Жаңартылған білімнің теориясы мен технологиясы


Пәннің оқыту бағдарламасы



жүктеу 0,98 Mb.
бет3/3
Дата01.01.2020
өлшемі0,98 Mb.
#25734
түріБағдарламасы
1   2   3
1. Пәннің оқыту бағдарламасы – SYLLABUS

Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.

Пәннің көлемі 1 кредитті құрайды:


Кредит саны

Дәрісханалық сабақтар

Дәрісханадан тыс сабақтар

Барлық сағат

Бақылау түрі

Дәріс

Практикалық/

семинар сабақтары



Зертханалық сабақтар

СОӨЖ

СӨЖ







1

-

15

-

15

15

30

Аралас емтихан

Аралық бақылау - семестрдің 8 және 15 аптасы


2. Пән туралы мәліметтер

Курс сипаттамасы:
Қазіргі кезде оқу бағдарламасындағы стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп аясында ұлттық сана қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.

«Жаңартылған білімнің теориясы мен технологиясы» пәні заманауи талаптарға сай болашақ ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарлама, яғни жаңартылған білім беру бағдарламасының теориялық негіздері мен заманауи педагогикалық тәсілдер мен технологияларды оқытуды қарастырады.


Пәнді оқытудың мақсаты:


Бітіруші курс студенттеріне жаңартылған бағдарлама жайында теориялық білім берумен қатар олардың бойларында жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдер мен технологияларды қолданудың практикалық дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Пәнді оқудың міндеттері:

  • Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнымен, құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;

  • Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;



  • Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

  • Студенттер бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.


Пререквизиттер: «Педагогика», «Оқыту теориясы» «Оқытудың жаңа технологиялары», «Информатиканы оқыту әдістемесі», «Информатиканы оқытудағы білім берудің жаңа технологиялары»
Постреквизиттер: «Жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі», ЖОО информатиканы оқыту әдістемесінің арнаулы курс, семинарлары.

Оқудан күтілетін нәтижелер:

- жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;


- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;                                                                                  
- орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен  дағдылары қалыптасады.

3. Студенттерге қойылатын талаптар:

  1. Сабаққа қатысу.

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Әрбір қатыспаған сабақ оқу-әдістемелік кешенде көрсетілгендей көлемде тапсырылады. Курстың үштен бір бөлігіндей көлемінде себепсіз сабақ қалдырған студент курстан шығарылады.

  1. Дәрісханадағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпей келуі, сабаққа белсенді қатысуы тиіс. Сабақты қабылдауға бөгет болатын нәрселерді ұстамауы (телефон, газет, журнал, фотосуреттер) керек.
  1. Жеке тапсырмалар

Семестрде жеке тапсырмаларды орындау міндетті болып есептеледі. Ол реферат түрінде орындалып немесе электрондық нұсқада құрылып, студенттер алдында қорғалады. Әрбір жеке тапсырма бағаланады және ол қорытынды бағалауға әсер етеді.

  1. Өзіндік жұмыс


СОБӨЖ сабақ кестесінде бөлінген уақытта орындалады және сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан кейін қабылданбайды, бағаланбайды.

Қосымша материалдарды іздеу, берілген тақырыптың мазмұнын тереңдету, практикалық мәнділігін анықтау, т.с.с. тапсырмалар студентке жүктеледі. СӨЖ тапсырмаларды орындау мен тапсыру графигіне сәйкес қабылданады.


  1. Білімді бақылау.


Оқу материалын меңгергендігін практикалық тапсырмаларды орындау, тестілеуден өту, тақырып бойынша жазбаша жауап арқылы тексеріледі.

Бақылау сабақта жүргізіледі, сабақ соңында тапсырылады, сабақ соңынан қабылданбайды және бағаланбайды.



  1. Әңгімелесу.

Әңгімелесу әр топ үшін кесте бойынша жүргізіледі.

4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

Оқыту негізінен бір аптада бір практикалық сабақ СОӨЖ және СӨЖ түрінде жүргізіледі. Бұл пән бойынша дәріс сабақ жоспарланбағандықтан оқу материалының теориялық мазмұны қағаз түрінде немесе электрондық түрде студенттерге беріледі. Студенттер түрлі тәсілдер бойынша топтарға бөлініп, өзіндік және бір бірін оқытудың тәсілдерін қолдана отырып, талқылайды, меңгереді. Сонан соң сол тақырыпқа байланысты түрлі практикалық жұмыстар орындайды. Сабақта жұптық,топтық жұмыс жасап, талқылып, кері байланыс беріп, сабақ соңы рефлексия жасаумен аяқталады. Оқытушы басшылығымен өткізілетін өзіндік жұмыста оқу материалының теориялық және практикалық қосымша сұрақтары талданады, эссе жазу, слайд жасау, реферат жазу т.б. өзіндік ізденуге берілген тапсырмалар орындалады. Студенттердің білімін тексеру практикалық жұмыс, өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауы, шығармашылық жұмыс, коллоквиум, рейтинг тапсырмаларын орындау түрінде ұйымдастырылады.



5. Курстың мазмұны
Бірінші апта

1 практикалық сабақтың тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұнының теориялық-әдістемелік негіздері


Қарастырылатын мәселелер:

Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары

Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының маңызы мен міндеттері

Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері


Тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар:

Топтық жұмыс жасау барысында берілген тақырыптарды ұғыну, талдау, бір- біріне түсіндіру, қорытынды жасау:

Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері, жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасы бойынша білім беруде оқушылардың бойында қалыптастыру қажет құндылықтар мен дағдыларды анықтау дағдыларын айқындау.

СОӨЖ «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары

СӨЖ Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының басымдықтары
Әдебиеттер:


  1. 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2010. - 45 б.

  2. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 70 б.


Екінші апта

№2 практикалық сабақтың тақырыбы: Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының құрылымы


Қарастырылатын мәселелер:

Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жалпы ережелері

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар:

Топтық жұмыс жасау, миға шабуыл, диалог құру арқылы негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының құрылымын ұғыну, талдау, бір- біріне түсіндіру, қорытынды жасау. Стандарт бөлімдерін, стандарттың кезең бойынша сыныптарға қалай ендіріледі, информатика пәні бойынша оқытудан күтілетін нәтижелерді білу.



СОӨЖ Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

СӨЖ Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

Әдебиеттер:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 485 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты


Үшінші апта

№3 практикалық сабақтың тақырыбы: Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының мақсаты мен құрылымы



Қарастырылатын мәселелер:

Жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаты міндеттері

Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері

Жалпы білім беру бағдарламасының үйлесімділігі

Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымы мен бөлімдері

Тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар:

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Информатика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының құрылымын оқып үйрену,

«Информатика» пәнінің мазмұнының ұйымдастырылуын, пән бойынша оқу мақсаттарының жүйесінің ұйымдастырылуын түсіну. Презентация жасау.

СОӨЖ Әр сынып бойынша оқу мақсаттарының ерекшелігін талқылау

СӨЖ Бағдарламадағы оқу мақсатының коды

Әдебиеттер:


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығына сәйкес бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Информатика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


Төртінші апта

№4 практикалық сабақтың тақырыбы: Оқу жоспарының құрылымы мен мазмұны, түрлері. Ұзақ және орта мерзімді жоспар және оның құрылымы



Қарастырылатын мәселелер:

Жаңартылған оқу бағдарламасынына сәйкес оқу жоспары және онда қамтылатын мәселелер

Оқу жоспарының түрлері және қызметтері

Ұзақ және орта мерзімді жоспар және оның құрылымы


Тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар:

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-7-сыныптарына арналған "Информатика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ұзақ мерзімді жоспардың құрылымын оқып үйрену, әр сынып бойынша талдау және талқылау, ҰМЖ да - әр тақырып және бөлімше бойынша ұйымдастырылуын түсіну.

Топтық жұмыс жасап талқылау.

СОӨЖ 8- сынып бойынша ұзақ мерзімді жоспардың құрылымын оқып үйрену

СӨЖ 9- сынып бойынша ұзақ мерзімді жоспардың құрылымын оқып үйрену

Әдебиеттер:


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығына сәйкес бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Информатика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының қосымшасы


Бесінші апта

№5 практикалық сабақтың тақырыбы: Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының спиральділік қағидаты



Қарастырылатын мәселелер:

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының спиральділік қағидаты

«Информатика» пәні бойынша спиральділік қағидатына негізделген білім беру

бағдарламасының мақсаты, міндеттері

Информатиканы оқытудағы тілдік мақсаттар

Тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар:

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Информатика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы бойынша спиральділік қағидатын қарастыру, талқылау. Информатиканы оқытудағы тілдік мақсаттар мен оқушылардың тілдік дағдыларын дамытудың маңызын айқындау. Топтық жұмыс жасап талқылау.


СОӨЖ Информатика пәнінің бір бөлімі бойынша спиральдік қағидаттың іске асырылуын қарастыру

СӨЖ Информатиканы оқытудағы тілдік мақсаттардың жүзеге асуын қарастыру

Әдебиеттер:

«Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының

білім беру бағдарламасы, Мұғалімге арналған нұсқаулық

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016


Алтыншы апта

№6 практикалық сабақтың тақырыбы: Блум таксономиясы



Қарастырылатын мәселелер:

Блум таксономиясының танымдық деңгейлері

Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасында Блум таксономиясысының қолданылуы

Блум таксономиясы (қолданылатын етістіктер)



Тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар:

Блум таксономиясының танымдық деңгейінің сипаттамасын оқып үйрену, Блум таксономиясында қолданылатын етістіктерді білу

Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқыту мақсаттарын айқындауда ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясының қолданылуын зерттеу, талдау, ұғыну. Топтық және жеке жұмыс

СОӨЖ «Информатика» (5-сынып) пәнінен қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағында Блум таксономиясының танымдық деңгейлерінің қолданылуы бойынша презентация жасау

СӨЖ Блум таксономиясы бойынша бейне материалдар қорын жинақтау

Әдебиеттер:



  1. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау

бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана 2017ж/ (47 бет)

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016ж



  1. «Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының

білім беру бағдарламасы , мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

  1. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы ,Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. - 188 бет.

  2. Оценивание учебных достижений учащихся. Әдістемелік нұсқаулық. / Құраст. Р.Х.Шакиров, А.А.Буркитова, О.И.Дудкина. – Б.: «Билим», 2012. –80 б.

  3. «Информатика» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы (5-сынып)

  4. Студентке арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015

  5. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы», 2016




Жетінші апта

№7 практикалық сабақтың тақырыбы: Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сәйкес Информатика пәнінен оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер



Қарастырылатын мәселелер:

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сәйкес Информатика пәнінен оқулықтарға шолу

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сәйкес Информатика пәнінен оқу әдістемелік кешендерге шолу

Тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар:

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Информатика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер мазмұнын талдау, салыстыру, ерекшелігін қарастыру.



СОӨЖ Информатика пәні бойынша қосымша материалдар жинақтау

СӨЖ Бейне материалдар қорын жинақтау

Әдебиеттер:

«Информатика» пәні бойынша оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер, интернет ресурстар


Сегізінші апта

№8 практикалық сабақтың тақырыбы: Қысқа мерзімді сабақ жоспары және оның құрылымы



Қарастырылатын мәселелер:

Қысқа мерзімді жоспарды құрылымдау

Сабақты жоспарлау және онда басшылыққа алатын қағидаттар

Сабақ жоспарлауға арналған əдіс-тəсілдер


Сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалауды енгізу

Тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар:

Қысқа мерзімді жоспар және оны жасауда басшылыққа алатын қағидаттар тақырыбын топ болып талдау, меңгеру. Сабақ жоспарлауға арналған əдіс-тəсілдерді оқып үйрену.

Сабақты жоспарлаудың қадамдық нұсқаулығы мен ҚМЖ шаблонымен жұмыс жасау.


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Информатика" пәнінің таңдаулы тақырыптары бойынша қысқа мерзімді жоспар құрастыру.

СОӨЖ «Денсаулық және қауіпсіздік» бөлімі бойынша сабақтарды жоспарлау

СӨЖ Оқу бағдарламасының «Компьютерлік ойлау» бөлімі бойынша сабақтарды жоспарлау

Әдебиеттер:

«Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының

білім беру бағдарламасы, Мұғалімге арналған нұсқаулық

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016


Тоғызыншы апта

№9 практикалық сабақтың тақырыбы: Критериалды бағалау жүйесі



Қарастырылатын мәселелер:

Критериалды бағалау жүйесі және оны енгізудің мақсаты

Критериалды бағалау қағидаттары

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны мен міндеттері

Критериалды бағалаудың құрылымы

Тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар:

Топтық жұмыс жасай отырып, жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға сәйкес білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалаудың критериалды жүйесінің жоғарыдағы мәселелері бойынша топта талқылау, графиктік органайзер жасау және оны қорғау.



СОӨЖ Критериалды бағалау жүйесінің терминдерінің слайдын жасау

СӨЖ Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны мен құрылымы кестеcін құру

Әдебиеттер:

  1. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау

бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана 2017ж/

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016ж



  1. «Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының

білім беру бағдарламасы , мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

  1. Студентке арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015

  2. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы ,Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. - 188 бет.

  3. Оценивание учебных достижений учащихся. Әдістемелік нұсқаулық. /

Құраст. Р.Х.Шакиров, А.А.Буркитова, О.И.Дудкина. – Б.: «Билим», 2012. –

80 б.
Оныншы апта

№10 практикалық сабақтың тақырыбы: Қалыптастырушы бағалау

Қарастырылатын мәселелер:

Қалыптастырушы бағалау үдерісі

Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Қалыптастырушы бағалаудың әдістері

Кері байланыс беру

Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау



Тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар:

Қалыптастырушы бағалау тақырыбы бойынша көрсетілген мәселелерді топта талқылау, постер дайындау, Джигсо әдісі арқылы келесі топтарға түсіндіру, 5-сыныптың «Информатика» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағының құрылымымен танысу



СОӨЖ «Информатика» пәні бойынша бір тақырыпқа қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру

СӨЖ 6-9 сыныптардың «Информатика» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағының мазмұнымен танысу

Әдебиеттер:

  1. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау

бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана 2017ж/

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016ж / (49 бет)



  1. «Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының

білім беру бағдарламасы , мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

  1. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы ,Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. - 188 бет.

  2. Оценивание учебных достижений учащихся. Әдістемелік нұсқаулық. / Құраст. Р.Х.Шакиров, А.А.Буркитова, О.И.Дудкина. – Б.: «Билим», 2012. –80 б.

  3. «Информатика» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы (5-сынып)

  4. Студентке арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015

  5. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы», 2016


Он бірінші апта

№11 практикалық сабақтың тақырыбы: Жиынтық бағалау және оның түрлері. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау



Қарастырылатын мәселелер:

Жиынтық бағалау үдерісі

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және талдау

Рубрика және оның құрылымы

Тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар:

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тақырыбы бойынша көрсетілген мәселелерді топта талқылау, постер дайындау, Джигсо әдісі арқылы келесі топтарға түсіндіру, 5-сыныптың «Информатика» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік құрылымын білу,



СОӨЖ «Информатика» пәні бойынша бір бөлімнен жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру, бағалау критерийі мен дескриптор жасау

СӨЖ «Информатика» пәні бойынша бір бөлімнен жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру, бағалау критерийі мен дескриптор жасау

  1. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана 2017ж/

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016ж

  1. «Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы, мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

  2. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы ,Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. - 188 бет.

  3. Оценивание учебных достижений учащихся. Әдістемелік нұсқаулық. / Құраст. Р.Х.Шакиров, А.А.Буркитова, О.И.Дудкина. – Б.: «Билим», 2012. –80 б.

  4. «Информатика» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар (5-сынып)

  5. Студентке арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015

  6. Жиынтық бағалау спецификациясы


Он екінші апта

№12 практикалық сабақтың тақырыбы: Тоқсандық жиынтық бағалау. Электрондық журналмен жұмыс. Модерация үдерісі.



Қарастырылатын мәселелер:

Тоқсандық жиынтық бағалау үдерісі

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және талдау

Электрондық журналмен жұмыс

Модерация

Тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар:

Тоқсандық жиынтық бағалау үдерісі, тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және талдау, тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы құрылымын білу, электрондық журнал құрылымын қарау, толтыру, модерация процесін талқылау.



СОӨЖ «Информатика» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру, бағалау критерийі мен дескриптор жасау

СӨЖ Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі және оны жоспарлау мен ұйымдастыру, нәтижелерін талдау, бағалау қорытындысын модерациялау

  1. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау

бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана 2017ж/

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016ж



  1. «Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының

білім беру бағдарламасы , мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

  1. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы ,Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. - 188 бет.

  2. Оценивание учебных достижений учащихся. Әдістемелік нұсқаулық. / Құраст. Р.Х.Шакиров, А.А.Буркитова, О.И.Дудкина. – Б.: «Билим», 2012. –80 б.

  3. «Информатика» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар (5-сынып)

  4. Студентке арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015

  5. Жиынтық бағалау спецификациясы


Он үшінші апта

13 практикалық сабақтың тақырыбы: Кері байланыс



Қарастырылатын мәселелер:

Кері байланыс ұғымы

Кері байланыс қағидаттары

Кері байланысты ұсыну және алу ережелері

Рефлексия ұғымы

Рефлексия және кері байланыс тәсілдері

Тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар:

Миға шабуыл әдісімен рефлексия және кері байланыс тәсілдерін анықтау бойынша графиктік органайзер жасау. Кері байланыс қағидаттары мен кері байланысты ұсыну және алу ережелерін айқындау.

СОӨЖ «Кері байланыс тәсілдері» тақырыбы бойынша слайд құрастыру

СӨЖ «Рефлексия тәсілдері» тақырыбы бойынша эссе жазу

Әдебиеттер:

  1. «Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының

білім беру бағдарламасы , мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

  1. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы ,Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. - 188 бет.

  2. Студентке арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015


Он төртінші апта

14 практикалық сабақтың тақырыбы: Интербелсенді оқыту



Қарастырылатын мәселелер:

Интербелсенді оқытудың қағидалары мен мақсаттары

Интербелсенді оқытудың формалары

Бірлескен әрекеттер – интербелсенді оқыту әдісінің негізі

Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқытудың айырмашылықтары

Белсенді сабақтағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері

Тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар:

Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқытудың айырмашылықтарын және белсенді сабақтағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері кестелерін талқылау, Т- кестеге түсіру Кравченко идеясымен салыстыру, қорытындылау.



Миға шабуыл әдісімен интербелсенді оқытудың формаларынан постер құрастыру

Интербелсенді оқытудың қағидалары мен мақсаттарын білу



СОӨЖ «Оқытудың интербелсенді формалары» тақырыбы бойынша слайд құрастыру

СӨЖ «Белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі» тақырыбы бойынша эссе жазу
Әдебиеттер:

  1. «Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының

білім беру бағдарламасы , мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

  1. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы ,Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. - 188 бет.

  2. Студентке арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015



Он бесінші апта

№15 практикалық сабақтың тақырыбы: Оқу мен оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану



Қарастырылатын мәселелер:

Белсенді әдістер түрлерін сабақта қолдану

Белсенді әдістердін қолданып ҚМЖ құрастыру

Тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар:

Белсенді әдістер түрлерін қарастыру:



  • Пікірталас, Дөңгелек үстел тренингтер

  • Рөлдік, іскерлік, имитациялық ойындар

  • Миға шабуыл, Джигсо әдісі

  • Графикалық органайзер , постер құрастыру

Информатика пәнінен сабақ беруде белсенді әдістерді қолдану, ҚМЖ құрастыру

Ықшам сабақ беру

СОӨЖ «Графиктік органайзер түрлері» тақырыбы бойынша слайд құрастыру

СӨЖ «Үйренудің ең тиімді тәсілі –басқаларды үйрету» тақырыбы бойынша эссе жазу



Әдебиеттер:

  1. «Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының

білім беру бағдарламасы , мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

  1. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы ,Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. - 188 бет. (1-19 бет)

  2. Студентке арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015


Әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер.

  1. ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 485 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

  2. ҚР Білім және ғылым министрі 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығына сәйкес бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Информатика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

  3. ҚР Білім және ғылым министрі 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығына сәйкес бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Информатика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының қосымшасы

  4. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау

бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана 2017ж/ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016ж

  1. «Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының

білім беру бағдарламасы , мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

  1. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы ,Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. - 188 бет.

  2. Оценивание учебных достижений учащихся. Әдістемелік нұсқаулық. / Құраст. Р.Х.Шакиров, А.А.Буркитова, О.И.Дудкина. – Б.: «Билим», 2012. –80 б.

  3. «Информатика» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар (5-сынып)

  4. Студентке арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015

  5. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы», 2016

  6. Ғылыми жаратылыстану циклы пәндері бойынша жобалық тапсырмалар. Әдістемелік құрал.– Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 80б.

  7. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО, 2014. – 44б.

  8. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 70 б.

6 Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
  1. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының маңызы мен міндеттері

  2. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері


  3. Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жалпы ережелері

  4. Жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаты міндеттері

  5. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері

  6. Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымы мен бөлімдері

  7. Жаңартылған оқу бағдарламасынына сәйкес оқу жоспары және онда қамтылатын мәселелер

  8. Оқу жоспарының түрлері және қызметтері

  9. Ұзақ мерзімді жоспар және оның құрылымы

  10. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының спиральділік қағидаты

  11. Информатиканы оқытудағы тілдік мақсаттар

  12. Қысқа мерзімді жоспарды құрылымдау
  13. Сабақ жоспарлауға арналған əдіс-тəсілдер


  14. Сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалауды енгізу

  15. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сәйкес Информатика пәнінен оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарға шолу

  16. Блум таксономиясының танымдық деңгейлері

  17. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасында Блум таксономиясысының қолданылуы

  18. Критериалды бағалау жүйесі және оны енгізудің мақсаты

  19. Критериалды бағалау қағидаттары, мазмұны мен міндеттері

  20. Критериалды бағалаудың құрылымы

  21. Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

  22. Қалыптастырушы бағалаудың әдістері

  23. Кері байланыс беру

  24. Жиынтық бағалау үдерісі

  25. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

  26. Тоқсандық жиынтық бағалау

  27. Білім алушы күнделігі

  28. Модерация үдерісі

  29. Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау

  30. Интербелсенді оқытудың қағидалары мен мақсаттары

  31. Интербелсенді оқытудың формалары

  32. Бірлескен әрекеттер – интербелсенді оқыту әдісінің негізі

  33. Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқытудың айырмашылықтары

  34. Белсенді сабақтағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері

  35. Кері байланыс ұғымы. Кері байланыс қағидаттары

  36. Кері байланысты ұсыну және алу ережелері

  37. Рефлексия ұғымы

  38. Белсенді әдістер түрлерін сабақта қолдану

  39. Белсенді әдістердін қолданып ҚМЖ құрастыру

  40. Зерттеу түрлері. Зерттеу кезеңдері

  41. Информатика сабағында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту

  42. Оқушылардың жоба жұмысын орындау дағдыларын қалыптастыру.


7 Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2)

  1. Рейтинг тапсырмалары.

Теориялық бөлім.
  1. Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары

  2. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының маңызы мен міндеттері

  3. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері


  4. Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жалпы ережелері

  5. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

  6. Жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаты міндеттері

  7. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері

  8. Жалпы білім беру бағдарламасының үйлесімділігі

  9. Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымы мен бөлімдері

  10. Жаңартылған оқу бағдарламасынына сәйкес оқу жоспары және онда қамтылатын мәселелер

  11. Оқу жоспарының түрлері және қызметтері

  12. Ұзақ мерзімді жоспар және оның құрылымы

  13. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының спиральділік қағидаты

  14. «Информатика» пәні бойынша спиральділік қағидатына негізделген білім беру

  15. бағдарламасының мақсаты, міндеттері

  16. Информатиканы оқытудағы тілдік мақсаттар

  17. Қысқа мерзімді жоспарды құрылымдау

  18. Сабақты жоспарлау және онда басшылыққа алатын қағидаттар
  19. Сабақ жоспарлауға арналған əдіс-тəсілдер


  20. Сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалауды енгізу

  21. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сәйкес Информатика пәнінен оқулықтарға шолу

  22. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сәйкес Информатика пәнінен оқу әдістемелік кешендерге шолу

  23. Блум таксономиясының танымдық деңгейлері

  24. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасында Блум таксономиясысының қолданылуы

  25. Блум таксономиясы (қолданылатын етістіктер)

Практикалық бөлім.

  1. Информатика пәнінің бір тақырыбы бойынша ҚМЖ дайындау

  2. Ықшам сабақ беру

  3. Тақырып бойынша компьютерлік программа дайындау

2-Рейтинг тапсырмалары.

Теориялық бөлім.

  1. Критериалды бағалау жүйесі және оны енгізудің мақсаты

  2. Критериалды бағалау қағидаттары

  3. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны мен міндеттері

  4. Критериалды бағалаудың құрылымы

  5. Қалыптастырушы бағалау үдерісі

  6. Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

  7. Қалыптастырушы бағалаудың әдістері

  8. Кері байланыс беру

  9. Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау

  10. Жиынтық бағалау үдерісі

  11. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

  12. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

  13. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдау

  14. Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау

  15. Тоқсандық жиынтық бағалау.

  16. Білім алушы күнделігі

  17. Модерация үдерісі

  18. Интербелсенді оқытудың қағидалары мен мақсаттары

  19. Интербелсенді оқытудың формалары

  20. Бірлескен әрекеттер – интербелсенді оқыту әдісінің негізі

  21. Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқытудың айырмашылықтары

  22. Белсенді сабақтағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері

  23. Кері байланыс ұғымы

  24. Кері байланыс қағидаттары

  25. Кері байланысты ұсыну және алу ережелері

  26. Рефлексия ұғымы

  27. Рефлексия және кері байланыс тәсілдері

  28. Белсенді әдістер түрлерін сабақта қолдану

  29. Белсенді әдістердін қолданып ҚМЖ құрастыру


Практикалық бөлім.

  1. Информатика пәнінің бір тақырыбы бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмасын және дескриптор дайындау

  2. Информатика пәнінің бір тарауы бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын дайындау

  3. Интербелсенді әдістер түрлері бойынша слайд жасау

8. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізімі
  1. Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары

  2. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының маңызы мен міндеттері

  3. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері


  4. Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жалпы ережелері

  5. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

  6. Жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаты міндеттері

  7. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері

  8. Жалпы білім беру бағдарламасының үйлесімділігі

  9. Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымы мен бөлімдері

  10. Жаңартылған оқу бағдарламасынына сәйкес оқу жоспары және онда қамтылатын мәселелер

  11. Оқу жоспарының түрлері және қызметтері

  12. Ұзақ мерзімді жоспар және оның құрылымы

  13. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының спиральділік қағидаты

  14. «Информатика» пәні бойынша спиральділік қағидатына негізделген білім беру

  15. бағдарламасының мақсаты, міндеттері

  16. Информатиканы оқытудағы тілдік мақсаттар

  17. Қысқа мерзімді жоспарды құрылымдау

  18. Сабақты жоспарлау және онда басшылыққа алатын қағидаттар
  19. Сабақ жоспарлауға арналған əдіс-тəсілдер


  20. Сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалауды енгізу

  21. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сәйкес Информатика пәнінен оқулықтарға шолу

  22. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сәйкес Информатика пәнінен оқу әдістемелік кешендерге шолу

  23. Блум таксономиясының танымдық деңгейлері

  24. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасында Блум таксономиясысының қолданылуы

  25. Блум таксономиясы (қолданылатын етістіктер)

  26. Критериалды бағалау жүйесі және оны енгізудің мақсаты

  27. Критериалды бағалау қағидаттары

  28. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны мен міндеттері

  29. Критериалды бағалаудың құрылымы

  30. Қалыптастырушы бағалау үдерісі

  31. Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

  32. Қалыптастырушы бағалаудың әдістері

  33. Кері байланыс беру

  34. Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау

  35. Жиынтық бағалау үдерісі

  36. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

  37. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

  38. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдау

  39. Тоқсандық жиынтық бағалау.

  40. Білім алушы күнделігі

  41. Модерация үдерісі

  42. Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау

  43. Интербелсенді оқытудың қағидалары мен мақсаттары

  44. Интербелсенді оқытудың формалары

  45. Бірлескен әрекеттер – интербелсенді оқыту әдісінің негізі

  46. Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқытудың айырмашылықтары

  47. Белсенді сабақтағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері

  48. Кері байланыс ұғымы

  49. Кері байланыс қағидаттары

  50. Кері байланысты ұсыну және алу ережелері

  51. Рефлексия ұғымы

  52. Рефлексия және кері байланыс тәсілдері

  53. Белсенді әдістер түрлерін сабақта қолдану

  54. Белсенді әдістердін қолданып ҚМЖ құрастыру

  55. Бірлескен және топтық жұмыс.

  56. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

  57. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) пайдалану

  58. Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау. Бағалау түрлері.

  59. Рөлдік ойындар

  60. Іскерлік оқу ойындары

  61. Өндірістік ойындар

  62. Тренингтер

  63. Пікірталас тәсілдері

9 Бақылау түрі – аралас емтихан (емтихан материалының құрылымы)


Билет №1

  1. Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының құрылымы

  2. Сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру

  3. Оқу бағдарламасының «Компьютерлік ойлау» бөлімі бойынша сабақтарды жоспарлау

Билет №2


  1. «Информатика» пәнін оқытуда критериалды бағалауды қолдану

  2. Блум таксономиясы

  3. 5- сыныптың Информатика пәнінің бір тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар жасау

Билет №3


  1. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) пайдалану

  2. Информатика сабағында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту

  3. Джигсо әдісін қолданып жасалған сабақ фрагментін жасау

Билет №4


  1. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы бойынша 5-9-сыныптарына арналған "Информатика" пәнінің мақсаты мен міндеттері

  2. Оқу үдерісінде графикалық органайзерлерді қолдану

  3. «Компьютер және кауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын құрастыру

Билет №5


  1. Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау

  2. Пәнді оқытудағы тілдік мақсаттардың маңызы

  3. «Ақпарат және оның өңдеу» бөлімі бойынша бағалау критерийін және дескриптор құру


10. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

Білімді бағалау схемасы




Бағалау критериі

Баға түрі

Жұмыс үшін балл

Орындалған жұмыстар саны

Дәрістегі белсенділік

100

30

Практикалық сабақтағы белсенділік

100

15

СОӨЖ сабақтағы белсенділік

100

45

СӨЖ тапсырмаларын орындау

100

45

Өзіндік жұмыстар

100

6

Жазба жұмысы

100

2

Шығармашылық жұмыс

100

1

Рубеждік бақылау

100

2

Аралық аттестация(P1,P2)

100

Барлық бағалардың арифметикалық орташасы

Ағымдық бақылау

(P1+P2)/2




Жіберілу рейтингісі

Ағымдық бақылау*0,6




Қорытынды бақылау (емтихан)

100*0,4




Қорытынды

Жіберілу рейтингісі+ Қорытынды бақылау



Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15- апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)

Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Баға

Әріптік жүйе бойынша

Ұпай саны бойынша

%-дық көрсетілуі

Дәстүрлі жүйе бойынша

А

4,0

95 – 100

өте жақсы

А-

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 – 89

жақсы

В

3,0

80 – 84

В-

2,67

75 – 79

С+

2,33

70 – 74

С

2,0

65 – 69

қанағаттанарлық

С-

1,67

60 – 64

Д+

1,33

55 – 59

Д-

1,0

50 – 54



0,5

25 - 49

қанағаттанғысыз

F

0

0 - 24


Бағалау саясаты.

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайылық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау



  • Семестрдің 7(8)- аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15- аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті



Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау