Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу



жүктеу 1,94 Mb.
бет11/11
Дата17.01.2018
өлшемі1,94 Mb.
#7646
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тапсырма 124

Өндіріс жабдықтарға иелік етудің екі нұсқасын қарастырады: лизингті сызба бойынша іске асыру немесе несиеге сатып алу.

Жабдықтардың құны - 120 мың. доллар. Қызмет мерзімі – бес жыл.

Лизинг жағдайы:



  • төрт жыл;

  • 18 % жылдық;

  • аванстық төлем – 20 % жабдықтардың құнынан;

  • жабу графигі – тоқсан сайын тепе-тең үлеспен.

Жабдықтарды несиеге сатып алуда қаржыландырудың аралас пішіні қолданылады: 30 % жабдықтардың құнынан өзіндік қаражат есебінен төленеді, 70 % құнмен банк несиесі ұсынылады - 16 % жылдық, тоқсан сайынғы төлемдермен.

Лизинг пен несие бойынша төлемдерді есептеңіз, солар бойынша төлем графигін құрыңыз.

Өндірістің шығынын салыстырмалы талдау мен бағалау жабдықтарды иелік етудің немесе жабдықтарды несиеге сатып алудың нұсқаларына арқа сүйейді.

Таңдалған нұсқаның жетістіктері мен кемшіліктерін сипаттаңыз.


Тапсырма 125

Өндіріс арнаулы құрылыс техникаларын иелік етудің екі нұсқасын қарастырады: лизингті сызба бойынша немесе несиеге сатып алу бойынша.

Техниканың құны 150 мың АҚШ долларын құрайды. Қызмет мерзімі – төрт жыл.

Лизинг шарты:



  • үш жыл;

  • 16 % жылдық;

  • аванстық төлем – 30 % жабдықтардың құнынан;

  • жабу графигі – ай сайынғы тепе-тең үлеспен.

Жабдықтарды несиеге сатып алуда қаржыландырудың аралас пішіні қолданылады: 30 % жабдықтың құны өзіндік қаражат есебінен төленеді, 70 % құнын негіз етіп алып банк несиесі ұсынылады 14 % жылдық мөлшерде, мерзімі - 3,5 жылға ай сайынғы төлем жолымен.

Лизинг пен несие бойынша төлемдерді санаңыз, төлем графигін құрыңыз.

Лизингке жабдықтарды алу мен несиеге жабдықтарды сатып алуға қатысты нұсқаларды негіз етіп өндірістің шығынына салыстырмалы талдау жасаңыз.

Таңдалған нұсқаның жетістіктері мен кемшіліктерін сипаттап көрсетіңіз.


Тапсырма 126

Компания «АгромашЛизинг» «Енисей» комбайндарын Қазақстан лизингіне ұснады. Қаржыландру жағдайы : аванс 25 % құнынан, мерзімі – үш жыл, жүктеме – 12 % жылдық.

Техниканы сатып алуға қатысты лизингті мәміленің жағдайларын банк несиесінің жайымен салыстырыңыз: аванс – 20 % құнынан, мерзімі – төрт жыл, жүктеме - 14 % жылдық.

Екі нұсқада да пайыздар ай сайын есептеледі.

Есептеңіз және лизинг пен несие бойынша төлем графигін құрыңыз.

Комбайндарды лизингке алу немесе несиеге сатып алудағы лайықты нұсқалар бойынша салыстырмалы талдау жүргізу .

Таңдалған нұсқаның жетістіктері мен кемшіліктерін сипаттаңыз.
Тапсырма 127

ЖШС «Галицкое» John Deere комбайынын 15 млн. тенгеге сатып алғысы келеді. Компания «Астанақаржы» оның лизинг иелік етуінің несиелену жағдайларын келесі үлгіде қамтамасыз етеді:



  • мерзімі – жеті жылға дейін;

  • сыйақы көлемі - 4 % жылдық мөлшерінде;

  • авансты төлем – 15 % техниканың құнынан;

  • бір реттік сыйақы мәмілені құжаттаған үшін – 2 % -дан 70 % -ға дейін лизинг пәнінің құнынан.

Лизинг алушы лизинг пәнін сақтандыруға міндетті. Сақтандыру компаниясы сақтандыру полисін 0,98 % мөлшерінде 80 % техника құнына қатысты береді.

Мәміле жасау шығынын есептеңіздер, бастапқы жарна мөлшерін, төлемнің жалпы сомасын, ай сайынғы лизинг төлемі мен лизинг бойынша тиімді жүктемені қарастырыңыздар . Төлемнің жабылу графигін құрыңыздар. Жеке түрде лизинг мерзімінің азаю мүмкіндігін талдаңыз, егер ЖШС«Галицкое» ай сайын лизинг төлемі ретінде 250 мың теңге төлеу мүмкіндігі болатын болса.

Таңдалған әдістің жетістігі мен кемшіліктерін сипаттаңыз.
Тапсырма 128

Компания арнаулы құрылыс техникасын иелік еткісі келеді, құны - 500 мың. доллар. Лизингті мекеме-ұйымдардан екі түрлі ұсыныс бар.

Бірінші нұсқа:


  • мерзімі– төрт жыл;

  • есептеу интервалы – ай;

  • сыйақы жүктемесі– 10 % жылдық;

  • аванстық төлем – 30 % техниканың құнынан;

  • лизингті ұйымдастыру комиссиясы – 0,5 % лизинг сомасынан;

  • негізгі қарызды жабу бойынша жеңілдік мерзімі – үш ай;

  • сақтандыру – 0,85 % лизинг пәні құнынан , жылына .

Екінші нұсқа:

  • мерзімі – бес жыл;

  • есептеу интервалы – ай;

  • сыйақы жүктемесі – 6 % жылдық

  • авансты төлем – 20 % техниканың құнынан;

  • лизингті ұйымдастыру үшін комиссия – 1 % лизинг сомасынан;

  • негізгі қарызды жабу бойынша жеңілдік мерзімі қарастырылмаған;

  • сақтандыру – 3 % лизинг пәні құнынан мәмілені бекіту кезеңінде және 0,5 % жыл сайын.

Екі нұсқа бойынша мәміле жасаудың шығындарын есептеңіздер, бастапқы жарна сомасын, төлемнің жалпы сомасын, ай сайынғы лизингті төлемнің жалпы сомасын және лизинг бойынша тиімді жүктемені назар алу, қарастыру. Төлемді жабу графигін құрастырыңыз.

Нақты нұсқаның таңдалу себебін түсіндір.


Тапсырма 129

ЖШС«Ақмола құрылыс материалдары» құрылыс үшін арнаулы техниканы иелік еткісі келеді, атап айтқанда, жоғары қарқынды автобандар құрылысы үшін халықаралық стандарт талаптарына сай ҚР территориясында іске асыру көзделеді. Жол арнаулы техникасы құны 6,33 млн. долларды құрайды. Ұйымның өзіндік қатысуы мөлшері - 415 мың доллар. Мәміленің қалған бөлігін АҚ «БРК-Лизинг» қаржыландырады, осы орайды мынадай жағдайлар ескеріледі:



  • мерзімі – бес жыл;

  • есептеу интервалы – ай;

  • сыйақы жүктемесі – 8 % жылдық;

  • аванстық төлем – 22 % техниканың құнынан;

  • қаржыландыруды ұйымдастыру үшін комиссия – 1 % қаржыландыру сомасынан;

  • негізгі қарызды жабу бойынша жеңілдік мерзімі қарастырылмаған;

  • сақтандыру жарнасы бір жылға арнаулы техника үшін - 1,2 % құнынан.

Мәмілені іске асыруға жұмсалған шығынды есептеңіз, бастапқа тозудың сомасын, төлемнің жалпы сомасын, ай сайынғы лизингті төлем мөлшері мен лизинг бойынша тиімді жүктемелерді қарастырыңыз. Төлем графигін құрыңыз.

Тапсырма 130

Жас отбасы екі бөлмелі пәтерді ипотекаға сатып алмақшы. Пәтер 30 мың доллар. Отбасы бастапқы төлем жарнасы ретінде 9 мың доллар салады. Банк ипотекалық несиені 16 % жылдық мөлшермен береді, мерзімі - 10 жыл. Зайымшылар несиені жабудың есепшотына ай сайын 70 мың теңге салады. Несиенің жабылу графигін құрыңыз және төлемнің жалпы сомасын есептеңіз.


3 Курстық жұмысты рәсімдеу мен мазмұнына қойылатын талаптар
Курстық жұмыста материалдарды орналастыру келесі тәртіппен жүзеге асырылуы қажет:

– титулдық парақ;

– курстық жұмысқа пікір;

– тапсырма;

– курстық жұмыстың орындалу тәртібі;

– мазмұны;

– кіріспе;

– теориялық бөлім;

– тәжірибелік бөлім;

– қорытынды;

– қолданылған әдебиеттер тізімі;

– қосымша.

Курстық жұмыс түсінік хаты түрінде безендіріледі, толтырылады, оған мәтіндік, кестелік, графикалық және иллюстративтік материал қосылады.

Түсінік хаты МИ ПМУ 4.01.3-09 «Оқу құжаттарын толтыру ережелері. Мәтіндік құжаттарға жалпы талаптар» ережелері бойынша толтырылады.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен қосымшадан тұрады.

Кіріспені курстық жұмысты жазар алдында ең басына лайықтандырады, көлемі – бір – екі бет. Кіріспеде тақырыптың өзектілдігі арқау болады, қазіргі кезеңдегі қарастырылу деңгейі арқау болады,зерттеу аясындағы негізгі мәселелер, сонымен қоса курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен мінддеттерін айқындау қажет.

Курстық жұмыстың бірінші тарауы зерттеліп отырған мәселенің теориялық қырларын жарыққа шығарады. Көлемі - 15-20 бет. Кілтті кезеңдер сызбалық түрде көрініс алады, материалды ұсынудың логикасына негізделеді. Сызба (сурет), яғни бірінші тараудың мазмұнының маңызды кезеңдерін бейнелеп, қосымшаға кейбірін шығарады.

Курстық жұмыстың екінші тарауында курстық жұмыстың тәжірибелік тапсырмаларының есебі жүзеге асады.

Курстық жұмысты қорытынды аяқтайды. Оның басты міндеті – барлық жұмыстың қорытындысын жасау. Ол тек автордың жалпы тұжырымынан тұрады. Маңызды түрде атап өтерлігі, кіріспеде қалыптастырылған сұрақтарға қорытындыдыа жауап ұсынылады. Көлемі – бір-екі бет. Жұмыстың мазмұнын алға тартуда міндетті түрде логикалық бірізділікке қатты назар аударған жөн, жұмыстың жекелеген құрылымдық элементтерінің ішкі байланысы мен оның ішіндегі жайларға да ден қойылады.

Жұмыс стандарттық формат үлгісіндегі А4 қағазында орындалады.

Беттердің параметрлері: беттің сол жағынан қалдырылатын азат жол - 3 см, оң жақ тұсынан – 1 см, жоғарғы тұсынан – 2 см, төменнен – 2,5 см. Курстық жұмыстың барлық беттері араб әріптерімен төменгі тұстың ортасын ала нөмірленуі қажет.

Титулдық парақ нөмірленбейді, бірақ жалпы парақтың көлеміне енеді. Әр тарау мен қосалқы тарау жоспар-мазмұндағы атаулармен қатаң түрде сай келуі қажет. Жаңа қосалқы тарау сол беттен басталады, яғни бұрынғы тараушадағы ойды жалғастыруға болады, сол мәтін астынан тақырыпатты қойып, бірден жаза береді. Курстық жұмыстың теориялық және тәжірибелік бөлімі әр түрлі беттерден орын алуы қажет.

Курстық жұмыстың жалпы көлемі - 50-70 бет, компьютерлік мәтін негізінде (шрифт - 14 кегль). Сөздерді қысқартуға жол берілмейді.
4  Баға қоюдағы критерийлері
Курстық жұмыс 100 балл шкала бойынша есептелінеді. Студент максималды балл алу үшін келесі талаптарды орындауға саяды:

– есеп шығарудағы нақтылық пен түсініктілік – 10 балл;

– берілген анализді талдай біллу мен оны систематикалық берілгенін қорытындылау– 20 балл;

– Қосымша әдебиеттерді қолдану– 10 балл;

– курстықжұмыстың стандарт бойынша сәйкес келуі – 10 балл;

– Курстық жұмыстың қорғалуы– 50 балл.


5  Курстық жұмысты орындаудағы мерзім


Курстық жұмыстың бөлімдерінің атауы және этап бойынша белгіленуі

1-4 апта

5-11 апта

12-13 апта

1

2

34

4

5

Тапсырма алуы

Объекті таңдап оны зерттеу

Әдебиеттер тізімін зерттеу


20 %













Бірінші бөлімін орындау




20 %










Екінші бөлімін орындау







40 %







Курстық жұмысты әзірлеу










10 %




Курстық жұмысты қорғау













10 %

Барлығы

40 %

25 %

20 %


6  Курстық жобаның қызметі
Студент курстық жұмыстың тапсырмасын алғаннан кейін ол курстық жобаның тапсырмасын алады. Ол курстық жобамен танысып, курстық жобамен танысын зерттеу керек. Сонымен қатар курстық жобаға байланысты қосымша әдебиеттерді талдап, оған жоспар құрып, оқытушының қосымша сабақтарына келіп , жұмысты уақытында тапсырып, қорғалуы тиіс .

Жобаның барысында студенттерге арнайы жекелеген немесе топтар арасындағы қосымша сабақтар жүргізіледі. Ол сабақ кестесі бойынша анықталады. Курстық жобаның басы болып студент оқытушысынан тапсырма алуы, ол бірінші семестрдің бірінші аптасында беріледі.


7  Курстық жұмыстың қорытындылары мен қызметі
Курстық жұмыстың қорытындылары мен қызметін ұйымдастырудағы басты талаптар:

– курстық жұмысты тексеру үшін оқытушысына беру;

– оқытушысының ескертуі бойынша курстық жұмысқа өзгерістер енгізу;

– курстық жұмысты қорғауға тапсыру;

– курстық жұмысты қорғау.

Курстық жұмысты тапсырудағы мерзім жоғарыда көрсетілген кесте бойынша анықталады, бірақ ол сессияға бір жұма қалғанда тапсырылмауы керек. Курстық жұмыстық ақырға нұсқасын тапсыру оқытушымен анықталады. Ондағы ескертулер мен шағымдаулар да ескерілуі қажет.

Курстық жұмыс толық тексеруден өткенен кейін қорғауға жіберіледі, мұғалім осының барлығын белгілі кітапқа жазып алады.

Кафедра курстық жұмысты қорғау үшін күнін және уақытын белгілейді. Курстық жұмыстың графигі ілініп қойылайды. Курстық жұмыстың қорғалуы комиссия мүшелері мен студенттердің арасында өтеді.

Оқытушы курстық жұмысқа арналған міндеттемелер мен көлемін анықтайды, курстық жұмыстың қорғалуы қысқаша болуы керек (бес – он минут) ол осы минут ішінде сұрақтарға да жауап беруі тиіс.

Курстық жұмысты қорғамаған студентер емтиханға осы тәртіптен жіберілмейді.




Әдебиеттер


  1. Об инвестициях: Закон Республики Казахстан от 8.01.2003 г. № 373-II

  2. О рынке ценных бумаг в Республике Казахстан : Указ Президента РК от 7 марта 1997 г.

  3. Стратегия индустриально-инновационного развития Казахстана до 2015 года

  4. Абрамов С. И. Инвестирование. – М. : Центр экономики и маркетинга, 2005. – 440 с.

  5. Бирман Г., Шмидт С. Экономический анализ инвестиционных проектов : пер. с англ. – М. : Банки и биржи: ЮНИТИ, 2006. – 631 с.

  6. Богатин Ю. В., Швандер В. А. Оценка эффективности бизнеса и инвестиций : учебное пособие для эк. спец. вузов. – М. : Финансы, 2006. – 254 с.

  7. Бочаров В. В. Инвестиции: Инвестиционный портфель. Источники финансирования. Выбор стратегии (учебник для экон. спец. вузов) / В. В. Бочаров. – СПб. : Питер, 2004. – 286 с.

  8. Булатов А. С. Экономика. – М. : Юрист, 2007. – 365 с.

  9. Гитман Н. В, Джонк М. Д. Основы инвестирования (пер. с англ.). – М. : Дело, 2007. – 991 с.

  10. Игошин Н. В. Инвестиции : Организация, управление, финансирование: учебник / Н. В. Игошин. – М. : ЮНИТИ, 2005. – 447 с.

  11. Колтынюк Б. А. Инвестиционные проекты : учебник для вузов. – СПб. : Питер, 2008. – 621 с.

  12. Черкасов В. Е. Международные инвестиции : учебно-практическое пособие. – М. : Дело, 2006. – 160 с.

  1. Банковское дело : учебник для вузов / под ред. Г. С. Сейткасимова. – Алматы : Каржы-каражат, 2008. – 576 с.

  2. Батраченко О. Настольная книга международного инвестора : информ. справочник / О. Батраченко. – М. : Омега-Л, 2005. – 372 с

  3. Бердникова Т. Б. Рынок ценных бумаг и биржевое дело : учеб. пособие. – М. : Инфра-М, 2007. – 270 с.

  4. Бочарников А. П. Основы инвестиционной деятельности : учеб. пособие / А. П. Бочарников. – М. : Омега-Л, 2007. – 295 с.

  5. Бочаров В. В. Корпоративные финансы. – СПб. : Питер, 2008. – 591 с.

  6. Гуртов В. К. Инвестиционные ресурсы / В. К. Гуртов. – М. : Экзамен, 2006. – 383 с.

  7. Деньги, кредит, банки / под ред. Г. С. Сейткасимова. – Алматы : Экономика, 2008. – 346 с.

  8. Догадайло В. А. Экономико-организационные аспекты взаимодействия участников инвестиционных проектов. – М. : Юриспруденция, 2007. – 112 с.

  9. Донцов С. С. Финансово-экономическая оценка эффективности инвестиционного проекта : учебно-методическое пособие для практических занятий / Донцов С. С. – Павлодар : ПГУ им. С. Торайгырова, 2002. – 72 с.

  10. Зелль А. Бизнес-план : инвестиции и инвестирование, планирование и оценка проектов / пер. с нем.: А. В. Игнатов, Е. В. Станиславчик. – М. : Экономика, 2005. – 239 с.

  11. Йескомб Э. Р. Принципы проектного финансирования / Э. Р. Йескомб; пер. с англ. И. В. Васильевской; под общ. ред. Д. А. Рябых. – М. : Вершина, 2008. – 488 с.

  12. Кожухар В. М. Практикум по иностранным инвестициям / В. М. Кожухар. – М. : Дашков и К, 2008. – 256 с.

  13. Кузнецов Б. Т. Управление инвестициями / Б. Т. Кузнецов. – М. : Благовест-В, 2004. – 196 с.

  14. Международные инвестиции и международные закупки: учебное пособие / Под ред. Есипова В. Е. – СПб. : Изд-во Санкт-Петербургского государственного университета экономики и финансов, 2006. – 312 с.

  15. Риск–анализ инвестиционного проекта: учебник для вузов / Под ред. Грачевой М. В. – М. : ЮНИТИ, 2006. – 351 с.

  16. Ромаш М. В. Финансирование и кредитование инвестиций : учебное пособие / М. В. Ромаш, В. И. Шевчук. – Минск : Книжный Дом «Мисанта», 2004. – 462 с.

  17. Рынок ценных бумаг : учеб. пособие для вузов / под ред. Жукова Е. Ф. – М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2006. – 399 с.

  18. Харрингтон Д. Совершенство управления проектами: искусство совершенствования управления проектами (пер. с англ.) / Д. Харрингтон, Т. Макнеллис; с предисл. С. Хатченса-мл. – М. : Стандарты и качество, 2007. – 229 с.


Мазмұны





Кіріспе …………………………………………………….........

3

1

Жалпы міндеттемелер………………………………….............

4

1.1

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері................….......

4

1.2

Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау………………….......

5

2

Курстық жұмысты орындау баарысында колданылатын міндеттемелер………………………………………………....

7

2.1

Курстық жұмыстың тәжірибелік бөлімін орындаудағы міндеттемелер ........………………………………………....

7

2.2

Курстық жұмысының тәжірибелік бөліміне арналған есептер..........................................................................................

12

3

Курстық жұмысты әзірлеуге арналған міндеттемелер…………………………………………………..

57

4

Баға қоюдағы крийтерийлер....………………………………..

58

5

Курстық жұмысты орындау графигі……………………….....

59

6

Курстық жұмыстың құрылымы.................………………

59

7

Курстық жұмысты қорғаудағы жалпы қорытындылар………………………………………………….

59




Әдебиеттер..................................…………………………….....

61


БЕКІТЕМІН

С. Торайғыров атындағы

ПМУ-дың оқу ісі

жөніндегі проректоры

_________Н. Э. Пфейфер

2010 ж.«____» __________


Құрастырған: аға оқытушы Голодзе И. Н.

аға оқытушы Мухамедова М. М.

ассистент Закриянова Н. М.



Қаржы кафедрасы

«Инветицияларды қаржыландыру және несиелеу» 050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Кафедра мәжілісінде бекітілді 20___ ж. «_____» _____№____ хаттама
Кафедра меңгерушісі _________________ Попп Л. А.
Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған

20__ ж. «_______» _____ №_____ хаттама


ОӘК төрайымы _________________ Л. А. Сидорова
КЕЛІСІЛДІ

Қаржы-экономика факультетінің __________________Т. Я. Эрназаров 2010 ж. «___»________


СМ бөлімінің н/б __________Г. С. Баяхметова «___»____200 г.
МАҚҰЛДАНДЫ

ОҮЖ ж ӘҚБ бастығы _____________ А. А. Варакута

2010 ж. «____»____

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

ИНВЕТИЦИЯЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ НЕСИЕЛЕУ

050509 «Қаржы» мамандығы студенттеріне курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Павлодар




жүктеу 1,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау