Ќызылорда облысыныњ 2016 жылѓЫ



жүктеу 218,5 Kb.
бет2/5
Дата25.01.2020
өлшемі218,5 Kb.
#27310
1   2   3   4   5
Өңір экономикасын әртараптандыруға бағытталған

жобаларды жүзеге асыру
2016 жылы өнеркәсіп өндіріс өнімінің көлемі 645,1 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 9,8%-ға кем. Оған барланған мұнай кеніштеріндегі қордың сарқылуына байланысты өнім өндіру көлемінің азаюы және әлемдік мұнай бағасының арзандауы ықпал етіп отыр. 2016 жылы барлығы 7,7 млн тонна мұнай өндіріліп, 2015 жылмен салыстырғанда 1,3 млн тоннаға немесе 2014 жылмен салыстырғанда 2,2 млн тоннаға кеміді.

Өңірдің мұнай өндіруге тәуелділігін ескере отырып, сонымен қатар экономика құрылымын өзгерту біршама уақытты талап ететіндігіне байланысты минералды-шикізат базасын әрі қарай дамыту және жаңа кен орындарын игеру жұмыстары жалғасуда.

Атап айтқанда, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ мен «TOTO Group» ЖШС бірлесіп, Байжарқын алаңында алтын, мыс кендерін анықтау бойынша геологиялық барлау жұмыстарын бастады.

Сырдария және Шиелі аудандарында орна­ласқан Қызылорда Солтүстік алаңындағыДаут Солтүстік-Батыс» рудалы алаңы және «Иркудукская» алаңы) және Жаңақорған ауданында орналасқан Қызылорда ОңтүстікБурабай-Жалғызағаш», «Шынсай», «Арқабұлақ», «Шарахдан» және «Майдантал» рудалы алаңдары) қатты пайдалы қазбалардың аз зерттелген учаскелерін жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну бойынша нысандар тізіміне енгізу мәселесі пысықталуда.

Жалпы облыс аумағында 152 жер қойнауын пайдалануға рұқсат құжаттары бар 92 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, 2014 жылдың ортасынан бастап өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсу үрдісі байқалуда. 2016 жылдың қорытындысымен шикізаттық емес секторда өнім өндірісі 15 пайызға (117 млрд теңгенің өнімі өндірілді) ал, 2012 жылмен салыстырғанда 52 пайызға артты.

Мысалы, тамақ өнімдері өнеркәсібінде 33,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 2015 жылмен салыстырғанда 7,3 пайызға артқан.

Мұнай өнімдерін өңдеу (жанармай-жағармай, солярка, мазут, көмірсутекті сұйытылған газ) көлемі 5,6 пайызға өсті. 4,9 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

Химия өнеркәсібі саласында өнім өндіру 5,1 пайызға артып, 10,0 млрд теңгеге жетті. Бұл салада Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған «Хуа Ю Интернационал Қызылорда» ЖШС (мұнай өндірісіне қажетті химиялық реагенттер өндіру) және «СКЗ-U» ЖШС (күкірт қышқылын өндіру) тұрақты жұмыс жасайды.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 20,5 пайызға артып, 4,2 млрд теңгені құрады. «Қуат» ЖШС және «Кемикал» Қазақстандық мұнайхимиялық компаниясы» ЖШС резеңке және пластмасса бұйымдарын өндірудің ең көп үлесін алып отыр.

Металлургия өнеркәсібі саласында өнім өндіру 32,2 пайызға артып, 47,6 млрд теңгеге жетті. «Шала тотық және уран тотығын» өндіретін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға қарасты «Байкен-U» ЖШС осы салада жұмыс жасайтын ең үлкен кәсіпорын болып табылады.

Машина жасау саласында өнім өндіру 2,1 пайызға артты.

Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған 27 жобаның, қазір 21-і өнім шығаруда: 15 кәсіпорын 90 пайыздан 100 пайызға дейін, 4 кәсіпорын 50 пайыздан 90 пайызға дейін, 2 кәсіпорын 50 пайызға дейін жоспарлы қуаттылыққа шықты. Әртүрлі себептерге байланысты 6 жоба өнім шығармай отыр. Олар бойынша нақты жұмыстар жасалуда.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, облыс өңірлер арасында бірінші болып Индус­трия­­ландыру картасын өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізді.

Нәтижесінде, Картадағы 50 жобаның ішінде инвестиция көлемі ең төмен және бағдарламаның басымдықтарына сәйкес келмейтін жалпы құны 17,9 млрд теңгені құрайтын 30 жоба Картадан шығарылды.

Сонымен қатар, 2000-нан астам жұмыс орнын құру қарастырылған, құны 246,3 млрд теңге болатын 2 жоба республикалық Индустрияландыру картасына енгізу сатысындаШалқия» полиметалл кен орнын өнеркәсіптік игеру және «Кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт құрылысы»).

Сонымен қатар, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған ірі өндіріс орындарын құру жұмыстары жалғасуда.

Құрылысы жүріп жатқан шыны зауытына қажетті жабдықтардың 90 пайыздан көбі жеткізілді. Зауыт орналасқан индустриялық аймаққа бюджет қаражаты есебінен қосымша газбен және электрмен жабдықтау желілері жеткізілді. Ағымдағы жылдың қазан айында зауытты пайдалануға беру жоспарланған. Бұл 300-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Шиелі ауданы «Баласауысқандық» кен орнында ванадий өндірісін игеру жалғасуда.

2016 жылы «Баласауысқандық» кен орнында қара тақтатасты автоклавты өңдеу» жобасын дамыту барысында «Фирма Балауса» ЖШС компаниясы жұмысын жалғастырды. 2015-2016 жылдар аралығында компания жобаға 2,5 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды.

Кен орнында тәжірибелік өнеркәсіптік барлау жұмыстары аяқталды. 2016 жылы кәсіпорын метаванадат аммоний және ванадий бесоксидін Ресей және Тайваньға экспорттауды бастады. Метаванадат аммоний сыналатын партиясы АҚШ-қа жолданды. Басқа елдердің нарығына шығару талқылануда.

Сонымен қатар, 2016 жылдың қараша айында Лондонда «Ұлыбритания - Қазақстан Республикасы» үкіметаралық комиссиясының отырысында «Баласауысқандық» кен орнында қара тақтатасты автоклавты өңдеу» инвестициялық жобасын жүзеге асыру келісіміне қол қойылды. Нәтижесінде, инвестициялық жобаның ІІ және ІІІ кезеңдерін іске асыруға «Ferro-Alloy Resources Limited» компаниясы тарапынан 125 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру туралы шешімі қабылданды.

«Шалқия» кен орнындағы тау-кен байыту комбинатының және газ-турбиналық электр станциясы құрылысының қаржыландыру мәселесін «Самұрық-Қазына» қоры мен Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚҚДБ) қарастыруда.

Халықаралық стандарттарға сәйкес Еуропалық Қайта құру және Даму банкі 3 кезеңді ашық конкурс өткізіп, құрылысты салатын бас мердігерді анықтайды. Тау-кен байыту комбинаты құрылысының техника-экономикалық негіздемесі және Банктік техника-экономикалық негіздемесі 2016 жылдың қазан айында аяқталды. Электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру және дайын өнімнің құнын төмендету үшін газтурбиналық электр станциясы және тау-кен байыту комбинатының құрылысы 2017 жылы басталады.

Сонымен қоса, 2016 жылдың 6 желтоқсанында әлемдік мырыш кен орны бойынша бірінші «бестікке» кіретін «Шалқия кен орнындағы тау-кен байыту комбинатының құрылысы» Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Телекөпірге ұсынылды.

Қызылорда қаласындағы Ферроқорытпа зауытының құрылысы жобасы бойынша техника-экономикалық негіздеме әзірленді және мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Сонымен қатар, жобаның операторы болып саналатын ICMD, «Ферросплав инжиниринг» және «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ компанияларының қатысуымен «Қызылорда ферроқорытпа зауыты» ЖШС құрылды. Ферроқорытпа зауытын «Титов» қыстағы жанындағы индустриялық аймаққа орналастыру үшін 50,0 гектар жер телімі берілді.

Ферроқорытпа зауытын және жаңа ГТЭС құрылысын қаржыландыру үшін Польша инвесторымен және бас мердігерімен келісімге қол жеткізілді.

Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Польша тарапынан 300,0 млн АҚШ долларын бөлу туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, оның ішінде Қызылорда қаласында ферроқорытпа зауытының құрылысы жобасы бар. Қызылорда облысының әкімдігі және «EMP Energy and Metallurgical Products Sp. z o. o.» поляк компаниясы арасында «Қызылорда қаласында арнайы және кешенді қорытпа шығаратын Ферроқорытпа зауытының құрылысын салу, жылдық жобалық қуаттылығы 162 мың тонна төмен мөлшерлі алюминийлі ферросилиций» және жобалық қуаттылығы бірінші кезеңде кемінде 150 МВт, одан әрі 210 МВт-ға дейін кеңейетін «Жаңа газтурбиналық электр станция құрылысы туралы» келісімге қол қойылды.

2016 жылы екі цемент зауытының құрылысы басталды: Жаңақорған ауданында құрылыс цементі зауыты (қуаттылығы жылына – 390 мың тонна), Шиелі ауданында тампонажды цемент зауыты (қуаттылығы жылына – 1 млн тонна). Осы екі жоба бойынша инвестицияның жиынтық көлемі – 74 млрд теңге. Бұлардың жүзеге асырылуы 400-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 2018 жылдың басында пайдалануға беру жоспарланған.

2016 жылы «Арал тұз» акционерлік қоғамы, техникалық және ас тұзын шығаратын екінші цехты іске қосты, бұл майда ас тұзын өндіру қуаттылығын 7 есеге арттыруға, шығарылатын өнім түрлерін көбейтуге және 200-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

«Арал тұз» акционерлік қоғамы Арал қаласындағы кальцийлендірілген сода зауыты құрылысына Қазақстанның Даму банкі арқылы инвестиция тарту мәселесін пысықтауда.

Жобаның жалпы құны – 81,3 млрд теңге, қуаттылығы жылына 300 мың тоннаны құрайды. Өнім өндірісінде қазіргі заманғы «Solvay»- бельгиялық компаниясының технологиясы пайдаланылатын болады.

Қазіргі таңда «Қазақстанның даму банкі» АҚ осы жобаның қаржыландырылуын қарастыруда (ТЭН банктің қарауында).

Кальцийлендірілген сода – химия өнеркәсібінде кеңінен талап етілетін компонент. Одан бөлек, шыны өндіруде қолданылатын және бұл облыста өндірілетін тағы бір компонент.

Сонымен бірге, ішкі нарық және шикізат өндіретін кен орындарының жақын болуы өнімнің өзіндік құнының арзан болуына ықпал етіп, нарықтық бәсекеде басты артықшылық береді.

Бүгінде жылдық көлемі шамамен 400 мың тонна кальцийлендірілген сода нарықта 100 пайыз импортқа шығарылады.

Инвесторлармен жұмысты жандандыру мақсатында 2016 жылдың қаңтар айында Қызылорда облысына инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторларды тарту бойынша Өңірлік кеңес құрылды. 2016 жылы Кеңес отырысында «Қызылорда облысының 2020 жылдарға дейінгі инвестициялық стратегиясы» бекітілді.

Одан бөлек, инвестициялық форумдар өткізу үрдісі жалғасуда. 2016 жылы VII және VIII инвестициялық форумдары өткізілді, мұнда 26 меморандум мен келісімдерге қол қойылды.

Форумға бизнес-қауымдастық, банк секторы, инвесторлар және мемлекеттік органдардың даму институттары, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері және отандық кәсіпкерлер қатысты.

Одан бөлек, өткен жылы бірінші рет халықаралық интернет-форум өткізілді.

жүктеу 218,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау