Инструкция по организации образовательного процесса в учебных кабинетах школы



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет4/37
Дата20.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#22540
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

10 

 

2.5.31  Бір  комплектілі  және  екі  комплектілі  шағын  жинақты  мектептерде, 



5-11-сыныптардың  білім  алушыларының  сабақтары  бір  кабинетте  өткен 

жағдайда, жиһаздың орташа топтарының - № 4, 5 басымдылығы болуы тиіс.  

2.5.32  Білім  алушылардың  жұмыс  үстелдерінің  нөмірленуі  мұғалімнің 

пультіндегі  нөмірленумен  сәйкес  болуы  тиіс,  бұл  білім  алушының  жұмысын 

қадағалауды жеңілдетеді.  

2.5.33  Оқу  жабдықтарын  орналастыратын  және  сақтайтын  секциялық 

шкафтар  болуы  тиіс.  Секциялардың  саны  кабинеттің  аумағына  сәйкес 

айқындалады.  

2.5.34 Оқытудың проекциялық аппаратураларын және басқа да техникалық 

жабдықтарын  іске  қосу  үшін  зертханада  3  штепсельден  кем  емес  розетка 

қарастырылуы тиіс: бірі – сынып тақтасының жанында, екіншісі – зертханадағы 

тақта  қабырғасына  қарама-қарсы  бетте,  үшіншісі  –  терезеге  қарама-қарсы 

қабырғада.  

2.5.35  Телебағдарламалар  мен  бейнефильмдерді  көрудің  рұқсат  етілген 

ауқымы  теледидар  экранынан  2,7  м  кем  емес  арақашықтық  болуы  тиіс. 

Теледидарды орналастыру биіктігі еденнен 1,2-1,3 м.  

2.5.36  Графопроектор  (егер  бар  болса)  шұңқыршасы  мен  қойғышы  бар 

арнайы  үстелге  орналастырылуы  тиіс  және  оқу  материалы  көрсетілетін  экран 

мен тақтаға дейінгі қарама-қарсы аралық 1,8 м кем болмауы қажет.  

 

Оқу  пәнінің  ерекшелігіне  байланысты  жекелеген  оқу  кабинеттеріне 



ерекше талаптар қойылады.  

2.6  Бастауыш  сыныптарға  арналған  оқу  кабинеті  –  жиһаздармен, 

оқытудың  техникалық  құралдарымен,  оқу  құралдарымен,  көрнекіліктермен 

жабдықталған, оқушылардың физиологиялық дамуына, оқу-танымдық, зерттеу, 

жобалау  іс-әрекеттерін  ұйымдастыруға,  шығармашылық  ойлау  қабілетін 

дамытуға,  оқу  үдерісінің  тиімділігін  және  нәтижелілігін  арттыруға  қолайлы 

жағдай туғызатын мектептің оқу бөлмесі.  

2.6.1  Бастауыш  сынып  кабинетінің  ақпараттық  аймағына  интерактивті 

тақта, экран, компьютер кіреді.  

2.6.2 Әртүрлі хабарландырулар, көрнекі құралдарды жапсыру үшін (үшкір 

заттармен  жапсыра  салуға  ыңғайлы)  табиғи  немесе  жасанды  кеуекті  заттан 

жасалған тақталар қолдану ұсынылады.  

2.6.3  Алдыңғы  қабырғаға  бейнефильмдерді  немесе  сюжетті  көріністерді 

көрсету  үшін  кронштейнмен  бекітілген  экран  (сыныпта  интерактивті  тақта 

болмаған жағдайда) орнатылады.  

2.6.4  Ақпаратты  көрсетуге  және  оны  компьютермен  басқаруға  арналған 

әмбебап интерактивтік жүйе  – интерактивті тақта ілінеді. Кешен екі режимде: 

тышқан және аннотация режимі арқылы жұмыс істейді. Бірінші жағдайда тақта 

тышқан  арқылы  басқарылып,  қолданушының  іс-әрекетін  операциялық  жүйеге 

жеткізеді,  екінші  жағдайда  маркер  тікелей  қалам  ретінде,  яғни  жазу  немесе 

сурет салу үшін қолданылады. Мұндай жағдайда графикалық редакторды қажет 

етпей, экран бетінде сурет салуға болады.  




11 

 

2.6.5 Интерактивті тақтаның жылжымалы (дөңгелекті) болғаны дұрыс.  



2.6.6 Мұғалімге оның жұмыс істеуіне, оқу үдерісіне қажетті құралдар мен 

қосымша  дидактикалық  материалдарды  орналастыруына  ыңғайлы,  компьютер 

қоюға  арналған  бөлімі  бар,  кітап-қағаздар  салатын  қосымша  суырмалармен 

жабдықталған үстел мен орындық/кресло қойылады.  

2.6.7  Оқыту  үдерісінде  оқушылардың  оқу-танымдық,  зерттеу,  жобалау 

әрекеттерін  ұйымдастыруға,  шығармашылық  ойлау  қабілетін  дамытуға,  оқу 

үдерісінің  тиімділігін  арттыруға  қолайлы  жағдай  жасау  және  сабақ  уақытын 

тиімді  пайдалану  үшін  мұғалім  толық  жабдықталған  жеке  компьютермен 

қамтамасыз етілуі керек.  

2.6.8 Оқушыларға бір орынды немесе екі орынды үстелдер қойылады.  

2.6.9  Үстелдер  мен  орындықтардың  негiзгi  өлшемдерi  мен  таңбалары 

Санитарлық қағидалардың 5-қосымшасында белгіленген (1-кесте).  

 

1-кесте  –  Оқушыларға  арналған  үстелдер  мен  орындықтардың  өлшемдерi  мен 



таңбалары  

 

  Жиhаздың 



нөмiрi 

Оқушылар 

бойының тобы 

(миллиметрмен) 

Оқушыға қараған 

үстел жиегiнiң 

еденнен биiктiгi 

Таңбаның 

түсi 

Орындықтың 

алдыңғы 

жиегiнiң 

еденнен биiктiгi 



1000 – 1150 

460 


Қызғылт 

сары 


260 



1150 – 1300 

520 


Күлгiн 

300 


1300 – 1450 



580 

Сары 


340 



1450– 1600 

640 


Қызыл 

380 


1600 – 1750 



700 

Жасыл 


420 



1750 артық 

760 


Көгiлдiр 

460 


 

2.6.10  Бастауыш  сынып  кабинеттерінің  жиһазы  мен  жабдығы 

педагогикалық  үдерістің  ерекшелігі  мен  емдiк-қалпына  келтiру  іс-шараларын 

ескеруі тиіс.  

2.6.11  Әрбір  оқушы  бойына  және  денсаулық  жағдайына  сәйкес  үстелде 

жұмыс  орнымен  қамтамасыз  етіледі.  Есту  және  көру  қабілеті  нашар  балалар 

отыратын  үстелдерді  (олардың  нөмірлеріне  қарамастан)  бірінші  қатарға 

орналастырады.  Көру  қабілеті  төмен  оқушылар  отыратын  үстелдерді  терезе 

жақтағы бірінші қатарға орналастырады. Респираторлық аурулармен, баспамен, 

суық  тию  ауруларымен  жиі  ауыратын  балаларды  сыртқы  қабырғадан  алыс 

отырғызады.  

2.6.12  Есту  қабілеті  нашар  балалар  үшін  үстелдерді  мұғалім  үстелінің 

айналасына  жартылай  шеңбер  түрінде  орналастырады,  есту  аппаратурасын 

орнату үшін стационарлы бекітеді.  

2.6.13 Оқушыларға арналған жиһаздарды орналастыру кезінде Санитарлық 

қағидалардың мына талаптары орындалады:  

1) үстелдерді сол жақтан жарықтандырылатын, жарық түсіретін қабырғаға 

қарай орналастырады;  




жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау