ҚТҚ қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
95
ҚТҚ жинау.
Кәсіпорынға жеткізу.
Қажет болса, бірнеше желілерде сұрыптау, пластикті, шыныны,
металды, қағазды және полиэтиленді бөліп алу.
Қайталама шикізатты қайта өңдеу және өндірістің сауалдарына жауап
бермейтін шикізатты пресстеу.
Қайталама шикізатты саты және персстелген брикеттерді көму.
Қоқысты қайта өңдеу бойынша кішігірім зауыт 600 м
2
аумаққа сыйып кете
алады. Өндірістік бөлмелердің (300-500 м
2
) болуы көзделуде, сонымен қатар
сыйымды қойманың болуы керек (100 м
2
). Бөлме қала шетінде немесе
өнеркәсіптік аймақта орналасуы керек.
Әрине, осындай зауытты тұрмстық қалдықтардың (үйінділердің) жиналу
орындарының жанында салған дұрыс. Осылай қоқыстарды қайта өңдеу орнына
дейін жеткізу үшін тасымалдау шығындарын азайтуға болады.
Қоқысты қайта өңдеуші кешенді құру кезінде негізгі шығын бөлігі ғимарат
пен жабдық.
ҚТҚ қайта өңдеу желісін іске қосу үшін келесі сатыларды өту керек:
Бизнес-жоспарды құру, инвестицияларды белгілеу.
Аймақтың және жергілікті биліктің қолдауын алу.
Зауыт үшін жер телімін және ҚТҚ көму бойынша полигонды алу.
Коммуникацияларға қосылу үшін техникалық шарттарды алу.
Сұрыптаушы желілер орналасатын құрылыстарды салу.
Жабдықтарды сатып алу, орнату, реттеу.
Жабдықпен жұмыс жасау үшін қызметкерлерді оқыту.
ҚТҚ жинау үшін көлікті сатып алу.
Зауыттың дайын қайталама өнімдері үшін сатып алушыларды табу.
Қоқысты жинау, қайта өңдеу, сату, кәдеге жарату бойынша жұмысты
іске қосу.
Сарапшылардың пікірінше, ҚТҚ қайта өңдеу бойынша зауыт екі рет табыс
алады: халықтан қоқысты қабылдағанжа және қайталама шикізатты сатқанда. Бұл
бірегей бизнес-үлгі десе де болады, мұнда шикізат пен өнім шығын келтірмейді.
Бірақ келіп түскен шикізаттың үштен бір бөлігі ары қарай қайта сату үшін
пайдаланылатындығын түсіну керек. Қалған бөлігі брикеттерге пресстеледі және
ҚТҚ полигондарында көмеді. Осыдан, зауыттың табыстылығы шамамен 45-50%
құрайды. Бірақ мұнда да зауыт үш-төрт жылдың ішінде өзін ақтап шығады, бұл
өндіріс үшін жақсы көрсеткіш болып табылады.
Қоқыстарды қайта өңдеу бойынша зауытқа бәсекені осындай зауыт немесе
жергілікті билік зауытқа қолдау көрсетпесе жергілікті ҚТҚ полигон жасауы
мүмкін.
Әр бизнес-жобаның өз тәуекелдері бар — бұл да құпия емес.
Негізгі тәуекелдер:
Қоқысты қайта өңдеу бойынша зауыттың жеке желілерін пайдалану
басында
аз айналым, соның нәтижесінде тұрып қалу.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
97
6 МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК
6.1 МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗГІ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазіргі уақытта көптеген елдердің алдында ондаған жыл бұрын құрылған
инфрақұрылымды жетілдіру мәселесі тұр. Әсіресе, «сауықтыруды» әлеуметтік
сала объектілері талап етеді: емхана, поликлиника, бала-бақша, мектеп, жалпы
қолданыстағы жолдар және т.б. Мұндай жаңарту едәуір ақшалай қаражатты
салуды талап етеді, бұл өз кезегінде балама қаржыландыру көздерін іздеу
қажеттілігін туындатады. Осы міндеттерді шешу үшін бірден-бір әрекет
мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) болып табылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
– мемлекеттік әріптес пен жекеше
әріптес арасындағы ынтымақтастық нысаны. МЖӘ әлеуметтік маңызы бар
салаларда
мемлекеттік
органдар
мен
кәсіпкерлердің
өзара
тиімді
ынтымақтастығын көздейді, мұнда тапсырыс беруші мемлекет, ал кәсіпкерлер
орындаушы болып табылады.
МЖӘ мақсаты қоғамдық әл-ауқаттардың және қызметтердің қолжетімділік
және сапа деңгейін арттыру үшін ресурстарды біріктіру арқылы мемлекет пен
жеке сектордың арасында ұзақ уақытылы ынтымақтастықты қалыптастыру және
күшейту болып табылады.
МЖӘ негізгі міндеттері:
ҚР орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету
мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-
қимылы үшін жағдайлар жасау;
нфрақұрылымды және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін
дамыту үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын
біріктіру арқылы мемлекет экономикасына инвестициялар тарту;
халықтың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың мүдделері мен
қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі деңгейін және сапасын
арттыру;
ҚР жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары
технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға
жәрдемдесу болып табылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлері
1. Келісімшарттық МЖӘ
Лизингті шарт (ары қарай сатып алумен жалдау)
ҒЗТКЖ шарттары (жаңа технологияларды жасау, стартап
компанияларды құру)
Өмірлік цикл шарттары (жобалау, салу мен пайдалану)
Сервистік шарттар (күту мен жетілдіру)
2. Институционалды МЖӘ
Мемлекеттік және жеке әріптестердің біріккен кәсіпорны
o
Бюджеттен квазимемсекторды капитализациялау баламасы