«Қызыл телпек» тобының тәрбиешісі Ермаганбетова Г. Б тақырыбы: «Жасыл шырша жанында» Мақсаты



жүктеу 19,03 Kb.
Дата21.01.2022
өлшемі19,03 Kb.
#34268
Ермағанбетова Г


«Қызыл телпек» тобының тәрбиешісі Ермаганбетова Г.Б

Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.


Жүргізуші: - Армысыздар, құрметті ата-аналар. Сәлеметсіздер ме, балалар?! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін.
- Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де, - дей отырып, балабақшамыздың басшысы Сакеева Калимаш Толегенқызының балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін тыңдайық.

Жүргізуші:
- Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу – жыр әні – дей келе «Қызыл телпек» тобының орындауындағы «Шырша» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.
Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық-дей отырып, тобымыздың «Балалық шақ» биін қошеметпен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келеді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Келді Аяз атамыз,
Қасында Ақша қары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз.
Қанеки, балалар, бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні АЯЗ ата мен Ақшақарды ортамызға шақырайық. Хормен: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР. (3 рет)
Жүргізуші: Қош келдіңіз, АЯЗ АТА. Амаңсың ба, АҚШАҚАР?
АЯЗ АТА:
Амаңсыңдар ма, ұлдарым,
Амансыңдар ма қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің.
Асулармен алыстым,
Асау желмен жарыстым.
Шыршамызға асығып,
Өздеріңмен табыстым.
АҚШАҚАР:
Армысыздар, оқушылар, ата-ана,
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын,
Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.

Жүргізуші:Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз.
- Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарықпасын.
Аяз ата бүгінгі келген күндей
Жүздеріңнен қуаныш арылмасын,- дей отырып бүгінгі Жаңа жылдық ертеңгілігімізді балақайларымыздың жаттаған тақпақтарымен жалғастырайық.

1-балақай.

Жаңа жылды қарсы алып,


Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.

2-балақай.

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,


Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын.

3-балақай

Асыға күткен жаңа жыл,


Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа заман, жаңа айлар
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл

4-балақай

Шырша қандай керемет,


Ойыншықтар ілінген.
Жымың қағып шамдары,
Бүкіл қызық тірілген

Жүргізуші:
Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.-дей келе, «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар.
- АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет, өркендерің өссін. Енді Ақшақар екеуміз баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар.
АҚШАҚАР: Сау борлыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар.

Жүргізуші:


Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.

-Олай болса, келесі кезекті «Қар жинау» ойынына берейік. (Балақайлар қар жинау ойынын ойнайды. Жеңімпаз анықталып, сыйлықтар беріледі)


Жүргізуші: -Міне, жаңа 2021 жыл да келді. Жаңа жыл- әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үін беркелі, мерекелі жыл болсын. (Хормен шыршаны айнала «Шырша жыры» әні орындалады )
-Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...
-Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
жүктеу 19,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау