Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
7
білім беру ұйымдарында «Туған ел» кең ауқымды мақсатқа бағытталған
«Туған
жер»
бағдарламасын
іске
асыру
барысында
сабақты
мұражайларда, мәдени ұйым салаларында, тарихи ғимараттарда өткізу
үшін жылына 5 сағат бөлініп отыр
(мектептен тыс жерлерде). Қажетті
ғимараттардың болмауы себепті мұндай сабақтарды ұйымдастыра
алмайтын ауыл мектептері үшін арнайы бейнематериалдар әзірленеді. Бұл
бейнематериалдар әзірленуіне қарай білім басқармаларына жіберіледі.
Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Зайырлылық
және дінтану негіздері» курсын оқытуға 1 сағат апталық жүктеме беріледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281
бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары бойынша аталған курсты
біліктілікті арттыру курстарынан өткен тарих пәні мұғалімдері жүргізуі тиіс.
Мектеп және білім алушы компонентінің пәндері бойынша емтихан
жүргізілмейді.
Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі
ретінде айқындалып отыр.
Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның
қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу
жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы
тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.
Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) аясында
білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық
сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы
ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған
білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен
бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін
тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында
функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы
(қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; ғылыми-жаратылыстану
сауаттылығы (физика, химия, биология, география).
2016-2017
оқу жылында мектеп бітірушілерді қорытынды
аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерді.
Мектеп бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті үш пәннің
қатарында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығынан»
емтихан тапсырды.
Оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу
және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін
пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен
мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл
түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, оқылғанды өмірлік
мақсаттарды жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.