Құқықтары: ұлттық заңнаманы, халықаралық стандарттар мен құқық қолдану



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет3/19
Дата28.12.2019
өлшемі0,64 Mb.
#25257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19



Қазақстан аумағына заңды келіп жатқан еңбекші-мигранттар отбасыларының қайта қосылу 

құқықтарын іске асыру үшін елеулі кедергі де жоқ.

5. Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау 

туралы Халықаралық Конвенцияда және ХЕҰ № 143 Конвенциясында көзделген денсаулық 

сақтау мен балаларға білім беруге тең құқылы мүмкіндікті қамтамасыз ету жөніндегі сая-

сатты әзірлеу және іске асыруға қатысты, мынаны атап өту қажет. Еңбекші-мигранттардың 

Қазақстанда  денсаулық  сақтау  және  білім  беру  салаларындағы  қызметтерді  пайдалануға 

белгілі бір мүмкіндіктері бар, және осы жағдайлардың екеуінде де, тиісті құқықтар ұлттық 

заңнамада бекітілген, соңғысы көбінесе денсаулық сақтау мәселесіне қатысты. 

6.  Қазақстанда  еңбекші-мигранттардың  зейнетақымен  қамсыздандыру  және  міндетті 

әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қол жеткізу құқығы жоқ. Бұл мұндай тиісті мүмкіндіктердің 

Қазақстанда  тұрақты  тұру  құқығын  алған  адамдарға  ғана  берілуімен  байланысты.  Тіп-

ті, екі жағдайда да, жұмыс беруші еңбекші-мигранттар бойынша тиісті төлемдерді жүзеге 

асыру  міндетінен  босатылған.  Осыған  орай,  қолданыстағы  Қазақстанның  қолданыстағы 

заңнамасының  шетелдік  қызметкерлердің  әлеуметтік  сақтандырылу  құқықтарына 

қатысты ережелерінің Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің 

құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенциясы, ХЕҰ №118, №143, №157 конвенция-

лары белгілеген халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтінін атап өту қажет. Дегенмен, 

қызметкердің еңбек міндеттерін атқару кезінде, оның өмірі мен денсаулығына келтіріліген 

зиянды өтеу құқығына келетін болсақ, еңбекші-мигранттар ұлттық заңнамаға сәйкес жер-

гілікті қызметкерлер пайдаланатын құқықтарды пайдалана алады.

7. 2006 жылғы 1 тамыздан бастап 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Қазақстанда 

ТМД елдерінен келген жүйесіз еңбекші-миранттардың еңбек қызметін заңдастыру жөніндегі 

бір  жолғы  акция  (көші-қон  рақымшылығы)  өткізілген  болатын.  Ішкі  істер  органдарында 

тіркеуден өткен жағдайда, ел аумағында заңды түрде болған, бірақ бұған дейін жұмыс бе-

рушілер  тиісті  рұқсат  алмай,  Қазақстанда  еңбек  қызметін  жүзеге  асырған  еңбекші-миг-

ранттар тіркелу және кейіннен үш жылдан аспайтын кезеңге еңбек қызметін заңды негізде 

жүзеге асыру құқығын алды. Сонымен бірге, заңдастырылған еңбекші мигранттар ұлттық 

еңбек нарығына еркін қатынау құқығын алмады. Оларға бар болғаны оларды тіркеу рәсімін 

жүзеге асырған жұмыс берушімен заңды еңбек қатынастарына ауысу мүмкіндігі ғана беріл-

ді. 





II. ҚАЗАҚСТАНҒА КӨШІ-ҚОН: НЕГІЗГІ ДЕРЕКТЕР

2.1. Қазақстан еңбек көші-қонының бару елі ретінде

Соңғы жылдары Қазақстан еңбек көші-қонының шығу елі дәрежесінен шетелдік жұмыс 

күші  легі  белсенді  келіп  жатқан  елдер  тобына  өтті.  Негізгі  себеп  Қазақстанда  2000-шы 

жылдардан басталған экономикалық өсу және сонымен байланысты жұмыс орындарының 

көбеюі, жалақы деңгейі мен халықтың табыстарының өсуі болды. Ішкі еңбек нарығында 

жұмыс  күшінің  тапшылығын  туындататын  тағы  да  бірқатар  себептер  бар.  еңбекақы 

деңгейінің төмен болуы себепті жергілікті халық арасында төмен біліктілікті жұмыстарға 

сұраныс  жоқ,  мәселен,  ауыл  шаруашылығында,  құрылыста,  қызмет  көрсету  саласында. 

Анағұрлым жоғары біліктілікті талап ететін кәсіптерде өткен ғасырдың 90-шы жылдарын-

да экономикалық дағдарыс салдарынан білікті кадрлар мен арнаулы білімі бар жастардың 

көптеп кетуі орын алды, мәселен, сауда және қызмет көрсету саласына; олардың көпшілігі 

елден жырақ кетті. Сонымен бірге, таяу болашақта Қазақстан өткен ғасырдың 90-шы жыл-

дары орын алған және еңбек нарығына шығатын жас адамдар санының елеулі төмендеуіне 

әкеп  соқтыратын  туу  деңгейінің  күрт  төмендеуінің  зардаптарына  душар  болады

3

.  Оны 


төменде келтірілген кестеден анағұрлым айқын көруге болады.    

2.1-кесте 



 Халықтың жас құрылымындағы балалар мен жастар топтарының үлесі 

(жыл басына)

Көрсеткіш

Жылдар

2003

2004

2005

2006

2007

Халықтың саны, мың ад. 

14866,8

14951,2


15074,8

15219,3


15396,9

Оның ішінде 1000 адамға шаққанда 0-

14 жастағылар үлесі

257,1


250,3

245,5


241,8

239,8


Оның ішінде 1000 адамға шаққанда 15-

19 жастағылар үлесі

103,4

105,2


105,1

103,7


101,1

Оның ішінде 1000 адамға шаққанда 20-

24 жастағылар үлесі

86,7


88,1

90,4


93,2

96,2


Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі. Астана, 2008.

Жоғарыда  келтірілген  деректер  көрсеткендей,  қаралып  отырған  кезеңде  20-24  жас 

аралығындағы  жастар  тобының  жалпы  халық  құрылымындағы  үлесінің  көбею  үрдісі 

байқалады - 2003 жылғы 8,67 %-дан 2007 жылы 9,62 %-ға дейін. Бұл өткен ғасырдың 80-

ші  жылдары  туылған  жастардың  1995  жылдан  бастап  еңбек  нарығын  өспелі  қарқынмен 

толықтырып келді. Алайда, балалардың жас топтары (10-14 жастағы) туралы сөз болғанда, 

біз  оның  жалпы  халық  құрылымындағы  үлесінің  төмендеу  үрдісін  байқаймыз,  тіпті,  15-

19 жастағы жастар тобының азайып келе жатқаны да байқалады. Себебі, өткен ғасырдың 

90-шы жылдары Қазақстанда туу деңгейі төмендеп кетті, ол, ең алдымен, халықтың өмір 

сүру деңгейінің күрт төмендеуімен байланысты. Сонымен, соңғы кезеңдерде 15-19 жастағы 

жастар тобы санының азаю үрдісі байқалатын болады, соңыра бұл үрдіс 20-24 жас тобына 

ауысады, олардың үлесі мен санының ең көп азаюы 2010-шы жылдардың соңы -2020-шы 

жылдардың басына қарай орын алады.



Демографиялық  жүктеме  коэффициенттері (еңбекке қабілетті жастан  кіші және үлкен 

халықтың үлесі) елдегі жұмыс күшін  толықтыру  нақты сипатын бермейтіндігін атап өту керек.  1998 

–ден 2001 жылға дейін  еңбекке қабілетті жастан  жоғары жас  топтарында  зейнетке шығу жасын 5 

жылға кезеңдеп  арттыру жүргізілді. Еңбекке қабілетті жасқа жетпеген жас топтары жағдайында, 

өткен ғасырдың 90-шы жылдары  туу деңгейінің күрт төмендеуі мен 2000-жылдары  туу деңгейінің 

өсуінің салдарлары байқалуда. Сонымен бірге, заң бойынша еңбекке қабілетті жас мөлшері (16 жас) мен  

көптеген жастардың  еңбек нарығына  іс жүзінде шығатын  жасы (20 жастан кейін)  аралығындағы елеу-

лі айырмашылық бар екендігін де ескерген жөн.   



жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау