сыныптарда 130 минуттан аспауы тиіс. 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрінің  2014  жылғы 
29  желтоқсандағы  №  179  бұйрығымен  бекітілген  «Білім  беру  объектілеріне 
қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық  талаптары»  ережесіне  оқу  жылы 
басталғанға дейін тиісті өзгерістер енгізілетін болады. 
Орта 
білім 
беру 
ұйымдарының 
басшыларына 
педагогикалық 
қызметкерлердің  үй  тапсырмасын  ұйымдастыру    бойынша  жұмыстарының  
кезеңділігі  мен  мерзімдерін  басқаруды  мектепішілік  бақылау  жоспарында, 
мектеп директорының бұйрығымен жыл сайын бекітіп отыру ұсынылады. 
Үй  тапсырмасын  беру  кезінде  бастауыш  сынып  мұғалімдеріне,  пән 
мұғалімдеріне:  
1)  сабақ  аясында  қоңырауға  дейін  білім  алушыларды  үй  тапсырмасы 
бойынша хабардар ету; 
2)  үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау беру; 
3)  білім алушылардың орындайтын аз көлемді тапсырмалар (орындалуы 
міндетті)  мен  көп  көлемді  тапсырмаларды  (орындалуы  ерікті  түрде) 
байланыстыру; 
4)  сабақта үй жұмысы бойынша қателермен жұмыс жүргізу ұсынылады. 
 
2016-2017 оқу жылынан бастап республика мектептерінің бірте-бірте бес 
күндік  оқытуға  көшуі  басталды.  2016-2017  оқу  жылы  бес  күндікке 
республиканың бірінші сыныптары көшті. 2017-2018 оқу жылы бес күндік оқу 
аптасына 2, 5, 7-сыныптар көшеді. 
 
Назар аударыңызСенбі күндері вариативтік компоненттегі 
сабақтар өткізіледі.   
 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2017-2018  оқу жылы 
басталғанға  дейін  Бес  күндік  оқу  аптасы  аясында  сабақ  кестесін  құру  туралы 
әдістемелік ұсынымдама әзірлейді.  
«Дене 
шынықтыру» 
пәні 
бойынша 
оқу 
бағдарламасындағы 
«Спорттық ойындар» бөліміне бөлінген сағаттар аясында детті түрде оқу 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
12 
бағдарламасындағы    материалдарды  орындау  кезінде  барлық  сыныптарда 
үнемі футбол, волейбол, баскетбол бойынша жарыстар өткізу ұсынылады. 
Ол  үшін  сабақ  кестесін  құру  барысында  біріншіден,  қосарланған 
сабақтарды,  екіншіден,  бір  параллелдегі  екі  сыныпқа  дене  тәрбиесі 
сабақтарын  қатар  өткізуді  қарастыру  қажет.  Екі  сыныптан  артық 
сыныптарды  қосып  оқыту  үшін  оқыту  айларына,  футбол,  волейбол  және 
баскетболға  арналған  спорт  алаңдарына,  спорт  залының  көлеміне  қарай  
және т.б. жағдайларға байланысты қарастыру қажет. 
Сонымен  қатар,  дене  шынықтыру  сабақтарын  сенбі  күндері  таза 
ауада  спорттық жарыстар түрінде өткізу және ол жарысқа  балалардың 
ата-аналарын шақыру ұсынылады.  
Сабақ уақытында немесе сенбі күндері спорттық жарыстар түрінде  
өткізілген  сабақтар  дене  шынықтыру  мұғалімдерінің  жүктемесіне  енеді. 
Егер  дене  шынықтыру  сабақтарын  бір  параллелдегі    сыныптарға  әртүрлі 
мұғалім  өткізетін  болса,  онда  бұл  сағаттар  әрбір  мұғалімнің  оқу 
жүктемесіне енгізіледі. 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  17  мамырдағы  №  499 
қаулысымен  бекітілген  Жалпы  білім  беру  ұйымдары  (бастауыш,  негізгі  орта 
және жалпы орта білім) қызметінiң үлгілік қағидаларының 19-тармағына сәйкес 
білім  алушылардың  ата-аналарының  немесе  өзге  де  заңды  өкiлдерінiң 
мүдделерiн ескере отырып және жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен 
келісу  бойынша  білім  беру  ұйымдарында  инклюзивті  сыныптар  (бір  сыныпта 
ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар  екі  баладан  артық  оқытылмауы  тиіс)  және 
(немесе) бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн. 
Инклюзивтік  сыныптарда  оқитын  ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар 
балалар 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консультацияның 
қорытындысы  мен  ұсынымдары  бойынша  жалпы  білім  берудің  оқу 
бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін. 
 «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  8-бабы  5-тармағына 
сәйкес  денсаулық  жағдайына  қарай  ұзақ  уақыт  бойы  бастауыш,  негізгі  орта, 
жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе 
стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту 
көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады. 
Мемлекет  инклюзивті  білім  берудің  мақсаттарын  іске  асыра  отырып,  
даму  мүмкіндігі  шектеулі  білім  алушылардың  білім  алуы,  даму 
бұзылыстарының  түзетілуі  және  әлеуметтік  бейімделуі  үшін  жағдайды 
қамтамасыз етеді. 
Ата-аналар қоғамдастығында адамгершілікті, толеранттылықты тәрбиелеу 
мақсатында инклюзия тәртібінде білім алушы  ерекше білім беруді қажет ететін 
балалар  бойынша  әр  мектептің  әкімшіліктері  жылына  бір  рет    әр  параллель 
сыныптарда  барлық  адамдарға  бірдей  қарым-қатынас  жасау  қамтамасыз 
етілетіндігі,  алайда  денсаулық  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  ерекше  жағдай 
жасау  қажеттілігі  туралы  және  инклюзивті  білім  берудің  идеологиясын 
түсіндіру  мақсатында  ата-аналар  жиналысын  өткізу  ұсынылады.  Мұндай 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау