5. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Жеткізуші:
1) Сақтандырылғанға сақтандыру аумағында сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етуге;
2) сақтандыру жағдайы басталған кезде Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға;
3) Сақтандырылғандардың есебін, денсаулық сақтау ұйымдары мен дәріханаларға жүгінулер саны, жүргізілген сақтандыру төлемдері мен олардың мөлшері, Тапсырыс берушінің анықтауы бойынша басқа да ақпаратты жүргізуге;
4) Жеткізушінің тізіміне кіретін денсаулық сақтау ұйымдары мен дәріханалардың, дәрігерлердің Сақтандырылғандарға уақтылы әрі сапалы медициналық қызмет көрсетулерін, соның ішінде Жеткізушінің тізіміндегі денсаулық сақтау ұйымдарында Сақтандырылғандарды қабылдауды қамтамасыз етуге;
5) Сақтандырылған (отбасы мүшелерін қоспағанда) қызметтік мақсатта (іссапар, оқу, тағылымдама, біліктілігін арттыру және т.б.) шетелге (франшиза қолданбай) жүрген жағдайда Тапсырыс берушінің және/немесе Сақтандырылғанның талап етуі бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде Сақтандырылғанға қатысты Шарт жасалған дерегін растауға қажетті жеке сақтандыру полисін береді, онда Сақтандырылғандардың шетелде шұғыл медициналық (амбулаториялық, стационарлық) көмек алуға қажетті мәліметтер көрсетіледі;
6) Сақтандырылғанға Шартта көзделген тәртіп пен көлемде медициналық қызметтердің ұсынылуын ұйымдастыруға;
7) Шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге Шарттың 5-қосымшасына сәйкес жасалған екі жақты Қабылдау-өткізу актісінің негізінде Сақтандырылғандардың қамту карточкаларын беруге;
8) Тапсырыс берушіден жазбаша хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Сақтандырылғандардың тізіміне қосымша енгізілген Сақтандырылғандарға қамту карточкаларын беруге;
9) Сақтандырылған қамту карточкасын жоғалтқан жағдайда ол туралы Тапсырыс берушіден және/немесе Сақтандырылғаннан жазбаша хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтеусіз телнұсқасын беруге;
10) Сақтандырылғанға медициналық қызметті уақтылы көрсетпеген, сапасыз немесе толық көлемде көрсетпеген дәрігерлер, денсаулық сақтау ұйымдары мен дәріханаларға қатысты қабылданған ықпал шаралар туралы хабарлауға;
11) Сақтандырылғандарға амбулаториялық емделу кезінде отбасылық дәрігерлердің немесе Жеткізуші мамандарының уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын (уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы) беруін қамтамасыз етуге. Басқа жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жеткізушінің тізіміндегі денсаулық сақтау ұйымдары және/немесе дәрігерлер осы құжаттарды беруге құқылы;
12) егер дәрілік заттарды сатып алуға рецепттерді Жеткізушінің отбасылық дәрігері және/немесе Жеткізушінің тізіміне кіретін денсаулық сақтау ұйымының арнайы маман-дәрігері жазып берген болса, Сақтандырылғанның дәрілік заттарды өз бетімен сатып алған шығындарын Шарттың 9.9. тармағында көрсетілген мерзімде және тәртіппен өтеуге (өтелуіне бақылауды қамтамасыз етуге);
13) координаттары қамту карточкасында көрсетілген отбасылық дәрігерлерге және медициналық қызметтерге Шартта көрсетілген сақтандыру бағдарламасын толық көлемде ұсынуға;
14) Сақтандырылғандарға Шарт бойынша медициналық қызмет көрсетуші Пайда алушыларға сақтандыру төлемдерін төлеуді, олар мен Жеткізуші арасында жасалған Шартта белгіленген тәртіп пен мерзімде уақтылы жүзеге асыруға;
15) Сақтандырылғанның сұратуы бойынша амбулаторлық сырқаттанушының медициналық карточкасынан үзінді көшірмені, отбасылық дәрігердің медициналық құжаттарының көшірмесін, сұратқан күннен бастап 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде берілуін қамтамсыз етуге;
16) Қызмет мақсатында (іссапар, оқу, тағылымдама, біліктілігін арттыру және т.б.) негізгі жұмыс орнынан тыс (шетел не болмаса Қазақстан Республикасының шегінде) жерге шыққан Сақтандырлыған қайтыс болған жағдайда, Жеткізуші Сақтандырылғанның денесін Тапсырыс берушінің көрсеткен жеріне Қазақстан Республикасына жеткізуді қамтамасыз етеді;
17) Қызметтерді көрестілетін Қызметтердің техникалық ерекшелігіне (Шарттың 4-қосымшасы) және Шарт талаптарына сәйкес санында, белгіленген мерзімде және тиісті (жоғары) сапада көрсетуге;
18) Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не болмаса тиісінше орындамаған жағдайда Шарттың 10-бөліміне сай жауапкершілік атқаруға;
19) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
20) құпия ақпаратты және сақтандыру құпиясын жария еткен жағдайда Шарттың 10-бөліміне сай жауапкершілік атқаруға;
21) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз:
- Тапсырыс берушінің қандай да бір құжаттарын немесе ақпаратын, Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқаға пайдаланбауға;
- Шарттың немесе оның қандай да бір ережелерінің, сондай-ақ Тапсырыс берушінің немесе оның атынан басқа тұлғаның берген техникалық құжаттамасын, жоспарларын, сызбаларын, модельдерін, үлгілерін немесе ақпарат мазмұнын, Шартты орындауға тартқан қызметкерді қоспағанда, басқа біреуге ашпайды. Көрсетілген ақпарат осы қызметкерге құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада берілуі тиіс.
- өзінің Шарт бойынша міндеттемелерін толығымен де, ішінара да басқа біреулерге табыстамауға;
22) Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша Шарт біржақты тәртіппен бұзылған жағдайда, Шарт бойынша алынған соманы қайтаруға және Шарттың 10-бөлімінде белгіленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге;
23) егер Шартты орындау кезеңінде кез келген сәтте Шартты уақтылы орындауға кедергі жасайтын жағдайға тап болса, Жеткізуші Тапсырыс берушіге дереу кешіктіру фактісі, оның болжамды ұзақтығы мен себебі (себептері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс;
24) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға жетіспейтін құжаттар туралы Тапсырыс берушіні немесе Сақтандырылғанды 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарландыруға;
25) Тапсырыс беруші өткізетін орын және Жеткізушіге өткізу уақыты туралы мәліметтерді келісуге ұсынған жағдайда, бір таныстыру лекциясын жүргізу арқылы Сақтандырылғандарды сақтандыру талаптарымен таныстыру;
26) Шарт бойынша Қызметтерді көрсетуге сақтандыру агенттерін тартпауға міндеттенеді;
27) Жеткізуші Шарт жасалаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, Тапсырыс берушінің банктік шотына кепілдік ақшалай жарна түрінде не болмаса Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бекіткен нысан бойынша банктік кепілдік түрінде, аванстық төлем (алдын ала төлеу) мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуін енгізуге міндетті.
5.2. Жеткізуші:
1) Тапсырыс берушіден (Сақтандырылғаннан) Шартты тиісті түрде орындауға қажетті дәйекті ақпаратты ұсынуды талап етуге;
2) ол туралы Тапсырыс берушіге осындай шешімді қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде міндетті түрде хабарлама жіберу арқылы Жеткізуші тізімін қажет болуына қарай толықтыруға құқылы.
5.3. Тапсырыс беруші:
1) Жеткізушіге Шартты тиісті түрде орындауға қажетті, Тапсырыс беруші ұсынуға құқылы, Жеткізушінің сұратуы бойынша қолда бар толық және дәйекті ақпаратты ұсынуға;
2) сақтандыру сыйлықақысын Шартта белгіленген тәртіппен, мөлшерде және мерзімде төлеуге;
3) Шарт талаптарын сақтауға;
4) қызметкердің жұмыстан шығумен байланысты сақтандырылғанның есептен шығуы кезінде Сақтандырушыға жұмыстан босатылған қызметкерге және оның отбасы мүшелеріне қатысты сақтандырудың тоқтатылғандығы туралы осы қызметкер жұмыстан босатылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға. Жоғарыда көрсетілген ақпаратты уақтылы ұсынбаған жағдайда сақтанушы Сақтандырушыға есептен шығарылған сақтандырылған тұлғалар бойынша оның жұмыстан босатылғаннан кейін және Сақтандырушыны хабардар еткен күнге дейінгі медициналық қызмет көрсету шығындарын өтеуге міндетті;
5) Тапсырыс беруші енгізілген ақшалай қамсыздандыруды қайтарады, егер осындай енгізу Жеткізушінің өзінің Шарт бойынша міндеттерін толық жәні тиісінше орындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде енгізілген болса. Банктік кепілдік Жеткізушінің өзінің Шарт бойынша міндеттерін толық жәні тиісінше орындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарылады.
5.4. Тапсырыс беруші:
1) Жеткізушіден Шарт талаптарын орындауды талап етуге;
2) Жеткізушіге жазбаша хабарлама жіберу арқылы, Сақтандырылғандар тізімін Шартта көзделген тәртіппен өзгертуге;
3) кейін Жеткізушіге жазбаша хабарлау арқылы, Жеткізушінің ұсынатын есептердің нысанын, ұсыну тәртібі мен мерзімін белгілеуге;
4) Жеткізуші тізіміне өзгерістер енгізу туралы Жеткізушіге ұсыныстар беруге;
5) Шартта көзделген жағдайларда және тәртіппен Шартты кез келген кезеңде бір жақты тәртіппен бұзуға;
6) Жеткізушіден Шарттың 5.1.тармағы 25) тармақшасына сәйкес хабарлама алғанан кейін, жағдайды бағалап және өзінің ұйғаруы бойынша Шартқа өзгерістер енгізу арқылы Шартты орындау мерзімін ұзартуға;
7) Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
6. ЖЕТКІЗУШІНІ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАН БОСАТУҒА НЕГІЗДЕМЕ
6.1. Жеткізуші сақтандыру төлемін келесі оқиғаларға байланысты жүзеге асырудан бас тартуға құқылы:
1) егер Сақтандырылған жарақаттар, күйіктер, улануларды алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю нәтижесінде немесе жағдайында, қандай да бір көлік түрін алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю жағдайында не болмаса тиісті құжаттарсыз басқарған жағдайда алған болса (сондай-ақ, егер Сақтандырылған көлік құралын басқаруды алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю жағдайындағыға не болмаса тиісті құжаттары жоқ тұлғаға берген болса), қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттерді қоспағанда, өзіне өзі қол жұмсау немесе сақтандыру жағдайы басталуға не болмаса оған көмектесуге бағытталған қасақана әрекеттер, әскери қимылдар, халық толқулары, саяси, идеологиялық немесе әлеуеметтік сДКаттағы ұжымдық зорлық-зомбылық актісінің нәтижесінде, егер оған қатысты Сақтандыру шарты жасалған тұлғаның оларға қатысқандығы дәлелденсе, улайтын заттардың шығарылуы, радиация немесе радиоактивті улану, экологиялық апат, азаматтық соғыс, экологиялық апат, азаматтық соғыс, жаппай тәртіпсіздік немесе көтеріліс, табиғи апаттар нәтижесінде болса;
2) егер Сақтандырылған Шарттың 9.9. тармағы 2) тармақшасында көзделген жағдайда Жеткізушіге өзінің дәрілік заттарды дәріханадан сатып алған дерегін (фискалдық чек, кассалық чек, тауарлық чек, рецептінің көшірмесі) растайтын тиісті құжаттарды ұсынбаған жағдайда.
7. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
7.1. Сақтандыру төлемі қазақстандық теңгеде жүзеге асырылады, ал сақтандыру төлемінің мөлшері Сақтандырылғанға дәрігерлердің және/немесе денсаулық сақтау ұйымдарының көрсеткен медициналық қызмет құнынан, сондай-ақ Сақтандырылғанның дәрігердің тағайындауы бойынша дәріханадан сатып алған дәрілік заттардың құнына байланысты анықталады.
7.2. Сақтандырылған медициналық қызметтерді және дәрілік заттарды сақтандыру бағдарламасына сәйкес Шарттың 6-қосымшасында көрсетілген жауапкершілік лимитінің шегінде алады.
7.3. Белгіленген жауапкершілік лимитін (сақтандыру сомаларын) сақтауды бақылау міндеті Жеткізушіге жүктеледі.
7.4. Егер Сақтандырылған медициналық қызметтер мен дәрілік заттарды белгіленген лимиттерден асырып алған болса, Жеткізуші Сақтандырылғанға асыру сомасын төлеуін талап етуге құқылы.
7.5. Жеткізуші осындай шығыстарды төлеу бойынша жуапкершілікті Тапсырыс берушіге жүктеуге құқы жоқ.
8. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
8.1. Бір Сақтандырылғанға сақтандыру сомасы _________ теңге 00 тиынды (_______теңге ___ тиын) құрайды.
Сақтандырылғанның өтінішіне сай (Шарттың 2-қосымшасы) Сақтандырылғанның отбасын енгізген жағдайда, Шарттың осы тармағында көрсетілген сома Тапсырыс берушінің қызметкері - Сақтандырылған және оның отбасы мүшелері үшін, бірге алғандағы бірыңғай сақтандыру сомасы болып табылады.
8.2. Сақтандырылғанның әр медициналық қызмет түрі бойынша алатын сақтандыру сомасы (жауапкершілік лимиті) Шарттың 6-қосымшасында көрсетілген.
Сақтандырылғанның өтінішіне сай (Шарттың 2-қосымшасы) Тапсырыс берушінің қызметкері – Сақтандырылғанның отбасы мүшелерін енгізген жағдайда, әр медициналық қызмет түрі бойынша Шарттың 6-қосымшасында көрсетілген лимиттер Тапсырыс берушінің қызметкері - Сақтандырылған және оның отбасы мүшелері үшін, бірге алғанда бірыңғай болып табылады.
8.3. Бір Сақтандырылғанға сақтандыру сыйлықақысы ҚҚС есептемегенде ______ теңге __ тиынды (______ ___ тиын) құрайды және ұлғаю жағына қарай өзгертілмейді.
8.4. Шартқа екі Тараптың қолдарын қойған күні нақты мәлімденген Тапсырыс берушінің қызметкерлерінің санын ескере отырып, Сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы ҚҚС сомасын есептемегенде ______ (________ мың) теңгені құрайды және Қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтар, алымдар кіреді (бұдан әрі – Шарт сомасы).
Сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы нақты мәлімденген Тапсырыс берушінің қызметкерлерінің санын ескере отырып, ұлғаюы немесе азаюы мүмкін, бірақ Тапсырыс берушінің Шарт бойынша Қызметтерді көрсетуге бөлінген сомасынан аспауы тиіс.
8.5. Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасын Тапсырыс беруші келесі тәртіпте төлеуі тиіс:
1) Шарт күшіне енген және Жеткізушінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген және төлем шотын алған күннен бастап 10 (он) операциялық күн ішінде сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасынан 100% (жүз пайыз) мөлшерінде алдын ала төлеу;
8.6. Тапсырыс беруші сақтандыру сыйлықақысын төлеуді Жеткізушінің Шартта көрсетілген банктік шотына ақша аудару арқылы жүргізеді, сақтандырылған қызметкерлердің саны қысқарған жағдайда сақтандыру сыйлықақысы нақты көрсетілмеген қызметтер үшін 10 жұмыс күн ішінде Тапсырыс берушіге қайтарылады.
8.7. Тапсырыс беруші ай сайын Сақтандырылғандардың санының қысқартылуын ескере отырып, хаттама ресімдейді және Жеткізушіге жібереді. Жеткізуші хаттама алғаннан кейін оған 1 (бір) жұмыс күні ішінде қол қояды және Тапсырыс берушіге жібереді.
Тапсырыс беруші Жеткізушіден қол қойылған хаттаманы алғаннан кейін оған 1 (бір) жұмыс күні ішінде қол қояды және 1 (бір) данасын Жеткізушіге жібереді.
8.8. Сақтандыру сыйлықақысының сомасы Шартта белгіленген тәртіппен анықталады (Шарттың 7-қосымшасы).
8.9. Бюджетке төленетін барлық салықтар мен басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтар, баждар және басқа да осындай бюджетке төленетін төлемдерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда, Тараптар Қосымша келісімге қол қою арқылы Шартқа тиісті өзгерістер енгізуге міндеттенеді.
9. САҚТАНДЫРЫЛҒАНДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ
9.1. Сақтандырылғанға медициналық көмек қамту карточкасын жеке басын куәландыратын құжатты отбасылық дәрігерге не болмаса арнайы маман-дәрігерге немесе Жеткізушінің тізіміндегі денсаулық сақтау ұйымының өкіліне, дәріханаға ұсынған кезде, сондай-ақ Ассистанстың отбасылық дәрігері берген жолдаманы ұсынған кезде көрсетіледі.
9.2. Сақтандырылғанның отбасылық дәрігерге бірінше рет жүгінген кезінде, дәрігер Сақтандырылғанға медициналық карта рәсімдейді, оған сырқатнама жазылады.
9.3.Амбулаториялық-емханалық медициналық көмек көрсету тәртібі:
1) Сақтандырылғанға амбулаториялық-емханалық медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда, Сақтандырылған Ассистанстың отбасылық дәрігеріне жүгінеді, олардың телефон нөмірі мен орналасқан мекенжайлары қамту карточкаларында көрсетілген;
2) отбасылық дәрігер Сақтандырылғанды бастапқы байқауды жүргізеді, оның нәтижесі бойынша өз бетімен емдеуді тағайындайды не болмаса Сақтандырылғанды Жеткізушінің тізіміндегі денсаулық сақтау ұйымына арнайы маман – дәрігерге жібереді.
9.4. Стационарлық медициналық көмек көрсету тәртібі:
1) жоспарлы стационарлық медициналық көмек көрсету үшін Сақтандырылған Ассистанстың немесе Жеткізушінің отбасылық дәрігеріне жүгінеді, олардың телефон нөмірлері мен орналасқан мекенжайлары қамту карточкасында көрсетілген;
2) отбасылық дәрігер Сақтандырылғанға бастапқы байқауды жүргізеді, оның нәтижесі бойынша Сақтандырылғанға Жеткізушінің тізіміндегі денсаулық сақтау ұйымына ауруханаға жатуға жолдама береді.
9.5. Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Сақтандырылған қамту карточкасында көрсетілген телефон бойынша жедел жәрдем бригадасын шақырады.
9.6. Егер Сақтандырылғанға стационарлық медициналық көмек көрсету қажет болса, ол Жеткізушінің тізіміндегі денсаулық сақтау ұйымындағы ауруханаға жатқызылады.
9.7. Егер Сақтандырылғанның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шұғыл көрсеткіштерге байланысты, Сақтандырылған Жеткізушінің тізімінде жоқ денсаулық сақтау ұйымына түскен жағдайда, сондай-ақ басқа жағдайларда отбасылық дәрігердің тағайындауы бойынша Сақтандырылғанға көрсетілген медициналық жедел жәрдем қызметтері мен стационарлық медициналық көмекті Жеткізуші осы денсаулық сақтау ұйымына Шарттың 6-қосымшасында көрсетілген сомалар шегінде өтеуі тиіс.
9.8. Шетелге шығатын Сақтандырылғандарға (отбасы мүшелерін қоспағанда) медициналық көмек көрсету тәртібі:
1) Сақтандырылған қызмет мақсатында (іссапар, оқу, тағылымдама, біліктілігін арттыру және т.б.) шетелге шыққан кезде (отбасы мүшелерін қоспағанда) Жеткізуші Тапсырыс берушіден (Сақтандырылғаннан) шетелге шығу туралы хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Жеткізуші Тапсырыс берушіге (Сақтандырушыға) берілетін жеке сақтандыру полисін рәсімдейді;
2) Сақтандырылғанға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық қызмет көрсету тәртібі сақтандыру полисінде ескертіледі.
9.9. Сақтандырылғанды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібі:
1) отбасылық дәрігердің немесе Жеткізушінің арнайы маман-дәрігерінің берген рецепті Сақтандырылғанға дәрілік заттарды беруге негіздеме болып табылады;
2) Сақтандырылған рецептті Жеткізушінің тізіміндегі дәріханалардың біреуіне дәрілік заттарды алу үшін ұсынады. Егер Жеткізушінің тізіміндегі дәріханада қажетті дәрілік заттар болмаса, Сақтандырылған кез келген басқа дәріханадан дәрілік заттарды алуға құқылы. Сақтандырылған дәрілік заттарды алу дерегін растайтын тиісті құжаттарды (фискалдық чек, тауарлық чек) сақтауға міндетті, кейін оларды кеткен шығындарды өтеу үшін рецептінің көшірмесімен Жеткізушіге ұсынуы тиіс;
3) Шарттың 9.9. тармағы 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда Сақтандырылғанның кеткен шығындарын өтеу Сақтандырылғанның өтініште көрсеткен шотына, Жеткізушіге (оның өңірлік өкіліне) Шарттың 9.9. тармағы 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ақша аудару арқылы жүргізіледі.
9.10. Сақтандырылған Шарттың 6-қосымшасында белгіленген барлық сақтандыру сомасына немесе оның жекелеген лимиттеріне жеткен немесе оны асырған кезде, Жеткізуші Сақтандырылғанға бұл туралы жазбаша түрде хабарлайды.
10. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
10.1. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік атқарады.
10.2. Жеткізушінің жауапкершілігі:
1) Шарттың 5.1. тармағы 21) тармақшасында және 11-бөлімінде көзделген сақтандыру құпиясын ашқан жағдайда, Жеткізуші Тапсырыс берушіге сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасынан 0,5% (нөл бүтін оннан бес пайыз) мөлшерінде айыппұл төлейді. Бұл ретте Тапсырыс беруші Жеткізушіден сақтандыру құпиясын және Тапсырыс берушіден алған құпия ақпаратты жариялау салдарынан келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы;
2) Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша Шарт біржақты тәртіппен бұзылған жағдайда, және орындалмаған міндеттемелердің мөлшерінде алдын ала төленген соманы қайтарады;
10.3. Шарттың 8.5. тармағында белгіленген тәртіппен және мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу мерзімі бұзылған жағдайда, Тапсырыс беруші Жеткізушіге әрбір кешіктірілген жұмыс күні үшін төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақысының сомасынан 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайыз), бірақ сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасынан 10 % (он пайыз) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлейді.
10.4. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
10.5. Егер Тапсырыс беруші Шартты Жеткізушінің кінәсінен болмаған бұзуға бастамашы болса, Жеткізуші Шарттың бұзылуына байланысты тек іс жүзіндегі шығыстар үшін төленетін төлемді Шарт бұзылатын күні талап етуге құқылы.
10.6. Тапсырыс беруші осы Шарт, Жеткізушінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан бұзылған жағдайда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
11. КОНФИДЕНЦИАЛДЫЛЫҚ
11.1. Тараптар тұтастай алғанда Шарт талаптарының және ұсынатын Тарап конфиденциалды деп белгілеген барлық ақпаратты (оның ішінде, техникалық құжаттама, жоспарлар, сызбалар, модельдер, үлгілер немесе Тапсырыс беруші не оның атынан басқа адамдар ұсынатын өзге ақпарат) аталған ақпаратты берген Тараптың жазбаша рұқсатынсыз, мынадай:
1) Жеткізуші Шартты орындау үшін тартқан қызметкерлерге беру жағдайын қоспағанда. Көрсетілген ақпарат осы қызметкерге конфиденциалды түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті көлемде ғана берілуге тиіс;
2) егер мұндай жария ету заңнамада ұйғарылған немесе оған уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми сұрау салулары негізінде жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, басқа Тараптың ешқандай үшінші тарапқа жария етілмейтінін мойындайды.
11.2. Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда аталған қандай да бір құжатты немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсаттарынан басқаға пайдаланбайды.
11.3. Конфиденциалды ақпаратты жария еткен жағдайда Тараптар Шарттың 10-бөліміне сәйкес жауапкершілік атқарады.
12. ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ (ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ)
12.1.Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, егер ол Тараптар алдын ала болжай алмаған және Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға тікелей әсер еткен еңсерілмейтін күштің туындауы: су тасқыны, жер сілкінісі және өзге де зіл-зала, экологиялық апаттар, әскери іс-қимылдар, азамат соғысы, халық толқулары, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және құқықтық актілерін қабылдау салдарынан болса, онда жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күштің әсеріне ұшыраған Тараптың міндеттемелерін орындау мерзімі осындай жағдайлар орын алған кезеңге ұзартылады.
12.2. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі жоқ Тарап бұл жөнінде басқа Тарапты Шарттың 12.1-тармағында көрсетілген жағдайдың басталғаны және тоқтағаны туралы дереу хабардар етуге тиіс, сондай-ақ тиісті уәкілетті органның растайтын құжатын ұсынады. Жалпыға мәлім фактілер дәлелдеуді талап етпейді. Бұл ретте Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы, осыдан кейін Тараптардың ешқайсының басқа Тараптан қандай да бір шығынды өтеуін талап етуге құқығы жоқ.
12.3. Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулар келіп түспесе, Жеткізуші орынды болған көлемде Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады және Шартты орындаудың көрсетілген жағдайларға байланысты емес балама тәсілдерін іздестіреді.
13. САҚТАНДЫРЫЛҒАНДАР САНЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ
13.1. Сақтандырылғандар тізіміне қосымша енгізілген Сақтандырылғандарға қамту карточкаларын беру, тапсырыс берушіден тиісті хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
13.2. Дайын қамту карточкаларын Жеткізуші Тапсырыс берушіге Шарттың 5-қосымшасына сай Қабылдау-өткізу актісінің негізінде табыстайды.
13.3. Дайындалған және қол қойылған Қабылдау-өткізу актісінің екі данасын және қамту карточкаларын Жеткізуші Тапсырыс берушіге жібереді. Тапсырыс беруші салыстырып тексеріп және Қабылдау-өткізу актісіне қол қойғаннан кейін, қол қойылған Қабылдау-өткізу актісінің екінші данасын Жеткізушіге қайтарады.
13.4.Сақтандырылғандар тізімінен шығарылған Сақтандырылғанның жазбаша сұратуы бойынша Жеткізуші сұрату алған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде амбулаторлық сырқаттың медициналық картасынан үзінді көшірмені, отбасылық дәрігердің медициналық құжаттарының көшірмелерін беруді қамтамасыз етеді.
13.5. Сақтандырылғандар тізіміне қосымша енгізілген Сақтандырылған медициналық қызметті толық көлемде (шарттың әрекет етуінің қалған мерзіміне) және Шарттың 6-қосымшасында белгіленген шекте алады.
13.6. Төленетін сақтандыру сыйлықақысының сомасын есептеу, Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамаға сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |