Қысқартылған сөздер тізімі



жүктеу 311,28 Kb.
бет11/24
Дата22.01.2022
өлшемі311,28 Kb.
#34852
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Астениялық синдром, өршімелі сал ауруы, қантамырлық психоздар. Геронтологиялық психиатрия.

Ішті жүргізуші нәтиже. Таңғы астан 1 сағат бұрын 1 стақан шырын, итмұрын тұндырмасы немесе бөлме температурасындай қайнаған су ішу, ал ұйықтар алдында 1 стақан айран ішу ұсынылады. Тамақ рационының кало-риясын шектеу үшін калориясы жоғары тамақтарды қолдану: міндетті түрде қантты, тұз, май және майлы тағамдарды аз қолдану керек. Рафинирленген қанттың орнына ас қорыту жолдарында тез сіңірілетін, жеңіл тыныштан-дырушы әсер беретін, іш қатуды болдырмайтын балды қолданған дұрыс.

Тамақтанудың атеросклерозға қарсы бағыты тамақтың жалпы калория-сын төмендету және май алмасуды қалыпқа келтіретін тамақтарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Өсімдік майының көлемін көбейту ұсынылады (сөткесіне 2 ас қасыққа дейін сұйық май, зәйтүн майы, жүгері майы). Олар-дың құрамындағы биологиялық белсенді заттар (қанықпаған май қышқыл-дары, фосфатидтер және фитостериндер) бірігіп холестерин алмасуға қолай-лы әсер тигізеді (холестеринді тамақпен бірге сөткесіне 300 мг-ға дейін қолдануға рұқсат етіледі). Сонымен қатар, сұйық майдың жақсы өт айдаушы және ішті жүргізуші әсері бар.

Дәрумендер, микроэлементтер және атеросклерозға қарсы белсенді заттар ретінде диетаға теңіз қырыққабатын қосу ұсынылады. Науқастарға дәріханадан теңіз қырыққабатының ұнтағын сатып алуға болады (қантты ламинарии). Жас теңіз қырыққабатымен Жапония, Ақ теңіз жағалауының тұрғындары тамақтанады және оларда жүрек-қан тамыр ауруларының даму жағдайлары неғұрлым сирек кездеседі.

Өсімдік клетчаткасы. Егде жастағы адамдарға өсімдік клечаткасының жалпы мөлшері сөткесіне 25-30 г. Тамақтың талшықты заттары (құрамында клечатка және пектинді заттар бар күрделі көмірсулар және т.б.) тамақ және токсикалық заттарды адсорбция жасап, ішектің бактериялық құрамын жақ-сартады. Тамақ талшықтарының әсерінен жүретін ішектің моторлық қыз-метінің белсенділенуі, үлкен дәреттің қалыпқа келуі дивертикулёз және қатерлі ісіктердің алдын-алудың шынайы шаралары болып табылады. Дивертикулит (лат. diverticulum – басқа жаққа жол, тармақталу) – қуыс мүшенің қабырғасының томпаюы (ішек, өңеш, несеп ағар және т.б.).

Дәрумендер. Қартайған организмнің гомеостазын қолдауда дәрімен-дердің маңызы зор. Жасырынды гиповитаминоз егде жастағы адамдарда қантты диабет, полиурия, іштің жиі өтуі, инфекциялық аурулар кезінде байқалады. Құрамында дәнді дақылдар және жаңадан піскен жемістер бар толық тамақтану режимі рационды дәрумендермен байытуға мүмкіндік береді. Тіпті жаз және күз мезгілдерінде де егде жастағы адамдар қосымша дәруменді препараттарды қолданғаны жөн.

Минералды заттар. Жас ұлғайған сайын организмде минеральды заттардың кейбіреулері төмендеп, басқалары жиналып отырады. Мысалы, калий және натрий қатынасының өзгеруінен организмде сұйықтық жиналып жүрек-қан тамыр және зәр шығару жүйесінің қызметіне теріс әсер етеді. Егде жастағы адамдар калий тұздарының жетіспеуіне өте сезімтал болады, оларды гипокалиемия тез дамиды, әсіресе зәр айдайтын препараттарды қолдану кезінде. Гипокалиемияның клиникалық көрінісіне жүрек ырғағының бұзы-луы, бұлшық ет тонусының әлсіреуі, суыққа сезімталдылықтың жоғар-лауы, бұлшық еттердің тырысуы (әсіресе түнгі уақытта аяқ бұлшық еттерінің), зәр қышқылдылығының және бүйректің концентрациялық қыз-метінің төмендеуі жатады. Натрийдің аз мөлшері және калиийдің көп мөлшері бар нағыз тамақ өнімдеріне көкөністер (картоп және т.б.), жемістер (банан, апельсин) құрғақ жемістер (қара өрік, мейіз, кептірілген өрік) жатады.

Жас ұлғая келе адамдарда минеральды заттардың құрамының төмендеуі аясында кейбір мүшелерде тұздардың көп мөлшерде жиналуы – мысалы, қартайған организм тамыр қабырғасына кальцийді жинауға қабілетті, деген-мен кальцийдің жетіспеушілігі кәрілік остеопороздың негізгі бір себебі бо-лып табылады. Егде жастағы адамдар организміне кальцийдің қалыпты мөл-шерде түсуі орта жастағы адамдарға қажетті мөлшермен бірдей (800-1000 мг/сөт). Жеңіл сіңірілетін кальций көзі – сүт, ашытылған сүт өнімдері, ірімшік.



Кулинарлы өңдеу. Қарт жаста шайнау аппараттары өзгеріске ұшыраған-дықтан тамақты кулинарлы өңдеу және тәсіліне және тамақ өнімдерін таңдаудың ерекше талаптары пайда болады. Тартылған ет, балық, ірімшік ас қорыту ферменттерінің әсеріне жеңіл ұшырайды. Ал көкөністерден – қызылша, сәбіз, кәді, түсті қырыққабат, қызамық, картоп (езілген түрде). Қауданды қырыққабат тамақ рационында шектелу керек, себебі оны көп қолданғанда ішекте ашу үрдісі күшейеді. Тамақ аса ыстық немесе суық болмау керек. Тамаққа қосатын дәмдеуіштерден сарымсақ және ақжелкектің шамалы мөлшері рұқсат етіледі.


жүктеу 311,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау