«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Раббымыз мойынсҧнуды қалай тҥсіндіреді?



жүктеу 1,1 Mb.
Pdf просмотр
бет22/127
Дата01.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#44106
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   127
Шынайы адам

Раббымыз мойынсҧнуды қалай тҥсіндіреді? 
Құран Кәрімде «итаат» сӛзінің 129 жерде кездесуі бізге мойынсұнудың 
қаншалықты маңызды құндылық екенін кӛрсетеді. Құран аяттарында «итаат» негізгі 
мағынада, яғни «біреуге мойынсұну, бұйрыққа бағыну және оны қабылдау» 
мағынасында қолданылған. Бұл аяттарға қараған кезімізде екі негізгі мойынсұну 
туралы айтылғанын кӛреміз: 
1.
Аллаһқа мойынсұну 
2.
Аллаһтан басқаға мойынсұну. 
Аллаһқа мойынсұну Аллаһқа, бұйрықтарына және пайғамбарларына 
мойынсұнудан тұрады. «Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа мойынсұныңдар. Пайғамбарға 
және сендерден шыққан басқарушыларға да бағыныңдар. Егер бір мәселе бойынша 
түсініспеушілік туындаса Аллаһқа және ақыретке шын сенсеңдер оны Аллаһқа және 
расулға апарыңдар (солардың нұсқауы бойынша шешіңдер); бұл қайырлы және нәтиже 
жағынан ең жақсысы». (Ниса, 4\59) Бұл аятта айтылған басқарушыларға бағынуды 
Аллаһ пен расулына бағынудың адамдық шеңбердегі кӛрінісі деуге болады.
Мойынсұну туралы айтылатын аяттарда пайғамбарларға мойынсұну Аллаһқа 
мойынсұнумен бірге айтылған
41
. Оларға мойынсұну Аллаһқа мойынсұну деген сӛз, 
ӛйткені елшіге мойынсұну елшіні жіберушіге мойынсұну деген сӛз. Ұлы Аллаһ былай 
бұйырады: «Кім расулға мойынсұнса Аллаһқа мойынсұнған болады. Теріс 
бұрылғандарға келетін болсақ, сені олардың басына күзетші етіп жібермедік!» (Ниса, 
4\80). Пайғамбарлардың адамдардың мойынсұнуы үшін жіберілгені мына аятта айқын 
кӛрсетіледі: «Біз барлық пайғамбарды (Аллаһтың рұқсатымен) тек ӛзіне 
мойынсұнылуы үшін жібердік. Егер олар ӛздеріне зұлымдық жасаған кезде саған келіп, 
Аллаһтан кешірім тілесе, расул да олар үшін кешірім тілесе Аллаһтың ӛте кешірімшіл 
екенін білер еді». (Ниса, 4\64)
Аллаһтан басқаға мойынсұну болса Аллаһқа мойынсұнудан басқа және Ол 
тыйым салған мойынсұну. Құран бойынша физикалық әлем тұтастай оны жаратқанға 
мойынсұнады
42
. Адамдық тұрғыдан мойынсұну ісі табиғи және саналы болмыс болып 
табылатын адам үшін негізгі әрекет түрі болумен қатар оның объективін таңдау 
мәселесінде адамға еркіндік берілген. Бұл дүниеде тек адам ғана бір болмысқа 
мойынсұну немесе мойынсұнбау еркіндігіне ие. Мойынсұнуға қатысты аяттарды 
зерттеген кезде адамдардың Аллатан басқа кейбір адамдар мен топтарға бағынғаны 
байқалады. Оларды былай тізуге болады: 
Кәпірлер және мұнафықтар: «Кәпірлерге және мұнафықтарға мойынсұнба. 
Олардың азаптарына берілме. Аллаһқа сеніп, шыда, қолдаушы ретінде Аллаһ 
жеткілікті». (Ахзап, 33\48) 
Қыңырлықтарынан жүректері Аллаһты еске алуға жабылғандар, нәпсі қалауына 
еріп, істерінде асыра сілтегендер: «... Жүрегін бізді еске алудан біз бейқам еткен, жаман 
құмарлыққа салынып, ісі асыра сілтеу болған адамға мойынсұнба». (Кехф, 18\28) 
Жаман мінезділер және күнәһарлар: «Мыналардың ешқайсысына мойынсұнба: 
Үнемі ант ішетін, біреуді жамандайтын, сӛз таситын, жақсылыққа кедергі болатын, 
асыра сілтеуші және күнәһар, дӛрекі және жамандықпен мӛрленген». (Қалам, 68\10-13) 
Аллаһтың қойған шегінен асқандар: «Ол асыра сілтеушілердің бұйрығына 
бағынбаңдар». (Шуара, 26\151) 
Қарамағындағы адамдарды Аллаһ жолынан алыстатқан топтар
43

41
Қ
ара
ң
ыз: Ба
қ
ара, 2\32, 132; Ниса, 4\13, 69; Маида, 5\92; 
Ә
нфал, 8\1, 20, 46; Т
ә
убе, 9\71; Н
ұ
р, 24\52, 54; 
Ахзап, 33\71; М
ұ
хаммед, 47\33; Те
ғ
абун, 64\12; Н
ұ
х, 71\3. 
42
Қ
ара
ң
ыз; Фуссилат, 41\11; Рахман, 55\6 
43
Қ
ара
ң
ыз: Ахзап, 33\64-68 


20 
Құран бұларға мойынсұнуды тікелей бір сенім мәселесі ретінде қолға алып, осы 
жағдайда жасалған ескертуді назарға алмағандардың жағдайын Аллаһ жолынан 
ауытқу
44
деп бағаландырады
45
.
Бұл аяттардан басқа «бағыну, тәуелді болу, артынан еру» деген мағынаны 
беретін «иттиба» сӛзі кездесетін аяттардан да жанама түрде мойынсұнуды түсінуге 
болады
46
. Тіпті, мүміндердің Аллаһты сүйетіндігінің кӛрінісі және Оның ризалығы мен 
сүйіспеншілігіне ие болудың шарты ретінде пайғамбарымызға (саллаллаһу алейхи 
уәссәлләм) бағыну кӛрсетіліп, осының нәтижесінде үлкен сыйлықтар уәде етілген
47
.

жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау