Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
36
тарату үшін жағдай жасау;
мәдени-білім кеңістігінде тұлғаның өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз
ету.
Осы тәсілдердің негізінде үш тілде оқыту келесі қағидаттардан
құрылады:
1) тіл мен мәдениетті бірге оқыту қағидаты, бұл – тілді мәдениет аралық
қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік құндылық, мәдени-
ұлттық
мұраның бейнесі, қоршаған ақиқатты тану құралы ретінде оқыту;
2) білім беру мазмұнындағы қазақ тілі (мемлекеттік) және орыс тілінің
теңгерілімділік
қағидаты,
біріншіден,
нақты
аймақтың
әлеуметтік
лингвистикалық жағдайының ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігін білдіреді.
Көп жағдайда, Қазақстанның әр аймағындағы тілдердің қолданыс белсенділігі
бірдей емес. Өйткені еліміздің оңтүстік аймағында орыс тілінің белсенділігі
төмендеу, керісінше, солтүстік аймақтарда
қолдану аясы кеңірек;
3) «білімге екі жақты ену» қағидаты – біріншіден, тіл білім беру
үрдерісінде
әрі оқыту құралы, әрі оқу пәні ретінде қолданылатынын біліреді:
3.1. тіл оқу бағдарламалары аясында оқу пәні ретінде қазақ тілді емес
мектептерде «Қазақ тілі» (1-4-сыныптарда), «Қазақ тілі мен әдебиеті»
(5-11-сыныптарда); оқыту орыс тілді емес мектептерде «Орыс тілі»
(1-4-сыныптарда), «Орыс тілі мен әдебиеті» (5-11-сыныптарда); оқыту тіліне
қарамастан барлық мектептерде «Ағылшын тілі» (1-11-сыныптарда)
оқытылады;
3.2. тіл оқыту құралы ретінде тілдік пәндердің басқа пәндермен кірігу
механизмі болып қолданысқа енеді, сондықтан негізгі мектепте оқыту тіліне
қарамастан «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақстан тарихы» пәндері қазақ
тілінде, «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері орыс
тілінде, жоғары сыныптарда «Жаратылыстану», «Информатика», «Физика»,
«Химия», «Биология» пәндері ағылшын тілінде оқыту жоспарланған.
Мектептердің үш тілде оқытуы бойынша дайындығын анықтау үшін
2018 жылы мониторинг өткізу жоспарлануда. Осыған дайын мектептер
2019 жылдан бастап белгіленген пәндерді ағылшын тілінде беруге құқығы
бар.
Сонымен бірге, білім алушылар мен ата-аналар өз қалауларын
білдірген жағдайда ғана, ағылшын тілінде оқыту жүзеге асырылады. Мұны
қаламаған білім алушылар бұл пәндерді оқыту тілінде оқиды
«Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесі туралы
Қазіргі уақытта «Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесін
Қазақстанның 4000 аса мектептері қолданады. Жоба 14 облыс, сонымен қатар
Астана және Алматы қалалары аумағында жұмыс істейді.
«Kүнделік» жүйесіне елдегі кез келген қалалық, ауылдық мектептердің
тегін қосылуға мүмкіндігі бар, сонымен қатар, осы мектептердің барлық білім
алушылары, ата-аналары бағаларын, үй тапсырмасын, сабақ кестесін, мектеп