Қызметкерлеріне


Жобаны іске асыруға қатысушылар



жүктеу 1,93 Mb.
бет47/57
Дата30.01.2023
өлшемі1,93 Mb.
#41064
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57
manual-kz

Жобаны іске асыруға қатысушылар:


  • Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары.

  • Оқушылардың ата-аналары.

  • Жалпы ағарту мекемесінің әкімшілігі.

  • Жалпы ағарту мекемесінің ұстаздар ұжымы.

  • Медициналық және әлеуметтік қызметкерлер.

  • Қоғамдастық.

  • Мемлекеттік, коммерциялық емес және бизнес-құрылымдар.



Жоба бес бөлімнен тұарды:


  1. Ұйымдастыру-талдау жұмысы, ақпараттық қамтамасыз ету.

  2. оқушының отбасымен жұмыс.

  3. Жасқа байланысты ерекшеліктерді ескерумен оқушылармен сыныптан тыс іс-шаралар.

  4. Оқушылардың арасында салауатты тамақтануды насихаттау бойынша іс- шаралар.

  5. Мектепте оқушылардың салауатты тамақтануын ұйымдастыруға мониторинг.

Жобаны іске асыру шеңберіндегі қызметтің негізгі бағыттары:





    • Оқушы денсаулығының төлқұжатын құру, оған тамақтану тәртібі және ұйымдастыру бөлімдері кіреді. Денсаулық төлқұжаты оқушының денсаулығы, дене дамуы, психо-эмоционалдық жағдайы, жыл сайынғы диспансерлік тексерілуінің мәліметтері, егілу мен медициналық тексерілудің және басқа мәліметтерді жинауға мүмкіндік береді. Денсаулық төлқұжаты балаларды өз денсаулығын бақылауға үйретеді, сәйкесінше, оқушыда болады, және оны ата-анасының немесе мұғалімнің басшылығымен бала өздігінше толтырады.

    • Ағымдағы мектеп пәндерінің шеңберінде 1-11 сыныптарға арналған

«Ұтымды тамақтану негіздері» бағдарламасы бойынша сабақтарды өткізу.

    • Мектеп тағамын, медициналық қызметті ұйымдастыру, себебі, оқушылардың денсаулығын қорғау және нығайту ағарту ұйымының қызметінің біріне жатады.

    • Ата-аналарды медициналық-психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ағартуды ұйымдастыру.

    • Ата-аналармен жаппай іс-шаралар жүйесін ұйымдастыру, оқушылардың салауатты тамақтануына қатысты мәселелердегі ата-аналар мен оқушылардың қоғамдық маңызды қызметін және демалысын ұйымдастыру бойынша жұмыс. Жыл сайын әкімшілік мектептің жылдық жұмыс жоспарын құрады, онда ата-аналармен ортақ жұмыс қарастырылады. Түрлі іс-шараларды сынып жетекшілері, мектеп медицина маманы, мектеп инспекторы, психолог, әлеуметтік педагог, мектеп әкімшілігі, түрлі ғылыми, медициналық мекмелердің мамандары өткізеді.

    • Тәжірибелік қызметте ұтымды салауатты тамақтану мәселесін шешу бойынша отбасылық оң тәжірибені анықтау және қолдану. Ата-ана қоғамдастығын шақырумен балаларда ұтымды салауатты тамақтану дағдыларын қалыптастыру тәжірибесімен алмасу бойынша ата-аналар жиналыстарында, конференцияларда, салауатты тамақтану мәселесін қозғайтын мейрамдарда (сынып жетекшісінің жоспары бойынша) ата-аналар балаларда ұтымды салауатты тамақтану дағдыларын қалыптастыру бойынша тәжірибесімен белсенді алмасады.

    • Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтанбауға байланысты теріс факторлардың алдын алу бойынша ата-аналарға және оқушыларға кеңестік көмек.

    • Салауатты тамақтануды насихаттау бойынша сыныптан тыс іс- шараларды ұйымдастыру.

    • Салауатты тамақтану негіздерін игеру деңгейіне мониторинг. Мектеп әкімшілігі ұтымды тамақтану негіздерін игеру деңгейін және мектеп

тағамының сапасын анықтау үшін ағарту мекемесінің қызметкерлерінен тұратын комиссияны құрады.

Салауатты тамақтану мәселелерінде сауаттылықты арттыру, денсаулықты нығайтуда салауатты тамақтанудың маңыздылығын балалардың түсіну дәрежесін арттыру мақсатында әрекет ететін «Ұтымды тамақтану негіздері» бағдарламасының шеңберінде оқыту бағдарлмасын енгізу қарастырылған. 1-14 сыныптарда курсты оқыту үшін «Әлемді тану» сабақтарында әр сыныпта жылына 7 сағат , 5-6 сыныпта «Жаратылыстану» сабақтарында әр сыныпта жылына 7 сағат , 7-6 сыныпта «Биология» сабақтарында әр сыныпта жылына 7 сағат , 1-11 сыныпта «Өзін-өзі тану» сабақтарында әр сыныпта жылына 72 сағат бөлінеді. Аталған мектеп пәндерінің шеңберінде дұрыс тамақтану негізіне арналған тақырыптарға сағаттарды оқу бағдарламасының қосымша сағаттарынан жоспарлау мүмкіндігі бар.


«Ұтымды тамақтану негіздері» бағдарламасы оқушыға өз денсаулығына сауатты қамқорлық жасау үшін оң тұлғалық қатынасты қалыптастыруға, денсаулық үшін маңызды фактор ретінде салауатты тамақтану мәселелерінде хабардарлық деңгейін арттыруға, салауатты тамақтану ережелерін қадағалауға дайындықты қалыптастыруға көмектеседі. Оны зерттеу барысында оқушылар адам туралы тәжірибелік бағдарланған негізді, салауатты тамақтану ережелерін игереді, өмір салты, тағамдық мінез-құлық және денсаулық арасындағы себеп-салдарлық байланысты түсінуге үйренеді.

жүктеу 1,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау