Жаңа оқыту технологияларының білім сапасын арттыруға ықпалы э. Ж.Әлімқұлова



жүктеу 77,5 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі77,5 Kb.
#23622

ӘОЖ: 54:330.88



ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ БІЛІМ

САПАСЫН АРТТЫРУҒА ЫҚПАЛЫ
Э.Ж.Әлімқұлова

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана
Қоғамның әлеуметтік, экономикалық және саяси кеңістіктерде адымдап дамып жаңарулары, экономика мен өндірістік күштердің қарқынды дамуы білім беру мекемелерінде (мектепке дейінгі, орта және жоғары оқу орындары) заманауи технологияларды қолданып сапалы және терең білім мен ұлағатты тәрбие берудегі оқыту үрдісін жан-жақты жетілдіруді, соның нәтижесінде білім мен ғылымның, мәдениеттің әлемдік деңгейге көтерілуін қажет етіп отыр.

Кез-келген мемлекеттің байлығы мен құндылығы адам және оның білім мен білік деңгейі. Олай болса бүгінде еліміздегі жастардың ғылыми дүние танымдық іс-әрекетін жалпы таным сапасын жетілдірудің көкейкесті мәселелері педагогика ғылымындағы, педагогикалық тәжірибесіндегі маңызды мәселердің бірі болып отыр.

Нарықтық экономика жағдайында адамның шешуші факторы, ол адамның белсенділігі, жана әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарда өз көзқарасын орнықтыру. Сондықтан бүгінгі барлық ғылыми педагогикалық іс-әрекет студенттердің белсенділігін қалыптастыруға бағытталып отыр. Мұнда шешуші мәселе студенттердің ғылыми дүниетанымдық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі заман болашақ мамандардан белсенділікті, шығармашылық ізденгіштікті, жан-жақтылықты, алғырлықты қажет етеді. Нарықтық экономикадағы бәсекелестікке төтеп бере алатын маман даярлауда адам баласының өздігінен білім алуы мен оқу үрдісін оқытушының оқытудың әртүрлі формасы мен әдістерін қолданып, ұйымдастыра білудің маңызы ерекше. Бұл жағдайда оқу үрдісінде оқыту формасы мен әдістерінің шығармашылық стилде құрылуы басты орында. Өйткені, кей жағдайда оқытушылар арасында дәріс сабақтарын, өзіндік жұмыс түрлерін жоспарсыз, ойластырмай өткізетіндер де кездеседі. Осындай салғырт-тықтан студенттің пәнге қызығушылығы жоғалады, өз ісіне және жан-жағындағыларға қарым-қатынасы салғырттанып немқұрайлық сияқты жағымсыз іс-әрекеттер пайда болады. Біз тәжірибеміздегі силлабустарда берілетін өзіндік жұмыс тақырыптарының (төменгі кестеде) мазмұнына талдау жасайтын болсақ әрбір тақырып студенттерден үлкен ізденісті, шығармашылық іс-әрекетті, жауапкершілікті қарым-қатынасты қажет етеді. Кестеде келтірілген өзіндік жұмыстың қай-қайсысы болмасын тақырыпқа қатысты реферат жазу, іскерлік ойындар ұйымдастыру, семинар өткізу, кіші топпен жұмыс жасау т.с.с. сабақ түрлерін қолданып жүргізіледі. Реферат жазудың өзі де шығармашылық еңбекті қажет етеді. Химия, физика пәндері агротехникалық университетте 1-2 курстардан бастап оқытылатын болғандықтан, біздің тәжірибемізде өкінішке орай, реферат жазуда студенттердің көпшілігі ұсынылған тақырыпқа қатысты материалды тек оқулықтар мен оқу құралдарының түпнұсқалардан тікелей көшірумен шектелетіндері көптеп кездеседі. Демек, студент өзінің білімін жетілдіру жолында ешқандай ізденіс жұмысын жасамайды, ұсынылған тақырыптың қажеттілігі мен маңыздылығын, оның болашақ мамандығымен байланысын тақырып мазмұнын тереңірек ұғынып, талдау, түсіну арқылы білу керектігін ұғынбайды. Дегенмен педагог өзінің педагогикалық іс-әрекетімен студенттің бойындағы өзі біле қоймаған жақсы қасиетін танып және сол қасиетін ашуға көмек көрсетуі, жол сілтеуі тиіс. Бүгінде білім алғысы келген студент үшін де өзінің педагогикалық шеберлігін жетілдіремін деген педагог үшін де барлық жағдай және мүмкіндік бар.



Бүгінде оқу үрдісі қолданыста жүрген кредиттік технология талабы типтік бағдарламаға, мемлекеттік стандартқа сәйкес құрылған силлабус бойынша жүргізіледі. Силлабуста дәріс, зертханалық жұмыс (практикалық), өздік жұмыс тақырыптары бірізділікпен құрылып беріледі. Пән бойынша білімді меңгеруге қойылған талап және оны бақылау да осы бағытқа сәйкес дағдылар мен іскерліктердің қалыптасуына қолайлы жағдай тудырады. Дегенмен, кейбір жағдайларда практикалық сабақтар немесе семинарлар тек типтік бағдарламадағы оқытылатын тақырыптармен ғана шектеледі. Зертханалық сабақтарда теориялық материал жүйеленіп бекітіледі, теориялық білім нақты жағдайларда пайдаланылып, құрал-жабдықтардың, арнайы реактивтер мен құрылғылардың көмегімен сабақ үрдісінде студенттерде тәжірибелік іскерліктер мен дағдылар қалыптасады. Зертханалық сабақтардың басты ерекшелігі ол орындалатын жұмыстың дербестілігі. Әрбір зертханалық сабақ студенттерде жауапкершілік, өзіндік іс-әрекет, шығармашылық ынта-ықылас қалыптастырады және тақырыптың өзекітілігін анықтайтын, қалыптастыратын зертханалық жұмыстың маңыздылығын көрсетеді.

Сабақ түрлеріне (дәріс, зертханалық-практикалық, өзіндік жұмыс) қарай студенттермен атқарылатын педагогикалық іс-әрекеттер мен оларды ұйымдастыру сатылары да әртүрлі болып келеді. Дәріс, практикалық сабақтарда оқытушының басқарушылық сатысы жоғары, өйткені мұнда оқытушы өзінің педагогикалық іс-тәжірибесіндегі түрлі оқыту әдісін қолдана отырып тақырыпты оқытуда ондағы тапсырманы жазып, түсіндіреді. Ал, әр студент тапсырманы орындау барысында әрбір кезеңнің дұрыс - бұрыстығына көз жеткізіп, ақиқаттығын тексере алады. Зертханалық жұмыстарда жаттықтыру кезеңіне уақыт жоқ, онда әрбір студент өз бетінше зертханалық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқауларды басшылыққа ала отырып, жұмыс барысында ұсынылған барлық әдістемелік қажетті іс-әрекеттерді орындаулары тиіс. Осылай бірінен соң бірі үздіксіз жалғасып алмастыратын сабақ түрлері студенттерде өмірде аса қажетті болатын кәсіптік іскерлік пен дағды қалыптасуына негіз болады. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда дәріс сабағының орны ерекше. Мысалы, біз биохимия пәні бойынша ұйымдастырылып студенттердің өзіндік жұмысқа арналған сабақтардың жоспарын төмендегі кестедей ұсынатын болсақ, мұнда тақырып бойынша материалдар барынша толық беріледі, түсініксіз сұрақтар арнайы тапсырмалармен толықтырылады, пайдалы кеңестер мен нұсқаулар беріледі.



Тақырып

Тапсырма мақсаты және мазмұны

ӘҚ

Бақылау

Апта

Ұпай

1

2

3

4

5

6

7

1-2

Кіріспе. Жасуша құрылымы, оның азықтанумен бай-ланысы. Ағзаың химиялық құрамы.

Жасуша құрылымының, жүйке және ас қорыту жолдары және құрылысы мен функциялары туралы жалпы мәлімет беру. Тірі ағза тіршілігіне қажетті бейорганикалық және органикалық заттардың алмасуы, олардың химиялық құрамы мен тіршіліктегі маңызын білу.

1-6

Жазба тапсыманы тесеру, жұмыс топтық жұмыс жоспарын құру.

Кіші топтармен жұмыс. (Кіші топтар арасында семинар



сағатын ұйымдастырып өткізу)

1-2

1

3

Ақуыздар. Құры-лысы, қасиеттері және ағзадағы био-логиялық маңызы.

Ақуыздардың жіктемесін, ағзадағы биологиялық рөлін, құрылымын білу. Тамақтанудағы ақуыздың биологиялық рөлі және бір-біріне айналу жолдары. Пептидтің түзілу реакциясын білу.

3

1

4

Ферменттер

Ферменттердің номенклатурасын, жіктемесін, құрылымын, биохимиялық функциясын, әсер ету механизмін, аллостерлік орталығын білу.

4


1

5

Дәрумендер.

Дәрумендерің жіктемесін, биохимиялық функциясын білу.

5


1

6

Биологиялық белсен-ді заттар. Гормондар.

Биологиялық белсенді заттардың құрылымын, жіктемесін, биологиялық рөлін білу.

6

1

7

Нуклеин қышқылдары

Нуклеин қышқылдарының жіктемесін, ағзадағы биологиялық рөлін, құрылымын білу. Нуклеозидтер және нуклеотидтердің құрылымы, ондағы химиялық байланыстардың түрін, табиғатын білу

7

1

8-9

Липидтер. Құры-лысы, қасиеттері. Липидтердің алма-суы.және биоло-гиялық маңызы.

Липидтердің жіктемесін, ағзадағы биологиялық рөлін, құрылымын білу. Жазбаша кесте құрып, технологиялық үрдісте майлардың биологиялық маңызын, тағамдық құндылығын білу. Липид-тердің: ағзадағы алмасуының биохимиялық механизмін, алмасуына қатысатын ферменттер мен дәрумендерді, гормондарды және олардың әсер ету механизмін білу. Глицериннің тотығуы, ЖМҚ β-тотығуы, майлардың синтезіндегі өт қышқыл-дарының функциясын білу.

1-6

8-9

2

10

Көмірсулар. Құры-лысы, қасиеттері және биологиялық маңызы.

Көмірсулардың жіктемесін, ағзадағы биологиялық рөлін, құрылымын білу. Көмірсудың құрылысы мен тамақтанудағы биологиялық, физиологиялық рөлін білу білу.

1-6

Жазба тапсыманы тесеру, слайд,

тестілік тапсырмалар дайындау



10

1

11

Көмірсулардың алмасуы.

Көмірсулардың метаболизмін білу (Гликолиз. Гликогенолиз. Гликогенез. Гликонеогенез. Кребс циклі. Глиоксилатты цикл. Фотосинтез) Көмірсулардың пентафосфаттық жолмен тотығу және оның биологиялық маңызын білу. Қорыту мен сіңіру үрдісіне қатысты ферменттерді, гормондар мен витаминдерді білу.

11

1

12-13

Ақуыздар мен жеке аминқышқылдары-ның алмасуы.

Ақуыз бен амин қышқылдарының метаболизмін, физиологиялық маңызын білу. Метаболизмге қатысты ферменттер. Амин қышқылдарының өзгеру жолдары: декарбоксилдену, қайта аминдену, дезаминдену реакцияларын, амин қышқылдарының түзілу жолдарын білу. Ақуыздың тәуліктік қажеттілігі мен биологиялық құнды-лығын білу.

12

1

14

Заттар мен энер-гияның алмасуы.

Зат алмасу тіршілік негізі екендігін түсіну. Ағза тіршілігіндегі энергияның қажеттілігі мен тыныс алу тізбектерін білу. Биологиялық тотығу үрдісін түсіну.

13

1

15

Азықтанудың физиологиялық негізгі.

Жануар (сүт, ет, жұмыртқа) өсімдік (нан, жеміс-жидектер) химиялық негізін білу. Тиімді тамақтану режимі мен емдік тамақтану негізін білу.

1-6

Топшалармен жұмыс.

Жоспар құру ( слайд, буклет,

реферат, крассворд дайындау).

Мини конференция



14-15

1

Пайдаланылатын оқу құралы:

  1. З.С. Сеитов. Биологиялық химия. Алматы, «Қайнар», 1992 ж.

  2. Қ.Қ.Қайырханов.Жануарлар биохимиясы. Алматы,«Ана тілі», 1993 ж.

  3. А.Ж.Сейтембетова.Биологиялық химия. Алматы, «Білім», 1994 ж.

  4. Э.Әлімқұлова.Биоорганикалық және биологиялық химия. Астана. 2006 ж.

  5. Э.Ж.Әлімқұлова.Биологиялық химия. Астана, 2008 ж.

  6. Э.Әлімқұлова. Биологиялық химия. Техникалық ғылымдар және технологиялар бағытындағы мамандықтар үшін ОӘК. Астана, 2010 ж.

Студенттердің назарына ұсынылатын тапысырмалар жиынтығы болашақ мамандықтарымен байланыстырыла құрылады. Өзіндік жұмыс барысында әр тақарып бойынша топтан кемінде 2-3 студентке баяндама-реферат жасау тапсырылады. Арнайы тапсырмамен реферат дайындауда студенттердің көпшілігі берілген тақырып бойынша түрлі оқу құралдарынан, IT құралдарынан тақырыпқа қатысты қызықты да маңызды деген ақпарат жинақтап, жинақталған материалдар топтамасына салыстыра отырып талдау жасайды, рефераттың жоспарын мазмұнына қарай бірнеше рет құрып материалды жан-жақты және қызықты етіп баяндауға ынтасын салады. Реферат дайындауда кейбір ақпарат көдерінен, оқулықтардан кездестірген бүгінде қолданылып жүрген қазақша терминдердің қолданысын салыстыра отырып, өздерінің ойлары мен көзқарастарын ортаға салуға тырысады. Мұндай рефераттық жұмыс кішігірім ғылыми зерттеу жұмысының деңгейіне көтеріліп, мазмұны күрделеніп топ студенттерінің қызығушылығын тудырады. Мұндай жағдайда студенттің жеке тұлға ретінде жауапкершілігін, өзіне, өзінің іс-әрекетіне, қоршаған ортасына көзқарасын, жалпы таным сапасын бағалап, ерекше атап өтуге болады, яғни білім мен тәрбиенің ұштасуы жүзеге асырылады.

Тәжірибемізден түйіндегеніміз, өзіндік жұмыс:



  • студенттің ойын жазбаша түрде көрсете білумен қатар шығармашылық деңгейде ойлауын, ғылыми- зерттеу жұмыстарының негізін қалауын, білімін бекітуін қамтамасыз етеді;

  • дәрістен алған білім шеңберін қеңейтіп тереңдетумен қатар теориялық, түпнұсқалық материалдарды талдау дағдысын қалыптастырады;

  • оқу бағдарламасына сәйкес студенттің оқу үрдісінде қаншалықты белсенділік, шығармашылық бағытта өскендігін бақылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, өзіндік жұмыстың тәрбиелік мәнін де атап көрсеткен жөн: топтағы жолдастарымен қарым-қатынас, оқытушымен қарым-қатынас, сөйлеу мәдениеті, өзін-өзі ұстау, ойын жасырмай толық жеткізе білу, жігерлік т.с.с. жағымды мінез-құлықтардың қалыптасуына әсер етеді. Студенттің ынта-жігерін, маман ретінде алдына қойылған мәселені табандылықпен шешуге, тыңғылықты орындау дағдысын қалыптастырады. Бірақ қандай мамандықта болмасын топтағы барлық студенттерге осы қасиет тән деп айта алмайсың. Өйткені әр топтан кемінде студенттердің 40-50% пайызы ғана өзіндік жұмысты силлабуста көрсетілген мерзімде, оқытушының күткен деңгейінде орындап тапсыруға тырысады, ал қалған пайыздағы студенттер тапсырманы үнемі кейінге қалдырады немесе жартылай ғана шала-шарпы орындап күткен нәтиже көрсетпейді.

Қазіргі мемлекеттік стандарттарда оқытудың кредиттік технологиясы бойынша пәндерге белгілі бір кредит саны бөлінген, мысалы "Биохимия" пәніне 2 кредит- жалпы 90 сағат берілген, оның студенттермен тікелей байланыстағы сағаттары: дәріс- 15 сағат, зертханалық жұмыс 15 (30) сағаты, СОӨЖ- 30 сағат, ал қалған 30 сағат аудиториядан тыс өздік жұмысқа беріліп отыр.

Қорыта келгенде, өзіндік жұмысты ұйымдастырып өткізуде оқытушы алдымен өзіне де студентке де дұрыс талап қоя білуі шарт.Өйткені дұрыс және шығармашылық деңгейде ұйымдастырылып өткізілетін өзіндік жұмыс және оған қойылатын талап студенттердің өздігінен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырып, жауапкершілікке, іскерлікке, жалпы таным сапасын жетілдіруге ықпал етеді.
жүктеу 77,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау