ҚР СТ 2272-2012
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫ
ТАКСИ ТАСЫМАЛДАРЫ БОЙЫНША АВТОКӨЛІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
Жалпы талаптар
ҚР СТ 2272-2012
(БСТ 1731.1-2007 Жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау қызметтері. 1-бөлім. Такси-автомобильдерімен жолаушыларды тасымалдауға қойылатын талаптар, NEQ)
Ресми басылым
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)
Астана
Алғысөз
1 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен және «Көлік және коммуникация ғылыми зерттеу институты» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ӘЗІРЛЕП ЕНГІЗГЕН
2 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 617-од бұйрығымен БЕКІТІЛІП ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
3 Осы стандарт Беларус Республикасының БСТ 1731.1-2007 «Жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау қызметтері. 1-бөлім. Такси-автомобильдерімен жолаушыларды тасымалдауға қойылатын талаптар» ұлттық стандартына қатысты, талаптар Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген, автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдаудың ерекшеліктерін көрсететін, кейбір техникалық ауытқулар мен баспалық өзгерістерді, қосымша талаптарды енгізу, құрылымын өзгерту жолымен модификацияланған болып.
Осы стандарт әзірленген және оған берілген сілтемелер, Беларус Республикасының ұлттық стандартының ресми данасы Нормативтік техникалық құжаттардың Бірыңғай мемлекеттік қорында сақталған.
Сәйкестік дәрежесі – балама емес (NEQ)
4 Осы стандартта ҚРЗ № 29-1 15.07.1996 жылғы «Жол қозғалыс қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; ҚРЗ № 476-II 04.07.2003 жылғы «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы; 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 «Автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.
5 БІРІНШІ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 2019 жыл
ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ 5 жыл
6 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
Осы стандартқа енгізілетін өзгерістер туралы ақпарат «Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар» сілтемесінде, ал өзгерістер мәтіні – ай сайынғы «Мемлекеттік стандарттар» ақпараттық сілтемесінде жарияланады. Осы стандартты қайта қараған немесе ауыстырған (жойған) жағдайда, тиісті ақпарат «Мемлекеттік стандарттар» ақпараттық сілтемесінде жарияланатын болады.
Осы стандарт Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай немесе бөлшектеліп, басылып шығарыла, көбейтіле және таратыла алмайды
Мазмұны
1 Қолданылу саласы 1
2 Нормативтік сілтемелер 1
3 Терминдер мен анықтамалар 2
4 Жалпы ережелер 2
5 Жолаушыларды автомобильмен тасымалдаушыға қойылатын талаптар 2
6 Такси автомобилінің жүргізушісіне қойылатын талаптар 3
7 Көлік құралына қойылатын талаптар 4
8 Такси жолаушыларын тасымалдаудың технологиялық процесстеріне қойылатын талаптар 6
9 Қызмет көрсетудің жылдамдығы, уақытылы болуы және сапасы 9
10 Қауіпсіздік талаптары 9
11 Мүгедектерге арналған қызметтің қауіпсіздігіне қойылатын қол жетімділік талаптары 10
12 Басқа да талаптар 10
А қосымшасы (ақпараттық). Такси жеңіл автомобилінің сыртқы безендірілуіне қойылатын талаптар, айрықша белгілері және такси-автомобильдерінің танымдылық шамы 12
Б қосымшасы (міндетті). Такси диспетчеріне қойылатын талаптар 14
В қосымшасы (міндетті). Такси диспетчері мамандарына қойылатын талаптар 15
Г қосымшасы (міндетті). Такси-автомобилінің жолаушыларын тасымалдауды диспетчерлік ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар 16
Д қосымша (ақпараттық). Жоғалған және табылған заттар анықталған жағдайда жолаушылар әрекетінің тәртібі 18
Е қосымшасы (міндетті). Жолаушылардың шағымдарын және актілерді рәсімдеу тәртібі 19
Библиография 21
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫ
|
ТАКСИ ТАСЫМАЛДАРЫ БОЙЫНША АВТОКӨЛІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
Жалпы талаптар
|
Енгізілген күні 2014-01-01
1 Қолданылу саласы
Осы стандарт такси жеңіл автомобильдерімен (ары қарай – такси-автомобильдер) Қазақстан Республикасының территориясында жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтерге таралады және сол қызметтерге жалпы талаптар белгілейді.
Стандарттың ережелері такси - автомобильдерімен жолаушыларды тасымалдау қызметтерін көрсететін заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен қолданылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты пайдалану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар пайдаланылады:
2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
2004 жылғы 5 маусымдағы № 567-ІІ «Байланыстар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.
ҚР СТ 1040-2001 Жолаушыларды тасымалдау бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық талаптар.
ҚР СТ 1811-2011 Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық бақылау. Тексеру әдістері.
ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004 Автокөлік құралдары. Қозғалыс қауіпсіздігі шарттары бойынша техникалық күйіне қойылатын талаптар. Тексеру әдістері.
ГОСТ 18426-73 Автомобильдік таксометрлер. Жалпы техникалы талаптар.
ГОСТ 23852-79 Лак бояу жабындар. Әрлеу қасиеті бойынша таңдауға қойылатын жалпы талаптар.
ГОСТ 30335-95 Халыққа көрсетілетін қызметтер. Терминдер мен анықтамалар.
ГОСТ 31286-2005 Жол көлігі. Негізгі терминдер мен анықтамалар. Жіктелуі.
ГОСТ Р1) 8.718-2010 «Өлшеудің біркелкілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе. Автомобильдік таксометрлер. Тексеру әдістері».
ЕСКЕРТУ. Осы стандартты қолдану барысында жыл сайын шығатын «Стандартау туралы нормативтік құжаттар» ақпараттық көрсеткіштеріне және осы жылы басылған тиісті ақпараттық көрсеткіштерге сәйкес сілтеме жасалған барлық стандарттар мен жіктеуіштердің жарамды мерзімі тексеріліп отырғандығы абзал. Егер сілтемедегі құжат ауыстырылған (түзетілген) болса, онда осы стандартты пайдалану барысында сол ауыстырылған (түзетілген) стандартты басшылыққа алу керек. Егер сілтемедегі құжат орнына басқа құжат енгізілмей-ақ əрекеті тоқтатылған болса, онда осы стандартта келтірілген жағдайлар сілтемесіз қолданыла алады.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартқа ГОСТ 30335, ГОСТ 31286 белгіленген тиісті анықтамалары бар терминдер қолданылады, сонымен қатар тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
Автомабильмен тасымалдау: Жеке меншік құқығындағы көлік құралы/көлік құралының иегері, немесе өзге де заңнамалар негізінде жолаушылар, жүктер, жүксалғыштар немесе пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша ақылы немесе жалға алынған қызметтер көрсететін, осы қызметтерді бекітілген тәртіп шарттарын (4.1 т. қараңыз) және Қазақстан Республикасының салық заңнамаларының талаптарын сақтай отырып жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.
Диспетчерлік жүйе: Уақытымен такси беру туралы тапсырыстарды қадағалауды үздіксіз бақылайтын, сонымен қатар такси тасымалдауларының технологиялық процесін координациялауды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.
4 Жалпы ережелер
4.1 Жүк бен жолаушыларды таксимен тасымалдау жеке кәсіпкерлермен және заңды тұлғалармен (ары қарай – такси тасымалы) «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте, жергілікті атқарушы органға белгіленген пішімдегі ескертпені беру жолымен, осы стандарттың 7 Бөлімінің талаптарына сәйкес жабдықталған сериялы жеңіл автомобильдермен жүргізіледі.
Жолаушылар мен жүкті такси тасымалымен ұйымдастыруда, ескерту ретіндегі талаптарды сақтамай жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді.
4.2 Жолаушыларды такси-автомобилімен тасымалдауды орындау үшін, тасымалдаушы диспетчерлік қызметтер операторымен келісім жасауы керек, ол 2004 жылғы 5 маусымдағы № 567-ІІ «Байланыстар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес байланыс операторларына және ұлттық ресурстар реестріне енгізілуі керек.
4.3 Егер автомобильдік тасымалдаушы жолаушыларды тасымалдауға электробайланыс құралын қолданумен такси-автомобиль жүргізушісіне тапсырыс беретін болса, онда олар такси диспетчерлеріне осы стандартпен қойылатын талаптарға сай болуы керек.
4.4. Такси-автомобильдермен жолаушыларды тасымалдау төмендегідей санаттармен айрықшаланады:
"Такси" – Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтай отырып такси-автомобильдерімен жолаушыларды тасымалдау;
"VIP-такси" – Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтай отырып жайлылық деңгейі жоғары такси-автомобильдерімен жолаушыларды тасымалдау.
5 Жолаушыларды автомобильмен тасымалдаушыға қойылатын талаптар
5.1 Такси-автомобильдермен жолаушыларды автомобильмен тасымалдауларды жүргізу үшін, тасымалдаушы мынадай көрсеткіштерге ие болуы керек:
– тасымалдаушы және диспетчерлік қызмет арасында жасалған таксимен жолаушыларды және жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру туралы келісім;
– такси-автомобильдердің техникалық күйіне тексеру жүргізу және техникалық қызмет көрсету, сақтау шарттары;
– осы стандартпен қарастырылған қызметтерді орындайтын мамандармен немесе осы қызметтерді орындауға құзыретті ұйымдармен жасалған келісім;
– белгіленген талаптарға сәйкес келетін такси-автомобиль;
– жүргізуші.
5.2 Автомобильдік тасымалдаушы такси-автомобилінің жүргізушісін қамтамасыз етуі керек, ал жүргізуші өзінде жолда жұмыс істеген кезінде төмендегі құжаттарға ие болуы керек:
– көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
– жүргізуші куәлігі;
– міндетті техникалық бақылаудан өткені туралы куәлік ;
– көлік құралы иесінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімін жасағанын растайтын сақтандыру куәлігі (сақтандыру полисі) [5];
– жолаушылар алдында тасымалдаушының азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімін жасағанын растайтын сақтандыру куәлігін (сақтандыру полисі), немесе тасымалдаушымен расталған оның көшірмесі;
– жүргізушінің газбаллонды көлік құралымен қауіпсіз жұмыс істеуге оқудан өткендігі туралы куәлік және газды отында жұмыс істеу үшін көлік құралының қайта жабдықталғандығы туралы және баллондардың куәландырудан өткендігі туралы актілер (егер, такси-автомобиль ретінде қолданылатын көлік құралы газтәрізді отынмен жұмыс істеуге жабдықталған болса);
– белгіленген пішімдегі жолдама қағазы;
– егер автомобиль тасымалдаушы такси-автомобильдің иесі болып табылмаса, жалға алу келісімі.
5.3 Жолаушылар мен жүкті таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезіндегі такси тасымалдаушының міндеттері:
1) көлік құралдарының рейс алды техникалық тексерілуден өтуін және рейс алдында (ауысымалды) жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуін [6] талаптарына сай медициналық жұмыскердің (ары қарай – медициналық жұмыскер) әкесінің аты, аты, фамилиясы, лицензиясының нөмірі көрсетілген, осындай жұмысқа лицензиясы және тиісті штампы бар Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жіберілген медициналық жұмыскердің талаптарына сай қамтамасыз етуі керек;
2) диспетчерлік қызметтің болуын немесе диспетчерлік қызмет бойынша келісімнің болуын қамтамасыз етуі керек;
3) такси бұзылған жағдайда оны уақытылы ауыстыруды қамтамасыз ету керек.
5.4 Автомобильдік тасымалдаушы рейске шығардың алдында жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз етуі керек, ал қажет болған жағдайда – жұмыс ауысым ағымында немесе аяқталғаннан кейін тексеруден өтулері керек.
Рейс алдында медициналық тексеруді өтпеген жүргізушілерді және рейс алдында техникалық бақылауды өтпеген такси-автомобильдердің жолға шығуына рұқсат берілмейді.
5.5 Егер автомобильдік тасымалдаушыға 5.3 көрсетілген талаптарды орындауға мүмкіншілігі болмаса, онда ол медициналық тексеруді өткізуге және осы қызмет түрлеріне рұқсаты бар заңды тұлғалармен желіге шығар алдында такси-автомобильдерге техникалық бақылауды өткізуге құзыреті бар мекемелермен келісім жасау керек.
5.6 Автомобильдік тасымалдаушыда ескертулер мен ұсыныстары бар кітап болуы керек, оның орналасқан жері туралы ақпарат такси-автомобилінің салонында көрсетіледі.
5.7 Автомобильдік тасымалдаушы көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын талдауына (анкета, сауалнама және т.б.), сонымен қатар жолаушылардың арыздары мен ұсыныстарының есебін жүргізу керек.
Жолаушылар тасымалында кемшіліктер анықталған кезде автомобильдік тасымалдаушы, оларды тудырған себептерді жоюға шаралар қолдануы керек, сонымен қатар жұмыс сапасын арттыру бойынша шараларды жоспарлауы және іске асыруы керек.
5.8 "VIP-такси" санатты такси-автомобильдерімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчер қызметімен келісім шартқа отыруы керек.
5.9 Автомобильдік тасымалдаушылар диспетчерлік қызмет операторын жол жүру тарифтері туралы ақпараттандырып тұруы керек.
6 Такси-автомобилінің жүргізушісіне қойылатын талаптар
6.1 Такси-автомобилінің жүргізушісі [2] талаптарына сәйкес келуі керек.
6.2 Жүргізушілерді өз етімен такси-автомобилідерінде жұмысқа жібері, тек тасымалдаушымен белгіленген тәртіпте тәжірибеден өткеннен кейін ғана жүргізілуі керек.
6.3 Такси-автомобилінің жүргізушісі медициналық қайта куәландырудан өтуі керек.
6.4 Жүргізуші рейске шығардан отыз минут бұрын жолдама қағазды немесе жеке басын куәландыратын құжатын ұсынғаннан кейін рейс алды (ауысым алдындағы) медициналық бақылаудан өтуі керек.
6.5 Сырқаты, ауырудың объективті белгілері және ағзаның функционалды күйі бұзылғаны байқалмаған жүргізуші автокөлік құралын басқаруға жіберіледі.
6.6 Медициналық жұмыскер ернеулі журналдың тиісті графаларына мөр қояды – жүргізушілер жолаушылар мен жүкті таксиде тасымалдауды жүргізген кезінде.
Мөрде бақылаудан өткендігі туралы және медициналық жұмысшының қолы қойылады [2].
6.7 Жүргізушіге мыналар рұқсат етілмейді:
1) мас күйінде (алкогольді, нашақорлық немесе басқа да), көзбен шолуды мен реакциясын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен, сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқаттанған және шаршаған күйде автокөлік құралын жүргізуге;
2) автомобиль көліктері саласында құзыретті мемлекеттік органмен белгіленген мерзімде міндетті бақылауды өтпеген немесе істен шыққан автокөлік құралдарын басқаруға;
3) иесі заңнамада белгіленген көлік құралы иесі жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімін және/немесе жолаушылар алдында тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімін жасамаған жағдайда көлік құралын пайдалануға;
4) белгіленген тәртіпте тіркелмеген және мемлекеттік тіркеу нөмірлері болмаған жағдайда немесе олардың тіркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайда автокөлік құралын басқаруға;
5) ластану деңгейі жүргізуші орнынан шолулығын, сыртқы айналар арқылы артқы көріністі, сыртқы жарықтандыру аспаптарының тиімділігі төмен, сонымен қатар автокөлік құралын тіркеу туралы куәлікке енгізілген мемлекеттік нөмір белгісін және автокөлік құралының түсін анықтауға кедергі болатын автокөлік құралын пайдалануға;
6) автокөлік құралын басқаруды жолдама (бағыттық) қағазда көрсетілмеген тұлғаларға, жүргізуші куәлігі жоқ тұлғаларға беруге;
7) ұйымдасқан колонналарды қиюға (с. і. жаяу жүргіншілерді қоса) және олардың арасынан орын алуға;
8) автокөлік құралын басқаруда телефонды немесе радиостансаны қолдануға, құлақтықтар немесе дауыс зорайтқышты пайдаланудан басқа;
9) тежегіш жүйесі істемейтін немесе рульдік басқарғышы істемейтін, ілмекті құрылғысы істемейтін (автопоезд құрамында), сонымен қатар жасанды жарықтандырғыштары жоқ жолдарда тәуліктің қараңғы уақыттарында немесе көрінуі жеткіліксіз жағдайларда – жанбайтын (жоқ) фарлармен және (немесе) артқы габаритті жарықтарымен, жауын-шашын немесе қар кезінде жүргізуші жағынан әйнек тазалағышы істемейтін автокөлік құралдарын басқаруға.
6.8 Жолаушыларға қызмет көрсетер кезде такси-автомобилінің жүргізушілер, қарым-қатынас кезінде сыпайы және оларға нормативті лексикамен мемлекеттік және орыс тілдерінде түсіндірулері керек.
7 Көлік құралына қойылатын талаптар
7.1 Жолаушыларды тасымалдау үшін такси-автомобильдері ретінде М1 санатты сериялы автокөлік құралдары қолданылады, олар өз кезегінде мыналармен жабдықталуы керек:
– басқару органдары сол жақта орналасқан автомобильді басқару жүйесіне;
- ГОСТ 18426 талаптарына сәйкес келетін жұмыс істеп тұрған, аккредиттелген метрологиялық қызметтердің бекітілген тәртібі бойынша тексерілген және пломбыланған таксометрмен немесе бақылау-кассалық аппаратымен. Салық мекемелерінде тіркелмеген бақылау-кассалық аппаратты қолдануға рұқсат етілмейді;
- видео тіркеушісі бар (GPS, ГЛОНАСС және т.б.) геопозициялау жүйесінен;
- осы стандарттың 7.3 пунктінің талаптарына сәйкес жолаушылар отыруға арналған орындармен.
Арнайы басқарылатын такси-автомобильдерді, соның ішінде толықтай қолмен басқарылатын қолдануға рұқсат етілмейді.
Пайдалану мерзімі 15 жылдан асқан және жүрген жолы 500 мың км болатын такси-автомобильдерді қолдануға рұқсат етілмейді.
7.2. Такси салонында жолаушыға көрінетін жерде, жүргізушінің аты-жөні көрсетілген, суреті бар визиттік картасы орнатылады, сонымен қатар төмендегілер көрсетілген ақпараттық көрсеткіштер:
- тасымалдаушының ресми атауын, оның мекен жайын және телефон нөмірін;
- 1 км жол жүрудің құны, сонымен қатар таксометр болған жағдайда қалған қашықтықтарға жол жүру құны.
7.3 Жолаушылар тасымалдарын жүргізу үшін, кем дегенде төрт есігі барған сериялы шыққан жеңіл автомобильдер қолданылады.
7.4 Такси-автомобиль, көлік құралын дайындаушының техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес болуы керек, [3] талаптарына сәйкес тіркеу нөміріне ие болуы керек.
7.5 Такси сыртынан, шахмат ретімен орналасқан, қара және сары шаршылардан тұратын, бүйір жақтарында айрықша біркелкі белгілерімен безендіріледі, өлшемдері төмендегідей:
биіктігі - 30 сантиметр;
ұзындығы - 100 сантиметр.
Такси-автомобильдің айрықша белгінің бейнесі мен негізгі өлшемдері А қосымшасында берілген.
7.6 Такси төбесінде орнатылған және 500 м дейінгі қашықтықтан жақсы оқылатын танымдылық белгісімен жабдықталуы керек. Танымдылық белгісі «Т» (такси) жазуын және\немесе өзіндік шашкалы белгісіне ие болуы керек және қараңғы мезгілдерде жарқырап тұруы керек.
7.7 Айрықша белгілер трафаретпен немесе декалькомания әдісімен бояу арқылы жүргізілуі керек.
Айрықша белгінің символдарының бейнелерін жүргізген кезде ағулар мен жайылуларға рұқсат етілмейді.
7.8 Айрықша белгі сыртқы түрінің көрсеткіштері бойынша ГОСТ 23852 III сыныбына сай келуі керек.
7.9 Такси-автомобильдің салоны жолаушының киімін немесе жүкті (қол заттарын) ластамауы және бүлдірмеуі керек.
Күнделікті ауысым аяқталғаннан кейін такси-автомобильді пайдалану үрдісінде жолаушыларды тасымалдаудың санитарлы-гигиеналық шарттарын қамтамасыз ету үшін, жуатын және дезинфикациалайтын құрылғылармен шанақтың жуылуы және салонның ылғалды тазалануы керек.
7.10 Такси-автомобиль тасымалдауға салоны және шанағы таза күйде берілуі керек. Тасымалдаушы күнделікті автомобиль салонын және шанағын тазалап тұруы керек.
7.11 "VIP-такси" санатты такси-автомобильдермен жолаушылар тасымалын жүргізген кезде тасымалдаушымен, қосымша төмендегілері бар автомобильдер қолданылуы керек:
- габаритті өлшемдері – ұзындығы 4,6 м аса және ені 1,7 м аса;
- такси-автомобилінің салонында ауа температурасын реттеу жүйесіне (климат-контроль);
- тежегішті антибұғаттауыш жүйе (АБЖ);
- жүк бөлімін сақтаушы қаптама;
- әрбір жолаушылар орнында бассүйегіш болуы керек;
- қауіпсіздік жастықтары;
- (GPS, ГЛОНАСС және т.б.) геопозициялау жүйесі - видеотіркеуіштер.
7.12 Жеңіл таксилерді жабдықтау және безендіру бойынша талаптардың орындалуын тексеру үшін, осындай тексерулерді жүргізуге құзыретті атқарушы билік органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін такси-автомобилінің жүргізушісі жеңіл таксиге жіберуге міндетті.
7.13 Гараждық нөмірлері болған жағдайда, оны жүк қақпағының сол жағына жазады.
Гараж нөмірінің биіктігі 60 мм болуы керек
8 Такси жолаушыларын тасымалдаудың технологиялық процессіне қойылатын талаптар
8.1 Жүк бен жолаушыларды таксимен тасымалдау жеке кәсіпкерлермен және заңды тұлғалармен (ары қарай – такси тасымалы) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы белгіленген тәртіпте, жергілікті атқарушы органға белгіленген пішімдегі ескертпені беру жолымен, осы стандарттың 7 Бөлімінің талаптарына сәйкес жабдықталған сериялы жеңіл автомобильдермен жүргізіледі.
8.2 Елді мекендердің ауданын және тұрғындар санын ескере отырып, жолаушылар мен жүкті таксимен тасымалдауды жүргізетін, ұсынылатын минималды автокөлік құралдарының саны 1 Кестеде келтірілген.
1 кесте. Елді мекендердегі такси-автомобильдерге минималды қажеттілігі
Елді мекен тұрғындарының саны
|
Жолаушылар мен жүкті таксимен тазалауды жүргізетін автокөлік құралдарының саны
|
Елді мекеннің 1000 тұрғынына
|
Елді мекеннің 1 км2 ауданы
|
1 млн. жоғары
|
1,35
|
4,6
|
501 мыңнан 1 млн. дейін
|
1,25
|
4,3
|
251 мыңнан 500 мыңға дейін
|
1,15
|
3,2
|
101 мыңнан 250 мыңға дейін
|
1,00
|
1,8
|
100 мыңнан төмен
|
0,40
|
1,5
|
8.3 Тасымалдаушылармен такси қызметін көрсету үшін таксидің диспетчерлік қызметі қолданылады.
8.4 Диспетчерлік қызмет, тапсырыста көрсетілген уақытқа таксидің берілуін қамтамасыз ету үшін таксидің берілуіне тапсырыстың сақталуын үздіксіз қадағалауды, қозғалыстарын басқарушы болып келеді.
Диспетчерлік қызметсіз такси тасымалы қызметін көрсетуге рұқсат етілмейді.
8.5 Жеңіл автомобильдері осы стандарттың 7 бөлімінің талаптарына сәйкес жабдықталған, сонымен қатар «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте, такси тасымалы бойынша жұмыстың басталғаны туралы ескерту талонының негізінде, диспетчерлік қызмет такси тасымалдаушысымен келісім жасауды қамтамасыз етеді.
8.6 Таксиге тапсырыс берген жолаушыға қызметті ұсыну, осы стандарттың 8.8-тармағына сәйкес диспетчерлік қызметпен іске асырылады.
8.7 Диспетчерлік қызметтің негізгі міндеттері болып:
1) байланыс құралдары арқылы заңды және жеке тұлғалардан тапсырыстар алу және тапсырысты такси жүргізушілерінің арасында тарату;
2) таксиге тапсырыс берген жолаушыға, жіберілетін автомобилдің нөмірін, тапсырыс құнын және берілу уақытын хабарлау;
3) жіберулерді және тапсырысқа таксидің уақытында келуін қадағалау
4) жолаушыларды бағдар бойынша жүрудің қиындықтары туралы, соның ішінде жолдағы климаттық және басқалай жағдайларды хабарлау;
5) жүргізушілерді бағдар бойынша жүрудің қиындықтары туралы, соның ішінде жолдағы климаттық және басқалай жағдайларды нұсқаулықтан өткізу;
6) бағдар бойынша жүрудің қиындықтары туралы, соның ішінде жолдағы климаттық және басқалай жағдайларға байланысты жылжу шектелген немесе рұқсат етілмеген жағдайда жолаушыларды жеткізу бойынша шараларды қолдану;
7) жолдама құжаттарын және диспетчерлік журналды жүргізу;
8) жүргізушілердің рейс алдында (ауысымалды) медициналық бақылаудан өткендігін және такси-автомобильдің техникалық бақылаудан өткендігіне қадағалау жүргізу;
9) такси жүргізушілерінің белгіленген еңбек және демалыс тәртіптерінің сақталуына қадағалау жүргізу.
8.8 Диспетчерлік қызметке, диспетчерлік қызмет жұмыскерлеріне қойылатын талаптар және такси-автомобилімен жолаушылар тасымалын диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру және іске асыру Б, В және Г қосымшаларында берілген.
8.9 Жолаушыларды таксимен тасымалдау үшін байланыс қызметін көрсеткен кезде диспетчерлік қызметтер, төмендегілерге міндетті:
1) рейс алдында (ауысымалды) медициналық бақылаудан өтпеген және такси-автомобилінің техникалық бақылаудан өтпесе жолға шығуына рұқсат бермеу керек;
2) такси жүргізушілерінің белгіленген еңбек және демалыс тәртіптерінің бұзылуына жол бермеу.
8.10 Таксиге отыру және одан шығу автокөлік құралы толық тағаннан кейін үске асуы керек. Жол жиегіне тоқтаған кезде, отыру және шығу оң жағынан іске асады.
8.11 Таксидің тасымалдауының құнын тарифке сәйкес таксометрдің көрсетуі бойынша жүрілген қашықтыққа немесе жүруді ұйымдастыру жөнінде ауызша келісім негізінде, жүретін жол аяқталғаннан кейін және жүкті түсіргеннен кейін тексеру кассалық апаратын қолдану арқылы жүргізіледі. Жүрілген жол аяқталғаннан кейін төленгені туралы түбіртек пен анықтаманы жолаушылардың талабы бойынша беріледі.
8.12 Такси беруге тапсырыстар қабылдау, ыңғайлы байланыс құралдарымен орталықтандырылған диспетчерлік қызмет арқылы тасымалдаушымен ұйымдастырылады.
Берілген таксидің құнын жолаушылар мен жүкті тасымалдауды ұйымдастыру бойынша белгіленген тарифіне сәйкес төленеді.
8.13 Таксиге тапсырыс берген жолаушыға жіберілетін автомобильдің нөмірі, тапсырыстың шамамен бағасын, тасымалдау тарифін және берілу уақытын хабарлайды.
8.14 Жедел тапсырыстар қабылданғаннан бастап белгіленген уақыт аралығының ағымында орындалуға жатады.
8.15 Алдын ала тапсырыс кезінде, жүргізуші таксидің берілуін, тапсырыста көрсетілген уақытта берілуін қамтамасыз етуі керек.
8.16 Такси-автомобильдің жүргізушісі, жолдама қағазында 5.4 сәйкес медициналық тексеруден өткендігі туралы және такси-автомобильдің техникалық күйі тексеруден өткендігі туралы белгі болған кезде ғана жұмысқа шығуына рұқсат етіледі.
8.17 Жолаушыларды такси-автомобильдерімен тасымалдау тапсырысы тұрған кезде және елді-мекенге қозғалыс кезінде тікелей жолаушылардан немесе келісім жасалынған такси диспетчерінен алынуы мүмкін.
8.18 Такси-автомобильдің жүргізушісі жүрер алдында қозғалу бағдарын жолаушымен растауы керек.
8.19 Жолаушыларды, жүкті және қолдық заттарды тасымалдау, такси-автомобиль ретінде қолданылатын, көлік құралын дайындаушымен белгіленген жүккөтерімділік және жолаушылар сыйымдылық нормаларынан аспауы керек.
8.20 Таксилер тиімді жұмыс істеу үшін және барлық жолаушы құрайтын пункттерде (аэропорт, вокзалдар, ірі сауда орындары және мәдени орындар және т.б.) сонымен қатар даңғылдарда, көшелерде, кварталдарда, кішкене көшелерде облыстардың (республикалық маңыздағы қалалар, астана) жергілікті атқарушы органдары автомобиль көлігі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес таксилер тұрағын ұйымдастыруды және жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Облыстардың (республикалық маңыздағы қалалар, астана) жергілікті атқарушы органдары, такси тұрақтарын ұйымдастыру және жабдықтау бойынша жоспар мен сұлбаны жол қозғалысының қауіпсіздігі саласында уәкілетті органмен келіседі.
8.21 Такси тұрақтары, басқа автомобиль тұрақтарынан жол белгінің арнайы шектеуші сызықтарымен бөлінуі керек немесе қоршаулармен және "Т" ("Такси") танымдылық белгісі бар көгілдір түсті көрсеткішпен белгіленуі керек және Жол полиция органдарымен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдармен белгіленген шашкалы белдемшелі бейнемен белгіленуі керек.
8.22 Такси тұрақтар қараңғы кезде жарықтандырылған болуы керек.
8.23 Бөгде автомобильдердің тұрақтарға тұруына рұқсат етілмейді.
8.24 Таксиден жолаушылардың отыруы және түсуі, жол жүру ережелерімен автомобильдердің аялдауы рұқсат етілген жол желілерінің телімінде арнайы жабдықталған тұрақтарда жүргізіледі.
8.25 Таксилердің жабдықталған тұрақтарында жолаушылар кезек арқылы отырады. Кезектен тыс отыруға мүгедектер, зейнеткерлер, аяғы ауыр әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар құқығына ие.
8.26 Таксиге отыру және одан түсу автокөлік құралы толық тоқтағаннан кейін жүргізіледі. Жол бөлігінде тоқтаған кезде отыру немесе түсу оң жағынан іске асуы керек.
8.27 Жолаушы келісімді бұзбай арасында таксиді тастаған кезінде, жүргізуші жолаушыны күткен барлық кезеңге ақшалай кепілдік беруін талап етеді.
Егер жолаушы айтылған уақытта қайта келмесе, онда тасымалдау келісімі тоқтады деп есептелінеді
8.28 Таксидің жүк бөлігінде, жалпы салмағы автомобильдің техникалық құжатында көрсетілген салмақтан артық емес жүкті тасымалдауға рұқсат етіледі және жүк салғыштың қақпағы жабық болуы керек.
8.29 Жүкті тиеу және түсіру такси жүргізушісімен іске асады.
8.30 Такси салонында, есігінен сыятын, таксиді және оның жабдығын былғамайтын және бүлдірмейтін, жүргізушінің автомобильді басқаруына кедергі болмайтын және артқы көрініс айнасын жаппайтын кез келген затты алып жүруіне болады.
Иісі жаман және қауіпті заттарды (тез тұтанатын, жарылатын, улы, тотығатын және т.б.), қаптамасыз және қынсыз суық және атылатын қаруларды, көлік құралын немесе жолаушылар киімін былғайтын заттарды алып жүруге рұқсат етілмейді.
8.31 Таксилерде кішкене жануарлар мен құстарды, түбі жабық себеттерде, торларда және дорбаларда тасымалдауға рұқсат етіледі.
Таксиде кішкене жануарлар мен құстарды жүргізуші мен басқа жолаушылар келіскен жағдайда қана рұқсат етіледі.
8.32 Жолаушының таксиге отырар кезінде, жүргізуші жүгін салуға, ал түсер кезінде такси-автомобильден жүгін шығарып беруге көмектесуі керек.
8.33 Қозғалысты бастардан бұрын такси-автомобилінің жүргізушісі, жүксалғыштың және көлік құралының есіктерінің жабылуын қадағалауы керек.
8.34 Жолаушының талабы бойынша жолаушының жол жүруі аяқталғанда ақы төленгені туралы түбіртек немесе анықтама беріледі.
8.35 Такси-автомобилімен жолаушыларды тасымалдау кезінде, осы стандарттың 10 бөлімінің талаптарына сәйкес тасымалдау қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.
8.36 Такси-автомобилінің еңбегінің және демалысының ұйымдастырылуы [2]талаптарына сай болуы керек.
8.37 Жолаушыларды тасымалдау кезінде, жолдама қағаз Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласында құзыретті органмен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен белгіленген тәртіпте толтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |