Интернет-ресурста жарияланған 28.02.2017 «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ
«Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк төменгі болып табылмайтын лауазым орналасу үшiн жалпы конкурс жариялайды:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемелекеттік мекемесі жергілікті бюджетті орындау, басқарма аппаратты басқару және коммуналдық меншікті басқару секторының меңгерушісі, 1 бiрлiк.
Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметші санаты Е-R-3.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 96607 теңгеден 129920 теңгеге дейiн.
Негiзгi функциялық мiндеттерi:
Аудан бюджетін орындау бойынша іске асырылатын операциялардың барлық есептілігі және бухгалтерлік есеп шоттарына тойтарысын және бақылауын қамтамасыз ету. Мемлекеттік мекемелердің жылдық және тоқсандық есептерін қабылдау, осы есептің дұрыстығын бақылау, өзгешеліктердің, бағдарламалардың, кіші бағдарламалардың қазынашылық кестесімен сәйкестігінің шығыс есептерінің дұрыстығы. Аудан мекемелері бойынша айлық (шифрлық) және тоқсандық есептерді құру, оларға қосымшалар, тіркеу және есептілік бойынша түсіндірме жазбалар, КЗ-Б-жиынтық үлгісі бойынша несиелік берешектер туралы ай сайынғы есептерді, ДЗ-Б-жиынтық үлгісі бойынша дебиторлық берешектер бойынша есептерді құрастыру. Жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтерін жүзеге асырудан алынатын қаржыларды орындау туралы тоқсандық есептерді өз уақытында тапсыру және даярлау. Қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет қаражатын нысаналы орындау және салықтық және міндетті төлемдер бойынша декларацияларды, есептерді, өз уақытында тапсыру, басқару аппараты бойынша есептілікті және бухгалтерлік есептілікті жүргізуді бақылау. «е-Минфин» бірлескен автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу. Басшылықтың тапсырмасы бойынша басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:
Жоғары білім: «Әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес» (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіндері бойынша.
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жарым жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.
«Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестiлеу бағдарламасындағы «Е-R-3» санаты үшiн мемлекеттiк тiлдi бiлу, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлу тестілер, сонымен қоса бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк құзыреттілігін анықтауға арналған тестiлер белгiленедi.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлу.
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн бiлу.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары (әрі қарай - Қағида) негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:
осы Қағидаларға белгiленген нысандағы өтiнiш;
3х4 үлгiдегi суретпен белгiленген нысанда толтырылған сауалнама;
бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);
конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).
3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.
Жалпы конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен адамдарға мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер олар өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаса, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаса, 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi.
Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда еңбек қызметiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну талап етiлмейдi.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ-нің электрондық почтасына не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бір күн бұрын кешiктерiлмей бередi. Оларды бермеген жағдайда тұлға Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін құрылған бірыңғай конкурстық комиссиямен (әрі қарай - Бірыңғай конкурстық комиссия) әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.
Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер оны «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ-де әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi. Әңгiмелесу өткiзу кезiнде кандидаттардың Бірыңғай конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол берiледi.
Бірыңғай конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретiнде Бірыңғай конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлғалар әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей персоналды басқару қызметiне тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, Қағидаларының 30-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажеттi құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күнi iшiнде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиiс: 150900, СҚО, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесi-12, 3-кабинет, «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ немесе maml-sup@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде.
Анықтамаларды мына телефон 8(71541)22007, факс 8(71541)21788 арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде Бірыңғай конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |