Изображение государственного Герба Республики Казахстан


А.1 – Такси-автомобильдің сыртқы безендірілуі



жүктеу 0,99 Mb.
бет3/3
Дата30.12.2019
өлшемі0,99 Mb.
#25453
1   2   3
А.1 Такси-автомобильдің сыртқы безендірілуі



А.2 қосымшасы – Танымдылық шамына жүргізілетін такси-автомобилдің айрықша белгісі



100 кем емес


А.2 суреті Есікке салынатын такси-автомобилдің айрықша белгісі



290 130
235 40


300 70
А.4 суреті – Такси-автомобильдің танымдылық шамы
Б қосымшасы

(міндетті)

Диспетчерлік қызметке қойылатын талаптар
Б.1 Диспетчерлік қызмет көрсету мыналармен қамтамасыз етуі керек:

– қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қажетті жабдықтар мен байланыс құралдары бар бөлме;

– байланыс саласында (еркін қолдану үшін рұқсат етілген, диапазоннан тыс радиосәулелі техникалық құралдарды және радиожиілікті спектрді қолданған жағдайда) қызмет көрсетуге берілген арнайы рұқсаттар (лицензия);

– тапсырыс қабылдайтын және такси-автомобилінің жүргізушілерін ұсынатын персонал.

Б.2 Диспетчерлік қызмет такси-автомобильдерімен диспетчерлік басқаруды ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындауы керек.

Б.3 Диспетчерлік қызмет жолаушыларды тасымалдау үшін тапсырыстарды қабылдауға және таратуға арналған телефон нөмірлерін қолдануға электробайланыс операторымен келісім жасауы керек.

Б.4 Диспетчерлік қызмет жұмысқа қажетті ақпараттарды алуға және беруге қажетті такси-автомобиль жүргізушілерімен тұрақты байланысты қамтамасыз етуі керек.

Б.5 Диспетчерлік қызмет тәулік сағаты бойынша жолға қызмет көрсету үшін қабылданған такси автомобильдердің нақты болуын қадағалауды қамтамасыз етуге керек.

Б.6 Диспетчерлік қызмет такси-автомобильдермен жолаушыларды тасымалдауға алынған және орындалған тапсырыстар туралы ақпаратты 6 ай ағымында сақтау және есеп жүргізуі керек (тапсырыстарды қабылдау уақыты мен күні, такси-автомобильдерді беру орны мен уақыты, такси-автомобильдерді беру уақыты).

Б.7 Диспетчерлік қызметте ескертулер мен ұсыныстарға арналған кітабы болуы керек.



В қосымшасы

(міндетті)
Диспетчерлік мамандарына қойылатын талаптар
В.1. Тапсырыстарды қабылдауды және оларды такси-автомобильдерінің жүргізушісіне беруді жүргізетін персонал (ары қарай диспетчер) жоғарғы немесе арнайы орта білімге ие болуы керек.

В.2. Такси-автомобильдерін диспетчерлік басқаруды ұйымдастыруға жауапты тұлға болып жетекші немесе онымен тағайындалған диспетчерлік қызмет жұмыскері болуы мүмкін.

В.3. Такси-автомобильдерін диспетчерлік басқаруды ұйымдастыратын тұлға, жоғарғы немесе арнайы орта білімді болуы керек;

Г қосымшасы

(Міндетті)
Такси-автомобильдерімен жолаушыларды тасымалдауды диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру мен іске асыруға қойылатын талаптар
Г.1 Такси-автомобильдеріне диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру және іске асыру, шаруашылық субъектісінің мемлекеттік тіркеуі туралы куәлік көшірмесі бар, диспетчерлік қызмет пен автомобильдік тасымалдаушының арасында жасалған келісім негізінде орындалады.

Г.2 Автомобильдік тасымалдаушы, келісім жасасқан диспетчерлік қызмет операторына мынадай құжаттарды ұсыну керек:

– жүргізушілер тізімі;

– тіркеу нөмірлері көрсетілген такси-автомобильдерінің тізімі;

– такси-автомобильдерінің жолға шығу графигі;

– көлік құралының тіркелгендігі туралы куәліктің көшірмесі (техникалық құжаттардың).

Такси диспетчері, әрбір автомобильге төмендегідей ақпараттары бар жеке карталар ашуы керек:

– жүргізушінің (фамилиясы, аты, әкесінің аты);

– такси-автомобильдерінің мәліметтері (автомобиль маркасы, тіркеу белгісі, шанақ тұрпаты).

Г.3 Такси диспетчері жүргізушінің медициналық зерттеуден өткендігі туралы автомобильдік тасымалдаушыдан ақпараты бар жолға такси-автомобильдердің жүргізушілерге тапсырыс беруі керек, ал такси-автомобильдің жолға шығар алдында медициналық қадағалаудан өткені, ал такси-автомобиль техникалық күйін тексеруден өткендігі туралы анықтама беруі керек.

Г.4 Такси-автомобилінің жүргізушісі такси диспетчеріне мынадай ақпараттарды беруі керек:

– жолда жұмыстың басталу уақыты;

– жолда жұмыстың аяқталу уақыты;

– жолда такси-автомобилінің орналасқан жері;

– жолда жұмысты жалғастыруға мүмкіндік бермейтін, орын алған техникалық ақаулар және басқа да жағдайлар.

Г.5 Такси-автомобильдердің қозғалысын басқару үшін, такси диспетчері:

– елді мекеннің планы;

– әрбір қызмет көрсетілетін такси-автомобильдің орналасқан жері туарлы ақпарат.

Г.6 Такси-автомобильдерінің орналасқан жерлерін қадағалау, әр жолаушыларды жеткізгеннен кейін жүргізушілерден алынады.

Г.7 Ақпарат алғаннан кейін такси диспетчері, такси-автомобиль жүргізушілерін немесе автомобиль тасымалдаушыларын тұрақты қатынаста жұмыс істейтін жолаушылар көлігі жұмысының нашарлауы туралы, жол қозғалысының жағдай туралы, ауа райы туралы хабарлауы керек.

Г.8 Такси диспетчері тапсырысты алғаннан кейін, жолаушыға келетін уақыты жайлы, такси-автомобилінің маркасы және тіркеу белгісі туралы ақпарат береді.

Г.9 Жолда бос такси-автомобильдері болмаған жағдайда, жолаушыға сұралған уақытта көліктің болмайтынын айтуы керек және берілетін басқа көліктің қай уақытта болатынын хабарлауы керек.

Г.10 Такси диспетчері, алынған тапсырысты 5 мин аспайтын уақыттың ішінде такси-автомобиль жүргізушісіне беруі керек.

Г.11 Такси-автомобилінің жүргізушісі, аталған жерге белгіленген уақытта келіп, жолаушымен келісілген уақыттан бастап 10 мин. күтуі керек.

Күту мерзімі аяқталғаннан кейін такси-автомобилінің жүргізушісі, жолаушының аталған жерге белгіленген уақытта келмегені туралы такси диспетчеріне хабарлауы керек.

Г.12 Барлық қызмет көрсететін автомобильдермен орындалған тапсырыстардың саны туралы, такси диспетчерімен, диспетчерлік қызмет операторына беріліп отыруы керек.

Г.13 Такси-автомобилінің жүргізушісімен жіберілген қателіктер туарлы такси диспетчеріне ақпарат түскен жағдайда, такси диспетчері жүргізушіге тиісті шараларды қолдану үшін автомобильдік тасымалдаушыға хабарлауы керек.

Д қосымшасы

(ақпараттық)
Жоғалған және табылған заттар анықталған жағдайда

жолаушылар әрекетінің тәртібі
Д.1 Жоғалған заттарды көлік құралының ішінен тауып алған тұлға, ол туралы жүргізушіге хабарлауы керек.

Д.2 Жоғалған заттар туралы хабар алған жолаушы, аталған заттарда жолаушылардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін заттардың жоқтығына тексереді.

Д.3 Тексеру барысы, жолаушылардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін заттар жоқ екендігін көрсетсе, жалпы пішімдегі актіні жасайды, ол жерде табылған заттың сыртқы келбеті жайлы толықтай және табылу жайы жайлы толықтай баяндайды. Актінің көшірмесі жоғалған затты тапқан жолаушыға беріледі.

Д.4 Көлік құралының ішінде жоғалған және табылған заттарды, актпен бірге қолхат арқылы диспетчерлік қызмет операторына сақтауға береді.

Д.5 Шекті сақтау мерзімінде табылған және жоғалған қайта талап етілмеген заттар, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте іске асыруға жатады [2].

Д.6 Табылған заттарды қайтаруды талап еткен тұлға, жазбаша түрде дәл айрықша белгілерін көрсетіп жазып дәлелдеуі керек.



Е қосымшасы

(міндетті)
Жолаушылардың шағымын және актіні рәсімдеу тәртібі
Е.1 Жолаушыларды мен жүкті тасымалдау кезінде тасымалдаушылардың, жүкшілердің және жүк артушылардың және жолаушылардың жауапкершілігі туындау үшін негіз болып табылатын жағдайлар коммерциялық актілермен және жалпы пішімдегі актілермен куәландырылады.

Е.2 Коммерциялық акт төмендегідей жағдайлар анықталған кезде жасалынады:

а) жүк квитанциясында көрсетілген мәліметтерге жүктің атауы және орындардың саны сәйкес келмесе;

б) жүктің бүлінуі (бұзылуы);

в) жүк түбіртегінде көрсетілген жүктің болмауы;

г) талап етілмеген жүктің анықталуы.

Е.3 Коммерциялық акт, актіні рәсімдеуге жататын жағдайлар анықталған күні тасымалдаушымен жасалынады. Егер коммерциялық актіні көрсетілген мерзімді жасау мүмкін болмаса, келесі тәуліктің ішінде жасалынуы керек.

Е.4 Коммерциялық акт екі данада жасалынады және қатесіз және қандайда бір түзетулерсіз толтырылады.

Е.5 Коммерциялық акт мынадай ақпараттардан тұруы керек:

а) жүк күйінің және техникалық жағдайдың баяны, оның сақталмағандығы анықталған кезде;

б) жүк дұрыс тиелгені, орналастырылғандығы және бекітілгендігі туралы мәліметтер;

в) тиеуге, орналастыруға немесе бекітуге қойылатын талаптардың бұзылуының баяны.

Е.6 Коммерциялық актіге тасымалдаушы қол қояды, сонымен қатар жолаушы, егер ол жүкті тексеруге қатысқан болса. Жолаушының талабы бойынша тасымалдаушы коммерциялық актіні 3 күн ішінде беруге міндетті. Тасымалдаушының коммерциялық актіні жасаудан бас тартқан кезінде немесе белгіленген талаптарды бұзып коммерциялық актіні рәсімдеген кезінде, жолаушылар тасымалдаушыға осындай бұзулар туралы жазбаша пішімдегі арыз береді. Тасымалдаушы жолаушының арызына 3 күн ішінде негізделген жауап беруі керек. Арыздың негізділігі расталған жағдайда, коммерциялық актіні жасауға кеткен уақытта жүкті сақтауға ақы алмайды.

Е.7 Басқалай жағдайлар анықталған кезде, жалпы формадағы актілер күшіндегі нормалық құқықтық актілермен рәсімделеді.

Е.8 Жолаушыларды және жүкті тасымалдауға арналған көлік құралын ұсынумен немесе жолаушылар мен жүкті тасымалдаумен байланысты пайда болған наразылықтар, сол жердегі тасымалдаушы мен жүк артушылармен ұсынылады.

Е.9 Наразылықты ұсынуға арыз берушінің құқығын растайтын мынадай құжаттар беріледі, немесе белгіленген тәртіпте расталған оның көшірмесі:

а) коммерциялық акт – тасымалдауға қабылданған жүктің бұзылуы, жетіспеуі немесе бүлінуі жағдайында;

б) жалпы пішімдегі акт – жүк артушылардың бастамасы бойынша тапсырысымен жолаушылар мен жүкті тасымалдау тоқтаған кезде немесе жүкті жеткізу уақыты шыққан кезде;

в) билет – халықаралық тасымалдаушы, жолаушылар мен жүкті тұрақты тасымалдауды орындайтын көлік құралының жіберілуі ұсталған кезде немесе келуі кешіккен кезде;

г) жолаушылар мен жүкті тасымалдау үшін көлік құралын ұсынуға тапсырыс-наряд немесе жүк арту келісімі.


Библиография

[1] ҚР СТ 1.9-2007 Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі халықаралық, өңірлік және ұлттық нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі..

[2] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүкті тасымалдау қағидасының".

[3] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы 1650-III "Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін,

[4] Қазақстан Республикасының Көлік қауіпсіздігі концепциясы, 2012 ж.

[5] Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі 446 Заңы Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы



[6] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 «Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы.





ӘОЖ 656.131.2.072.6(083.74)(476) МСЖ 03.220.20 ЭҚТӨЖ 49.32.11




Түйінді сөздер: автомобильмен тасымалдаушы, такси-автомобиль, қызмет, жолаушы, тасымал, диспетчер, диспетчерлік қызмет операторы, ақпараттық жазу.







1) [1] сәйкес қолданылады.


жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау