Сурет 4. Microsoft Office Publisher 2003 терезсі
Бұл терезе Microsoft Office Publisher 2003-тің негізгі терезесі болып табылады. Бірінші жол – тақырып жолы. Онда қосымшаның атауы және басқару батырмалары орналасқан. Екінші жол – меню қатары. Үшінші жол – стандартты саймандар тақтасы. Бұл тақтада басылымдарды ашу, сақтау, алдын-ала көру, кері қайтару, өшіру, қиып алу, қою т.б. саймандар орналасқан. Төртінші жол – форматтау тақтасы. Онда қаріпті форматтауға керекті саймандар орналасқан. Келесі жұмыс аумағы орналасқан. Онда құрылатын жариялыммен (публикациямен) жұмыс жасаймыз. Соңғы жол – қалып күй қатары. Бет нөмері және объектінің орналасуын көрсетеді. Келесі суреттерден (Сурет 5, 6, 7, 8, 9, 10) Microsoft Office Publisher 2003 қолданылатын тақталарды көре аласыз:
Достарыңызбен бөлісу: |