Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Құмжиек ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Қ.Пірімов ауылы, 2018 жыл
Кіріспе
Қызылорда облысы Қазалы ауданының Құмжиек ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары халыққа қолайлы тұрмыс жағдайын жақсарту бағытында жасалды.
Қ.Пірімов елді мекені аудан орталығы Әйтеке би кентіне 16 шақырымда орналасқан. Құмжиек ауылдық округі бойынша Қ.Пірімов ауылы, Тапа, Қожақазған, Мәдениет елдімекендерінде 300 отбасы, 1740 халық тұрады.
Құмжиек ауылдық округі мал шаруашылығымен айналысады.
Кешенді даму жоспары арқылы елді мекеннің әлеуметтік экономикалық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның, жаңа жұмыс орындарын ашып жұмыссыздық деңгейін азайтуға қол жеткізуге мүмкіндік туады.
І. Құмжиек ауылдық округінің ағымдағы даму жағдайын талдау.
Құмжиек ауылдық округі 1928 жылы құрып, 1994 жылы ауылға Қ.Пірімов атауы берілген. Халық саны - 1740 адам, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 1363 адамды құрайды. Ресми жұмыссыз - 25 адам. Жұмыссыздық деңгейі 3,1 пайыз.
Халық саны алдағы 2019 жылы - 1750 адамға, 2020 жылы 1820 адамға дейін өседі деп болжануда.
Ауылдық округ көлемі 38155 гектар. Ал, ауыл шаруашылығы жер көлемі 6976,8 гектарды құрап отыр, оның ішінде егістік жер - 330 гектар, жайлымдық – 5945 гектар, шабындық – 628 гектар.
Қ.Пірімов ауылының аудан орталығынан қашықтығы 16 шақырым, облыс орталығынан қашықтығы 350 шақырымды құрайды. Ауылдық округте 350 орындық орта мектеп, 200 орындық клуб, 1 кітапхана, ауылдық дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетуде.
Ауылішілік жол ұзындығы 10,5 шақырым.
Округте ауылшаруашылығы кооператив саны-1, тіркелген шаруа қожалықтар саны-68. Округ бойынша 9 467 бас уақ мал, 2 047 бас мүйізді ірі қара, 5 241 бас жылқы, 4 238 бас түйе, 500 бас құс барлығы 20 993 бас мал бар. Сонымен қатар «Жеңіс», «Аян», «Серимов Кенес» шаруа қожалықтары мен «Алаугаз» жеке кәсіпкерлігі асылтұқымды мал өсірумен айналысады.
Округ бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны- 43, оның ішінде; 10-малшаруашылығымен айналысу, 1-наубайхана, 7-дүкен, 1-жүк көлігі, 1-пластик есік терезе шығару кәсібі, 15-әртүрлі қызмет, 8-жолаушы тасымалы халыққа қызмет көрсетеді.
«Құлан» бағдарламасы бойынша «Дәулет» шаруа қожалығы 7 400 мың теңге несие алып 27 бас аналық, 2 бас айғыр, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2,6 млн теңге несие алып 15 бас аналық 1 бас бұқа алып жұмыс жасауда.
Мал басын асылдандыру мен көбейту арқылы мал өнімдерін арттыру мақсатында «Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Ақтілек» шаруа қожалығы, «Құлан» жылқы шаруашылығын дамытуға арналған бағдарлама шеңберінде «Еңсепбаев Абдирхан» шаруа қожалығы 10 млн теңге несие алып асылтұқымды 41 бас аналық жылқы мен 3 бас тұқымайғырлар алып мал шаруашылығын дамытуда.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты аясында 2013-2015 жылдар аралығында 7 азамат 16 700,0 теңге несие алып малшаруашылығымен айналысуда.
2017 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қысқа мерзімді оқу курсында яғни ветсанитар, аспаз, сантехник, тігін, шаштараз мамандықтары бойынша 15 азамат қатысты.
Әлеуметтік жұмыс орнына 25 адам;
Жастар практикасына 5 адам;
Қоғамдық жұмысқа 12 адам тартылды.
«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2 отбасы қатысты.
Құмжиек ауылдық елді мекенінде проблемалық мәселелер төмендегідей;
Құмжиек ауылдық елді мекенінің даму жоспары 2009 жылы жасалынған
• Балабақша жоқ
• Қазпочта ғимараты жоқ
• Ауылішілік жолдарға асфальт төсеуді қажет етеді.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларын іске асыруға бағытталған кірістер мен шығыстар.
2017 жылы жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларын іске асыруға бағытталған кірістер мен шығыстар көрсетілетін арнайы шотқа жалға алу есебінен, ерікті алымдар, демеушілік есебінен және де салық төлеушілер түсімінен барлығы 3,3 млн теңге жеке кіріс көзі қалыптастырылған.
Қ.Пірімов ауылындағы «Тағзым алаңын» қоршауға -645 718 теңге;
Елдімекенді санитарлық тазарту жұмыстары үшін- 196 428 теңге;
Тапа елді мекенін абаттандыру жұмыстары үшін-201 249 теңге;
Мәдени іс шара ұйымдастыру мерекелік шараны безендіру үшін -99 500 теңге;
Елдімекен көше жарығын ағымдағы жөндеу-308 258 теңге;
Көше жарығына ақы төлеуге-569 822 теңге;
Жылу жүйесіне және ауыл тұрғындарының пайдалануына қажетті генератор сатып алуға-220 мың теңге қаржы осы мақсатта шығысталды.
2018 жылы жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларын іске асыруға бағытталған кірістер -2 529,0 мың теңге кіріс көзі қалыптастырылады және жоспарланған кіріс көздері төменде көрсетілген мақсатта шығысталады деп жоспарланған.
Елдімекен ішінде жарықтандырылмаған көшеҒ.Мұратбаев бұрылысы, С.Сейфуллин көшесі бағандарға жарықшамдар орнату, сымдарын жөндеу қызметі;
Елдімекен ішіндегі санитарлық тазалық жұмыстары, аяқ су жүретін арықтарды жөндеуге;
С.Сейфуллин көшесі бойынан жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерге талапқа сай электр бағандарын орнату жұмыстары;
2015, 2016, 2017 жылдары даму жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстар.
2015 жыл- «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 1 бағытына сәйкес ауылдық елдімекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру бойынша клуб үйін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 20 278 мың теңге бөлініп күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Мемлекеттік кәсіпорындарды материалды техникалық жарақтандыру» ерекшелігі бойынша 2,0 млн теңге қаржы бөлініп клуб үйіне сахна киімі алынып көрермендер залы 100 орындықпен қамтамасыз етілді.
«Елдімекенге кіре беріске бас қақпа жасау және орнату» жұмыстарына 1 236,0 мың теңге, «Тағзым алаңын» абаттандыруға 240,0 мың теңге қаржы бөлініп қақпа орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ауыл орталығындағы «Шындалы қожа» мешітін жеке кәсіпкер Самат Ордабайұлы өз қаржысы есебінен талапқа сай жаңадан салып, мешітке қажетті барлық құралдармен қамтамасыз етіп халық игілігіне пайдалануға берді.
2016 жыл -771,0 мың теңге қаржыға ауыл орталығындағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл толуына орай орнатылған ескерткіш белгіні қоршау жұмыстары жүргізілді.
«Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс-шаралар өткізу бағдарламасы бойынша 4 353,6 мың теңге қаржы бөлініп ауылдық клуб ауласы қоршалып, жаздық сахна орнатылды.
«Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде ауылдағы әрбір үйге сервистік жүйеде ауыз су желілері жүргізіліп пайдалануға берілді.
2017 жыл- Жыл басынан бері 14 азамат әлеуметтік, маусымдық жұмыстармен қамтылып, бағдарлама бойынша 25 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, 12 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.
Мамандығы бойынша 5 азамат жастар практикасынан өтті. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2 отбасы қатысты.
Нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қысқа мерзімді оқу курсында яғни ветсанитар, аспаз, сантехник, тігін, шаштараз мамандықтары бойынша 15 азамат қатысты.
«Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша барлығы 9 азамат қатысып, оқып сертификат алған 7 азаматтың бизнес жобасы ұсынылып қорғалып шықты.
1 азамат мал бордақылау мақсатында 1,5 млн теңгемен, 1 азамат наубайхана ашу мақсатында 1,4 млн теңгемен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы қаржыландырылды.
Құмжиек ауылдық округі әкімшілік ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін-21 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша 16 200,0 мың теңге қаржыға жөндеу жұмыстары атқарылды.
Қ.Пірімов ауылы, Т.Ізтілеуов көшесін жарықтандыру жұмыстарына-9 594,0 мың теңге бөлініп, метал бағанды жарықшамдар орнатылды.
2018 жылға Қ.Пірімов ауылын абаттандыру жұмыстары жоспарланды.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ.Пірімов елді мекенінің 2018-2020 жылдарға арналған
ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
№
|
Іс шаралар
|
Аяқталу формасы
|
Жауапты орындаушы
|
Жүзеге асыру мерзімі
|
Шығындар
(млн. тенге)
|
Қаржыландыру көздері
|
Ашылатын жұмыс орны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1. Үйымдастыру іс шаралары.
|
1.1
|
Шаруашылық құрылымдарының кәсіпкерлік белсенділігін бағалау және өндірген өнімнің өткізу рыногын зерттеу.
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат
|
Құмжиек ауыл округінің әкімі
|
2018-2020 жыл
|
|
|
|
1.2.
|
Аудан, ауыл әкімдігі және шаруашылық құрылым жетекшілерімен меморандум жасасу.
|
Меморандум
|
Аудан, ауыл әкімдігі және шаруашылық жетекшілері.
|
2018-2020 жыл
|
|
|
|
1.3
|
Қ.Пірімов елді мекеннің элеуметтік экономикалық даму жоспарын халық жиынында талқылау.
|
Қоғамдық кеңестің хаттамасы
|
Құмжиек ауыл округінің әкімі
|
2018-2020 жыл
|
|
|
|
2. Елді мекеннің экономикалық дамуы.
|
1
|
Қ.Пірімов елді мекеніне спорттық сауықтыру кешенінің құрылысын салу
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат
|
Құмжиек ауыл округінің әкімі, Құрылыс бөлімі
|
2018-2020 ж
|
60,0
|
Бюджет есебінен
|
5
|
2
|
Қ.Пірімов елді мекеніндегі тағзым алаңын күрделі жөндеуден өткізу.
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат
|
Құмжиек ауыл округінің әкімі
|
2019 ж.
|
3,0
|
Бюджет есебінен
|
5
|
3
|
Қ.Пірімов ауылынын кіре беріс көшесінің сол жақ беткейіне жасыл белдеу орнату
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат
|
Құмжиек ауылдық округінің әкімі
|
2018-2019 ж.ж.
|
3,0
|
Жергілікті өзін-өзі басқару есебінен
|
10
|
Индустриалдық – инновациялық жобалар
|
1
|
Шаштараз ашу және тиісті органдарға тіркеу
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат
|
Жеке кәсіпкер
|
2018 ж.
|
1,0
|
«Бастау бизнес» бағдарламасы
|
2
|
2
|
Қоғамдық монша құрылысын салу
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат
|
Жеке кәсіпкер Б.Ысмайл
|
2018 ж
|
8,0
|
«Бастау бизнес» бағдарламасы
|
2
|
3
|
Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығын ашу.
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат
|
Жеке кәсіпкер
|
2018-2020жж
|
3,0
|
«Бастау бизнес» бағдарламасы
|
2
|
1. Елді-мекеннің әлеуметтік инфроқұрылымы
|
1.1
|
Қ.Пірімов елді мекенінің даму сызбасына сәйкес даму аймағына :
|
|
|
|
|
|
|
1.2
|
Қ.Пірімов ауылындағы көшенің жарық шамдарына техникалық қызмет көрсету жұмыстары
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат
|
Құмжиек ауылдық округі әкімі
|
2018 жыл
|
0,1
|
Аудандық бюджет есебінен
|
|
1.3.
|
Электр жарық шамдарын жаңарту
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат
|
Құмжиек ауыл округі әкімдігі
|
2018-2020 жыл
|
16,0
|
Бюджет есебінен
|
|
1.4
|
Қ.Пірімов елді мекеніне кіре беріс жолында орналасқан паспортының жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат
|
Құмжиек ауыл округі әкімдігі
|
2018-2020 ж.
|
3,0
|
Бюджет есебінен
|
5
|
2. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту
|
2.1
|
Қ.Пірімов елді-мекенінен учаскелік полиция пункті ғимаратын салу.
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат
|
Аудандық құрылыс бөлімі
|
2018-2020 ж
|
20,0
|
Бюджет есебінен
|
|
2.2
|
Қ.Пірімов ауыл ішілік 1 көшені ашып, инфрақұрылымын жүргізу
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат
|
ТҮКШ АЖ бөлімі Құмжиек ауыл округінің әкімі.
|
2018-2020 жж
|
30,0
|
Бюджет есебінен
|
5
|
2.3
|
«Қазпочта» ғимаратын салу
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат
|
«Қазпочта» АҚ
|
2019-2020 ж.
|
5,5
|
«Қазпочта» АҚ қаражаты
|
5
|
2.4.
|
Балабақша ғимаратын салу
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат
|
Аудандық құрылыс бөлімі
|
2018-2020
|
10,3
|
Бюджет есебінен
|
10
|
2.5
|
Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу
|
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ақпарат
|
ТҮКШ АЖ бөлімі
|
2018-2020 ж.
|
ЖСҚ сәйкес
|
Бюджет есебінен
|
5
|
Құмжиек ауылдық округі бойынша
жобалық сметалық құжаттары дайын жобалар.
р/с
|
Жоба атауы
|
Жоба құны, мың тг
|
Жобаның әзірленген уақыты
|
1
|
Қ.Пірімов елді-мекенінде көшені жарықтандыру жұмыстарын жүргізу
|
8,076
|
ЖСҚ 2017 ж
|
Жиыны: Қаржы көздері млн, теңге адам саны
Республикалық бюджет - - -
Облыстық бюджет - 90,0 10
Аудандық бюджет - 33,0 15
Несие есебінен- 12,0 6
Жергілікті өзін-өзі басқару- 3,0 10
Құмжиек ауылдық округі әкімі Б.Баймаханов
Достарыңызбен бөлісу: |