Инструкция по организации образовательного процесса в учебных кабинетах школы



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет8/37
Дата20.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#22540
түріИнструкция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37

18 

 

гексацианиді,  калийдің  ферро  (III)  гексацианиді,  төртхлорлы  көміртек, 



хлороформ, хлорлы метилен, анилин) және өндірістік қаттамасының этикетінде 

«У»  деген  жазуы  бар  басқа  заттарды  орналастырады.  Бромды  тығыздалған 

тығыны  бар,  гипс  құйылған  және  құм  салынған  металл  қалбырда 

орналастырылған 

ыдыста 

немесе 


тығыздалған 

тығын 


қалпақша 

асынды сақтайды.  

2.13.25  Металдық  натрийді,  калийді,  кальцийді  металл  қораптарға 

орналастырылған,  ішінде  керосині  бар  банкіде  сақтайды.  Литийді  вазелин 

майында 

сақтайды. 

Өндірісте 

дайындалған 

арнайы 

балқытылған 



ампулалардағы сілтілік металдар сақтауға және бірреттік пайдалануға ыңғайлы.  

2.13.26  Нитраттардың  барлығын  бірге,  бірлесіп  жарылғыш  қоспалар  түзуі 

мүмкін  органикалық  реактивтерден  міндетті  түрде  бөлек,  жеке  сөрелерде 

сақтайды.  

2.13.27  Кәрізге  реактивтерді  лақтыруға,  олардың  ерітінділерін,  жеңіл 

тұтанғыш  сұйықтықтарды  және  газтәріздес  сұйықтықтарды  төгуге  болмайды. 

Оларды келесіде залалсыздандыру үшін жинайды.  

2.13.28 Қышқылдар немесе сілтілердің төгіліп қалған судағы ерітінділеріне 

құрғақ  құм  немесе  ұсақталған  құрғақ  топырақты  себу  қажет.  Төгілген  жерді 

бейтараптаушы ерітіндімен сүртіп, соңынан сумен жуу қажет.  

2.13.29  Химия  кабинетіндегі  аспаптарды,  оның  ішінде  электраспаптарын 

құлыптау арқылы кабинеттегі шкафтарда орналастыру қажет. Кез келген құрал-

жабдықтарды  шкафтарда  және  реактивтер  мен  ерітінділерге  тікелей  жақын 

жерде сақтауға болмайды.  

2.13.30  Ерітінділерді  қыздыру  үшін  тек  жұқақабырғалы  ыдыстарды 

пайдалануға  рұқсат  етіледі.  Жұқақабырғалы  ыдысты  тік  ось  бойынша 

ақырындап  айналдырып  немесе  жоғары-төмен  ауыстырып,  штативтің 

қысқышында абайлап бекіту қажет.  

2.13.31  Денсаулық  жағдайларына  байланысты  медицина  ұйымдары 

арқылы  реактивтермен  және  ерітінділермен  жұмыс  істеуге  тыйым  салынған 

білім  алушыларды  мектеп  әкімшілігі  жеке  бағдарлама  бойынша  жұмыспен 

қамтамасыз етуі тиіс.  

2.13.32  Оқу  бөлмесіндегі  атмосфераны  ластауы  мүмкін  улы  заттармен 

(хлор, күкірттіқышқыл, фосфин, көміртек (II) оксиді, бром, бензол, дихлорэтан, 

диэтил  эфирі,  формалин,  сірке  қышқылы,  аммиак)  тәжірибелерді  жөнделген 

сорғыш  шкафта  немесе  аспаптарда  –  бөлінген  заттардың  адсорбциясымен 

тұйықталған жүйелерде жүргізілуі тиіс.  

2.13.33  Тәжірибе  жасау  және  жүргізу  кезінде  сілтілік  металдармен, 

кальциймен,  концентрлі  қышқылдармен  және  сілтілермен  жұмыс  арнайы 

киімдер  жеке  қорғаныс  құралдарын  (халат,  алжапқыш,  қолғап,  көзілдірік) 

пайдалану арқылы жүргізілуі тиіс.  

2.14  Музыка  кабинеті  оқушылардың  түрлі  музыкалық  іс-әрекеттерін 

ұйымдастыруына  мүмкіндік  беруі  керек  (мектеп  хоры,  вокалды  немесе 

аспапты ансамбльдер).  

2.14.1  Оқу  кабинетінде  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруда  музыка 



19 

 

кабинетінің қызметі арнайы құралдармен жабдықталуы қажет.  



2.14.2  Музыка  кабинеті  оқушылардың  музыканы  тыңдауы  мен  ән 

орындауы  үшін  қажетті  шағын  сахнасы  бар  концерт  залының  қызметін 

атқаруы тиіс.  

2.14.3 Білім алушыларға арналған жеке үстелдер мен орындықтар, көрнекі 

құралдарды, ноталарды, оқулықтарды қоюға арналған сөрелер немесе шкафтар 

болуы қажет.  

2.14.4  Музыка  кабинеті  қызметі  аясының  кең  болуына  байланысты  үш 

функционалдық  кеңістік:  вокалдық-хор  жұмысы  үшін  амфитеатр,  жазбаша 

және  теориялық  жұмыс  үшін  –  үстелдер,  музыкалық  қозғалыстарға  арналған 

бос орын болуы тиіс.  

2.14.5 Музыка кабинеті кең және жақсы желдетілетін болуы тиіс. Ән салу 

және  музыкалық  қозғалыстар  барысында  тыныс  алу  әрекеті  белсенділікке 

ұшырауына байланысты ауа көп қажет болады.  

2.15  Бейнелеу  өнері  кабинеті  терезелері  көп  анағұрлым  жарық  бөлмеде 

болуы тиіс.  

2.15.1  Бейнелеу  өнері  кабинетінің  терезелері  солтүстік,  солтүстік-шығыс, 

солтүстік-батыс  (тікелей  заттың  өзіне  қарап  сурет  салу  үшін  бір  жарықты 

сақтауға мүмкіндік береді) бетте болуы тиімді болып табылады.  

2.16 Технология кабинеті: оқу әрекетін ұйымдастыру қыздар үшін және ер 

балалар үшін жеке-жеке жүзеге асырылады:  

 

ер  балалар  арналған:  тақта,  проектор,  ағаш  пен  металдан  жасалған 



модельдердің  үлгілері,  техника  қауіпсіздігіне  арналған  плакат,  ағаш  пен 

металды  қолмен  және  механикалық  түрде  өңдеу  үлгілері,  технологиялық 

карталар,  бұйым  жасау  кестелері,  ағаш  және  темір  өңдеуге  арналған  токар 

станоктары,  ағаш  және  темір  өңдеуге  арналған  қол  саймандары,  электрлік  ою 

ара, бұрғы, ағаш және темір өңдеуге арналған біріктірілген үстелдер;  

 



қыз  балаларға  арналған:  тақта,  проектор,  тігін  машиналары,  астарлап 

тігу машинасы (жасырын тігіске арналған), доға тәрізді инесі бар, оверлоктар, 

техника  қауіпсіздігіне  арналған  плакаттар  мен  кестелер,  қолмен  жасайтын 

жұмыстарға  арналған  саймандар  мен  құрылғылар,  стандартты  34-52 

өлшемдеріндегі  ер  және  әйел  адам  фигуралары  манекендері,  екінші  қайтара 

өңдеуге арналған жабдықтар – қызуды реттеуші және бумен ылғалдандырушы 

тетігі  бар  электр  үтігі,  үтіктеу  тақтайы,  баспақтар,  бу  генераторы,  төсеу 

үстелдері,  көрнекілік  материалдары:  үлгілер,  ас  дайындап-ішуге  арналған 

ыдыс-аяқ, әртүрлі тұрмыстық техника.  

2.16.1 Кабинетті ресімдеу:  

–  оқу  шеберханасында  қауіпсіздік  техникасы  ережелері  бойынша 

плакаттар сериясы;  

 

көрсету  материалдары  –  дайын  бұйымдардың  үлгісі,  бұйым 



бөлшектерінің үлгілері және т.б.;  

 



дидактикалық  материал  –  бағдарламаның  барлық  тақырыптары 

бойынша нұсқаулық-технологиялық;  

 

тарату 



материалдары 

– 

суреттер, 



барлық 

бағдарламалардың 




жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау