«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық



жүктеу 1,1 Mb.
Pdf просмотр
бет19/127
Дата01.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#44106
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   127
Шынайы адам

6.
 
Жалғыз болмау, жақсы достар табу 
Аяғы жамағат жерін баспаған адам аяқ астында жататын жапырақ секілді, бір 
үрлесең ана жаққа, бір үрлесең мына жаққа ұшады. Сол себептен де сахаба дәуірінің 
сол ең күшті адамдарының ӛзі жамағатқа қосылу және бірлік құру қажеттілігін 
сезінген. Сондықтан да жаман күштердің әр түрлі арналармен ӛтетін жолымызға құрған 
сансыз тұзақтарына және олардың топтасып жасаған шабуылдарына, сондай-ақ рухани 
жауларымыз болған шайтанға, нәпсіге және күнә дауылдарына жем болудан, 
тұншығудан бізді қорғайтын ең маңызды пана топтасу (жамағат болу). Осы пікірге 
шақыру қазіргі кездегі ең маңызды мәселелерінің бірі.
Аллаһ адамды әлеуметтік болмыс етіп жаратқан. Жалғыз ӛмір сүрген адам тӛрт 
жағынан соғатын адасушылық желдерінің алдында қорғансыз және дұғаларының қабыл 
болуы сияқты жеңілдіктерден құр қалуы мүмкін. Одан да сорақысы шайтанның улы 
оқтарының алдында нысанаға айналуы мүмкін.
Жалғыз ӛмір сүрген адам ертелі-кеш шайтанның тұзағына түсуі мүмкін. Ойы 
мен қиялына шайтанның салған әрбір жаман ойы жалғыздық пен жан қиналысының 
топырағында ӛсіп жетілген жаңғақ сияқты. Пікір, кӛңіл және рухын жамандық пен күнә 
жаңғақтарымен толтырған жалғыз адамда бұл жаңғақтардың ертелі-кеш ішкі 
қиналыспен бұтақ түрінде сыртқа тасып шығып, күнә жемістерін бермеуі мүмкін емес.
Адам жалғыз қалудан жыланнан қашқандай қашуы керек. Ӛйткені, жалғыздық 
жылан секілді ойдың адам рухын жаулап алуына жол ашады. Екі адам болғанда да бұл 
осылай болуы мүмкін. Ӛйткені, екі адамның бір жамандық мәселеде келісіп алуы 
мүмкін. Ал, үш адамның күнәларда, жамандықтарда келісіп, бірігуі ӛте қиын.
7.
 
Аптада бір рухани азықтану кҥні болуы керек 
«Білімімен әрекет жасау» деген ұғым бар. Бұл сӛзді білімін ӛмірлерінде жүзеге 
асырған және айналасына үлгі болған адамдар үшін қолданамыз. Мұндай адамдардың 
насихаттарын тыңдау - жүрегіміздің жұмсаруы және шайтанның сыбырларына, 
күнәлардың қинауларына қарсы тұруымыз үшін қорғаушы шаралардың бірі.
Адам ақылы, қисыны бар болмыс болумен қатар, толқыған кӛңілі, ар-ожданы, 
жасаураған кӛздерімен де бір жүрек, бір рух және бір сезімдер жиыны болып табылады. 
Осыған орай, ол ішкі дүниесінде тереңдеуге, рух дүниесінде баюға, ойлау ӛмірінде 
кеңеюге мұқтаж.
36
Тирмизи, Кияме, 26 


17 
Адам рухани азыққа, рухани ӛзенге қажеттілік сезінеді. Құран пайғамбарымызға 
кӛп рет «Айт» дейді және пайғамбарымыз «Дін - насихат»
37
дейді.
Олай болса адамның жүрегін тебірентіп, толқытатын, ішіндегі қарайған 
сезімдерінің кірін, татын кетіретін, оның мәңгілік әлемге деген қызығушылығын 
қамшылайтын, осы арада діни, ғылыми мәселелермен саналық дүниесін 
нұрландыратын адамдарды тыңдауы да ол үшін ауадай маңызды қажеттілік болып 
саналады. 
Сондықтан да адам «Мұны білемін, не үшін тыңдаймын» демеуі керек, ішіп-жеу 
қалай әрдайым қайталанып отырады, олардан жалығу былай тұрсын, оларға әрдайым 
қажеттілік сезіледі, сол секілді жүрек пен рухтың азығы болып саналатын, сондай-ақ 
шайтан мен күнәлардың жамандығынан қорғаушы роль ойнайтын насихат пен 
сұхбаттарды кем дегенде аптасына бір рет тыңдап тұру керек. 

жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау