Интербелсенді әдістердің классификациясы “Интербелсенді”


Оқытудың интербелсенді әдістерінің жіктелуі



жүктеу 272,55 Kb.
бет2/7
Дата16.11.2022
өлшемі272,55 Kb.
#40191
1   2   3   4   5   6   7
Оқытудың интербелсенді әдістерінің жіктелуі
(М.Новик бойынша)
Интербелсенді әдістердің классификациясы
1.Пікірталас – студенттердің аудиторияда немесе шағын топ ішінде нақты бір өміршеңді проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасып, оларды дәлелдеп, өзге позициялармен толықтыру әрекеттері.
Пікірталастың басты мақсаты - әр үйренушінің қарастырылған проблема бойынша өзіндік пікір, көзқарасты қабылдауы, бір байлам мен шешімге тоқтауы.
Пікірталаста назар аударатын маңызды мәселелер:
  • Тақырып
  • Сұрақтар
  • Пікірталастың жоспары
  • Пікірталасқа дайындық
  • Жүргізуші
  • Сөйлеушілер
  • Пікірталасты қорытындылау және бағалау.

Пікірталастың түрлері:
1
Диспут
(лат.disputare-пайымдау пікірталасы)- ғылыми, әдеби әлеуметтік т.б тақырыптар бойынша көпшілік алдында жария түрде өтетін пікірталас,белгілі бір мәселені талқылаудың ұтымды жолы.Оқу – әдістемелік тұрғыдан жастардың дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізеді.Диспут жоғары ,орта, арнаулы оқу орындарында әдістемелік тәсіл ретінде қолданылады.
2
Дөңгелек үстел
4-6 оқушылар топтары талқыланып жатқан мәселе бойынша өз ойларын ортаға салады.Мұнда олар кезекпен де, кез келген тәртіппен де (таңдап алған ережелері бойынша)сөйлеуі ықтимал.Пікірталасқа берілген уақыт аяқталған соң(әдетте 4-10 минут),оқушылар талқылаудың нәтижелерін тиянақтап,ортақ қорытынды шешім қабылдайды,өз ойларын 6 минут ішінде қағазға түсіреді(бағалау).Сыныпта бірнеше топ(оқушылар санына байланысты)бір мезгілде дөңгелек үстел шеңберінде пікірталас жүргізуі мүмкін.
3
Ток-шоу
Теледидарда жиі жүргізілетін пікірталастар желісі бойынша ұйымдастырылады.Пікірталастың бұл түрі талқыланатын проблема бүкіл сынып үшін қызықты және өзекті болған жағдайда тиімді болады.
Бұл үшін-оқушы бүкіл сыныптың алдына шығып,ұсынылған проблема бойынша өз ойларын жария қылады.Жүргізуші олардың пікірлерінің қарама-қарсы жақтарына назар аударып, көзқарастарыдың қақтығысуына жол береді.Қалған оқушылар тек тыңдайды,олардың талқыға қатысуға құқығы болмайды.
Пікірталас соңында жүргізуші талқыны қорытындылап,ортақ шешім табуға тырысады.Барлық оқушылар өз ойларын жазбаша келтіріп,жұмыстарын бір-біріне оқып береді.
4
Форум
Пікірталастың бұл түрі “Ток-шоуға ”ұқсас .Мұнда тек қалған сынып оқушылары талқыға түсе алады:өз орындарынан сұрақ қойып,өз пікірлерін берілген мерзімде қысқа түрде баяндайды(мәселен,олардың сөйлеуі 30 секунд немесе 1 минуттан аспауы керек).Осы арқылы сынып пікірталасқа қатыса алады.
5
Симпозиум
Оқушылар берілген тақырып бойынша өз баяндамаларын топ алдында оқып,тыңдаушылардың сұрақтарына жауап береді.Жүргізуші назарын пікірлердің қақтығысуы мен қарама-қайшылықтрныа аударып,пікірталас ұйымдастырады.Сыныптың пікірі екі жақты болып ,әртүрлі көзқарастар келтірілгендігі орынды.Пікірталас баяндамашының ұстанған көзқарасы төңірегінде ұйымдастырылады.
“Фишпул”
Қатысушылар екі шеңберге бөлініп отырады.Ішкі шеңберге пікірталасқа қатынасатын оқушылар отырады да, қалғандары сыртқы шеңберге жайғасады-олар пікірталасқа қатыспайды.Ішкі шеңбердегі оқушылар саны 6 болуы керек,олардың төртеуінің пікірталасқа қатынасатындығы алдын- ала жарияланған және олар пікірталастың аяғына дейін болады, қалған екі орын бос.Бұл орындарға пікірталасқа қатынасам деген сыртқы шеңбердің кез келген оқушысы отыра алады.Сыртқы шеңбердегі оқушылар сарапшылар рөлін орындап, пікірталасқа баға береді.
6

жүктеу 272,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау