Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы



жүктеу 0,75 Mb.
бет2/5
Дата25.05.2018
өлшемі0,75 Mb.
#17357
1   2   3   4   5

Өндіру өнеркәсібінің келешекте дамуы:

Игеріле бастаған Баласауысқандық және Құрымсақ ванадий кен орындарымен;

Шалқия қорғасын-мырыш кен орнын одан әрі игерумен;

Күтіліп отырған шыны зауытының құрылысымен,

Цемент зауытының құрылысы бойынша жұмыстардың басталуымен;

Облыстың оңтүстігіндегі мыс кен орындарын барлап, одан әрі игерумен;

Уранды қосымша өндіруді мүмкіндіктерімен байланысты.

Ас тұзын өндіруді ұлғайту және қайта өңдеудің бағдарламасы бар.

Келешекте ауыл шаруашылығы өсу қарқынын жыл сайын 5 пайызға дейін ұлғайту көзделуде.

Көтерме және бөлшек сауда көлемін жылына 15 пайыздан арттыру, оның ЖӨӨ үлесін 1,8 есеге көтеруге мүмкіндік береді.

Тұрғын үй-коммуналдық кешенінің үдемелі дамуы тұрғын үймен қамтамасыздандыруды екі еселендіру бойынша мәселелерді шешу және оның қолайлығын жоғарылату басқа да салалар мен қызмет түрлерін дамытуға ынталандырады. Жыл сайын құрылыс жұмыстары көлемінің 8 пайыздан өсу қарқыны қамтамасыз етілетін болады.

Көліктік-логистикалық инфрақұрылым жүктерді халықаралық тасымалдаудан Қазақстанға қосымша кіріс табуға ықпал етіп, сыртқы сауданы арттырады. Қазірдің өзінде Жалпы Өңірлік Өнімдегі көліктің үлесі 11,2 пайызды құрайды. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралі, «Жезқазған- Сексеуіл» темір жолы сияқты маңызды транзиттік бағыттардың дамуымен, мұнай, газ құбырлардың салынуымен және облыс арқылы жүк айналымының біршама артуымен Жалпы Өңірлік Өнімдегі көліктің үлесі 15 пайызға жетеді деп болжамдануда.

Байқоңыр қаласында туризмді дамыту халықаралық жұртшылықтың Қазақстанға деген ынтасын жоғарылатады және елге туристердің қосымша ағымын әкеледі.

Үдемелі даму нәтижесінде Қызылорда облысы Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру жолында өз үлесін қосатын болады.


2. Қызылорда облысының 2020 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары:
2.1. Қызылорда облысы 2020 жылға қарай

2020 жылға қарай экономиканы әртараптандыру және жаңа экономикаға белсенді қамтылған халқы есебінен өңір экономикасында құрылымдық өзгерістер басталады. Экономиканың шикізаттық емес секторына ауқымды инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін қолайлы іскер климат қалыптасатын болады.

Әртараптандырылған экономиканың дамуына қажетті адами ресурстары болады, оған қоса отандық кәсіпкерлер мен экспортшыларға қызмет көрсетуге қажетті инфрақұрылымы болады.

Өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылығы және қызмет көрсету саласы тау-кен өнеркәсібімен қатар экономика құрылымында лайықты орын алады.

Теңестірілген мемлекеттік макроэкономикалық саясатты жүргізудің және жергілікті деңгейде бағаларды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралардың арқасында бұл аралықта инфляция жылына орташа 6-8 пайыз деңгейінде сақталады.

Көліктік инфрақұрылым мен телекоммуникацияның қарқынды дамуының әсерінен үзіліссіз байланыс орнатылады.

Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында тұрғын үй қорының жақсаруына, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, сумен жабдықтау және су ағар жүйелерінің дамуына бағытталған «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламаларын жүзеге асырылатын болады.

«Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020», «Өңірлік даму» және басқа да салалық бағдарламаларының жүзеге асырылуы жалғасады.

Балабақшадан бастып университетке дейінгі сапалы білім қолжетімді болып, халықтың денсаулығы едәуір жақсарады.

Халықтың әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі адамдар, әйелдер, балалар мен жастар өздерін қауіпсіз сезініп, қоғамда өздерінің мүмкіндіктерін кеңейте алады.

2020 жылға дейін өңірдің қызметінде сегіз басымды бағыт болады:


  1. мұнай-газ саласының, металлургия мен уранның дамуы;

  2. өңдеу өнеркәсібінің дамуы;

  3. шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы;

  4. агроөнеркәсіп кешенін барынша кеңейту, оның ішінде ет бағытындағы

мал шаруашылығын, күріш шаруашылығын және балық аулауды;

  1. экологиялық жағдайды жақсарту;

  2. көлік-логистикалық жүйені қалыптастыру;

  3. тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеру;

  4. туризмді дамыту.

Экономикалық даму деңгейі бойынша стратегиялық мақсаттары




2020 жылға қарай

І.Әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша:
8 пайыздық көлемдегі жыл сайынғы Жалпы Өңірлік Өнімнің өсу деңгейіне қол жеткізу;

Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімінде Қызылорда облысының үлесі 2012 жылғы 3,9 пайыздан 2020 жылға 4,6 пайызға артады;


Жалпы Өңірлік Өнім құрылымында:

тау-кен өнеркәсібінің үлесі 46 пайызды құрайды;

өңдеуші өнеркәсібінің үлесі 5 пайыздан кем емес;

құрылыстың үлесі 8,8 пайызды құрайды;

көтерме және бөлшек сауда үлесі 9 пайызға дейін артады;

көліктің үлесі 15 пайызға дейін артады;

агроөнеркәсіп кешенінің үлесі кем дегенде 4 пайызды құрайды;
инвестициялардың жыл сайынғы нақты көлем индексінің өсуі 8 пайызды құрайды;
ІІ. Халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша:

халықтың өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін артады;


орташа айлық атаулы жалақы 2012 жылғы 93,3 мың теңгеден 2020 жылға 145,0 мың теңгеге жетеді;
пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің көлемі 2012 жылғы 293,3 мың шаршы метрден 2020 жылға 420,0 мың шаршы метрге дейін артады;
ауылдық елді мекендер 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады;
облыстың елді мекендерінің тұрғын үй секторы үздіксіз және тәуелсіз газбен толық жабдықталады;
жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайыздан аспайды;
2015 жылға қалалық және ауылдық жерлерде балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен толық қамтылады.

*** Әрі қарай Стратегияның мәтіні бойынша 2012 жыл деңгейіне мақсатты индикаторлар (көрсеткіштер) мәнінің өзгертілгені көрсетіледі, басқасы көрсетілмеген жағдайда.
2.2 Басым бағыт 1: Мұнай-газ саласын, металлургияны, уранды дамыту
2.2.1 Мұнай газ саласы

Қызылорда облысының үлесінде жалпы республикалық мұнайдың, ілеспе газдың және конденсат қорының 4,5 пайызы тиесілі. Қызылорда облысында мұнай жиырма жылдан аса уақыт шығарылып келеді, шығарылатын қордың көбісі қолданылып үлгірген. Жеке кен орындарындары бойынша мұнай қорының сулануы 80-90 пайызды құрады. Облыс бойынша мұнайдың баланстық шығарылу қоры-121,26 млн. тоннаны, газдың баланстық шығарылу қоры-36,687 млрд.кубометр, конденсант-748,6 мың тоннаны құрады.

Қазіргі уақыттағы проблемалар:

- Кұмкөл, Өңтүстік Кұмкөл, Қызылқия және Арысқұм ірі мұнай операторларының жұмыс істеп тұрған ұңғымаларында мұнай қорының сулануы салдарынан шикі мұнай өндіру көлемі төмендеуде, шығарылатын сұйықтықтан мұнай концентрациясының төмендігі, өнім топтарының фильтрациялық-сыйымдылық сипаттамасының нашарлауы.

Дамудың басымдықтары:

- көмірсутекті шикізат бағыты бойынша Қызылорда облысының минералды-шикізаттық базасының әрі қарай дамуы

-жаңа кен орындарын барлау арқылы ілеспе газ және мұнай өндіру көлемінің жоғарлауы: Оңтүстік-Торғай жерлерінің өзінде, әсіресе оның шекті аймақтарында, мұнай іздеуге зерттелмеген келешегі мол учаскелері бар, көмірсутекті шикізаттың қор болжамы, сонымен қатар көмірсутегінің қоры алынатын ең ірі Сырдария, Шу-Сарысу, Арал бассейндерінен табылған.

- инновациялық технологияларды қолдану, геологиялық қорларды толық алу үшін екінші және үшінші әдістерді қолдану арқылы өндіріліп жатқан кен орындарында мұнай өндіру көлемін арттыру.


Мұнай газ секторының стратегиялық мақсаттары


2020 жылға қарай

мұнай өндіру көлемі жылына 11 млн. тоннаны құрайды;
жаңа кен орындарын барлау және өңдеу арқылы жалпы өңірлік өнімде мұнай газ саласының үлесін 42 пайызға дейін жоғарылату


2015 жылға қарай

мұнай өндіру көлемі жылына 10,5 млн. тоннаны құрайды;

2.2.2 Металлургия

Облыста жалпы республикалық ванадий қорының 66 пайызы, мырыштың 16 пайызы, қорғасынның 11 пайызы шоғырланған. Қотан-Бұлақ, Талды-Еспе, Көкбұлақ темір рудалары және басқа да кен орындар 20 млрд. тоннадан аса бағаланады. Бағалау бойынша Ақеспе титан кен орнының қоры 366,3 мың тоннаны цирконидің двуокисі -101,4 мың тоннаны құрайды. Мыстың болжамдық ресурсы 5 млн. тоннадан аса бағалануда, ал шамамен алынған алтынның қоры жалпы қазақстандық қордың 0,5 пайызды немесе 19 000 кг құрайды.

Металлургия саласын дамытудың мақсаты өңірде өндіріс өнеркәсібі құрылымының өзгеруін қамтамасыз ету, өңдеу секторының үлесін жоғарылату, қорытындысында өңірлік экономиканы кезең-кезеңмен әртараптандыру.

Дамудың басымдықтары:

- қатты пайдалы қазбалар бағыты бойынша Қызылорда облысының минералды-шикізаттық базасын одан әрі дамыту, Ақеспе (титан) учаскесі шегіне, Ақжар, Қоскөл, Иіркөл, Мыңқұдық, Дарбаза (алтын, мыс) кен жерлеріне, Қарамұрын-Мыңбұлақ кен тораптарына барлау және бағалау жұмыстарын жүргізу

-металлургия кластерін әзірлеу және дамыту бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу:

а) шикізатты терең өңдеуде заманауи технологияларды ендіру және дайындау бойынша ғылыми-зерттеушілік жұмыс кешенін орындау;

б) үдемелі-инновациялық жобалар және инфрақұрылым қалыптастыруды қаржыландыру,

в) технологиялар шегінде өнім өндірісі (мыс концентрантары, қорғасын, мырыш, сирек кездесетін жер элементтерін, ванадий және молибден, темір кені, алтын, күріштің қауызы және тағы басқалардың оксидтері) және минералдық шикізатты өңдеу бойынша байыту комбинаттарын және зауыттарын іске қосу.

г) жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өнімдер өндірісі: ванадий акмуляторлары, арнайы қорытпалар (феррованадий және ферромолибден), жоғары көміртекті және төменгі аллюминилік ферросилициялар және тағы басқалар.

д) ілеспе өндірістерді дамыту (серобетон, әктер, отқа төзімді, сұйық калий тыңайтқыштары және тағы басқалар),

е) халықаралық стандарттарға сәйкес жұмысшы кадрларын даярлау үшін бағдарлы (металлургиялық) колледж, Мәскеу болат және қорытпа институты, Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-мен бірлесіп Қорқыт-Ата атындағы университет базасында металлургиялық бағдар бойынша кафедра және мамандықтар құру.

Металлургия саласының стратегиялық мақсаттары




2020 жылға қарай

титан, мыс бойынша барлауға дейінгі жұмыстарды жүргізу, инвесторларды іздеу;
темір кенін алдын ала өңдеу (2019), алтын, мыс және басқа да ілеспе элементтерді өңдеу (2018-2019);
«Баласауысқандық» кен орнында руданы автоклавты өңдеу (ванадий оксиді 4,0 мың тонна) (2016);
ұсақ сұрыпты болат блюмдарды, шарларды, болат құбырларын алу (2019-2020);
«Шалқия кенішін кеңейту және кен байыту фабрикасының құрылысы» жобасын жүзеге асыру;
конструкциялық және электротехникалық болат (ферросилиция, феррованадий, ферромолибден және басқа) өндірісі үшін арнаулы және кешенді қорытпалар өндіру.

2015 жылға қарай

титан, мыс бойынша барлауға дейінгі жұмыстарды жүргізу, инвесторларды іздеу;
қара тақта тасты (бірінші кезекте) автоклавты өңдеу бойынша жаңа технологияларды толықтай ендіру;
ванадий акмуляторлары өндірісін ұйымдастыру және даярлау (2015);
Шалқия кенін толық қалпына келтіру және мыс-мырыш кендерін өңдеу бойынша жұмыстарды бастау;
теміржол қозғалмалы құрамы үшін стандарттық емес және жарақ құралдарды, бөлшектерді, тораптарды, қосалқы бөлшектерді өндіру (2014);
мұнай газ секторы және тау-кен металлургиялық кешен кәсіпорындары, «КазАтом Пром» ҰАК АҚ, «КТЖ» ҰК АҚ үшін тиек және фонтандық арматураны, пневматикалық, гидравликалық құралдарды өндіру;
күріш қауызын өңдіру арқылы таза металлургиялық кремний мен көміртек кремнийін алу (2014);
Энергетикалық қуаттылықты арттыру (2014-2015 жылдары 150 МВт электростанция).

2.2.3 Уран

Қызылорда облысына Қазақстанның барлық уран қорының 14 пайыз тиеселі. «Байкен-У», «Горнорудная компания (Уран)» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде күкірт қышқылы көмегімен сілтісіздендіру арқылы уран алу жүзеге асырылады. Өңдеу көлемі-2443 тонна.

Дамудың басымдықтары:

- алдағы уақытта кен өндіру үшін «Семізбай – У» ЖШС және «Қызылқұм (Уран)» ЖШС екі кен орындарын барлау,

- 2020 жылға уран өндіруді 8 мың тоннаға дейін арттыру.

Уран саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

уран өндірісін 8 мың тоннаға дейін ұлғайту:
уран кендерін өңдеу.

2015 жылға қарай

алдағы уақытта уран өндіру үшін барлау жұмыстарын аяқтау.


2.3 Басым бағыт 2: Өңдеу өнеркәсібін дамыту

Облыстың жалпы өңірлік өнімін құруда өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 2012 жылы 2,4 пайызды құрады. Өнеркәсіп құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 4,5 пайызды құрайды.

Өңдеу өнеркәсібін дамытудың мақсаты облыстың өнеркәсіп құрылымында өңдеу секторының үлесін жоғарылату, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әртараптандыру арқылы экономиканың тұрақты және теңгерімді өсімін қамтамсыз ету болып табылады.

Қазіргі уақыттағы проблемалар:

- жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға ақша қаражаттарының және негізігі құралдарды жаңартуға жетіспеушілігі,

- шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің әлсізсіздігі, өнімдердің экспортқа бағытталған тауарлар деңгейінің төмендігі.

Дамудың басымдықтары:

- жұмыс жасап тұрған өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіріс көлемін ұлғайту, тоқтап тұрған кәсіпорындарды реанимациялау, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге және ішкі сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған жаңа өндірістерді салу және жұмыс жасап тұрғандарды жаңғырту,

- жаңа өндірістерді орналастыру үшін индустриалдық аймақтарды құру және дамыту,

- құрылыс материалдарын өндіру саласында жаңа инвестициялық басым жобаларды жүзеге асыру (цемент, шыны, әк, полимерлік-құбыр және тағы да басқа зауыттардың құрылысы),

- ауыл шаруашылығы, фармацевтикалық өндіріс салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы өңдеу өнеркәсібін дамыту (томат пастасын шығару, «РЗА» АҚ-ның шамамен ірі қара малдың санын 600 бастан 1200 басқа дейін арттыру жобасының ІІ кезеңін жүзеге асыру, ас тұзы, күріш және балық кластерлерін жүзеге асыру шеңберінде ауылшаруашылық өнімін өңдеу),

- мұнай-газ шикізатын өңдеу,

- мамандандырылған еңбек ресурстарымен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Өңдеу өнеркәсібінің стратегиялық мақсаттары


2020 жылға қарай

Жалпы Өңірлік Өнім құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 5 пайыздан кем болмайды;
өңдеу өнеркәсібінің жылдық өсу қарқыны 10 пайызға жетуіне қол жеткізіледі;
өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі 2 пайызды құрайды,
цемент, құбыр бұйымдарын және жалтыратылған шыны өндірісі;

ілеспе мұнай газын өңдеу жүзеге асырылады.



2015 жылға қарай

Жалпы Өңірлік Өнім құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 3,3 пайыздан кем болмайды;
Мия тамыры, әк, құрама жемді шығару, техникалық және ас тұзын шығарудың 2 кезеңінен жүзеге асыру;
Күкірт қышқылы зауыты үшін энергетикалық қуаттылықты арттыру;
Үдемелі-инновациялық дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама шеңберінде енгізілген нысандардың жобалық қуаттылығын 70 пайызға шығару.

2.4. Басым бағыт 3: Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың мақсаты: оның бағыттарын кеңейту және нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік ортаның бастамасын жүзеге асыру, кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Дамудың басымдықтары:

- «Бизнестің Жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020», «Өнімділік 2020», «Экспортер - 2020» және тағы басқа бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде облыс кәсіпкерлерін мемлекеттік қолдау шараларына ықпал ету,

- кәсіпкерлік өсімі базасын арттыру: көлеңкелі бизнестен шығару есебінен кәсіпкерлердің санын арттыру, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің жол қызметін кеңейту, туризм саласында ШОБ субъектілер және жұмыспен қамтылғандар санын жоғарылату,

- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы өзін өзі жұмыспен қамтылғандар санын азайту,

- шағын және орта бизнесті дамытуға көмек көрсететін институттарды дамыту,

- шағын несиелеу

- қаржы және банк инфрақұрылымын дамыту,

- «бір терезе» ұстанымы бойынша қызмет көрсету,

- кәсіпкерлік негіздерін оқыту.


Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы стратегиялық мақсаттары


2020 жылға қарай

Жалпы Өңірлік Өнім құрылымында шағын және орта бизнестің үлесі 25 пайызды құрайды;
2012 жылға қарағанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнім көлемін 18 пайызға арттыру;
2012 жылға қарағанда шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар санын 47 пайызға арттыру;
2012 жылы 33,3 пайызды құраған өзін өзі жұмыспен қамтылғандар санын 2020 жылы 29,0 пайызға дейін төмендету;
2012 жылға қарағанда шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің санын 25 пайызға жоғарылату

2.5. Басым бағыт 4: Агроөнеркәсіп кешенін барынша кеңейту

Агроөнеркәсіп кешенін барынша кеңейтудің мақсаты ауыл шаруашылық өндірісін дамыту бойынша жұмыстар жүргізу және ауыл шаруашылық өнімділігін жоғарылату, тұтыну қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
2.5.1 Ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту.

Ауыл шаруашлығы өнімінің өсімі мал шаруашылық фермасын жаңғырту үшін заманауи технологиялық құралдарды пайдалану, сонымен қатар, малдардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және тиісті құрама жем базасын құруды жеделдету арқылы мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің өсуі есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Қазіргі уақыттағы проблемалар:

- құрама жем базасының әлсіздігі, толық рациондық құрама жемдердің жетіспеушілігінен мал және құс өнімділігінің төмендігі,

- алыста орналасқан жайылымдық жерлерде суландыру құралдарының жарамсыз жағдайы

Дамудың басымдықтары:

- асыл тұқымды мал сапасын арттыру және мал шаруашылығы өнімінің сапасын және көлемін арттыру,

- аналық ірі қара мал басын арттыру бойынша облыстың асыл тұқымды шаруашылық жұмысын қарқындату,

- ауыл шаруашылығына суландыру жайлымдарының айналымын қатыстыру мақсатында суландыру құралдарын қалпына келтіру,

- тұрақты құрама жем базасын құру және малдарға теңгерімді және толық жем беруді қамтамасыз ету,

- мал шаруашылық өндірісінде орта және ірі тауарларды қалыптастыру, оны өндіріс негізіне ауыстыру,

- заманауи технологияларға негізделген жұмыс істеп тұрған мал шаруашылығы қуаттылығын ұлғайту және жаңаларын салу,

- мал шаруашылығы өнімін өндіруде технологиялық процестерді жаңғырту.
2.5.2 Күріш шаруашылығының кластері

Елде өндірілетін күріштің 90 пайызы жыл сайын өңірде өндіріледі, бұл топырақ экологиясына оң әсер етеді және ауылдың халқын жұмыспен қамтамасыз етеді.

Осы бағытты сақтау үшін ағымдағы жылы агроөнеркәсіпті кешенді дамыту мақсатында күріш кластерін қалыптастыру бойынша жұмыстар басталды. Күріш консорциумы құрылды. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ ішінде ауылшаруашылығын қалыптастыруды қолдау мақсатында «Байқоңыр Агрохолдинг» ЖШС құрылды.

Дамудың басымдықтары:

- жаңа және пайдаланылмаған жерлерді ауыл шаруашылық айналымына қатыстыру, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді рационалдық пайдалануды қамтамасыз ету, дәнді дақылдар өсірудің ғылыми негізделген су сақтаушы технологияларына ауысу арқылы ауыл шаруашылық өнім өндірісінің көлемін арттыру

- жаңа күріш сорттарын, интенсивті технологияларды ендіру арқылы күріш егу алқабын кемінде 74 мың гектар деңгейінде сақтау, күріш өндірісі көлемін 2015 жылы 279 мың тоннаға дейін, 2020 жылы 304 мың тоннаға дейін жоғарылату, бұл республиканың күрішке деген қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

- су ресурстарын тиімді пайдалану, су ережесін қатаң сақтау, күріш үлесін 50 пайызға дейін жеткізу негізінде ауыспалы егісте егу құрылымын жақсарту,

- күріш кластерін құру, оның шеңберінде күрішті брендтеу, күріш шаруашылығының өңделген өнімін жүзеге асыруға ықпал ету және шетелдік нарықтарға шығару қарастырылған.


Ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

Жалпы Өңірлік Өнімнің құрылымында ауыл шаруашылығының үлесі кем дегенде 4%-ды құрайды;
ауылшаруашылық өнімдерінің даму қарқынын жыл сайын кем дегенде 5%-ға жеткізу;
агроөнеркәсіп кешенінді еңбек өнімділігінің өсімі 5%-ды құрайды.

2012 жылдың деңгейіне қарағанда мал шаруашылығы саласында:

ет өндірісін 2,3 есеге өсіру,

сүт өндірісін 1,3 есеге өсіру,

ет өңдеуді 30%-ға дейін,

сүтті 35%-ға дейін,

көкөністерді 10%-ға дейін өсіру;
асыл тұқымды мал басын арттыру:

ірі қара мал басын 2,5 есеге,

қой санын 3 есеге,

жылқы санын 1,5 есеге,

түйе санын 1,4 есеге;
жалпы төрт түлік малда асыл тұқымды мал басының үлесін арттыру:

ірі қараны 13,2 есеге,

қойды 7,3 есеге,

жылқыны 7,8 есеге,

түйені 6,6 есеге;
Егіншілік саласында:

Күріш өндірісінің көлемі 304 мың тоннаны құрайды;

Күріш өңдеуді 100 пайызды қамтамасыз ету;

ішкі рыноктағы азық-түлік тауарларын отандық азық-түлік өнімдерімен кемінде 76% қамтамасыз ету;

2012 жылдың деңгейіне салыстырғанда АӨК өнімінің экспорттық өсімін 2 есеге өсіру.


2015 жылға қарай

ауылшаруашылық өнімдерінің даму қарқының жыл сайын кем дегенде 5%-ға жеткізу;
агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігінің өсімі 5%-ды құрайды.
Мал шаруашылығы саласында:

асыл тұқымды мал басын арттыру:

ірі қара мал басын 2,3 есеге,

қой санын 1,4 есеге,

жылқы санын 1,4 есеге,

түйе санын 4,5 пайызға;


жалпы төрт түлік малда асыл тұқымды мал басының үлесін арттыру:

ірі қара 3,6 пайызға дейін,

қой 7 пайызға дейін,

жылқы 7,6 пайызға дейін,

түйе 10,3 пайызға дейін;
Егіншілік саласында:

күріш өндірісінің көлемі 279 мың тоннаны құрайды;

ішкі рыноктағы азық-түлік тауарларын отандық азық-түлік өнімдерімен кемінде 70%-бен қамтамасыз ету;

2012 жылдың деңгейіне салыстырғанда АӨК өнімінің экспорттық өсімін 1,1 есеге өсіру.


2.5.3 Балық шаруашылығын дамыту

Облыстың балық шаруашылығы ең алдымен Кіші Арал теңізіндегі және Сырдария өзенінің көл қоймаларындағы балықтарды аулаумен байланысты. Жалпы республикалық балық аулаудың көлемінде Қызылорда облысының алатын үлесі 8,3 пайыз (2013 жылғы балық аулаудың натуралды көлемі 6226 тонна). Арал теңізінің деңгейі 48 метрге жеткен жағдайда балық аулау көлемі артып 30 мың тоннаға жетеді.


жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау