14
Тарихқа қараған кезімізде адамзат баласының ұят пен әдептен алыстап,
арсыздыққа түскен жағдайларда бірқатар қиындықтарға душар болып, олардың жер
бетінен жойылып кеткенін кӛреміз. Ұяттан алыстаған адам ӛзінен алыстаған адам деген
сӛз.
Құран Кәрімде кӛптеген аяттарда ұяттан безген қоғамдардың жойылғаны туралы
айтылады. Ад, Семуд және Лұт қауымдары ұятсыздықтарына байланысты тарихтың
терең беттеріне кӛмілген
33
. Ұятты және намысты болу нәпсінің заңсыз қалауларына
бағынбау арқылы жүзеге асады, бұл негізінен біз үшін ахлақтық міндет болып
саналады.
Ар-намысымызды сақтау, ұятты адам болу үшін не нәрселерге назар
аударуымыз керек? Фетхуллаһ Гүлен Хожаефенди осы мәселеге қатысты
сұхбаттарында да, жазбаларында да ӛте маңызды тәртіп-жүйелерді қояды. Енді
осыларды бӛліп қарастырайық:
1.
Жан қиналысы арсыздыққа себеп болмауы керек
Жан қиналысы жалпы жүректің қанағаттанбауынан, Аллаһ пен расулымен
байланыс құра алмаудан, ғибадатқа беріле алмаудан, жолдассыздықтан, оқу мен
ойланудың жоқтығынан, ештеңемен айналыспаудан, қызмет етпеуден туындайды.
Ондайлар үшін шайтанның кіре алатын кетіктері дайын деген сӛз. Шайтанға күйген
адамның қайтадан шайтанның оқтары жауып жатқан жерде жүруі теңіздің суын ішіп
іші ӛртенген адамның шӛлін басу үшін қайтадан теңізге жүгіргеніне ұқсайды.
Сол себептен де базарға керексіз жерде шықпайық, ісімізді топтастырып жасауға
тырысайық. Күнәлар аққан жерлерден иманға қызмет ететіндей үшін бір міндет
болмаған жағдайда аулақ болу керек.
Сахабаларымыз кӛбінесе ақиқатты түсіндіру үшін сыртқа және базарларға
шығатын. ХазіретӘбу Бәкір де, ХазіретОмар де, ХазіретӘбу Зер де (радиаллаһу анхум
ежмаин) солай жасайтын. Осындай мақсатпен жолға шыққандар кӛшенің және жолдың
ақысын беріп, күнәға кіруден қорғалған болады.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) сахабаларының жол бойында
және кӛшелерде отыруларына тыйым салатын. «Отыруымызда пайда бар иа
расулуллаһ» дегендерінде «Олай болса жолдың ақысын беріңдер», яғни жолдың тас
пен тікендерін тазалаңдар, ӛтіп жатқандардың сәлемін алыңдар, сәлем беріңдер және
жақсылықты ұсынып, жамандықтан тыйыңдар, ақиқатты түсіндіріңдер»
34
дейтін. Міне,
осы таза ниет болуы тиіс.
Сыртқа шыққанда сергек және қамданып шығайық. Адам минасы бар жерде
қалай жүріп, дұшпандары бар аймақта қалай сақ жүрсе, күнәлар кезіп жүретін
базарларда да солай сақ жүруі керек. Егер сезімге беріліп, дайындықсыз, қарусыз, бос
түрде және шайтанның улы оқтарына қарсы рухани қалқан мен рухани оқтарын
дайындамай шықса онда оның рухын жамандықтар мен күнәлар жаулап алады. Бұл
жағдай бірнеше рет қайталанса енді ол сезімдері ӛлген, күнәларға, жамандықтарға,
харамдарға қарсы жауапсыз түрде базарларды аралайды, шайтанның қалағаны да міне
осы.
Сыртқа шықпастан бұрын жүрегімізді тебірентетін, толқынысымызды
арттыратын, кӛздерімізге жас алдыратын, сезімдерімізді әрекетке қосатын бір нәрселер
оқып, қарауымыз керек. Тек осындай сезіммен ғана шығуымыз керек, сонда ғана
күнәлардан қорғану қызметін қалыптастырған боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: