Қауіпті ісіктерді емдеу. Қазіргі уақытта қатерлі ісіктерді емдеуде төмендегі әдістер хирургиялық, сәулемен емдеу, химиятепария және гормондар терапиясы қолданылады.
Хирургиялық емдеу әдістері көбірек негізгі әдістер болып саналады және көбінесе ішкі мүшелердің (өңештің, асқазанның, өкпенің, жатырдын т.б) ісікке шалынуында қолданылады. Емдеудің бұл түрінде мүшелер және аймақтық лимфатикалық бездер және жақын шелдер, майлар мүшенің бір бөлімі сау тканьдар шекарасынан бір блок етіп сылып алып тасталынады (негізгі операция). Паллиативтік операциялар науқастың жағдайын тек уақытша жеңілдетуге ғана бардарланады және орын ауыстырған ісіктерді қалдырып, бірінші ісікті алып тастаудан немесе науқастың тынышын алатын басты белгіні жоқ қылудан, мысалы, асқазан не ішектер рак болғанда айналма ұштастыруғ жалғастыру немесе (тесіктер) қойылуы қажет болып табылады.
Сәуле терапиясы емдеудің өз алдында бөлек түрі ретінде немесе хирургиялық, гормоналдық және химиотерапиялық емдеумен жалпыланып қолданылады.
Ионизациялаушы сәуле спектрінің көп түрге ие болғандығы себепті, сәуле терапиясының барлық әдіс, тәсілдері қолданылуына қарай шартты түрде үш топқа бөлінеді:
Сырттан тері арқылы сәулелендіру әдісі;
Сәуле көзін табиғи тесіктерге (ауыз қуысына, жатырға, өңешке, қуыққа т.б) немесе жасалма қуыстарға жіберуге арналған сәулелендірулер;
Ткань ішін (ісік ішін) сәулелендіру әдістері қолданылады.
Соңғы жылдары химиотерапия айтарлықтай кең таралды, бұнда қатерлі клеткаларға таңлап, әсер ететін арнаулы дәрі – дәрмектер қолданылады. Көбінесе ТиоТЭФ, эмбихин, ДОФА, сарколизин, лофенал, колхамин т.б жиі пайдаланылады.
Қатерлі клеткаларды жок ету үшін химиялық дәрілерді үлкен дозаларда жіберуге тура келеді, бұл олардың улы әсеріне байланысты ағзаға зиян болады.
Бір қатар қатерлі жаңа пайда болған ісіктерде гормондар терапиясы жүргізіледі. Мысалы, сүт безі рагінде еркектердің жыныс гормондары – андрогендер, еркектердің безі рагінде – әйелдердің жыныс гормондары (эстрадиолдар) қолданылады. Басқа да әдістермен қосылып, гормондар терапиясы жақсы нәтиже береді. Бағдарланған терапия қаншама ертерек қолданылса, нәтижесі соншама жақсырақ болады.
Қатерсіз ісіктер хирургиялық жолмен алып тасталынады. Қатерсіз ісіктің қатерлі ісікке айналуының мүмкін екендігін есте сақтаған жөн, сондықтан оны алып тастау қатерлі ісікке айналуының алдын алу болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |