Ќызылорда облысындаєы


Үкілісай – темір жол бекеті. Әйтеке би кентінен солтүстік-батысқа қарай 37 км жерде. Үкілісай



жүктеу 2,27 Mb.
бет5/14
Дата21.12.2017
өлшемі2,27 Mb.
#5486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Үкілісай – темір жол бекеті. Әйтеке би кентінен солтүстік-батысқа қарай 37 км жерде.

Үкілісай – құдық. Қаратүп түбегінде.

Үлкен Ақай – төбе. Арал теңізінің солтүстігінде. Абс. биіктігі – 137 м.

Үлкен Қаратүп – көл. Арал теңізінің солтүстік-шығысында.

Үлкен Сарышығанақ – шығанақ. Арал теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде.

Үшшоқы – төбе. Арал теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде, Көктырнақ түбегінде. Абс. биіктігі - 188 м. Бұл алыстан көрініп тұратын үш төбе. Бұл жер бұрын теңіз жағасына жақын орналасқан. Сол жерде Үшшоқы елді мекені болған. Елді мекенді балықшылар қоныстанған. Жазушы Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романында осы Үшшоқы жеріндегі болған оқиға айтылған. Үш және шоқы сөздерінен жасалған. «Өзге шоқыларына қарағанда биігірек үш шоқысы бар тау, төбе» мәніндегі атау.

Чернышев – шығанақ. Арал теңізінің солтүстік батысында. Теңізден Құланды түбегі және Возраждение аралы бөледі. Шығанақ құрлыққа 25 км-ге сұғына еніп жатыр, ені-13 км-ге жетеді. Солтүстік және батыс жағасы жар қабақты. Мұнда Батыс Үстірттің қиыр шығысы шығанақ бойымен созыла орналасқан. Палеогеннің тығыздалған құм-саздақты шөгінділерінен түзілген. Жағалауының қалған бөлігі ойпатты. Шығанақтың жағалауға жақын жердегі түбі құмайтты келеді, тереңге барған қайыр біртіндеп лайлы балшыққа айналады. Кейбір тұстарында қамыс, құрақ өскен. Солтүстігінің құмдауытты жағалауын Құмсуат мүйісі алып жатыр. Арал теңізінің суы мол кезінде Возрождение аралы мен Құланды түбегі аралығының ені – 80-85 км-дей болған. Қазір шығанақтың теңізге шығар бөлігінің ені – 11 км. Кісі есімінен қойылған атау.

Шағатай – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік-шығысында. Ру атынан қойылған атау.

Шампы – құдық. Арал Қарақұмының батыс бөлігінде.

Шаршаған – төбе. Арал қаласынан батысқа қарай 120 км жерде. Абс. биіктігі - 277 м.

Шегенді – құдық. Сексеуіл ауданынан батысқа қарай 45 км жерде. «Шегенделген құдық» мәніндегі атау.

Шижаға – ауыл, Октябрь ауылдық округінің орталығы. Шаған ақын бейітінен басталып кең көлемді алып жатқан елді мекен атауы. Арал қаласынан солтүстікке қарай 18 км жерде. Ауыл 1957-96 жылдары асыл тұқымды қаракөл қойын өсіретін «Арал» кеңшарының орталығы болған. Бұрын бұл жер «Октябрь» колхозы болып аталған. Жан-жағын жағалай ши деп аталатын өсімдік қаптап өскен соң, бұл жер «Шижаға» деп аталып кеткен.

Шот – төбе. Арал қаласынан батысқа қарай 105 км жерде. Абс. биіктігі - 135 м. Ру атынан қойылған атау.

Шошқалы – қоныс. Арал теңізінің шығыс жағалауында.

Шөл – төбе. Арал қаласынан солтүстікке қарай 65 км жерде, Баршақұмның оңтүстік-батыс бөлігінде. Абс. биіктігі - 104 м. «Сусыз шөлейт, қуаң, құрғақ жер», «ештеңе өспейтін шөл төбе» мағынасындағы атау.

Шөлмаң – құдық. Арал теңізінің солтүстігінде. «Шөл» сөзінің мағынасы «ештеңе шықпайтын, суы жоқ, тіршілік етуге қиын құмды жер» дегенді білдіреді. Ал «маң» сөзінің мағынасын тілші ғалымдар әр түрлі қарастырады, М. Тұсынова «үлкен, кең, ұлан байтақ, мол» деп түсіндірсе, бұл пікірді Ә.Қайдардың пікірі дәлелдей түседі: «Маң – нечто широкое, простирающееся, просторное; маң дала – бескрайная степь», - дейді ғалым.

Осының негізінде «Шөлмаң» атауын «шөл дала» деп түсінуге, ал құдықтың атын осы шөл даладан қазылған құдық болғандықтан аталды деуге болады.



Шөлсор – құдық. Баршақұмның оңтүстік-батыс бөлігінде. «Шөлдегі сор жерден қазылған құдық» мәніндегі атау.

Шөмішкөл – көл. Қамыстыбас көлінің оңтүстігінде, Сырдария алабында, Арал ауданы жеріндегі Ақшатау көлдерінен оңтүстік-шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Пішіні сақина тәріздес, аумағы – 4,2 шаршы км, ұзындығы – 2,8 км, ең терең жері – 10 м. Көл төбелер ортасында жатыр. Шығыс жағалауы ашық, жайдақ. Көлдің батыс жағалауының қамысы сирек, жағалаудан ортасына қарай қалың қамыс, қоға, шылау өскен. Суы мөлдір, ашқылтым. Балықтың бірнеше түрі тіршілік етеді.

Шөмішкөл – ауыл. Арал қаласынан оңтүстікке қарай 125 км жерде, Шөмішкөлдің жағасында.

Шөміш - темір жол бекеті. Арал қаласынан оңтүстік–шығысқа қарай 50 км жерде. Жер аумағы – 4909 га, оның 4103 га-сы мал жайылымы. Өсімдік жабындысын жусан, еркекшөп, бұйырғын, әртүрлі эфермелер құрайды. Затқа ұқсастыра қойылған, «шөміш тәріздене томпайған төбе» мәніндегі атау.

Шұбартарауыз – түбек. Арал теңізінің солтүстік – шығыс жағасында. «Түрлі түсті топырақ, өсімдіктен шұбарланып жатқан түбекке кіретін тар жер» мәніндегі атау.

Шүрек – қыстау. Арал Қарақұмының батыс бөлігінде. Қырғыз тілінде шырық – «жіңішке жас шырша», монғол тілінде шураг – «кепкен жіңішке ағаш» мәнін береді. Ру атынан қойылған атау.

Шыбықты – ауыл. Арал қаласынан оңтүстікке қарай 135 км жерде, Сырдария өзеннің атырауында. Бұрынғы атауы – Шабан ауылы.

Ырзаев – темір жол бекеті. Әйтеке би кентінен солтүстік – батысқа қарай 30км жерде. Кісі есімінен қойылған атау.

Ыза – жер атауы. Аты айтып тұрғандай, бұл жерден қайта-қайта су шығып, ызалы жер болғандықтан солай аталған.

Хан ауылы – Аманөткел ауылдық округіне қарайды, округ орталығынан 7 шақырым жерде, Сырдария өзенінің бойында орналасқан. Халықтың ауызекі дерегі бойынша, кезінде Кенесары хан, Әбілхайыр хан Сырдария бойындағы осы өткелден өткен, содан «Хан өткелі» деп аталған көрінеді. Осы маңайға қоныс тепкен ел Хан ауылы атанған.

Хан ауылы облыс орталығынан – 421, аудан орталығынан 126 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауыл батысында Бөген ауылдық округімен, оңтүстік-батысында Жаңақұрылыс ауылдық округінің шекараларымен шектеседі.


ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША
Қазалы ауданы - Қызылорда облысының батыс бөлігінде, Арал теңізінің жағалауында орналасқан әкімшілік бөлініс. Солтүстік жағында Қарағанды облысы, шығысында Қармақшы ауданы, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектесіп жатыр. Аудан 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы – 3759,7 мың га. Құмды, шөлді, сазды болып келеді. Ауданда 74205 халық тұрады. Демографиялық құрамында 73,6 мың қазақ, 422 орыс, 4 украин, 60 өзбек, 49 татар, тағы басқа оннан астам ұлттар өкілдері бар. Орташа тығыздығы – 1 шаршы шақырымға 2 адамнан келеді. Аудандағы 59 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 14 ауылдық округтерге біріктірілген. Аудан орталығы - Әйтеке би кенті. Қазалы ауданының жері Тұран ойпатында орналасқан. Солтүстігінде Арал Қарақұмы, оңтүстігінде Қызылқұм жатыр. Ауданның ең биік жері Арал Қарақұмында (Жуантөбе тауы, 136 м). Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, аңызақ. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері – 100-150 мм. Сырдария өзені аудан жерінің орта тұсынан өтеді.

1928 жылы Қазақстан жеріндегі әкімшілік-аймақтық бөлініске байланысты Қызылорда және Қазалы уездері таратылып, бұрынғы екі уездің негізінде Қызылорда округі құрылды. Округтік комитеттің Қазалы және Қызылорда уездерін аудандастыру жөніндегі қаулысы бойынша 1928 жылы 12 мамырда республикада алғашқылардың бірі болып, Қазалы ауданы құрылды. 61 жыл бойы уезд орталығы атанып, талай тарихтың куәсі болған Қазалы дербес ауданға айналды.

1940 жылы Қазалы ауданы ауылшаруашылығында жеткен табыстары үшін Бүкіл Одақтық халықшаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысу құрметіне ие болды. Көрмеге қойылған Қазалының атақты қаракүләбісінің даңқы Одақтан асып, шетелдерге жетті. Қазалы қауыны Парижге апарылып көрмеге қойылды. Қатарынан үш дүркін, яғни 12 жыл бойы КСРО Жоғарғы Кеңесінде депутат болған «Қызылту» колхозының төрағасы Қашақпай Пірімов елге танылып, мемлекеттік қайраткер дәрежесіне көтерілген тұсы да осы кез еді.

Қазалы ауданында жалпы білім беретін 41 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 11 балабақша, 1 мұражай, 24 кітапхана, 8 мәдениет үйі, 14 клуб, 2 стадион, 17 спорт залы бар. Денсаулық сақтау саласында 10 аурухана, 1 емхана, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 10 ауылдық дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді.

Қазалы ауданы арқылы Ташкент – Орынбор темір жолы өтеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы – 427 шақырым, оның 170 шақырымы республикалық маңызы бар жолдар. Қазалы теміржол торабының атағы кеңінен танымал. Өткен ғасырдың басында іргетасы қаланған паравоз жөндейтін депо мен «Сұлутам» деп аталған теміржол вокзалы ғасырдан бері халық игілігіне айналып келеді. Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы орыстардың көптеп қоныстануына ықпал етті.

Аудан аумағында Х-ХІ ғасырлардағы Оғыз қағандығының орталығы – Жанкент қаласының орны бар. Мұнда Орақ батырға, Жанқожа батырға кесенелер, т.б. тарихи тұлғаларға ескерткіштер орнатылған. Қазалы ауданында Жалаңтөс Баһадүр мен Әйтеке би, Жанқожа батыр мен Ақтан батыр, Жылқыайдар мен Жетес би, Ашабай мен Сырлыбай, Үмбет би мен Қарасақал Ерімбеттей елге әйгілі ерлер мен би–шешендер өмір сүрген.



Абай – ауыл, Сарыкөл ауылдық округінің орталығы. Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 14 шақырым жерде, Сарыкөл көлінің жағалауында орналасқан. Іргесі 1928 жылы қаланған. 1928-96 жылдары қаракөл қойын өсіретін өзімен аттас ұжымшардың орталығы болған. Бұрынғы атауы - Авангард ауылы.

Абай – қыстау. Әйтеки би кентінен оңтүстікке қарай 13,5 шақырым жерде.

Адамата – ежелгі қорым. Басықара бөгетінен оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде, шөл далада орналасқан. Қорымның аумағы 1 га шамасында. Мүрдесі жатқан жердің ұзындығы – 6,5 м, ені – 3-метрге жуық. Алғаш қорымды 1897 жылы И.Н.Аничков зерттеп, «Қазалы уезіндегі кейбір топонимдер атаулары» деген мақаласында баяндаған.

Ажар – ауыл. Қазалы қаласынан оңтүстікке қарай 115 шақырым жерде. Әйел есімінен қойылған атау.

Айбарша – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Айқынқұдық – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. «Айқынның құдығы» мәніндегі атау болса керек.

Ақажансай дария - Сырдария өзенінің тармағы, ежелгі сол жағалық құрғақ арна. Ұзындығы - 72 шақырым. Қар ерігенде ғана арнасымен толығады. Осы аймақта болып тұратын күшті желдердің әсерінен Ақажансай дария арнасы бастапқы көрінісін мүлде өзгерткен. Табаны кең әрі тегіс, саяз. Арнасының басым көпшілік бөлігі үрінді құмға толған. Құм төбелер мен шағылдар тікелей арнаға тіреліп жатады. «Ақажан деген кісі есімімен аталған сайдағы дария» мәніндегі атау.

Ақбөгет – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Ақжона ауылдық округі – 1974-1988 жылдар аралығында Жаңаталап ауылдық кеңесі болып, 1988 жылдан Алға ауылдық кеңесіне біріктірілген. 2005 жылы Алға ауылдық округінен бөлініп, өз алдына Ақжона ауылдық округі атауын алған. Ертеректе ауылдың батыс беткейінде биік жона (төбе) болған. Ол жерде отырықшы ел болған. Жонаның биік төбесі алыстан қарағанда ақ болып көрінеді екен. Сондықтан отырықшы ел ол жерді Ақжона деп атап кеткен.

Аққұдық - артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Ақ және құдық сөздерінің бірігуінен жасалған. Құдық қазғанда топырақ түсінің ақ болуына орай қалыптасқан атау болса керек.

Аққұдық - құдық. Арал Қарқұмының оңтүстігінде.

Ақсай – канал. Қазалы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10,5 шақырым жерде. Сырдария өзеннің аңғарында. Атаудың құрамындағы сай сөзі түркі тілдерінде түрлі дыбыстық тұлғаларда айтылып (әзер. –чай , түрк., қырғ., алтай, хак. –зай) – «өзен су», «құрғақ арна» мағыналарында қолданылған. Қазіргі қазақ тілінде сай тұлғасы семантикалық жағынан өзен мәнінен гөрі «жыра», «өзек», «жылға» терминдерімен синоним дес. Бұған қарағанда, атау «ұсақ майда ақ тас, шағыл тасты сай» мәніне ие сияқты.

Ақсуат – ауыл. Әйтеки би кентінен шығысқа қарай 55 шақырым жерде, Сырдария өзеннің бойында. Көне түркі тіліндегі сун эт (сөзбе-сөз) су, яғни «сулы жер» мәніндегі атау.

Ақсуат – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Ақтан батыр – ауыл, Көларық ауылдық округінің орталығы. Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан. 1959-96 жылдары күріш өсіретін 22-партсъезд атындағы кеңшардың орталығы болып келді. Ақтан батыр аталуы осы өңірдегі Түлкіқашқан деген жерде (Сырдарияның Тілесарық тармағы бойынша) 1770 жылы дүниеге келген Ақтан батырдың есімімен байланысты.

Ақшабұлақ – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде.

Ақши – ескі мешіт. Жуанқұм өңірінде, Сырдария өзеннің аңғарында. Бұл жерде ақ ши көп, қалың өсетіндіктен Ақши аталған.

Алаайғыр – қыстау. Қазалы қаласының солтүстік – батыс бөлігінде, Сырдария өзеннің аңғарында. Осы қыстауда ала айғыр жайылып жүруіне байланысты не оның басқа да қасиетіне орай қойылған атау болса керек.

Алға ауылдық округінің тарихы 1929-1939 жылдар аралығында майда серіктестіктердің құрылуынан басталады. 1939-1950 жылдары Бозкөл, Жаңажол, Алға, Жаңабасшылық ұжымшарлары бірігіп, 1950-1963 жылдары Карл Маркс атындағы колхоз бөлімшесі, 1966-1984 жылдан бастап Октябрь күріш кеңшары, 1966 жылдан Алға атқару комитеті болып құрылған. Алға ауылдық округінің аталу себебі – қазіргі Ү.Түктібаев ауылының орналасқан жерінде Кеңес кезінде Алға ауылы болған.

Алпар – артезиандық құдық. Жуанқұм өңірінде, Сырдария өзеннің аңғарында. Кісі атынан қойылған атау.

Алтай – темір жол бекеті. Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 6,5 шақырым жерде. Кісі есімінен не ру атынан қойылған атау.

Алтай құмы – жер атауы, құмды алқап. Қазалы темір жол стансасынан шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан. Ұзындығы – 22 шақырым, енді жері – 15 шақырым-ға жетеді. Құм алқабы төбешікті келген. Мұнда № 96 темір жол айырмасы, Көбек елді мекені орналасқан. Осы жердегі құм төбелердің бірінде Кенесары хан басқарған ұлт-азаттық көтерілісте (1837-47) қаза тапқан батырлардың бірі – Алтайдың бейіті бар.

Алтыбай – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Алтынкөл – сор. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Сордың түсіне байланысты қалыптасқан атау.

Алтынтапқан – қоныс. Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзеннің аңғарында. «Осы жерден алтын табылған» деген мағынаны білдіреді.

Аранды ауылдық округіне Қожабақы және Аранды ауылдары қарайды. Қожабақы ауылы 1950 жылға дейін №9-ауылдық кеңесі болып аталған. 1950 жылы М.Горький атауы беріліп, 1958 жылы Жданов елді мекенімен біріктіріліп, Жданов ұжымшары болып құрылған. 1963 жылы ірілендіру саясатына байланысты Өркенді елді мекені мен Жданов ұжымшары қосылып Энгельс кеңшары құрылды да, орталығы Қожабақы ауылы болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1998 жылы тарихи атауларды қайта қалпына келтіру саясатына байланысты Қожабақы ауылы болып аталды.

Қожабақы ауылында Қожа және Бақы деген әулие адамдардың зираттары болған деседі. Осыған орай Қожабақы аталып кетсе керек. Бұл зираттар қазіргі таңда жойылып кеткен. Ал, Аранды елді мекені Аранды қырының яғни, Орақ батыр кесенесінен бастап Найзағұл деген жерге дейін созылып жатыр. Осы қырдың үстінде ауыл орналасқандықтан Аранды ауылы деп аталып кеткен.



Аранды – ауыл. Қазалы қаласынан оңтүстік – батысқа қарай 50 шақырым жерде. Бұрынғы атауы – Жданова ауылы. Өсімдік атынан қойылған атау.

Аранқорған – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Аңдарды қамап ұстайтын жер» мәніндегі атау.

Арзанкөл – сор. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Нашар көл» мәніндегі атау.

Арықбалық ауылдық округі – 1928 жылы бұрынғы Қазалы уезі, Арықбалық болыстығы негізінде Арықбалық ауылдық кеңесі болып құрылған. Бұл округтен кезінде Көларық, Шәкен ауылдық округтері бөлініп шыққан.

Арықдығыр – төбе. Қазалы қаласынан оңтүстік – батысқа қарай 40 шақырым жерде. Абс. биіктігі - 86 м. «Кіші ойық төбе» мәніндегі атау болса керек.

Арыстан баб қорымы – Қазалы мен Арал ауданының шекарасында, Ақирек биігінде орналасқан. Бұл баба жөніндегі алғашқы деректерді Қазалыда қызмет істеген ғалым И. Аничков жинаған. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Сырдария, Қамыстыбас, Райым көлдерінің ортасында арал болыпты. Басында бұлақ та болған көрінеді. Оны үдере көшкенде қарақалпақтар бұзып кеткен деседі. Бүгінде баба басына келіп ем алушыларға, зиярат етушілерге арналып үй салынған, шырақшысы бар.

Атанбай – бейіт. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Аташ – ауыл орны. Қазалы қаласынан батысқа қарай 29 шақырым жерде, Сырдария өзеннің бойында.

Ащыкөл – көл. Қазалы қаласынан батысқа қарай 20 шақырым жерде.

Ащының сайы – құрғақ арна. Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 105 шақырым жерде, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Ащысай – құрғақ арна. Арал теңізінің шығыс алабында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Ащы және сай сөздерінен жасалған атау. Бұл сайда ащы сор көп болғандықтан осылайша аталса керек.

Ащытелі – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. «Екі ортадағы суы ащы құдық» мәніндегі атау.

Ащыұрғын – құдық. Әйтеке би кентінен солтүстік–шығысқа қарай 27 шақырым жерде. «Суы өте аз, ащы құдық» мәніндегі атау болса керек.

Әзілхан ишан мешіті – сәулет өнерінің туындысы. Мешітті 1924 жылы Әзілхан ишанның тапсырмасымен жергілікті шебер Әбілбаев Нұрымбетұлы салған. Бір қабатты, күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Кіреберіс есігі солтүстік-батысқа қаратылған. Мешіттің көлемі – 17,6х12,1 м, биіктігі – 5,05 м. Қабырғасының қалыңдығы – 0,74 м. 1953-58 жылы мешітте орта мектеп, кейіннен шеберхана мен қойма орналасқан.

Әйтеке би – Қазалы ауданының орталығы, кент (1937 жылдан), темір жол стансасы. Қазалы қаласынан солтүстік – шығысқа қарай 14 шақырым жерде, Қандыөзек көлі мен Сырдария өзені аралығында орналасқан. Бұрынғы атау – Новоказалинск қаласы. Іргесі 1904 жылы Орынбор – Ташкент темір жолының салынуына байланысты қаланған. Қазақтың атақты билерінің бірі - Әйтеке бидің құрметіне берілген атау.

Әлдибай – құдық. Тұран ойпатының солтүстігінде, Арал Қарақұмында. Кісі есімінен қойылған атау.

Әулиеқұдық – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. Құдық суы шипалы, қандай да бір қасиеті бар киелі болғандықтан осылайша аталса керек.

Базар Қожа кесенесі – 19-ғасырдаң аяғы мен 20-ғасырдың басынан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Кесене Бекарыстан би ауылынан солтүстікке қарай 6 шақырым жерде орналасқан. 1981 жылы Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының экспедициясы (жетекші Ә. Оспанов) зерттеген. Базар қожа кесенесі шикі кірпіштен тұрғызылған, жатаған күмбезі дөңгелек тұғырдан шығарылған. Кесененің композициясы, әсіресе, алды ерекше әдемі. Базар қожаның өзі сол өңірдегі ислам дінін уағыздаушылардың белгілі өкілдерінің бірі, көріпкелдігімен ел арасында қадірлі болған адам.

Байғана – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. Ру атынан қойылған атау.

Байелі – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатында. Тереңдігі - 10 м, шығымы – 300 л/с. Кісі есімінен не ру атынан қойылған атау.

Байқожа – темір жол бекеті. Майлыбас ауылдық округіне қарасты. Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 61 шақырым жерде. Ру атынан қойылған атау.

Бақай – бейіт. Ара теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Бармаққұдық – қоныс. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында. «Бармақтың құдығы» мәніндегі атау.

Басықара (Алтай) – канал. Сырдария өзеннен бастау алып, бірнеше тармаққа бөлінеді (ең үлкені – Тасарық (6,3м/с). Канал 1928 жылы салынған. Ұзындығы - 48 шақырым, ені - 5-6 м, су өткізу мөлшері секундына 11,68 текше метр. Канал суымен Қазалы, Арал аудандарының егістік және жайылымдық жерлері суландырылады.

Басықара – жер атауы. Әйтеке би кентінен 21,0 шақырым солтүстікте, Сырдария өзенінің бойында орналасқан. Бұл жер Сырдария атырауының солтүстік жағындағы қыртөбелермен шектеседі. Басықара ойлы-қырлы келген жазық дала. Оның негізін денудация процесінен мүжіліп тегістелген палеогендік шөгінділердің қалдықтары құрайды. Климаты континентті. Мұнда өзімен аттас ауыл орналасқан.

Басықара – ауыл, ауылдық округ орталығы. Іргесі 1934 жылы №3 ауылдық кеңес болып құрылған. 1949 жылы ауылдық кеңес тарап, Қарашеңгел ауылдық кеңесіне қарасты болды. 1973 жылы Басықара ауылдық кеңесі болып қайта құрылды. 1997 жылы ауылдық кеңес тарап, 2001 жылға дейін Құмжиек ауылдық округіне қарасты болды. 2001 жылы Басықара ауылдық округі құрылды. Ауылдың бұлай аталуы төртқара руынан шыққан батырлығымен әрі әулиелігімен ел арасында аңызға айналған Басықара деген кісінің есімімен байланысты.

Бахақожа – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзеннің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау.

Бахы – арық. Қазалы қаласының оңтүстік–батысында, Сырдария алабында.

Бегалыбұлақ – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Бегалының бұлағы» мәніндегі атау.

Бегім ана мұнарасы – шамамен ХІ-ХІІ ғасырлардан сақталған сәулет-өнер ескерткіші. Жаңақұрылыс ауылынан оңтүстікке қарай 35 шақырым жерде, 1979 жылы Қазақстан тарихы және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының экспедициясы (жетекшісі Ә. Оспанов) зерттеген. Аңыз бойынша Бегім ана Жанкент әмірінің әйелі, нақақ жаланың құрбаны болған. Мұнара шикі кірпіштен тұрғызылған, екі қатар күйдірілген кірпішпен қапталған. Биіктігі – 10,5 м. Жоғары қарай сәл қусырыла келген сегіз қырлы призма пішінді, төбесі пирамида болып біткен, орта деңгейге (шамамен 5,5 – 6 м) дейін мұнара бағанасы тұтас, одан жоғары бөлме бар; бұған шығыс жағындағы аркалы ойық арқылы кіруге болады. Мұнара ескерткіш үшін не әлде бір белгі беруге, қарауыл қарау үшін салынуы мүмкін деген болжам бар. 1989 жылы мұнара қайта өңдеуден өтті. Әулие ананың ескерткіш - мұнарасы жанында тілеухана салынған, шырақшысы бар.

Бедер – қыстау. Арал Қарақұмының оңтүстігінде.

Бекарыстан би – ауыл, Майдакөл ауылдық округінің орталығы. Қазалы қаласынан батысқа қарай 39 шақырым жерде, Сырдария өзеннің сол жағасында орналасқан. 1994 жылы ауылдың Карл Маркс (Октябрь) атауы өзгертіліп, Сыр бойының белгілі биі әрі батыры Бекарыстан Амалдықұлының есімі берілді. Іргесі 1932 жылы қаланған. 1932 жылы «Үлгі бол», «Жаңа еңбек» серіктестіктері құрылды. 1933 жылы олар бірігіп, «Жаңатұрмыс» ұжымшары болды. 1939-61 жылдары «Октябрь», 1961 жылы К.Маркс атындағы ұжымшардың орталығы болған. Ауыл 1961-96 жылдары К.Маркс атындағы күріш өсіретін кеңшардың орталығы болған.

Белтам – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Бидайсадық – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау болса керек.

Бозай – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Бозкөл – көл. Қазалы қаласының оңтүстік–батысында, Сырдария өзеннің аңғарында. Боз және көл сөздерінен жасалған. Көл түсінің қаракөк мөлдір болмай, сарғыш бозаң тартып тұруымен байланысты қойылған атау.

Бозкөл – ауыл, ауылдық округ орталығы. Қазалы қаласынан батысқа қарай 65 шақырым жерде, Сырдария мен оның тармағы Қуаңдарияның аралығында орналасқан. Жері саздақты, боз топырақты, қарағаш, қайыртал, терек, жиде өседі. Ауыл іргесі 1955 жылы қаланған. 1957-96 жылы «Бозкөл» қаракөл қой кеңшарының орталығы болған. Бозкөлде және округтегі Лақалы, Отгон, Тасарық ауылдары төңірегінде Арнакөл, Бозкөл, Қарабайлы, Тайкеткен, Байқадам көлдері бар.

Боқа – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. Ру атынан қойылған атау.

Боқаның соры – қоныс. Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзеннің аңғарында.

Боранбай – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

жүктеу 2,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау