22
2.17.3 Спорт ойындарына арналған доптар: футбол, волейбол, баскетбол,
гандбол доптары (оқушылар санына есептелген), волейбол торы (1-2 дана);
алаңдар: баскетболға, волейболға арналған, жабдықталған футбол алаңы.
2.17.4 Лақтыруға арналған доптар: теннис, хоккей ойындарының доптары,
арнайы доптар (салмағы 150 г. (оқушылар санына есептелген).
2.17.5 Шаңғы құралдары: шаңғылар, таяқтар, бәтеңке бекіткіштері, шаңғы
бәтеңкелері (оқушылар санына есептелген).
2.17.6 Гимнастика сабағына арналған құралдар: гимнастикалық қалың
төсеніштер, гимнастикалық орындықтар – 10 данадан кем емес, түрлі
биіктіктегі
арыс,
керме,
гимнастикалық
бөрене,
серіппе-секіргіш,
гимнастикалық ат.
2.17.7 Жеңіл атлетика сабағына арналған құралдар: ұзындығы 30 м және
одан ұзын жүгіру жолдары, секіруге арналған шұңқыр, бір орыннан секіруге
арналған орын, салмағы 300 г, 500 г, 700 г гранаталар (әр салмақ бойынша 10
дана), биіктікке секіруге арналған баған мен сырық (1-2 дана).
2.17.8 Қозғалмалы ойынға арналған құралдар: «Орыс лаптасы» ойынының
соққы-таяғы; тоғызқұмалақ, асық, қамшы, орамал секілді ұлттық ойын
құралдары.
2.17.9 Көркем гимнастика және ырғақты гимнастикаға арналған құралдар:
әуен дискілері бар музыка орталығы, шағын доптар, сырғауыл, секіргіш жіп,
лента (қыздардың санына қарай).
2.17.10 Жүзуге: бассейн, себізгі (мүмкіндікке қарай).
2.17.11 Спорт залдың құрал-жабдықтары (5-9 сыныптар):
биік гимнастикалық бөрене;
түрлі биіктіктегі арыс;
арыс;
өрмелеуге
арналған арқан;
гимнастикалық ат;
гигиеналық жабыны бар поролон маталар;
гимнастикалық
серіппе-секіргіш;
гимнастикалық қабырға;
шаңғы және коньки спортына қажет құрал-жабдықтар;
жеңіл атлетикаға
қажет құрал-жабдықтар;
туризмге қажет құрал-жабдықтар;
спорт ойындарына қажет құрал-жабдықтар;
алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған қобдиша.
2.17.12 Спорт залдың құрал-жабдықтары (10-11-сыныптар):
гимнастика сабағын өткізуге қажет құрал-жабдықтар;
шаңғы жарысына және конькимен жүгіруге қажет құрал-жабдықтар;
жеңіл атлетикаға қажет құрал-жабдықтар;
спорт ойындарына қажет құрал-жабдықтар;
атлетикалық гимнастикаға қажет құрал-жабдықтар;
сыныптан тыс жұмыстарды өткізуге қажет құрал-жабдықтар
23
(тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы).
2.17.13 Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі сабақ өткізілетін орынның
санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келуін әрдайым қадағалап отыруы
керек. Сонымен қатар бірқатар талаптарды ескере отырып, алаңды және спорт
залды сабаққа уақытылы дайындап отыруы қажет.
2.18 Алғашқы әскери дайындық (АӘД) кабинеті алғашқы әскери
дайындық, өмір қауіпсіздігінің негіздері, азаматтық қорғаныс бойынша
бірқатар практикалық және теориялық сабақтарды, әскери-патриоттық тәрбие
жұмыстарын, сондай-ақ, сабақтан тыс уақытта үйірме жұмыстарын жүргізуге
арналған оқу-тәрбие үдерісінің материалдық базасы болып табылады.
2.18.1 Жалпы білім беретін мектептердің алғашқы әскери дайындық
пәнінің оқу материалдық-техникалық базасы: алғашқы әскери дайындық
кабинеті; оқу қарулары мен әскери-техникалық мүлікті сақтайтын бөлме;
алғашқы әскери дайындықты оқу-үйрену қалашығы; ату тирінен құрылады.
2.18.2 Күндізгі қарауылдың міндеттерін практикалық оқуға арналған орын
кабинеттен шыға берісте немесе кабинетке жақын басқа оқитын жерде
жабдықталады және құжаттамалары бар стенд, кітаптар мен журналдар
макетінен, телефон аппаратының макетінен тұрады. Өрт сөндіру құралы (өрт
сөндіргіш) күндізгі қарауылдың жанында орналасады.
2.18.3 Ату тирі – арнайы жабдықталған бөлме немесе сол оқу орны
орналасқан жердің үлескісі. Ол артта оқ линиясымен, алда – оқ қағарлар және
қабырғалармен, қырынан – тирдің аумағынан оқтың ұшып кетуіне кедергі
жасайтын қабырға немесе стенд.
2.18.4 Тирлер ашық, жартылай жабық, сондай-ақ 25,50 метр және одан да
көп темірбетон трубалар қолданып, ықшамдалғаны болады. Бұл жерде
айналадағылар үшін толық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ату аумағына адамдар
мен жануарлардың кіру мүмкіндіктерінің алдын алу керек. Стенділер атуға
даярлық бойынша жабдықталады.
2.18.5 Оқу-үйрену қарулары мен әскери-техникалық мүліктерді сақтауға
арналған бөлме сабақ өткізуге арналған оқу-материал базасын сақтауға, күтіп-
баптауға және дайындауға арналған. Ол оқу-үйрену қарулары мен әскери-
техникалық мүліктерді сенімді қорғауды қамтамасыз етуі керек.
мүліктерді қоюға арналған сөрелер (стеллаждар);
қаруды сақтауға
арналған пирамида;
өртке қарсы құралдар;
АӘД арналған әскери-техникалық мүлік жинақтары.
2.18.6 Сақтау қоймасын алғашқы әскери дайындық бөлмесімен қабырғалас
бөлмеге жабдықтаған дұрыс.
2.18.7 Терезелер темір тормен қапталған болуы керек.
2.18.8 Алғашқы әскери дайындық оқу-үйрену қалашығы мектеп аумағында
орналасады және ол асфальтталған алаңда оқу-құралдарымен жабдықталған
болуы керек. Оған мыналар жатады:
саптық дайындықтан сабақ
өткізетін орын;
сақшының міндеттерін іс жүзінде үйренуге арналған орын;