Құқықтары: ұлттық заңнаманы, халықаралық стандарттар мен құқық қолдану



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет8/19
Дата28.12.2019
өлшемі0,64 Mb.
#25257
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

1

өзінің  аумағында  заңды  түрде  тұратын  еңбекші-мигрантқа  қолданылмайды  -  Барлық 

еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы 

Халықаралық конвенция, 52-бап 3-тармақ

Ұйымның  әрбір мүшесі:

а) еңбекші-мигрант  оның аумағында  жұмыс алу мақсатымен  екі жылдан аспайтын,  

ұйғарымды  кезең ішінде заңды тұрып, ал егер заңнама немесе ережеде контракт екі жыл-

дан кем белгілі бір мерзімге көзделсе, онда қызметкер жұмысын бірінші контракт бойын-

ша аяқтайтындай етіп, оларға географиялық жүріп-тұру құқығын қамтамасыз ете оты-

рып, еңбекші-мигранттардың жұмысты еркін таңдауын іске асыра алады  – ХЕҰ № 143 

Конвенциясының 14-бабы 

Жалпы жағдайда, Қазақстан заңнамасына сәйкес елде тұруға рұқсат алған иммигрант-

тар тиісті мәртебе

34

 алған сәтінен бастап жұмысқа орналасуға қатысты елдің азаматтарымен 



теңдей құқыққа ие болады. Алайда, жоғарыда көрсетілгендей, ұлттық заңнамаға сәйкес олар 

еңбек мигранттарына жата алмайды. Сонымен бірге, ұлттық еңбек заңнамасы Қазақстан Рес-

публикасы аумағына уақытша келетін шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға 

қатысты шектеулер белгілейді. Соңғылары, Еңбек кодексіне

35

 сәйкес, жұмыс беруші шетел-



дік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның

36

 тиісті рұқсатын алған жағдайда 



ғана еңбек шартын жасасу құқығына ие болады. 2.3-кіші бөлімде көрсетілгендей, Қазақстан 

заңнамасы  тиісті  рұқсат  алған  және  тартылатын  еңбекші-мигранттардың  тізімі  бекітіл-

ген  жағдайда  жұмыс  берушінің  шетелдік  жұмыс  күшін  уақытша  негізде  тарту  құқығын 

айқындайды.  Еңбекші-мигранттардың  заңды  негіздегі  еңбек  қызметінің  еңбек  нарығына 

алғашқы қатынауы шеңберінде аяқталуы, кейіннен оның Қазақстанда жұмыс таңдау еркін-

дігіне негіздеме ретінде қаралмайды. Жалпы, жұмыс берушіге рұқсат беруге негізделген, 

елдегі осының алдындағы тәжірибенің Қазақстандағы еңбек көші-қонын заңнамалық рет-

теу  аясында,  шетелдік  қызметкерлердің  алдыңғы  жұмыс  тәжірибесі  шетелдік  азаматтар-

ды  жалға  алушы  жұмыс  беруші  үшін  ғана  маңызы  бар.  Бұған  қоса,  қолданыстағы  Ше-

телдік  жұмыс  күшін  тартуға  рұқсаттар  беру  ережесінде  жұмыс  берушілерге  шетелдік 

қызметкерлерді біртіндеп жергілікті кадрлармен

37

 



ауыстыру жөнінде айтарлықтай қатаң та-

лаптар қояды. Бұл тұрғыдан алғанда, қарастырылып отырған, ХЕҰ № 143 Конвенциясын-

да және Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын 

қорғау  туралы  Халықаралық  конвенцияда  айтылатын,  белгілі  бір  кезең  өткеннен  кейін 

еңбекші-мигранттардың  жұмысты  еркін  таңдау  құқығы  Қазақстан  заңнамасының  іргелі 

тәсілдерінен өзгеше. Еңбекші-мигранттың жұмысқа орналасуға бастапқы және одан кейінгі 

талаптануы шектерінде, ұлттық заңнамаға сәйкес, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты 

бар жұмыс беруші ұсынған еңбек нарығына ғана қатынай алады. 



3.5. Еңбекші-мигранттардың жұмыс орнын ауыстырған 

жағдайдағы құқықтары

ХЕҰ № 143 Конвенциясы сияқты Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы 

мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенция да елге заңды түрде кел-

ген жұмысшы-мигранттар жұмыстан айрылған жағдайда, бұрын ие болған құқықтарының 

сақталуына  қатысты  ережелерді  қамтиды.  Ең  алдымен,  бұл  алғаш  рұқсат  берілген  кезең 

ішінде елде одан әрі болу, сондай-ақ осы кезеңде жаңа жұмыс іздестіру және алу құқығына 

қатысты. 

34  Халықтың көші-қоны туралы Заңның  10-бабы. 

     35  26-баптың 4) тармақшасы. 

     36  Жергілікті атқарушы органдарда тиісті функцияларды  жұмыспен қамту және  халықты 

әлеуметтік қорғау  саласындағы  функцияларды жүзеге асырушы  арнаулы департаменттер атқарады. 

    37  Үкіметтің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысы



1

38  Үкіметтің  2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 1242 қаулысына Қосымшаның 34-тармағы. 

     39  Қолданыстағы Квота белгілеу ережісі, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға 

жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінің 26-тармағы. 

     40  52-баптың  2b-тармағы. 

1.  Еңбекші-мигрант  жұмыспен  қамтылу  мақсатымен  елде  заңды  негізде  тұрған 

жағдайда, өзінің қарапайым жұмыстан айрылу жайты үшін ғана заңсыз тұрған немесе 

ереженің құқықтық нормаларын бұзушы тұлға ретінде қаралмайды, өйткені, бұл тұруға 

рұқсаттың  немесе  қажет  болған  жағдайда  оның  жұмыс  істеу  құқығының  жойылуына 

әкеп соқпайды.

2. Сәйкесінше, ол жұмыспен қамтамасыз ету, басқа жұмыс беру, сондай-ақ жұмыссыздық 

жағдайында  уақытша  жұмыспен  қамтамасыз  ету  және  қайта  даярлау  кепілдіктеріне 

қатысты өтініш беруде жергілікті халықпен бірдей теңдікті пайдаланады - ХЕҰ № 143 

Конвенциясының 8-бабы.

2. Жал бойынша жұмыс істеу мемлекетінде сыйақылы қызмет түрін еркін таңдауға 

рұқсат берілетін еңбекші-мигранттар олардың жұмыс істеуге берілген рұқсаттары неме-

се сол сияқты рұқсаттардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сыйақылы қызметінің 

тоқтауына  байланысты  тұрақты  мәртебесін  немесе  оған  тұруға  берілген  рұқсаттан 

айрылған болып есептелмейді. 

3. Осы баптың 2 –тармағында аталған еңбекші-мигранттарға сыйақылы қызметтің 

басқа түрін іздеу үшін жеткілікті уақыт беру мақсатында  тұруға рұқсат  ең болмағанда 

жұмыссыздық  бойынша  жәрдемақы  алу  құқығына  ие  бола  алатын  мерзімге  сәйкес 

кезең  бойы  күшін  жоймайды  –  Барлық  еңбекші-мигранттардың  және  олардың  отбасы 

мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенцияның 49 бабының 2-және 3-

тармақтары.

Қазақстан  Республикасының  Халықтың  көші-қоны  туралы  заңының  5-бабы  еңбек 

нарығындағы  жағдайға  байланысты  Қазақстан  Республикасының  аумағына  заңды  түрде 

жіберілген еңбекші-мигранттарды елден шығарып жіберуге тыйым салуды қамтиды. Бұл 

заңнамалық  ереже  алғашқы  жұмысқа  орналасқан  жері  бойынша  жұмысынан  айрылған 

жағдайда еңбекші-мигрант елде болуға рұқсат берілген кезең (визаның қолданылу мерзімі 

не Қазақстанмен визасыз режимі бар елдердің азаматтары үшін төлқұжатты тіркеу мерзімі) 

ішінде елде болу құқығын сақтайтынын білдіреді. Алайда, мұндай жағдайда тиісті санат 

пен біліктілігі бар шетелдік қызметкерлерге беріліп қойған рұқсаттар көлемі шегінде бос 

орындары бар жұмыс беруші мигрантттардың заңды жұмысқа орналасу мүмкіндігін шек-

тейді. Іс жүзінде жұмысқа заңды орналасу мүмкіндігі 2008 жылғы 1 маусымда күшіне енген, 

өзгертілген ережелерге

38

 сәйкес тартылатын шетелдік қызметкерлердің



39

 өзгертілген тізбе-

лерін растау жөнінде тиісті жұмыс берушіге қойылатын талаптармен қиындатылған, қалған 

мерзімге  бірінші,  екінші  және  үшінші  санаттағы  қызметкерлер  ауыстырылған  жағдайда, 

жеңілдетілген талаптар бойынша жаңа рұқсат алу қажет.

 3.6. Білімі және біліктілігі туралы шетелдік құжаттарды тану

Еңбекші-мигранттарға  қатысты  қазіргі  заманғы  халықаралық  стандарттар,  олардың 

жұмысқа  жалдау  елінен  тыс  жерде  алған  кәсіптік  біліктілігін  тану  туралы  ережелерді 

қамтиды. Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын 

қорғау туралы Халықаралық конвенцияда қатысушы-мемлекеттер еңбекші-мигранттардың 

өздерінің  аумағынан  тыс  жерлерде  алған  кәсіптік  біліктілігінің  танылуын  қамтамасыз 

етуге  ұмтылуға  тиіс

40

  деп  көрсетілген.  ХЕҰ  №  143  Конвенциясының  14-бабына  сәйкес 



Халықаралық  еңбек  ұйымының  әрбір  мүшесі  «өкілдікті  ұйымдармен  консультациялар-

дан  кейін  өзінің  аумағынан  тыс  жерде  алынған  кәсіптік  біліктілікті,  оның  ішінде  аттес-

таттар мен дипломдарды тану шарттарын реттей» алады. Еңбек көші-қоны саласындағы 

ынтымақтастық және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау туралы 1994 жылғы ТМД 

Келісімі дипломдар мен білімі және кәсіптік біліктілігі туралы өзге де құжаттар мен еңбек 



жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау