Жаңадария ауылдық округі әкімі Ғ.Жанашевтың
2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Округтің әлеуметтік жағдайы
Қазіргі таңда Жаңадария ауылдық округі бойынша 105 отбасында 530 адам тұрады. Ауылдың экономикалық белсенді халық саны 276 адамды құрайды. 14 пен 29 арасындағы жастар – 114, жұмыс істейтіндер саны - 132, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 158 және жұмыссыздар саны - 7 адам.
2018 жылдың 12 айында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 26 адамды құрап отыр. Оның 20-сы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 6-уы жастар тәжірибесінен өтті.
“Жасыл Ел” бағдарламасы бойынша 2 жас елді мекеннің көркейту-көгалдандыру жұмыстарына тартылды.
Білім беру
Елді мекенде орналасқан №203 орта мектебінде 32 мұғалім еңбек етуде. 2018 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 3 оқушы қатысып, қатысқан барлық оқушы грант иегері атанды. Көрсеткіш сапасы 91 пайызды құрады.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары жалпы пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде ІІ, ІІІ орындарды және «Қазақстанның балалары шексіз әлемде!» балалар кино шығармашылығының Республикалық фестивалінің аудандық кезеңінде әлеуметтік номинациясы бойынша ІІІ орын, «Фариза оқулары» байқауынан ІІ орын иеленді.
Мектеп жанынан ашылған «Береке» шағын орталығында 1 топ жұмыс жасап 14 бала тәрбиеленуде.
Денсаулық сақтау
Ауылдық фельдчерлік акушерлік пункт 2011 жылы пайдалануға берілген. Онда 3 медбике, 5 техникалық қызметкер жұмыс істейді. 2018 жылдың желтоқсан айында жаңа жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілді.
Есепті мерзімде жалпы қабылдауда 436 адам болса, 76 адамға тегін дәрі-дәрмек таратылған.
Мәдениет саласы
Жаңадария ауылдық клубында 7 қызметкер жұмыс жасайды. 2018 жылға жоспарланған 35 түрлі іс-шаралар мен кездесулер жоспарға сәйкес өткізіліп, оған 2008 көрермен тартылды. Ақылы қызметтің орындалуы 12 айда 300 000 мың теңгені құрап, жобаланған көрсеткіш 100 пайызға орындалды.
Есепті мерзімде Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі, ардақты ұстаз Өтегенов Қасым Өтегенұлының 70 жылдығына арналған «Қалдырған ізің мәңгілік» атты облыстық жас әншілер байқауы, сонымен қатар, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Балдырған» атты қуыршақтар қойылымының аудандық байқауы өткізілді.
Ауылдық кітапханада 2 адам жұмыс істейді. Кітап қоры 13528 дана.
Кәсіпкерлік саласы
Елді мекенде есепті мерзімде 35 шағын кәсіпкерлік субьектісі жұмыс жасауда.
2018 жылы «Бастау-Бизнес», «Бизнес-Кеңесші» жобалары аясында қысқа мерзімді оқу курсымен 6 азамат оқытылды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 10 адам 42,9 млн теңге несие алды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағадарламасы аясында екі азаматтың жобасы ұсынылып қайтарымсыз грант жеңіп алды. Жоба құны 1,5 млн теңге. Пластикалық есік, терезе жасау жобасына 1 млн, құс өсіру жобасына 500 мың теңге. Қазіргі таңда аталған жобалар жұмыс жасауда.
Ауылдық округтен жұмыссыз, студент жастар «Жас - проджект» жобасына қатысып, қайтарымсыз грант жеңіп алды. Жоба құны 970 мың теңге.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 3 ауыл тұрғынының жобасы ұсынылып, 720 мың теңге қайтарымсыз грант жеңіп алды.
“Магро” фермер қожалығы “Атжайған” учаскесінен 46 га бақша дақылдарын егіп, 15 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтыды.
Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер
Ауылдық округ бойынша 2018 жылы жеке тұлғалардан 211 000 теңге көлік салығы, 28 000 теңге жер салығы, 3761 теңге мүлік салығы және 60 000 теңге ерікті алым мен 9 000 теңге табыс салығы барлығы 311 761 теңге салық түсімдері жиналып, жобаланған көрсеткіш 100 пайызға орындалды.
Көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары
Көктемгі көркейту көгалдандыру және санитариялық тазалық жұмысына 85 адам қатысты. Сенбілік барысында мекемелердің ішкі-сыртқы аулаларына, көшелерге тазарту, талдарын әктеу жұмыстары жүргізіліп, 18 м3 күл-қоқыс шығарылып тасталды. Ауылдық округ бойынша мекемелер мен сауда дүкендерінің алдына 5 дана күл қоқыс тастайтын арнайы жәшігі қойылған. “Ағаш отырғызу” акциясы аясында ардагер ұстаз Ұ.Иманова атындағы саябаққа 450 дана ағаш көшеттері отырғызылды.
Атқарылған жұмыстар мен іс-шаралар
2018 жылы жеке кәсіпкердің демеушілігімен А.Құнанбаев көшесіне аялдама салынып, пайдалануға берілді.
Ауылдық округ бойынша 37 дана электр тарату бағанасы ауыстырылды.
«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы арқылы елді мекенге ауызсу жүйесінің бірінші этапы жүргізілді, 2019 жылы толық аяқталып, пайдалануға беріледі.
“Өңірлерді дамыту 2020” бағдарламасы арқылы 1,000 млн теңгеге А.Құнанбаев көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
№203 орта мектеп бойынша “Мектепке жол” акциясы аясында ауылдық мекемелер мен шаруашылық төрағаларының, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен 10 оқушыға 45 000 теңге қаржылай көмек көрсетіліп, мектеп құралдарын сыйға тартты.
Елді мекендегі 2 азық-түлік дүкені ғимаратының нысаналы мақсаты өзгертілді.
Тұрғындарды бұқаралық спортпен қамту
2018 жылдың қараша айынан бастап №203 орта мектебінің жанынан жасөспірімдер арасында дзюдо күресі секциясы жұмыс жасайды. Аталмыш спорт секциясына 40 бала қатысады. Аудан көлемінде турнирлерге қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
Қоғамдық тәртіп, құқық бұзушылықтың алдын-алу
Ауылдық округте учаскелік полиция инспекторы тұрақты жұмыс жасауда. Учаскелік полиция инспекторы тұрғын үймен және көлікпен қамтамасыз етілген. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп тиісті жұмыстар атқарылуда.
2018 жылы көктемгі – күзгі мерзімді міндетті әскери қызметке 13 бала шақыртылып, әскери борышын өтеуге – 5 бала жіберілді.
2019 жылдың жоспары
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін азайту бағытында жұмыс жасау;
Салық салу базасын ұлғайту, қалыпты саяси-әлеуметтік ахуалды қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орындарын ашуға жұмылдыру;
Көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық сақтау жұмыстарына белсенділік арттыру:
Мемлекеттік бағдарламалар бойынша несие серіктестіктері арқылы халыққа несие алып беруге ықпал жасау;
Ауылға кіре беріс жерден жаңадан саябақ ашу мен арка салу жоспарланып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |