Қызметтері Internet-тегі жұмыс істеу нормалары



жүктеу 45,65 Kb.
Дата05.03.2018
өлшемі45,65 Kb.
#11468
түріПрограмма

  • 1. World Wide Web негізгі түсініктері
  • 2.Броузерлердің атқаратын негізгі
  • қызметтері
  • 3. Internet-тегі жұмыс істеу нормалары
  • 4. Internet Explorer программасымен жұмыс
  • істеу
  • 5. World Wide Web ішінен мәлімет іздеу
  • 6. Хабарларды жөнелту және қабылдау
  • Сұрақтар:

1. World Wide Web негізгі түсініктері

  • Интернет жүйесі арқылы құжаттарды гипер-мәтіндік форматта тасымалдауды басқара-тын қызмет түрін World Wide Web (Web, WWW)дүниежүзілік кеңейтілген өрмек деп атайды.
  • Араларына гипермәтіндік байланыс орнатылған Web-құжаттар жиынын да Web немесе WWW ортасы деп атау қалыптасқан.
  • WWW ортасы бір ортадан басқарылмай, ол Интернетке енгізілген жаңа материалдармен тұрақты түрде толықтырылып біртұтас информациялық кеңістік құрайды.
  • WWW құжаттары Интернетке тұрақты қосылып ешқашанда өшірілмей жұмыс істеп тұратын қуатты Web-серверлерде сақталады.
  • Web-торапта материалдардың жинақталып орналасуын Web-басылым (издание) немесе Web-жарияланым (публикация) деп атайды.

Web-арналар (каналдар)

  • Web-торап тек тұтынушының сұранысы бойынша информация береді (сұратылған құжат). Өзіне керекті мәліметті тұрақты қарап отыру үшін тұтынушы бір не бірнеше торапты бақылап отырады. Қазіргі кезде Web-торап тіркелген тұтынушыға автоматты түрде жаңартылған құжат нұсқасын көсетілген уақыт мөлшерінде беріп отыра алады. Осылай информацияны дер кезінде өздері беріп отыратын Web-тораптарды Web-арналар немесе Web -каналдар деп атайды.

Web-парақ

  • WWW құжаттарының бір ғана экрандық беті Web-парақ деп аталады. Онда мәтін, графика, мультимедиалық объектер сақталып тұрады.
  • Ал бір тақырыпқа арналған Web-парақтар жиыны Web-сайт деп аталады.
  • Сонымен, Web-серверде бір тақырыпқа арналып, топтастырылып сақталатын бір-бірімен өзара байланысқан құжаттар жиынын Web-торап (Web-узел) немесе Web-сайт деп атайды.
  • Интерактивті Web-тораптар тұтынушыдан сұраныс алған соң, Web-парақты соны сұраған компьютерге бірден жөнелтеді.

Гиперсілтемелер

  • World Wide Web ортасының ерекшелігі – оның бір құжаттан сонымен тақырыбы байланысты екінші құжатқа адресін көрсетпей-ақ көшу мүмкіндігінің болуы.
  • Құжаттар байланысы гипермәтіндік сілтемелер (немесе гиперсілтемелер) бойынша жүзеге асырылады. Гиперсілтеме — басқа файлдың адресімен байланысқан осы құжаттың белгіленген фрагменті (мәтін немесе иллюстрация).
  • Гиперсілтемелер құрылымы WWW ішіндегі бір тақырыпқа байланысты парақтарды ешбір адрес-ті пайдаланбай-ақ, аралауға мүмкіндік береді.

Құжаттарды адрестеу

  • Интернеттегі құжаттар (Web-парақтар) адресін қадағалап отыру үшін URL адрестері қолданылады. Керекті параққа көшу гиперсілтемеде көрінбей жазылып тұрған компьютер аты, оның IP-адресі арқылы орындалады.
  • URL адресті цифрлық формадағы IP-адреске түрлендіруді домен аттары қызметі (Domain Name Service, DNS) атқарады.

Web-парақтарды көру құралдары

  • Құжаттарды нақты бір компью-терде оқып көру (оны форматтап бейнелеу) броузер (ағылшынша browser) деп аталатын арнайы программа көмегімен атқарылады.

2. Броузерлердің негізгі функциялары:

  • керекті құжат орналасқан Web-сервермен байланыс орнатып, оның барлық сұратылған компоненттерін компьютерге жүктеу;
  • HTML тілінің тәгтерін (командаларын) орындап, тұтынушы компьютерінің мүмкіндіктеріне сәйкес Web-парақтарды дұрыс форматтап экранда бейнелеу;
  • Web-парақ құрамындағы мультимедиалық және де басқа объектілерді бейнелеу мүмкіндігін беріп, программаны жаңа объектілермен жұмыс істеуге дайындау;
  • Web-парақтарды іздеп табу істерін автоматтандырып, бұрын оқылған парақтарды қайта көру ісін жылдамдату;
  • Интернет жүйесінің басқа да қызмет түрлерінің ішкі құралдарын пайдалануды жүзеге асыру.
  • жиі және ұзақ уақыт ойнамау;
  • басқа тұтынушыларға қисық немесе қыңыр мінез көрсетпеу;
  • басқалардың әрекетіне араласпау, олардың жұмысына зиян тигізбеу;
  • web-құжаттар ішіне мазмұны мәдениетті-лікке нұқсан келтіретін файлдар жазбау.
  • Сіздің әрекеттеріңіз арқылы компьютеріңіздің адресін біліп алу қиын емес екені есіңізде болсын.
  • 3. Интернетте жұмыс істеу нормалары
  • Бүкіләлемдік өрмекте жұмыс істегенде мынадай ережелерді мұқият орындау керек:
  • Internet Explorer 5.0 программасы Web-парақтарды аралап көру үшін керек. Ол Web-парақтар ішіндегі дыбысты тыңдап, қозғалыстарды, суреттерді, мәтін-дерді көрсетудің барлық мүмкіндіктерін орындай алады.
  • Internet Explorer-мен жұмыс істеу үшін оны ком-пакт-дискіден жазып алып, Интернетпен байланыс орнатылуы керек. Internet Explorer 5.0 құрамына бұл программадан бөлек басқа да программалар кіреді, мысалы, электрондық поштамен жұмыс істеуді жүзеге асыратын Outlook Express програм-масы.
  • 4. Internet Explorer 5.0 программасы
  • Internet Explorer 5.0 программасын іске қосу үшін:
  • Тапсырмалар тақтасындағы (Панель задач) Іске қосу (Пуск) батырмасын шертіп, Программалар Internet Explorer жолдарын таңдап алса болғаны немесе жұмыс үстелінде осы программаның жарлығы орналасса, соны шерту керек.
  • Программа іске қосылған соң, Internet Explorer стандартты терезесі экранға шығады.
  • Терезе тақырыбы Windows жүйесінің стандартты тақырып жолы, онда ашылған Web-парақ аты да жазылып тұрады.
  • Одан кейінгі меню жолы. Ол арқылы Internet Explorer программасының кез келген командасын орындай аламыз.
  • Келесі аспаптар тақтасы (панель инструментов). Мұнда жылдам орындауға болатын әрекеттерге сәйкес белгішелер орналасқан.
  • Аспаптар тақтасынан орындауға болатын командалар тізімі келесі кестеде көрсетілген:
  • Таблица 1.1. Описание команд
  • Батырма
  • Атқаратын қызметі
  • Артқа (Назад) және Алға (Вперед) – бұрын көрілген құжаттар ішінде ауысу ісін атқарады.
  • Тоқтату (Остановить) – құжаттың жүктелуін тоқтата-ды. Бұл әрекет ESC пернесін басу жолымен де орындалады.
  • Жаңарту (Обновить) – тұтынушыға ашық тұрған құжатты қайталап оқу мүмкіндігін береді.
  • Үйге (Домой) – тұтынушыны программа іске қосылған сәтте алғашқы бет болып саналатын Web-параққа ауыстырады.
  • Іздеу (Поиск-Search) –Интернеттегі керекті құжатты іздеу тақтасын ашады.
  • Таңдамалы (Избранное - Favorites) – тұтынушы құрастырған адрестер тізімін ашады.
  • Журнал (History) – бұрын ашылған беттер сілтемелерінің тізімін көрсетеді де, солардың біріне жылдам көшу ісін орындай алады.
  • Аспаптар тақтасынан төмен жаңадан адрес енгізу өрісі орналасқан. Бұл өріске бірнеше Web-парақтар адрестері көрсетілген тізімді шығаруға болады.
  • Сілтеме – Интернет желісіндегі белгілі бір Web-парақтың адресі сәйкес келетін белгіше. Сілтемелер тақтасын көрсету үшін тышқанмен Сілтемелер (ссылки-Links) өрісін шерту керек.
  • Адрес енгізу өрісін қайта шығару үшін тышқанмен Адрес (Address) өрісін шертсе болғаны.
  • Қалып-күй қатары (Строка состояния) осы сәттегі Internet Explorer программасы орындап жатқан әрекеттерді көрсетіп тұрады.
  • Internet Explorer программасымен жұмыс істеуді меңгеру осы қатардағы көрініп тұрған мәліметтерді түсінуден басталады. Интернетпен жұмыс істеу барысында қалып-күй қатарына сұратылған мәліметтер адресі, күту режимі, құжаттың дайын болуы және т.б. Хабарламалар шығып отырады.

Internet Explorer-мен жұмыс істеу:

  • Интернет желісін аралау Internet Explorer іске қосы-лған соң шығатын алғашқы бетті – домашняя стра-ница - homepage көруден басталады.
  • Басқа бетке ауысу үшін осы парақтағы кез келген сілтемені шерту керек. Беттегі мәтіннің немесе суреттің сілтеме екенін білу үшін оған тышқан курсорын алып бару керек.
  • Курсор сілтемені көрсеткенде, ол қол белгісіне ай-налып кетеді де, қалып қатарында сол парақтың адресі көрінеді.
  • Броузер экранында осы сәтте көрініп тұрған Web-парақ екпінді (активная) парақ деп аталады.
  • Интернет ресурстарын қарап шығу
  • Интернет желісіндегі бір мәліметті көру үшін оның URL-адресін енгізу керек, мысалы, http://www.kbtu.edu.kz немесе ftp://ftp.ifmo.ru соңынан Көшу (Переход - Go) батырмасын немесе Enter пернесін басу керек.
  • Адрес терілетін жол
  • Керекті адрестер анықтамалықтардан алынады немесе мекеменің атын, тұрған аймағын білсеңіз, өзіңіз құрастырып көруіңізге болады. Көбінесе құжаттар адресі Интернеттің іздеу құралдарының көмегімен анықталады.
  • Тұтынушы URL-адресті енгізе бастағанда, соған ұқсас адрестер тізімі шығады, солардың ішінен керегін таңдап алса болады. Егер адрес дұрыс болмаса да, Internet Explorer ұқсас адрестер ішінен біреуін іздеп табуға тырысады.
  • Табылған web-параққа ауысқан соң, соның ішінен керекті сөз тіркесін табу үшін Правка - Найти на этой странице (Find (on this page)) меню командасын пайдаланған жөн.
  • Соңғы көрілген Web-парақтарды ашу. Алдыңғы параққа ауысу үшін Артқа (Назад - Back) батырмасын шерту керек, қайтадан ал-дыңғы парақтарға жылжу үшін Алға (Вперед - Forward) батырмасын басса болады.
  • Оған қоса алдыңғы парақтардың бірнешеуінің адрестер тізімін бірден көріп, ішінен біреуін таңдаса да болады, ол үшін - Назад (Back) немесе Вперед (Forward) батырмалары маңындағы төмен бағытталған тілсызықты (стрелка) шерту керек.
  • Алғашқы параққа (homepage) көшу үшін Домой (Home) батырмасын шертсе болғаны.
  • Таңдамалылар тізіміндегі Web-парақтың біріне көшу үшін Избранное (Favorites) батырмасын шертіп, ішінен керегін таңдап алу қажет.
  • Бұрын қаралған Web-парақтар тізімін шығару. Бұрын қаралған Web-парақтар тізімі журналда сақталып тұрады, оларды шығарып көру үшін Журнал (History) батыр-масын шертіңіз. Журналда осы компьютерде бұрынырақ ашылған парақтар тізімі де жазылып тұрады, керегін курсормен белгілеп алып тышқанды шерту керек.
  • Егер Web-парақ ашылмаса не істейміз?
  • Мысалы, парақтың ашылуы көп уақытқа созылып кетсе, одан бас тарту Остановить (Stop) батырма-сын шерту арқылы тоқтатылады. Егер бір парақ ашылмай қалса немесе мәліметтің соңғы нұсқасы екенін тексеру қажет болса, Обновить (Refresh) батырмасын шертіңіз.

Жиі қарайтын парақтарды көруді оңайлату

  • Керекті web-парақтарды көріп болған соң, олардың сілтемелерін жазып алсақ, келесі жолы оларды оңай табамыз. Бұрын бір көріп кеткен мәліметтеріңізді қайталап көрудің бірнеше жолдары бар.
  • Web-парақтың сілтемелер тақтасы-на жаңа сілтемелер қосу.
  • Сілтемелер (Ссылки - Links) тақтасы адрестік жол маңына орналасқандық-тан, онда жиі қолданылатын web-парақтар адресіне сілтеме жасап орналастыру ыңғайлы. Керекті парақты көру үшін соған сәйкес сілтемені шертсе болғаны. Сілтеме тақтасына жаңа тізім қосу бірнеше тәсілмен орындалады:
  • таңдалып алынған парақтың белгішесін адрестік жолдан сілтемелер тақтасына тасымалдау;
  • web-парақтың сілтемесін сілтемелер тақтасына тасымалдау;
  • web-парақтың сілтемесін Таңдамалы (Изб-ранное - Favorites) тізімдерінен Сілтемелер (Ссылки - Links) бумасына тасымалдау;
  • Егер сілтемелер тақтасы жоқ болса, Вид - Панели инструментов - Ссылки командасын орындау керек.
  • Алғашқы парақты (homepage) ауыстыру Алғашқы парақ – Internet Explorer іске қосылған сайын бірден шығатын парақ. Бұл парақтың тұтынушыға жиі қажет болатын мәлімет парағы болғаны дұрыс. Алғашқы парақ ретінде кез келген информацияны жылдам іздеп табуға арналған парақ болғаны да жақсы, мысалы, www.rambler.ru.
  • Алғашқы парақты алмастыру үшін:
  •   Internet Explorer-ді іске қосқанда шығуға тиіс параққа көшіңіз ;
  •  Сервис - Свойства обозревателя командасын орындаңыз;
  •   Общие ішкі бетін таңдап алыңыз;
  • Алғашқы бет ( Домашняя страница -Home Page) тобындағы С текущей батырмасын шертіңіз.
  • Стандартты алғашқы бетті қайта қалпына келтіру үшін С исходной батырмасын шертіңіз.
  • Интернеттегі іздеу жүйелері
  • Іздеу жүйелері - Интернет рес-урстары туралы информация жинақтап, оларды бір тәртіпке келтіріп, тұтынушылардың мә-лімет іздеуін жеңілдетуге арнал-ған арнайы жүйе.
  • 5. WWW ішінде информация іздеу
  • Alta Vista (http://www.altavista.com/) мәліметтер базасының көлемі мен іздеу жылдамдығы жағынан ең қуатты жүйе болып саналады. Оның алғашқы Web-парағы мына суреттегідей болып бейнеленеді.
  • Alta Vista іздеу жүйесінің алғашқы Web-парағының көрінісі
  • Ең танымал Alta Vista іздеу жүйесін пайдаланудың қарапайым тәсілдерімен танысайық
  • Alta Vista ортасында мәлімет іздеуді Web-парақтарда, жаңалық топтарын-да (News) және телеконференцияларда (Discussion Groups) жүргізуге бола-ды – іздеу ісі Find Results on: меню пунктінің оң жағындағы батырманы шертуден басталады. Alta Vista іздеу машинасын іске қосар алдында керек-ті тілді Language тізімдері ішінен таңдап алу қажет.
  •   босорындармен бөлінген сөз тіркестерін беру – мұнда сөз тіркесі емес, әрбір сөз жеке ізделіп табылады да, табылған мәлімет өте көлемді болып кетіп жатады;
  •    қостырнақшаға алынған сөз тізбегін беру – мұнда беріл-ген сөз тізбегінің толық түрі ізделеді (мысалы, "перестраи-ваемые электронные фильтры");
  •    * символымен аяқталатын сөз үлгісін (шаблонын) беру – мұнда осы сөздерден басталатын барлық сөз тізбектері ізделеді, мысалы, теле* үлгісі бойынша телефон, телеви-зор, телескоп, телеграф сөздері бар құжаттар табылады;
  •   сөз алдына минус таңбасын қою – "бұдан өзге" деген ұғымды білдіреді, мысалы, "filter" –tunable.
  • Alta Vista ортасындағы іздеуге сұраныс қарапайым немесе күрделі түрде құрылады. Қарапайым сұраныс құру кезінде келесі ережелердің бірін орындау қажет:
  • Alta Vista ортасында табылған құжатты автоматты түрде ағылшын тілінен басқа кейбір европалық тілдерге аудару қарастырылған. Help менюі арқылы ол туралы толық мағлұмат алуға болады.
  • Күрделі сұраныс жай жақшаға алынған бірнеше іздеу элементінен тұрады, олар
  • OR (НЕМЕСЕ), AND (ЖӘНЕ), NOT (ЖОҚ), NEAR (ЖАҚЫН) тәрізді логикалық операциялар арқылы біріктірілуі тиіс.
  • Егер табылған құжатта іздеу элементтерінің кез келгенінің бірі кездесуі керек болса, онда OR логикалық операциясын қоямыз.
  • Егерде іздеу элементтерінің екеуі де қатар тұруы қажет болса, онда AND операциясын пайдаланамыз.
  • Құжатта бір сөз болмауы керек болса, оның алдына NOT операциясын қою керек.
  • Сөз тіркестері жай жақшаға алынып жазылуы тиіс.
  • NEAR операциясы ізделетін сөздер арасында 10 сөзден артық болмауы керек екенін көрсетеді.
  • Егер ізделінетін сөздер кіші әріппен терілсе, онда құжаттардан бас әріппен де, кіші әріппен де терілген сөздер ізделеді.
  • Бас әріппен көрсетілген сөздер тек сондай әріппен терілген сөздерді ғана іздейді.
  • Мысалы, интернет сөзін іздегенде 31 құжат табылып, ал Интернет сөзі көрсетілгенде – тек 22 құжат табылған.
  • Табылған құжаттар саны мен олардың тізімі келесі суреттегідей болып көрсетіледі.
  • Alta Vista ортасында іздеп табылған құжаттар тізімінің көрінісі
  • Yahoo іздеу жүйесі (http://www.yahoo.com/)
  • АҚШ-тағы ең кең таралған жүйе болып саналады. Ол өте қарапайым жасалған, оны пайдалануды арнайы үйрену қажет емес.
  • Yahoo жүйесінде мәлімет іздеу Alta Vista жүйесіндегі сыяқты етіп жасалған. Егер көмек керек болса, Help элементін шерту керек.
  • Yahoo іздеу жүйесінің алғашқы бетінің көрінісі
  • Rambler (http://www.rambler.ru/) іздеу жүйесі 13000 сервердегі екі миллионнан асатын парақтар-ды қарап мәліметтер іздейді. Бұл жүйе де and, or, not логикалық операцияларын, ? (кез келген сим-вол) және * (кез келген сөз) метасимволдарын пайдаланып мәлімет іздейді.
  • Сұраныс бергенде бас әріп пен кіші әріп бірдей болып саналады, ол барлық кіші әріптерді бас әріпке айналдырып жібереді.
  • Alta Vista мен Yahoo жүйелеріне қарағанда Rambler жүйесінің ерекшелігі ретінде оның негізінен Internet ішінде орыс тіліндегі құжаттарды өңдейтінін айта кету керек.
  • Rambler іздеу жүйесінің алғашқы бетінің көрінісі
  • Яндекс іздеу жүйесі htpp://www.yandex.ru/ де өте ыңғайлы түрде жасалған, мұнда мәлімет іздейтін тақырыпты айқындайтын рубрика бар, іздеуді соның ішкі бөлімдері арқылы жүргізуге болады. Яндекстің тағы бір пайдалы жағы – оның отбасына арналған сайттар ішіндегі мәліметтерді арнаулы сұрыптау сүзгісі (фильтрі) бар, ол тым әуесқой жасөспірімдерді керексіз мәліметтерден сақтай алады.
  • Егер Яндекс және Rambler жүйелері орыс тілді тұтынушыларға арналса, Апорт жүйесі орыс тілімен қатар ағылшын тілін де түсіне береді, сондай-ақ сұраныс пен нәтижені орысшадан ағылшыншаға және керісінше де аудара алады. Бұл ағылшын тілін жетік білмегенмен, Интернеттен ағылшын тіліндегі мәліметтер іздегісі келетіндерге өте ыңғайлы.

6. Мәліметтерді жөнелту және қабылдау

  • Электрондық пошта мен телеконференцияларды пайдалану кезінде бір программаны қолдануға тырысады, өйткені бұл екеуінде де мәлімет қабылданады және жөнелтіледі. Сондықтан бұл екеуінде көбінесе бір программа қолданылады. Мысал ретінде Outlook Express программасын айтса болады, ол осы екеуінде де ұқсас жұмыстар атқарып, кеңінен қолданылып келеді.
  • Outlook Express программасын қолдану
  • Электрондық пошта мен телеконференция мәліметтері пошталық сервер және жаңалықтар серверінде жинақталып тұрады.
  • Microsoft Outlook Express (Пуск - Программы -Outlook Express) программасы осылармен жұмыс істеуге арналған. Бұл программа Internet Explorer-ден Сервис - Почта и новости командасы арқылы іске қосылады.
  • Мәліметтер сервер арқылы қабылданып, жөнелтілетін болғандықтан программада сервер жайлы ақпарат болуы тиіс. Осындай ақпарат есепке алу жазбасында (учетная запись) сақталады.
  • Outlook Express программасында есепке алу жазбасын Сервис- Учетные записи командасы арқылы жасайды. Учетные записи диалог терезесінде Добавить батырмасын шертіп, ашылған терезеде есепке алу жазбасы қандай қызмет үшін жасалғаны көрсетілуі тиіс. Келесі информацияны енгізу шебердің басқаруымен жүргізіліп, онда жөнелтушінің аты, электрондық пошта адресі, пайдаланылатын сервердің аты, қажет болғанда, тұтынушы аты-жөні мен паролі де енгізіледі.
  • Электрондық пошта хабарламасын дайындау. Электрондық поштаны пайдалану үшін хабарлама (хат) дайындау керек. Ол үшін аспаптар тақтасындағы Хабарлама жасау (Создать сообщение) батырмасын шерту керек. Сонан кейін Хабарлама жасау (Создать сообщение) терезесі ашылады, оның терезесі екі бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлікте қызметтік мәлімет жазылады да, төменгіде – хат мәтіні жазылады. Тақырып (Тема) өрісіне хат мазмұнының қысқаша сипаты (не туралы) жазылады. Кімге (Кому) өрісіне негізгі хат алушының адресі көрсетіледі де, Көшірме (Копия) өрісіне — оның көшірмесін алатындардың адрестері жазылады. Егер көшірме туралы басқалар білмеуі тиіс болса, Жасырын (Скрытая) өрісіне де адрес жазылады (егер ондай өріс жоқ болса, Вид - Все заголовки командасын беру керек).
  • Мәлімет даярлау және түзету кезінде пошталық сервермен байланыс қажет емес, Байланыс тек хат жөнелту (алу) кездерінде ғана керек. Outlook Express программасы арқылы мәлімет алу мен оны жөнелту бір сәтте жүргізіле береді. Мәлімет алу/жөнелту әрекеттері хабарлама даярлау терезесіндегі Жөнелту (Отправить) батырмасын шерткенде немесе Outlook Express программасының негізгі терезесіндегі Жеткізу (Доставить) батырмасын шерткенде орындалады.
  • Электрондық пошта мәліметтері Outlook Express программасының ішкі бумаларында орналасады. Келіп түскен мәліметтер Входящие бумасында сақталады, осы буманы Папки тақтасындағы оның белгі-шесін шерту арқылы ашқанда, оң жақ шетте келіп түскен хабарламалардың тізімін көруге болады. Егер кез келген ха-барламаны шертсек, оның мәтіні тізімнің төменгі жағындағы аймақта көрініп тұрады. Хабарламаны екі шерту келген мәліметті терезені толық алып тұратындай етіп көрсетеді.
  • Outlook Express программасының терезесі
  • Келген хатқа жауап дайындау. Желі мәліметтерінің көбісі диалог режимінде жұмыс істеуге бағыттал-ған. Электрондық пошта қызметі де хатқа жауап беруді керек етеді. Outlook Express программасында жауап жазуды жеңілдету мүмкіндік-тері бар. Ол үшін келіп түскен мәліметті жеке терезеде ашып, аспаптар тақтасындағы батырмалар-ды пайдалануға болады.
  • Жауап беру (Ответить) батырмасы хатқа жауап беру үшін қажет. Мұнда терезедегі Кімге (Кому) және Тақырып (Тема) өрістері автоматты түрде бірден толтырылады да, төмендегі аймаққа жауап жазылады.
  • Барлығына жауап беру (Ответить всем) батырмасы хат иесіне және осындай хат алған басқаларға жауап жазу үшін қажет. Мұнда да Кімге (Кому) және Тақырып (Тема) өрістері автоматты түрде бірден толтырылады.
  • Жөнелту (Переслать) батырмасы келіп түскен хатты тағы басқа біреуге жіберуді ұйымдасты-рады. Мұнда тек Тақырып (Тема) өрісі автоматты түрде толтырылады, ал оның адресін қосымша көрсету керек.
  • Телеконференция мәліметтерін оқу. Телеконференция мәліметтерін оқу механизмі электрондық поштаны пайдалану кезіндегі сыяқты. Жаңалықтар сервері үшін есепке алу жазбасын даярлағаннан кейін Папки тақтасында сол таңдап алынған серверге сәйкес белгіше пайда болады. Осы белгішені шерткеннен кейін автоматты түрде Подписка на группу новостей диалог терезесі ашылады, ал программа сол сервердегі телеконференциялар тізімін алады. Керекті телеконференцияны таңдап алып, Подписаться батырмасын шерту керек. Осылай жазылған телеконференциялар Папки тақтасында көрініп тұрады, олармен танысу үшін Подписка на группу новостей диалог терезесін ашу қажет емес.
  • Телеконференциялар мәліметтерімен танысу электрондық пошта қызметі сыяқты жүзеге асырылады. Олардың мәліметтерін жеке терезеде қарау кезінде Топқа жауап беруге (Ответить в группу) - телеконференцияға пікір білдіруге, Авторға жауап беруге (Ответить автору) – бір авторға электрондық пошта арқылы пікір білдіруге немесе ол мәліметті электрондық пошта арқылы басқа біреуге Жөнелтуге (Переслать) болады.
  • Адрестік кітаппен жұмыс істеу Электрондық поштаны кеңінен пайдалансақ, хат алысушылар саны бірнеше жүзге жетуі мүмкін. Барлық электрондық адрестерді есте сақтау қиын іс. Осы жұмысты жеңілдететін арнайы программа Адрестік кітап (Адресная книга) деп аталады.
  • Адрестік кітап арқылы :
  • • хат жазушылар адрестерін есте сақтауға;
  • • олардың адрестерін теруді автоматтандыруға;
  • • енгізілген адрестердің дұрыстығын тексеруге;
  • • адресаттардың бірнеше топтарына бірден мәлімет жазуды жеңілдетуге болады.
  • Тыңдағандарыңызға рахмет!

жүктеу 45,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау