Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет18/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
40 
жұмыс істеуіне кепілдік беретін және қолдайтын браузерлер тізбесі бар. Мақала 
ақпараттары ай сайын жаңартылып отырады.  
Kundelik.kz  пайдалануға  қатысты  кез  келген  сұрақтар,  қиындық 
туындаған  жағдайда 
https://help.kundelik.kz/hc/ru
  адресіндегі  Тұтынушыларға 
қолдау көрсету орталығына хабарласуға болады  
Сонымен  қатар 
www.kundelik.kz  сайтында  көрсетілген  компания  Call 
орталық да көмек көрсетеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
41 
1 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУ. МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ 
СЫНЫПТАРЫНДА  ЖӘНЕ  ТОПТАРЫНДА  ТӘРБИЕЛЕУ  МЕН  ОҚЫТУ 
ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
 
Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  баланы  жас  және  жеке 
мүмкіндіктеріне  сәйкес  жан-жақты  дамытуға,  әлеуметтік  дағдыларға  қол 
жеткізуді  қамтамасыз  ететін  адамгершілік  нормаларын  қалыптастыруға 
бағытталған білім беру жүйесінің негізі.  
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  
2016-2019 жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  (бұдан  әрі  –  БҒДМБ) 
аясында  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  басты  міндеті  балаларды 
мектепке  сапалы  дайындауға  бағытталған  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 
оқытудың мазмұнын жаңарту.  
Балаларды  мектепке  сапалы  дайындауды  қамтамасыз  ету  мақсатында 
Қазақстан  Республикасының  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесіндегі 
басым бағыттары айқындалған: 
-  білім  беру  ұйымдарында  педагог  кадрлардың  сапалық  құрамын 
жақсарту  және  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту  педагогы  кәсібінің 
беделін көтеру; 
- демографиялық жағдайды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың 
желісін ұлғайту; 
-  балаларды  мектепке  сапалы  дайындауға  бағытталған  мектепке  дейінгі 
тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту. 
2017-2018  оқу  жылында  меншік  нысанына  қарамастан  мектепалды 
даярлық сыныптарының (топтарының) барлық түрлері мен нысандарында білім 
беру  процесі  ҚР  Үкіметінің  2016  жылғы  13  мамырдағы  №  292  қаулысымен 
бекітілген  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жалпыға  міндетті 
мемлекеттік  стандартына  (бұдан  әрі  –  МТОМЖБС),  ҚР  Білім  және  ғылым 
министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке 
дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасына  (бұдан  әрі  –Үлгілік 
бағдарлама), ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы 
№  391 бұйрығымен  бекітілген  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың үлгілік 
оқу жоспарына (1 қосыша) және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік 
оқу бағдарламасына арналған әдістемелік нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) 
сәйкес  ұйымдастырылады. 
Үлгілік  бағдарламаның  мазмұнын  игеру  балалардың  жас  және  жеке 
ерекшеліктерін ескеріп оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», 
«Коммуникация»,  «Таным»,  «Шығармашылық»  және  «Әлеумет»  білім  беру 
салаларын  кіріктіру  арқылы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 
жаңартылған мазмұнын енгізуді қамтамасыз етеді. 
Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жаңартылған  мазмұнын  енгізу 
білім  беру  ұйымдарында  білім  беру  процесін  жетілдіруге  ықпал  ететін  жаңа 
тәсілдерді талап етеді. 
Ұйымдастырылған  оқу  қызметтері  Перспективалық  жоспар  мен  Үлгілік 
оқу жоспарына сәйкес іске асырылады. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
42 
Нұсқаулықта  мектепалды  даярлық  сыныптарының  (топтарының) 
педагогтеріне білім беру әрекетін жоспарлы және  жүйелі түрде ұйымдастыруға 
мүмкіндік беретін перспективалық ортақ жоспарлау ұсынылған. 
Перспективалық жоспар білім беру салалары бойынша ортақ тақырыптар 
арқылы балалардың күтілетін нәтижелерге жететін көрсеткіштері оқу жылының 
әрбір айына жасалады: 
 
6-кесте  –  Перспективалық  жоспар  білім  беру  салалары  бойынша  ортақ 
тақырыптар арқылы балалардың күтілетін нәтижелерге жететін көрсеткіштері 
 
№ 
Тақырыптардың атаулары 
Айы 

«Балабақша» 
Қыркүйек 

«Менің отбасым» 
Қазан 

«Дені саудың жаны сау» 
Қараша 

«Менің Қазақстаным» 
Желтоқсан 

«Табиғат әлемі» 
Қаңтар 

«Бізді қоршаған әлем» 
Ақпан 

«Салт-дәстүрлер мен фольклор» 
Наурыз 

«Біз еңбекқор баламыз» 
Сәуір 

«Әрқашан күн сөнбесін!» 
Мамыр 
 
Кіріктіру  принципіне  сәйкес  бір  саланың  білім  беру  әрекеті  барысында 
басқа  білім  беру  салаларының  міндеттерін  бір  мезгілде  шешу  қажет. 
«Денсаулық» білім беру саласының міндеттерін іске асыру кезінде бір мезгілде 
«Әлеумет»,  «Таным»,  «Коммуникация»  білім  беру  салаларына  қатысты 
дағдылары  қалыптасады.  Білім  беру  салалары  мазмұнын  кіріктіру  балалардың 
жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  олардың  міндеттерін  біріктіру  әдістерімен  жүзеге 
асырылады.  Кіріктіру  принципін  іске  асыру  балалардың  танымдық 
белсенділігін  дамытудың  тұтас  жүйесін  құруға  мүмкіндік  береді,  оның 
табиғатына сәйкес қоршаған ортаны тұтастай қабылдауды қамтамасыз етеді.  
Білім  беру  процесін  құру  балалардың  жастарына  сәйкес  жұмыстың 
түрлері  мен  әдістеріне  негізделуі  қажет.  Жұмыстың  түрлері  мен  әдістерін 
таңдауды  педагог  өздігінен  және  білім  беру  ұйымы  бағытының  ерекшелігіне, 
оның  жабдықталуына  (материалдық-техникалық  база),  мәдени  және  аймақтық 
ерекшеліктеріне,  педагогикалық  процеске  қатысушылардың  жұмыс  тәжірибесі 
мен педагогтердің шығармашылық әлеуетіне байланысты таңдайды.   
Мысалы, 
«Табиғат 
әлемі» 
тақырыбын 
оқу 
кезінде 
педагог 
ұйымдастырылған  оқу  қызметі  барысында,  сондай-ақ  басқа  білім  беру 
салаларымен кіріктіре отырып, балалардың табиғат, жануарлар мен өсімдіктер 
туралы түсініктерін кеңейтеді. 
 
 
 
 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау