Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет3/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 

білім беру ұйымдарында «Туған ел» кең ауқымды  мақсатқа бағытталған 
«Туған 
жер» 
бағдарламасын 
іске 
асыру 
барысында 
сабақты 
мұражайларда,  мәдени  ұйым  салаларында,  тарихи  ғимараттарда  өткізу 
үшін  жылына  5  сағат  бөлініп  отыр
 
(мектептен  тыс  жерлерде).  Қажетті 
ғимараттардың  болмауы  себепті  мұндай  сабақтарды  ұйымдастыра 
алмайтын ауыл мектептері үшін арнайы бейнематериалдар әзірленеді. Бұл 
бейнематериалдар әзірленуіне қарай білім басқармаларына жіберіледі.  
Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Зайырлылық 
және  дінтану  негіздері»  курсын  оқытуға  1  сағат  апталық  жүктеме  беріледі.  
ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2014  жылғы  15  шілдедегі  №  281 
бұйрығымен  бекітілген  үлгілік  оқу  бағдарламалары  бойынша  аталған  курсты 
біліктілікті арттыру курстарынан өткен тарих пәні мұғалімдері жүргізуі тиіс. 
Мектеп  және  білім  алушы  компонентінің  пәндері  бойынша  емтихан 
жүргізілмейді. 
Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  мектеп  білім  алушыларының 
функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі 
ретінде айқындалып отыр. 
Функционалдық  сауаттылық  әр  мектеп  пәнінің  негізінде  қалыптасады. 
Білім  алушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  және  оның 
қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу 
жұмыстарына  бейімделген  тапсырмалар;  экономикалық,  тарихи  мазмұндағы 
тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады. 
Білім  алушылардың  оқу  жетістігін  сырттай  бағалау  (ОЖСБ)  аясында 
білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық 
сауаттылықты  тексеруге  арналған  тест  тапсырмалары  алғаш  рет  2014  жылы 
ОЖСБ тапсырмаларына қосылды. 
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған 
білімі,  білігі  мен  дағдысын  адамзат  қызметінің  әртүрлі  саласында,  сонымен 
бірге  тұлғааралық  қатынастар  мен  әлеуметтік  байланыстарда  кездесетін 
тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі. 
Білім  алушылардың  оқу  жетістігін  сырттай  бағалау  аясында 
функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы 
(қазақ  тілі,  орыс  тілі);  математикалық  сауаттылық;  ғылыми-жаратылыстану 
сауаттылығы (физика, химия, биология, география). 
2016-2017 
оқу  жылында  мектеп  бітірушілерді  қорытынды 
аттестаттау  және  ұлттық  бірыңғай  тестілеуді  тапсыру  форматы  өзгерді. 
Мектеп  бітірушілер  жоғары  оқу  орнына  түсу  үшін  міндетті  үш  пәннің 
қатарында  «Математикалық  сауаттылық»,  «Оқу  сауаттылығынан» 
емтихан тапсырды. 
Оқу  сауаттылығы  –  білім  алушылардың  мәтін  мазмұнын  түсіне  білу 
және  оларға  ой  жүгірте  білу,  мәтін  мазмұнын  өз  мақсаттарына  жету  үшін 
пайдалана  білу,  қоғам  өмірінде  белсенділік  таныту  мақсатында  білімдері  мен 
мүмкіндіктерін  дамыту  қабілеттері.  Оқу  жылдамдығы  мен  мәтінді  дәлме-дәл 
түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, оқылғанды өмірлік 
мақсаттарды жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.  


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 

Математикалық  сауаттылық  –  әлемдегі  математиканың  рөлін 
айқындау  және  түсіне  білу,  математикалық  тұжырымдарды  дәлелді  негіздей 
білу  және  қызығушылығы  бар,  ойлы  азаматқа  тән  қажеттіліктерді 
қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері. 
Ғылыми-жаратылыстану 
сауаттылығы 
– 
жаратылыстану 
ғылымындағы  білімін  қолдана  білу,  қоршаған  ортаны  және  адамзат  енгізген 
өзгерістерді  түсіну  үшін,  табиғи-ғылыми  мәселелерге  қатысты  және  ғылыми 
дәлелдермен  негізделген  сұрақтарды  анықтап  тану  және  негізделген 
қорытынды жасай білу қабілеттері. 
Білім  алушылардың  функционалдық  сауаттылығының  қалыптасуын 
тексеруге арналған тапсырмалардың үлгілері ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық оқу-
әдістемелік құралдарында қамтылған.  
«Өмір  қауіпсіздігінің  негіздері»  оқу  курсының  мазмұны  2-4-сыныптарда 
«Дүниетану»  оқу  курсының  аясында  жүзеге  асырылады;  2-3-сыныптарда 
жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат  көлемінде бастауыш сынып 
мұғалімдері  жүргізеді.  5-9-сыныптарда  «Дене  шынықтыру»  оқу  курсының 
аясында  15  сағаттық  жылдық оқу  жүктемесімен дене  шынықтыру  мұғалімінің 
оқытуымен  іске  асырылады;  10-11-сыныптарда  «Алғашқы  әскери  дайындық» 
оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери 
дайындық  пәнінің  оқытушы-ұйымдастырушысы  жүзеге  асырады.  Өмір 
қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар  міндетті болып табылады және оқу 
процесі кезінде жүргізіледі. 
«Жол  қозғалысы  ережелері»  оқу  курсының  мазмұны    1-4-сыныптарда  
әрбір  сыныпта  6  сағаттан  сынып  сағаттары  есебінен,    5-8-сыныптарда  аталған 
оқу курсы  сыныптан тыс  уақыттарда сынып сағаты мен факультатив сабақтар 
есебінен әрбір сыныпта 10 сағат көлемінде іске асырылады.  
1-8-сыныптарға  арналған  сабақтардың  үлгілік  тақырыптары  қоса  беріліп 
отыр (қосымша-4). 
Оқу  жылының  ұзақтығы  мектепалды  даярлық  сыныптарында  –  32  оқу 
аптасы, 1-сыныпта – 33 оқу аптасы,  2-11 (12) сыныптарда  – 34 оқу аптасы 
Назар аударыңыздар! 
Мереке  күндеріне  сәйкес  келген  сабақтар,  сабақ  кестесінде 
көрсетілген,  қайталауға  берілген  сағаттардың  есебінен,  оқу 
пәндерінің мазмұнына  кіріктіру арқылы келесі  жұмыс  күндеріне 
ауыстырылады.  
Оқу жылы барысында  каникул күндері белгіленді: 
1)  1-11  (12)-сыныптарда:  күзгі  каникул  –  7  күн  (2017  жылғы  
30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан 
–  2018  жылғы  7  қаңтарды  қоса  алғанда),  көктемгі  –  13  күн  (2018  жылғы  21 
наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда); 
2)  мектепалды  даярлық  сыныптарында:  күзгі  каникул  –  7  күн  
(2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2017 жылғы 
25 желтоқсан – 2018 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2018 
жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда); 
3)  мектепалды  даярлық  сыныптары  мен  1-сыныптардағы  қосымша 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау