Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-сыныбы үшін «Жаратылыстану» пәнінен типтік оқу бағдарламасы



жүктеу 12,18 Mb.
бет44/76
Дата18.12.2017
өлшемі12,18 Mb.
#4524
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-сыныбы үшін
«Жаратылыстану» пәнінен типтік
оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


      2. Жаратылыстану курсын оқытудың мақсаты оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, түсініктерін және саналы қоғамдастығы бар бірегей ғаламшар ретіндегі Жер туралы біртұтас көзқарастарын, табиғат пен қоғамның өзара жүйелі байланысын, жүйелі-кешенді ойлау мен функционалдық сауаттылықтарын дамытуды қалыптастыру болып табылады. Алдын-ала оза, кіріктіріп оқыту курсы болып саналады және оны негізгі орта мектепте оқыту жеке тұлғаның дамуы мен оған білім берудің, тәрбиелеудің жалпы мақсаттарына: оқушыларды функционалдық сауаттылықтың негізімен, білім және іскерлікпен жігерлендіріп, күнделікті өмірде қажетті бағыт пен мәдениеттілік, жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықты және білімқұмарлықты дамытуға қызмет ету болып саналады.
      3. Оқытудың міндеттері: курс бастауыш мектепте алған білім, біліктілік және дағдыны әрі қарай жалғастырады, сонымен қатар Отанын, туған табиғатын сүюге деген жоғары рухани ізгілікті, жеке тұлғаның жалпы мәдениеттілігін тәрбиелеуді жалғастырумен ұштастырылады.
      4. Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер дамытушы және қалыптастырушы болып табылады, міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.
      5. Пәннің пәнаралық байланыстары:
      1) географиямен, Жердің пайда болуы, оның пішіндері, картада және глобуста бейнеленуі, жердің қабықтары туралы оқығанда;
      2) әдебиет және музыкамен, қазақ, қазақстандық, орыс, кеңес одағының ұлы ақындарының, жазушыларының және сазгерлерінің шығармаларын, музыкалық шығармаларды, әндерден үзінділерін қолдану барысында;
      3) математикамен, табиғатты танудың ғылыми әдістерін оқу барысында, қарапайым есептеулер жасауда;
      4) астрономиямен, жұлдызды аспанды және Ғарыштық кеңістікті оқу барысында;
      5) физикамен, физикалық құбылыстарды, денелер мен заттарды оқуда;
      6) химиямен, химиялық құбылыстарды оқу барысында;
      7) биологиямен, Жердегі өсімдік және жануарлар дүниесін оқу барысында;
      8) тарихпен, жаратылыстанушыларды, олардың дүниені тануға қосқан үлестерін оқу барысында.
      6. Типтік оқу жоспарына сәйкес курсты оқуға аптасына 1 сағаттан, 34 сағат бөлінген.

2. Оқу пәнінің базалық мазмұны

      7. Кіріспе (3 сағат):


      жаратылыстану табиғат жайлы ғылымдардың жиынтығы ретінде, «терминдер» мен «ұғымдар» сөздерінің мағынасы, макро және микро әлем ұғымдары;
      табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері (бақылау, эксперимент, тәжірибе, зерттеуге арналған құралдармен танысу);
      саяхат, табиғатты оқып-үйренудің негізгі әдістерімен танысу.
      8. «Жер және Ғарыштық кеңістік» бөлімін оқуға 14 сағат бөлінген:
      1) төбеміздегі аспан (3 сағат), астрономия – ғылым ретінде, жұлдызды аспан, «Ғарыштық кеңістік», «Галактика», «Жұлдыз», «Ғаламшар», «Комета – құйрықты жұлдыз», «Астероид», «Спутник» ұғымдары, негізгі жұлдыз жүйелері;
      Күн және күн жүйесі, ғарыштық кеңістіктің заттық табиғаты;
      ғарышты зерттеу және ғарыштың экологиясы;
      2) «Жер біздің ғаламшарымыз (11 сағат):
      Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы;
      Ай – Жердің серігі, Жердің глобуста және карталарда бейнеленуі;
      Жер құрылысының жалпы сипаты, литосфера, Жердің заттық құрамы, тау жыныстары және пайдалы қазбалар, материктер мен аралдар;
      гидросфера – Жердің су қабығы, гидросфераның негізгі компоненттері, Судың өмір үшін маңызы, судың қасиеттері, суды қорғау;
      атмосфера – Жердің ауа қабаты, ауа, оның құрамы, атмосфералық құбылыстар, олардың тірі организмдерге әсері.
      9. «Табиғаттағы денелер мен заттар» бөлімін оқуға 7 сағат бөлінген:
      1) физикалық дене, физикалық өлшемдер (ұзындық, масса және дененің салмағы, уақыт, температура, жол, кеңістік), физикалық денелер мен заттардың сипаттамасы, қоршаған ортадағы таза заттар, ерітінділер мен қоспалар, олардың маңызы, заттардың құрамы, диффузия;
      физикалық және химиялық құбылыстар әлемінде, табиғи құбылыстардың көп түрлілігі (жарық, жылулық, дыбыстық, электрлік, магниттік), механикалық қозғалыс, тепе-теңдік, табиғаттағы күштер,
      2) № 1 практикалық жұмыс «Физикалық шамаларды анықтауға арналған құралдармен жұмыс істеу».
      10. «Биосфера – тіршілік ортасы» бөліміне 5 сағат бөлінген:
      1) ғаламшардағы тіршілік, өсімдіктердің көп түрлілігі және олардың маңызы (бөлме және дәрілік өсімдіктер), ауыл шаруашылық өсімдіктері;
      жануарлардың көп түрлілігі және олардың өзара қарым-қатынасы;
      саңырауқұлақтар, микроорганизмдер, олардың маңызы және көп түрлілігі, бірлестіктердің түрлері;
      2) № 2 практикалық жұмыс «Өсімдіктерді өсіру технологиясымен танысу».
      11. «Табиғат және адам» бөлімін оқуға 5 сағат бөлінген:
      1) қоршаған орта және адамның ондағы орны, табиғат байлықтары және оларды тиімді пайдалану;
      қорықтар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, Қазақстанның «Қызыл кітабы»;
      қоршаған ортаның экологиясы, табиғатты қорғау, Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау Заңы;
      2) шағын зерттеу жобалары.

2. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      12. Оқушылардың дайындық деңгейін бағалау үш аспектіні: пәндік нәтижелерді, тұлғалық нәтижелерді, жүйелі-әрекеттік нәтижелерді есепке ала отырып жүргізіледі.


      13. Пәндік нәтижелер. 5 сыныптың соңында оқушылар:
      1) кіріктірілген жаратылыстану курсының мағынасын, оның қоршаған орта жайлы дүниетанымдық түсініктерін қалыптастырудағы мәнін;
      2) макро және микро әлем ұғымдарының мәнін;
      3) ғылыми танымның негізгі әдістерін;
      4) Жер және Ғарыштық кеңістік, Жер ғаламшары және оның табиғаты жайлы негізгі жаратылыстану ғылыми түсініктерін;
      5) Қазақстанның, қазақстандық ғалымдар мен ғарышкерлердің ғарышты зерттеуге қосқан үлесі жайлы;
      6) Жер бетінің жоспардағы, картадағы, глобустағы бейнесін;
      7) Жер бетінің негізгі пішіндерін және олардың дамуын (құрлық және су қабатын, олардың құрамдас бөліктерін);
      8) тау жыныстарын және пайдалы қазбаларды;
      9) төтенше табиғи құбылыстар жағдайындағы және табиғи ортадағы тәртіп ережелерін;
      10) денелер мен заттар, олардың қасиеті мен құрылымы жайлы негізгі ұғымдарды;
      11) табиғат құбылыстарының көп түрлілігін және адам өз өмірін, адамдардың өмірі мен мүлкін сақтау үшін қажетті техника қауіпсіздігі ережелерін;
      12) ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын;
      13) ғаламшардың тірі қабатының құрылымын, оның Жер дамуындағы рөлін;
      14) табиғи бірлестіктердің түрлерін және сипатын;
      15) пайдалы және улы өсімдіктерді;
      16) өз өлкесінің өсімдіктері мен жануарларын;
      17) өсімдіктер мен жануарлардың маңызын;
      18) Жер бетіндегі табиғат компоненттері мен табиғат кешендерінің өзара байланысын;
      19) табиғат байлықтарының түрлерін;
      20) Қазақстанның қорықтарын, ұлттық саябақтарын және табиғат ескерткіштерін;
      21) «Қызыл кітапқа» енгізілген жекелеген жануарлар мен өсімдіктерді білулері тиіс.
      14. 5-сыныптың соңында оқушылар:
      1) қоршаған ортада жүйелі түрде бақылау жүргізе, өзгерістерді талдай;
      2) ғылыми танымның әдістерін (бақылау, эксперимент, тәжірибе және т. б.) қолдана;
      3) табиғатты зерттеуге арналған құралдарды пайдалана, ауа райын бақылау күнделігін жүргізе;
      4) жеке жұлдыздар тобын анықтай (Үлкен Аю, Кіші Аю, Поляр Жұлдызы және басқалар);
      5) карталармен жұмыс істей білу, Жер бетінің әр түрлі пішіндерін анықтай және көрсете;
      6) тау жыныстарының және минералдардың негізгі физикалық сипатын анықтай;
      7) атмосферадағы, гидросферадағы, литосферадағы табиғи құбылыстарды сипаттай;
      8) табиғатты зерттеуге арналған құралдармен жұмыс істей;
      9) қазіргі кездің ақпараттық-коммуникациялық көздерін, білім берудің цифрлық ресурстарын пайдалана;
      10) физикалық шамаларды, дененің салмағы мен көлемін, қашықтықты (сызғышпен және рулеткамен), көлемді (мензуркамен), ауаның ылғалдылығын (гигрометрмен), ауа және дене температурасын (термометрмен), жауын-шашын мөлшерін (жауын-шашын мөлшерін өлшеуішпен), жыл бойы күн жарығы түсуіндегі айырмашылықты өлшеуге қажетті құралдар мен аспаптарды қолдана;
      11) құралдармен жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жасаған бақылаулар мен тәжірибелерден қорытындылар мен шешімдер шығара;
      12) бөлме өсімдіктерін өсіре және оларды күте;
      13) жеке гигиена, жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын-алу талаптарын орындай;
      14) зертхана құралдарымен, тірі биологиялық нысандармен, кеппе өсімдіктермен, муляждармен жұмыс істей;
      15) жергілікті жердің экологиялық жағдайына баға бере білу және нәтижеге презентация жасай;
      16) экологиялық акциялар (суреттер, плакаттар және басқа да жолдармен) ұйымдастыра;
      17) дистанциондық тәртіпте ғаламтор арқылы сырттай өтетін сайыстар мен олимпиадаларға қатыса;
      18) өзі тұратын жердің тазалығын сақтау шараларын ұйымдастыра алулары тиіс.
      15. Жеке тұлғалық нәтижелер:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына құрметпен қарауынан, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен;
      2) қоршаған ортаны қорғау сұрақтарында белсенді азаматтық ұстанымын көрсете білуінен;
      3) өз елінің, туған өлкесінің табиғатының сұлулығын көре білуге, оны сақтауға және қорғауға ұмтылуынан;
      4) өздігінен білім алуға және оқу еңбегіне деген ынта-ықыласы мен қабілеттілігін дәлелдеуінен;
      5) берілген жоспар бойынша жеке және топта тәжірибелік іс-әрекет жасай білуінен;
      6) салауатты өмір салтын ұстануынан және өз денсаулығын сақтауға, нығайтуға деген қамқорлығынан;
      7) өз қауіпсіздігі және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;
      8) адамдармен қарым-қатынаста мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтауынан;/
      9) экологиялық акциялар арқылы экологиялық бағыттағы тәртіпті көрсете білуінен көрініс табады.
      16. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың әр түрлі практикалық іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады:
      1) ауа райына бақылау жүргізуді ұйымдастыру және жергілікті жердің белгілеріне қарап таяу күндердің ауа райы өзгерістерін болжау;
      2) табиғатты зерттеудің негізгі әдістерімен танысу;
      3) қоршаған ортаның табиғи, мерзімдік құбылыстарына бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
      4) микроскоппен және микропрепараттармен танысу;
      5) жыл мезгілдерінің әр түрлі кезеңдерінде Жер бетіне жарықтың түсуін (күн сәулелерінің түсу бұрышы) бақылауды бастау;
      6) жаратылыстанушы ғалымдар: әл-Фараби, әл-Бируни, Леонардо да Винчи, Николай Коперник, Джордано Бруно, Герард Меркатор, Галилео Галилей, Исаак Ньютон, Карл Линней, Михаил Васильевич Ломоносов, Чарльз Дарвин, Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сәтпаев жайлы қосымша әдебиет оқу;
      7) жұлдызды аспанды, Үлкен және Кіші Аю жұлдыздар жүйесін, Күннің шығуы мен батуын бақылау;
      8) телескоптың, дүрбінің көмегімен Айдың бетіне бақылау жүргізу;
      9) жақын жердегі метеостансаға саяхат, ауа райы құбылыстарын зерттеудің әдістерімен танысу;
      10) картада жұмыс істеудің базалық дағдыларын қалыптастыру;
      11) мәтінде аталған нысандарды картаға түсіру;
      12) әр түрлі заттардан тұратын денелердің салмағын салыстыру (бірдей көлемді әр түрлі заттардың салмағы, әр түрлі көлемді заттардың салмағы), денелердің өзгеруін бақылау (созылу, қысылу, жылжу, иілу, бұралу);
      13) линзанаң көмегімен жарықты сындыру және жарық спекторының сызбасын құру;
      14) судың әр түрлі агрегаттық жағдайын (мұз, су, бу) бақылау және алынған білімді күнделікті тұрмыста қолдана білу;
      15) дыбыс шығаратын денелердің тербелісін және әр түрлі заттардың дыбыс өткізгіштігін бақылау;
      16) магниттік және электрлік құбылыстардың мәні және әрекеті;
      17) денелердің өзара әрекетін және инерциясын бақылау (көлікте, спорт ойындары кезінде, адамның қозғалысы кезінде);
      18) химиялық құбылыстардың белгілерін: газ, жарық, жылу шығаруын, түстің өзгеруін, жаңа заттың пайда болуын (майшамның жануы барысында) және жауын-шашынның түсуін (ерітінділер түрінде) бақылау;
      19) жергілікті жердің өсімдіктеріне бақылау жүргізу;
      20) өсімдіктердің жарыққа қарай өсуін бақылау;
      21) тұқым өсіру және бөлме өсімдіктерін отырғызу;
      22) зең саңырауқұлақтарымен танысу;
      23) жануарларға бақылау жүргізу (үйде, хайуанаттар паркінде және үйреншікті ортада);
      24) жергілікті жердің экологиялық жағдайына талдау жасау мақсатында эскурсияға шығу;
      25) жануарлар мен өсімдіктер туралы шағын зерттеу жобалары.

Қазақстан Республикасы    


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі   
№ 115 бұйрығына      
36-қосымша        

Негізгі орта білім беру деңгейінің 6-9-сыныптары үшін
«География» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


      2. География пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, табиғат, қоғам және экономиканың жүйелі байланысы жайлы, саналы бірлестігі бар ғажайып ғаламшар ретіндегі Жер туралы түсініктері пен көзқарастарын дамыту. Қазақстан Республикасының әсем табиғаты және экономикасының ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру, функционалдық сауаттылықты және жүйелі-кешенді немесе «географиялық» сананы дамыту.
      3. Пәнге оқытудың міндеттері:
      1) география ғылымы және Жер туралы серіктес ғылымдардың негізін меңгеру, табиғатқа, оның дамуына, табиғаттың, қоғамның және экономиканың байланысына диалектикалық-материалистік көзқарастың қалыптасуы;
      2) табиғат ресурстарын үнемді де тиімді пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға, табиғи және экологиялық жағдайды бағалау мен болжауға қажетті білім мен біліктілікті меңгеру;
      3) қазіргі дүниежүзілік дамудың негізгі бағыттарымен, экономиканың және қоғамның дамуы барысында туындайтын жеке бір аймақты, сол сияқты барлық дүние жүзін қамтитын проблемаларды және сұрақтарды оқып-білу;
      4) оқу еңбегіне қажетті біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, зерттеушілікке құштарлықты, зейін және байқағыштықты, логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін, сөз шеберлігін және көптілділікті, қиялдау, аумақтық бейнені қалыптастыра білу шеберлігін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шығармашылық көзқарасын және өз білімін арттыруға, дамытуға талпынушылықты қалыптастыру;
      5) географиялық, саяси, экономикалық, басқа да ғылыми және әдістемелік ақпаратты, карталарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, ғаламторды, білім берудің цифрлық ресурстарын қолдана білу дағдыларын дамыту;
      6) өз өмірі және әрекеті барысында географиялық білімді тиімді пайдалана білуі үшін білім, дағды және шеберлікті меңгеру;
      7) жоғары отансүйгіштік сезімге, Қазақстан Республикасының Конституциясын сыйлауға тәрбиелеу, белсенді өмірлік көзқарас қалыптастыру.
      4. Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер тәжірибелік дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып табылады, міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар бөліп көрсетілген.
      5. Пәнаралық байланыстар:
      1) математикамен, масштабты, бұрыштың көлемі және оны өлшеуді, компаспен жұмыс істеу, көкжиек тұстарын анықтау, орташа көрсеткіштерді және амплитуданы есептеуде, жазықтықтағы координаттарды есептеу, параллельдік және перпендикулярлық тура сызықтар жайлы, қаржылық сауаттылықты дамыту, нарықтық экономиканың қызмет атқаруы, қазіргі кездің биржа қорлары, капиталдың акционерлік формалары және экономиканың түрлері туралы, есептеуге арналған практикалық жұмыстарды орындау, карталармен, сызбалармен, кестелермен, графиктермен, диаграммалармен жұмыс істеу барысында;
      2) химиямен, пайдалы қазбалардың, топырақтың пайда болуы жайлы, конструкциялық материалдар шығару кешенін оқу барысында;
      3) физикамен, жер қыртысындағы литосфералық плиталардың қозғалысы, сейсмикалық және жанартау атқылау құбылыстары жайлы, атмосфералық циркуляция және мұхит суы қозғалысы, булану, ылғалдану коэффициенті, циклон, антициклон жайлы, ауа райын бақылауға арналған құралдарды қолдану, машина жасау кешені тақырыбын оқу барысында;
      4) биологиямен, өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасының жағдайына, өсімдік және жануарлар әлемінің маусымдық құбылыстарына тәуелділігі жайлы, табиғат зоналары, топырақ, жануарлар дүниесі және оның дамуының ғаламдық маңызы жайлы, табиғат кешендері мен олардың адам әрекетінің нәтижесінде өзгеруі жайлы, агроөнеркәсіптік кешен тақырыбын, геохронологиялық кестені оқу барысында;
      5) тарихпен, «Саяси карта және халықтар» тақырыбын, халықтар мен мемлекеттерді сипаттайтын тарихи деректерді қолдану, материктерде халықтардың орналасуын, отарлау дәуірі туралы, отарлық державалардың өз меншігіне қарасты саясаты туралы, «Қазақстан аумағының зерттелу тарихы» тақырыбын оқу барысында;
      6) әдебиет және музыкамен, қазақ, қазақстандық, орыс, кеңес одағының ұлы ақындарының, жазушыларының және сазгерлерінің шығармаларын, музыкалық шығармаларды, әндерді, әндердің үзінділерін пайдалану барысында;
      7) сызумен, жер бедерінің кесіндісін, диаграммалар сызу, кескін картаны толтыру барысында;
      8) технологиямен, Қазақстанның және дүние жүзінің жекелеген аумақтарындағы халықтық, ұлттық қолөнерді оқу барысында.
      6. География пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
      1) 6 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
      2) 7 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
      3) 8 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
      4) 9 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.

2. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

      7. Кіріспе (3 сағат):


      физикалық география нені оқытады, Жер туралы географиялық білімнің дамуы, ежелгі кездегі Эратосфен, Птолемей, Бехаймның глобусы, Қашғаридің дөңгелек картасынан біздің күнге дейінгі картаның дамуы;
      саяхатшылар және зерттеушілер (Х.Колумб, Ф.Магеллан, Ф.Беллинсгаузен, П.Лазарев, Ш.Уәлиханов);
      табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру.
      8. «Жер бетінің жазықтықта бейнеленуі. План және карта» бөлімін оқуға 16 сағат бөлінген:
      1) «Жер – Күн жүйесінің теңдессіз ғаламшары» (1 сағат), Жердің Күн жүйесіндегі орны, Жердің пішіні мен мөлшерлері;
      2) «Жергілікті жердің планы» (7 сағат):
      жер беті бейнесінің түрлері, жергілікті жердің планы және шартты белгілер;
      масштаб, қашықтықты өлшеу, азимут туралы түсінік, жергілікті жерде және план бойынша бағдарлау;
      жер беті элементтерінің планда бейнеленуі, жергілікті жердің планын, топографиялық картаны, елді мекендердің сызбанұсқаларын оқу, жергілікті жердің планын түсіру, негізгі тәсілдер мен іс-әрекеттер;
      № 1 практикалық жұмыс «Жергілікті жердің планын түсіру»;
      9. «Географиялық карта» бөлімін оқуға 8 сағат бөлінген:
      глобус – Жердің моделі, географиялық карталар, олардың жіктелуі, карталар таным және ақпаратты өңдеуші құрал ретінде;
      глобустағы және географиялық картадағы градус торы, географиялық ендік, географиялық бойлық, географиялық координаталар ұғымы және координатты анықтау;
      географиялық карталарда биіктіктер мен тереңдіктердің бейнеленуі, пландар мен карталардың маңызы, ғаламдық Глонасс, GPS және Galileo навигация жүйелерімен танысу;
      № 2 практикалық жұмыс «Бағыттарды, географиялық координаталарды анықтау».
      10. «Жердің қабықтары» бөлімін оқуға 37 сағат бөлінген:
      1) «Литосфера және жер қыртысы» (9 сағат), «Литосфера», «жер қыртысы», «жер бедері» ұғымдары, Жердің құрылысы, тау жыныстары және минералдардың жіктелуі;
      литосфералық плиталар (тақталар) туралы ұғым, жер қыртысының қозғалысы, жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер;
      құрлықтағы таулар, олардың жіктелуі, құрлықтағы жазықтар, олардың жіктелуі, мұхит түбінің жер бедері, Жер бетінің шаруашылық мақсатта пайдаланылуы және оны қорғау;
      № 3 практикалық жұмыс «Картадан ірі таулар мен жазықтардың географиялық орны мен биіктігін, жекелеген нысандардың биіктігі мен географиялық координаталарын анықтау»;
      2) «Гидросфера» (10 сағат):
      гидросфера, су айналымы жайлы ұғым, дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері, дүниежүзілік мұхит суының қасиеттері, мұхит суының қозғалыстары, мұхит суын зерттеу, қорғау;
      құрлық сулары, өзендер (бөліктері, режимі, қоректенуі, ағысының сипаты), көлдер, жер асты сулары, мұздықтар, жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау;
      № 4 практикалық жұмыс «Бір су нысанына сипаттама беру»;
      3) «Атмосфера» (14 сағат):
      атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы, Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалуы, Жер қозғалысының маңызы, жерде күн жылуы мен жарықтың таралуы, жылулық белдеулері, жыл мезгілдері;
      ауа температурасы және температураның тәуліктік өзгерісі, ауытқу амплитудасы ұғымы және ауа температурасының тәуліктік ауытқуының маңызы, мерзімдік айырмашылықтары, ауа температурасының жылдық өзгерісі және ауытқу амплитудасы;
      атмосфералық қысым, жел, негізгі түрлері және себептері, ауа массалары, жел өрнегін сызу, климат картасын оқу, ауадағы су буы, бұлттар, атмосфералық жауын-шашын;
      ауа райы, климат, климат құрушы факторлар (географиялық ендік, жердің төсеніш беті және атмосфералық циркуляция), жергілікті жер климатының қалыптасу себептері;
      № 5 практикалық жұмыс «Өз өлкесінің ауа райы жайлы материалдарды өңдеу және талдау»;
      4) «Биосфера» (4 сағат):
      биосфера ұғымы, биосфераның шекаралары, тірі организмдердің көп түрлілігі және олардың таралу заңдылықтарының географиялық жағдайы, тірі организмдердің Жер қабығына тигізетін әсері;
      Докучаев В.В. топырақтану ілімінің негізін салушы, «топырақ» ұғымы, оның қалыптасуы, өзгеруі, топырақтың түрлері.
      11. «Географиялық қабық» бөлімін оқуға 5 сағат бөлінген:
      географиялық қабық – Жердің ерекше кешенді қабығы, табиғат кешені туралы ұғым, оның құрылымы, географиялық қабық – Жердің ерекше кешенді қабығы ретінде, оның маңызы мен заңдылықтары, адамның табиғат кешендеріне әсері;
      географиялық белдеулер және табиғат зоналары туралы ұғымдар, дүние жүзінің табиғат зоналары картасымен танысу, ғаламшардың бір табиғат зонасына презентация;
      № 6 практикалық жұмыс «Өз өлкесінің табиғат зонасына сипаттама жасаудың жоспары және шығармашылық сипаттама»;
      «Жердің қабықтары» бөлімін қайталау (1 сағат), жер табиғатындағы ғаламдық өзгерістер.
      12. «Жер бетіндегі адамзат» бөлімін оқуға 5 сағат бөлінген:
      жердің халқы, саны, тығыздығы, демографиялық саясат;
      нәсілдер, нәсілдердің теңдігі, халықтар, Н.Н.Миклухо-Маклайдың зерттеуі;
      елді мекендер, олардың картада бейнеленуі, дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер, Қазақстан дүние жүзі картасында;
      № 7 практикалық жұмыс «Берілген координаталар бойынша кескін картаға мемлекеттерді және олардың астаналарын түсіру».
      13. «Курсты қорытындылау» бөлімін оқуға 2 сағат бөлінген:
      саяхат, туған өлкенің табиғат кешенімен танысу;
      «Туған өлкенің табиғат кешені компоненттерінің негізгі ерекшеліктері», «Жердегі адамзат», «Дүние жүзінің саяси картасы» үлгі қорытынды жұмыстардың презентациясы.

жүктеу 12,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау