|
Қызметкерлеріне
|
бет | 56/57 | Дата | 30.01.2023 | өлшемі | 1,93 Mb. | | #41064 |
| manual-kz
Созылмалы жұқпалы емес аурулардың мінезқұлықтық қауіп факторлары туралы оқушылардың білім деңгейін арттыруға арналған тест сұрақтары мен жағдайларға байланысты есептер
Оқушыларға арналған денсаулық сақтау туралы тест сұрақтары
Тұрақты физикалық белсенділік денсаулық үшін қалай пайдалы?
Тұрақты физикалық белсенділік салмақты төмендетеді, әртүрлі аурулардың дамуының алдын алады, сондай-ақ көңіл-күйді жақсартуға және ұйқыны қалпына келтіруге себін тигізеді.
Тұрақты физикалық белсенділік медициналық тексеруден өту және вакциналауды алу қажеттілігінен босатады.
Тұрақты физикалық белсенділік тұмау секілді инфекциялық аурулардан қорғайды.
Күніне қанша минут/сағат физикалық белсенді болу ұсынылады?
30 минут
60 минут (1 сағат)
120 минут (2 сағат)
Күніне қанша литр немесе стақан су ішу керек?
Ауыз суды ішудің тәуліктік нормасы жоқ. Суды ағза талап ететін кезде ғана ішу керек.
Күніне 1.5 - 2 литр немесе 7-10 стақан су.
Күніне 1 литр немесе 5-6 стақан су.
Төменде аталған азық-түліктердің қайсысы адамның денсаулығына пайдалы әсер ететін майлардан тұрады?
Шұжық, ақ нан және маргарин.
Сосиска, ақ нан, ақ күріш
Балық, жаңғақ және зәйтүн майы.
Тұздың көп мөлшерін пайдалану денсаулыққа қалай әсер етеді?
Тістер мен сүйектер берік болады және тіс жегісі мен остеохондроздың (омыртқаның ауыруы) өршу қиыпы азаяды.
Қан қысымы көтеріледі, бұл жүрек және қан тамыр ауруларының қаупін арттырады (инсульт және тағы басқа).
Тұздың несеп айдайтын қасиеті арқылы ағзадан зиянды уыттар шығарылады
Қанттың көп мөлшерін пайдалану денсаулыққа қалай әсер етеді?
Миға допаминнің (шаттық гормоны) бөлінуі түрінде психикалық денсаулықты жақсартады.
Tіс жегісінің пайда болуы, артық салмақ пен семіздіктің, диабет және басқа аурулардың қаупі артады.
Канттын несеп айдайтын қасиеті арқылы ағзадан зиянды уыттар шығарылады.
Шылым шегу адамның денсаулығына қалай әсер етеді?
Жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкологиялық аурулардың даму қаупі артады.
Миға допаминнің (шаттық гормоны) бөлінуі түрінде психикалық денсаулықты жақсартады.
Темекі тәбетті басу қасиетіне байланысты аотық салмақты болдырмауга себін тигізеді.
Алкогольдің көп мөлшерін пайдалану денсаулыққа қалай әсер етеді?
Миға допаминнің (шаттық гормоны) бөлінуі түрінде психикалық денсаулықты жақсартады.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының, бауыр циррозының және депрессияның даму қаупін арттырады.
Денсаулыққа жағымсыз әсері жоқ.
Жазатайым жағдайдың жедел медициналық қызмет көрсету үшінн не істеу керек?
Зардап шегушінің туыстарына қоңырау шалу.
Жедел жәрдемге қоңырау шалу.
Жақын маңдағы ауруханаға қоңырау шалу.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|