Ќызылорда облысыныњ 2016 жылѓЫ



жүктеу 218,5 Kb.
бет5/5
Дата25.01.2020
өлшемі218,5 Kb.
#27310
1   2   3   4   5
Инфрақұрылымды дамыту
Көлік -логистикалық инфрақұрылымды дамыту




Қызылорда облысының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2246,353 шақырымды құрайды, оның 62,6 пайызы (1406,3 шақырым) жақсы әрі қанағаттанарлық жағдайда, бұл 2015 жылға қарағанда 0,5 пайызға (1395,8 шақырым) артқан.

2016 жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға 10,7 млрд теңге бөлінді.

Жалпы 311,35 шақырымды құрайтын елді мекендердің жолдары мен көшелері жөнделді.

2016 жылы Қызылорда қаласындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысы қолданысқа берілді.

Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан көше-жол желісі құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Облыста 212 елді мекенді, кенттерді және ауылдарды облыс орталығы және аудандармен байланыстыратын 211 автобус бағыттары жұмыс жасауда, сонымен бірге 7 облысаралық бағытқа әртүрлі сыйымдылықтағы 1407 автобус ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасының көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес жеке қаржы есебінен Жосалы кентінде және Тереңөзек кентінде аудандық автостанциялар құрылысы аяқталса, дәл осындай нысан құрылысы Шиелі кентінде басталды.

Сонымен бірге, облыс орталығында қалалық автопарк базасында қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін «Романов и К» ЖШС-ның автовокзалы ашылды.

Әуе көлігінде көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және түрлерін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде облыс орталығындағы халықаралық әуежай арқылы аптасына 25 әуе рейсі ұйымдастырылуда (жаз мезгілінде 38-ге дейін), оның ішінде Астанаға – 11 рейс, Алматыға – 10 рейс, Қарағандыға – 2 рейс, Өскеменге – 2 рейс. Аталған бағыттар бойынша 2016 жылы 97,1 мың жолаушы жөнелтілді.

Қызылорда қаласында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы концессиялық жобасын іске асыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні жобаның іске асырылуына Қытай, Ресей, Біріккен Араб Әмірлігінің бірқатар компаниялары қызығушылық танытуда.

Теміржол тасымалының мүмкіндіктері кеңеюде.

Қызылорда облысы бойынша теміржол желісі ұзындығы 1055 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда, облыс аумағынан 15 жұп пойызы өтуде, оның ішінде 9-ы мемлекетаралық қатынасқа жатады (Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы).

Облыс орталығынан «Қызылорда-Көкшетау», «Қызылорда-Астана» және «Қызылорда-Алматы-Семей» облысаралық маршрут бойынша 3 жұп пойыздың қозғалысы ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, аудандар мен облыс орталығын теміржол желісінің бойында орналасқан Арал өңірінің елді мекендерін көлік байланысымен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы облысаралық №617/618 «Қызылорда-Жезқазған» пойызының қозғалысы ұйымдастырылды.
Тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта жаңарту
2016 жылы барлық қаржы көздерінен 543,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 16,7 пайызға артық.

Тек мемлекет қаржысы есебінен 2016 жылы 36 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. 1864 отбасы жаңа ыңғайлы пәтерлерге ие болды.

Өткен жылдың өзінде Қызылорда қаласында бір мезетте 4115 пәтерлік 80 көппәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді, бұл 2015 жылға қарағанда 2 есеге көп.

2016 жылы жеке тұрғын үй құрылысына алаңдарды дайындау бойынша жұмыстар кеңінен жүргізілді. Бұл мақсаттарға өткен жылы 17 млрд теңге бағытталды. Әсіресе, оның 5 млрд теңгесі көп жылдардан бері алғашқы рет облыстың аудандарына бағытталды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын кеңінен жүргізу тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуына ықпал етпек.

Мәселен, 2016 жылы облыс орталығында 980 гектар алаңда «Бәйтерек» жаңа шағын ауданы құрылды.

Оған қоса, тағы «Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойындағы 150 гектар алаңға түбегейлі жоспарлау жобасы дайындалды.

Жергілікті бюджет есебінен кезең-кезеңімен апаттық жағдайдағы көпқабатты үйлердің мәселесі шешілуде. 2016 жылы апаттық жағдайдағы үйлерде тұратын 324 отбасы жаңа үйлерден пәтерлер алды. Осылайша, бүгінгі күні апаттық жағдайдағы пәтерлердің 60 пайызынан астамының мәселесі шешілді. 2017 жылы бұл жұмыстар бюджет мүмкіншілігіне қарай жалғасатын болады.
Сумен қамту
2016 жылдың қорытындысымен 260 ауылдық елді мекендердің 194-і (75 пайызы) немесе облыс халқының 95 пайызы орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қосылған.

Облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2016 жылы Ұлттық қор есебінен 5 жоба іске асырыла бастады. Олар Арал ауданының Сексеуіл кентінде, Қазалы ауданының Қазалы қаласында және Әйтеке би кентінде сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту, Қармақшы ауданы Жосалы кентінде 2 жоба, Қызылорда қаласында сумен қамту бойынша 1 жоба. Аталған жобалар 2017 жылы аяқталады.

2016 жылы Шиелі ауданының Алғабас, Бидайкөл, Алмалы елді мекендерін «Жиделі» топтық су құбырына қосу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 9 мыңнан астам халық сапалы ауыз су пайдалану мүмкіндігіне ие болды.
Жылумен қамту
2016-2017 жылдардағы жылу маусымында облыс бойынша 1177 әлеуметтік нысан және 647 көпқабатты тұрғын үйлер тұрақты түрде жылумен қамтылған.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2016 жылы Қызылорда қаласының жылу жүйелерін қайта жаңғырту бойынша 7 жоба іске асырылды. Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозуы 48 пайыздан 44 пайызға төмендетілді.

Сонымен қатар, облыстық бюджет қаржысы есебінен Қызылорда қаласындағы магистральдық және кварталаралық жылу жүйелерін қайта жаңғырту бойынша 10 жобаның жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.
Электрэнергиясымен қамту
2016 жылы республикалық және облыстық бюджеттер есебінен «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында құрылысы 2014 жылы басталған Арал ауданының Арал қаласындағы және Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі подстанцияларды қайта жаңғырту бойынша 2 жобаның құрылысы аяқталды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Арал қаласы және Әйтеке би кенті үзіліссіз электрэнергиясымен қамтамасыз етілді.

Газбен қамту
«Қызылорда қаласындағы Талсуат ауылдық округін және үш әлеуметтік қамтамасыз ету нысандарын газбен жабдықтау» жобасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 271,2 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Жоба аясында 31,1 шақырым газ құбыры жүргізілді. 2016 жылдың желтоқсан айында нысан пайдалануға берілді. 500 тұрғын үй табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Қызылорда қаласындағы АГРС-2-ден шыны зауытына дейін газ құбыры-бұрыпының құрылысы» жобасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге, облыстық бюджеттен 170,5 млн теңге бөлінді. Жоба аясында 14,7 шақырым газ құбыры жүргізілді. Нысан 2016 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.

Орталық мемлекеттік органдармен Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек 3 елді мекенді газбен қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда.
Халықаралық қаржылық ұйымдармен

жұмыс және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бюджет мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін ескере отырып, өңірдің дамуына Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық даму банкі, Халықаралық Қайта құру және Даму банкісі сияқты халықаралық қаржылық ұйымдарының ресурстарын тарту жұмыстары жалғасуда.

Еуропалық Қайта құру және Даму банкімен жұмыс барысында жалпы құны 220 млрд теңгені құрайтын 8 жоба бар. Оның облыс орталығының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 4 жобасы бойынша несиелік келісімге қол қойылып және оларды іс жүзінде іске асыру жұмыстары басталды. Олар:

- Қызылорда қаласын жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту;

- Қызылорда облысының электр жүйелерін жаңғырту;

- Қызылорда қаласын сумен қамтамасыз ету және су тарату жүйесін қайта жаңғырту;

- Автобус паркін құру.

Автобус паркін құру жобасы шеңберінде Қызылорда қаласына 2016 жылы табиғи газбен жүретін, аппарельдермен, GPS-навигатормен және бейнекамералармен жабдықталған заманауи 112 автобус жеткізілді.

2017 жылдың басында автобустық депоның құрылысы аяқталады, оған облыстық бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінген.

Еуропалық Қайта құру және Даму банкімен бірлесіп жұмыс жасау аясында 2016 жылдың қазан айында «Қызылорда қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жою бойынша зауытын жаңғырту» жобасы бойынша несиелік келісімге қол қойылды. Жоба қаладағы санитарлық жағдайды жақсартуға, топырақтың, жерасты және жерүсті суларының ластану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі аясында құны 22 млрд теңгеден асатын 14 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл әлеуметтік, энергетика және қоғамдық тәртіп саласындағы жобалар.

Қызылорда қаласындағы «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету» жобасы бойынша 2017 жылдың ақпан айында жеке әріптеспен келісімге қол қойылу күтілсе, ал сәуір айында Қызылорда қаласында ауысымына 400 адам қабылдайтын емхана ашу жобасы бойынша қол қойылмақшы.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыруға жоспарланған барлық жобалардың бюджеттік тиімділігі бар, сонымен қатар ақылы қызмет көрсету арқылы нысандарды ұстау шығындары қарастырылған, бұл өз кезегінде бюджетке ауыртпалықты біршама төмендетеді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Ескерту және қылмыстың жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 20,2 пайызға кеміді.

Ауыр қылмыстар – 10,7 пайызға, кісі өлтіруге оқталу қылмысы – 66,7 пайызға, зорлау – 34,2 пайызға, тонау – 5 пайызға, ұрлық – 12,7 пайызға, оның ішінде пәтер ұрлығы – 5,3 пайыз, мал ұрлығы 21,7 пайызға төмендеді. Бұзақылықтың ауыр түрі де – 46,2 пайызға және алаяқтық 30,3 пайызға қысқарды.

Одан бөлек, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар – 21 пайызға, көшеде жасалған қылмыстар саны – 28,4 пайызға, мас күйінде жасалған қылмыстар – 6,2 пайызға, жасөспірімдермен немесе олардың қатысуымен жасалған қылмыстар – 19 пайызға, атыс қаруын қолданып жасалған қылмыстар – 70 пайызға азайды.

Тіркелген қылмыстардың ашылуы (+1,3%, 27,6%-дан 28,9%-ға) жақсарса, әсіресе аса ауыр қылмыстар (+2,8%, 93,8%-дан 96,6%-ға), кісі өлтіру (+0,6%, 93,8%-дан 94,4%-ға), мал ұрлығы (+14,0%, 21,7%-дан 37,7%-ға), қарақшылық қылмыстар (+28,6%, 50,0%-дан 78,6%-ға) жақсарды.

2016 жылы орын алған жол-көлік оқиғалары – 4,2 пайызға (381-ден 365-ке) төмендеді, онда қаза болғандар саны 1,1 пайызға (89-дан 90-ға) өскен, онда жарақат алғандар саны 4,5 пайызға (466-дан 445-ке) төмендеді.
Жергілікті мемлекеттік басқару

және өзін-өзі басқаруды дамыту
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық дербестігін кеңейту ауылдық әкімдердің құзыретін кезең-кезеңімен кеңейту арқылы жүзеге асырылуда. Ауылдық дербес бюджетті қалыптастыру 2018 жылы басталады.

Қаржылық дербестік шеңберінде 2014 жылдан бастап барлық ауыл әкімдеріне кіріс көзінің 7 түрі бойынша қолма-қол бақылау шоты ашылған және 2015 жылдан бастап ауыл әкімдеріне салықтың 6 түрі бойынша жергілікті басқару органдарына трансферт берілген болатын.

Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығы жыл ішінде 60%-дан 75%-ға жеткізілді. Аталған көрсеткішке қол жеткізу мақсатында 2016 жылы облыс бойынша компьютермен жұмысқа қабілеті жоқ 33066 адам оқытылды.

2016 жылы Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтің 174 түрі бойынша барлығы 3 017 132 мемлекеттік қызмет көрсетілді – 2015 жылы 2 292 555 болған. Оның ішінде: Мемлекеттік корпорация арқылы 159 465 қызмет көрсетілді (2015 жылы – 115 072 қызмет), «электрондық үкімет» порталы арқылы 87 749 қызмет (2015 жылы – 30 733 қызмет).
Бюджет
Бюджеттің кіріс бөлігі

Шоғырландырылған бюджетке (мемлекеттік бюджет және Ұлттық қор) облыстан 159,3 млрд теңгенің түсуі қамтамасыз етілді.

2016 жылы мемлекеттік бюджетке жоспарланған 83,8 млрд теңгенің орнына 89,6 млрд теңге түсті, бұл есепті жылға болжамның 107,0%-ын құрайды. Жоспардан тыс 5,8 млрд теңге түсті.

Республикалық бюджетке түсім жоспары 110,4%-ға орындалды. Оған қоса 2015 жылмен салыстырғанда түсім көлемі 9,7 млрд теңгеге ұлғайды.

Жергілікті бюджет бойынша болжам 103,4%-ға орындалды. Бюджетке болжамнан тыс 1,4 млрд теңге түсірілді.
Бюджеттің шығыс бөлігі
2016 жылы облыс бюджеті 238,1 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 55,1 млрд теңгеге ұлғайған. Сонымен қатар, күрделі сипаттағы шығыстар (құрылыс, күрделі жөндеу, құрал-жабдықтар сатып алу) 62,4 млрд теңгені құрады.

Бюджет әлеуметтік сипатын сақтап қалды. Шығыстардың жалпы көлемінің 56,4%-ы немесе 134,3 млрд теңгесі әлеуметтік салаға бағытталды.

Өңір жан басына шаққандағы бюджет шығыстарының көлемі бойынша республикада 3-ші орын алады, ал әлеуметтік салаға бағытталған шығыстары бойынша 1-ші орында.
Бюджеттің орындалуы
Шығыстар бойынша 2016 жылғы бюджет 99,5%-ға орындалды (жоспардағы 238,1 млрд. теңгенің орнына 236,9 млрд теңге игерілген). Игерілмегені – 1,2 млрд теңге (оның ішінде: объективті себептер бойынша – 873 млн теңге (бюджет қаражатынан үнемделгені), субъективті себептер бойынша – 309 млн теңге (міндеттемелердің орындалмауы, конкурстың кеш өткізілуі).
Мүлікті жария ету
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Респуб­ликасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланыс­ты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы №213-V Заңына сәйкес мүлікті жария ету жұмыстары жүргізілді. Мүлікті жария ету жұмыстары 2016 жылдың 31 желтоқсанында толық аяқталды.

2017 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 2273 жылжымайтын мүлікті жария етуге барлығы 2174 өтініш түскен. Оның ішінде: тұрғын үй емес жайлар – 1306, оның ішінде коммерциялық нысандар – 1098, тұрғын үй – 967. Түскен өтініштер бойынша мүліктердің жалпы құны 16 млрд теңгені құрады.

1953 өтініш бойынша сомасы 15,1 млрд теңге болатын 2019 бірлік жылжымайтын мүлік жария етілді.

Одан бөлек, 10,1 млрд теңге ақша жария етілді.
Жекешелендіру
«Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына сәйкес облыс бойынша жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктің 5 нысаны және «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» акционерлік қоғамының 6 ұйымы анықталды.

Бекітілген кестеге сәйкес, жекешелендіруге жоспарланған коммуналдық меншіктің 2 нысаны және «Байқоңыр» ӘКК» ҰК АҚ-ның 3 ұйымы сатылды.

Сонымен қатар, 2016 жылы 3 ашық электрондық сауда-саттық өткізіліп, 53 нысан сатылып, облыстық бюджетке 7,2 млн теңге түсіп, жылдық жоспар 101,4 пайызға орындалды.
жүктеу 218,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау