Ұсынылатын әдебиеттер:
[1]/[1,3,4,11,12]
Бақылау сұрақтары
РМ-де объектіні қою үшін қандай команда орындаймыз?
Қандай объектілер қою мүмкіндігі бар?
Мәтін үстіне объектіні орналасатырудың неше тәсілі бар?
Зертханалық жұмыс № 12
Тақырыбы: Adobe PageMaker-де кескіндермен жұмыс істеу
Мақсаты: Adobe PageMaker-де кескіндермен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру. Кескіндерді орнына қоюды үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
ДК, Adobe PageMaker
Қысқаша теориялық нұсқау:
Кескін графикалық редакторда жасалынған (салынған) немесе сканерлеу жолымен алынған болуы мүмкін. Кейін ол графикалық пішімдердің – tif, gif, jpg, bmp, wmf, eps, emf — бірінде сақталады.
Кескінді жарияланымда орналастыру үшін, Файл => Орналастыру (Поместить) командасын орындалады.
Тапсырма:
Қосымша №15 тапсырмасын орындаңыз.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Жаңа басылым құрыңыздар:
Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;
Бет түрі (Ориентация) – альбом түрі;
Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;
Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое) - 20, жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.
Файл – Орналастыру командасын немесе Ctrl+D пернелерін басыңыз. Келесі Орналастыру сұқбат терезесі ашылады (Сурет 35):
Сурет 35. Орналастыру терезесі
Собачка.jpg файлын Менің құжаттарым бумасынан таңдаңыз. Ашу батырмасын басыңыз, басылымын ашыңыздар. Кескінді қою белгісі пайда болады. Тышқанның сол жақ батырмасымен басылымға шертіңіз.
Кескіннің өлшемі үлкен болып орналасады. Кескінді белгілеп, пайда болған бұрыштарындағы қара маркерлер көмегімен көлемін қосымшадағыдай етіп азайтамыз (Қосымша №15). Екінші тәсілі Басқару тақтасында кескіннің ені мен биіктігін беретін өрістерге 50 мәндерін енгізіп Enter пернесін басамыз. Кескін көлемі азайды.
Егер кескін анық болмай бұлыңғыр немесе сұр төртбұрыш түрінде шықса, онда Файл – Реттеу (Настройки) – Негізгілер (Основные) командасын орындаймыз. Келесі Реттеу (Настройки) сұқбат терезесі ашылады (Сурет 36). Осы терезеде Экрандағы кескін (Изображение на экране) тізімін қараңыздар.
Сурет 36. Реттеу терезесі
Плашек түрдегі кескін шапшаң жұмыс жасау үшін сұр төртбұрыш тәріздес болады:
Стандарт түрдегі кескіндердің барлық нүктелері анық емес және түсі бұлыңғыр болып келеді;
Үлкен мүмкіндікпен (С высоким разрешением) кескіннің дәл анық және берілген түспен көрсетілуін қадағалайды.
Басылым тақырыбын ЖАНУАРЛАР деп енгізіңіз. Тақыры параметрлері:
Қаріп аты (Шрифт) - Courier New;
Өлшемі – 36;
Түрі –жартылай қарайтылған;
Түсі – BLАСК, өңділігі – 100%.
Кескіннің маңайына мәтін орналастыру үшін объектілермен жұмыс жасағандағы секілді, жанама мәзірден Мәтін қою (Наложить текст) командасын орындап, қажет параметрлерін орнатамыз. Енді осы тәсілмен кескіннің бетіне ИТ сөзін Қосымша №15 етіп орналастырыңыздар.
Қалған екі кескінді жоғарыда орындаған ретпен орналастырыңыздар. Кескіндерді алу үшін Зайка.jpg және Кошки.jpg файлдарын Менің құжаттарым бумасынан таңдаңыздар.
Соңғы кескінді және ҚОЯН сөзін объектіні бұру құралы арқылы бұрып, қосымшадағыдай түрге келтіріңіз.
Басылымды ЖАНУАРЛАР атымен сақтаңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
[1]/[1,3,4,11,12]
Бақылау сұрақтары
Кескіндермен қандай жұмыс жүргізуге болады?
Кескіндерді қалай орналастыру керек?
Кескін өлшемін өзгерту үшін не қажет?
Зертханалық жұмыс № 13
Тақырыбы: Adobe PageMaker-де көп бетті жарияланыммен жұмыс істеу (2 сағ)
Мақсаты: Adobe PageMaker-де көп бетті жарияланыммен жұмыс істеп үйрену. Беттер қосудың, алудың әдістерін меңгеру
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
ДК, Adobe PageMaker
Қысқаша теориялық нұсқау:
PageMaker-де көп бетті басылыммен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Кез келген мәтіндік редакторда терілген құжатты беттеу керек болса, оны Adobe PageMaker-де ашып, өңдеуге болады. Басылымның неше беттен тұратынын терезенің сол жақ төменгі бұрышынан көре аласыз. Жаңа беттер қосуды немесе жоюды бет нөмері үстіне барып, жанама мәзірден Беттер қою (Вставить страницы), Беттерді жою (Удалить страницы) командаларын орындау арқылы немесе мәзір қатарынан Жоспар (План) - Беттер қою, Жоспар (План) - Беттерді жою командалары арқылы орындауға болады (Сурет 37).
Сурет 37. Бет қосу
Тапсырма:
Қосымша №16 тапсырмасын орындаңыз.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Жаңа басылым құрыңыз.
Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;
Бет түрі (Ориентация) – кітап түрі;
Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;
Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое) - 20, жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.
Бірінші беттің нөмірі — 1.
Жаңадан 10 бет қосыңыз.
Файл – Орналастыру командасын немесе Ctrl+D пернелерін басыңыз. Менің құжаттарым бумасынан АҚПАРАТ.doc мәтіндік файлын таңдап, Ашу батырмасын шертіңіз.
Мәтіндік блоктармен жасаған жұмысты еске түсіре отырып, блокқа сыймай тұрған мәтінді келесі беттерге көшіріңіз. Бос қалған беттер болса оларды жойып тастаңыз.
АҚПАРАТ сөзін теріңіз:
Қаріп аты (Шрифт) - Courier New;
Өлшемі – 48;
Түрі –жартылай қарайтылған;
Түсі – RED, өңділігі – 90%.
Осы сөзді 450-қа бұрып, әр бетке көшірмесін алып орналастырып шығыңыз. Осы сөзді мәтіннің арт жағына орналастырыңыз.
Көпбетті басылымды фреймдарды қолданып беттеңіздер. Ол үшін құралдар тақтасынан көпбұрышты фреймді таңдап салыңыз. Осы құралдың жанама мәзірінен Көпбұрыштың орнатылымдары (Установки многоугольника) командасын таңдаңыз. Келесі сұқбат терезесі ашылады (Сурет 38):
Сурет 38. Көпбұрышты орнату терезесі
Осы терезедгі параметрлерді орнатып, ОК батырмасына шертіңіз.
Салынған көпбұрышты фреймді тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шертіңіз. Сонда фрейм төбелерінде төртбұрышты маркерлер пайда болады. Осы маркерлер көмегімен фрейм төбелерінің координаталарын өзгертуге болады.
Фреймнің түсін, шектеуінің түсін, түрін өзгертіңіз.
Объектіні мәтіндік блоктың арт жағына орналастырыңыз. Осы әрекетті әр түрлі фреймдарды пайдаланып көпбетті басылымның әр бетіне орналастырыңыз (Қосымша №16).
Басылымды АҚПАРАТ деген атпен сақтаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
[1]/[1,3,4,11,12]
Бақылау сұрақтары
Көп бетті мәтін қалай жүктеледі?
Басылым беттері бойынша жылжу қалай іске асырылады?
Беттерді қосу және жою қалай жасалады?
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРЫ
Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №1
Тақырыбы: Қазіргі заманғы басылымдарға талдау жасау (1 сағ)
Мақсаты: Қазіргі заманғы баспа жүйелерін ДК пайдалана отырып, практикада қолдану
Тапсырма:
ТП MS Word қолдана отырып, Сурет 1 көрсетілген тапсырманы орындаңыз.
Сұрақтар:
Компьютерлік беттеуге қатысатын объектілер қайдан алынады?
Қандай баспа жүйелерін сіздер білесіздер?
Мәтіндік редактолар мен баспа жүйелерінің айырмашылығы мен ұқсастықтары неде?
Мәтіндік процессорда қандай операцияларды орындаған қолайлы?
Баспа жүйелерінде қандай операцияларды орындаған қолайлы?
Тапсыру формасы:
Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Келесі суретте (Сурет 1) жалпы құжатты құрайтын жекелеген объектілердің шектеулері көрсетілген. Әрбір объектінің еркін орнын ауыстыруға болады. Объектілер әр түрлі қабаттарда орналаса алады.
Мәтіндік болкқа үстінен басқа объект әкеліп қойса, мәтін сол объектіні жағалай орналсады.
Мәтіндік объектілер тіктөртбұрышты формаға ие және мәтін енгізуге арналған. Мәтіндер байланысқан бола алады. Бұл жағдайда мәтін бір блоктан екіншісіне көше береді.
Графикалық объектілер алдын-ала дайындалған кескіндерді қоюға арналған.
Графикалық объектілерді тек тіктөртбұрышты етіп қана орналастырмайды, ол автордың өз еркінде.
Тек дөңгелек, төртбұрыш, сопақша формалардан басқа еркін түрдегі формаларды да қолданады.
Баспа жүйелерінде стандартты элементтерде кеңінен қолданылады. Солардың бірі – түзулер.
ЕСКЕРТУ: Бірнеше үлкен өлшемді күрделі суреттерді біріктіру кезінде қиындықтар тууы мүмкін. Осы жұмысты жеңілдету үшін объектілерді топтау қолданылады.
Ұсынылатын әдебиеттер
[1]/[1,5,6,7]
Сурет 1
Достарыңызбен бөлісу: |