12
2) сынып тақтасы бар алдыңғы қабырғалардан бастап үш қатармен
орналастырылған барлық қатардағы бірінші үстелдерге дейінгі қашықтық
кемінде 250 см;
3) үстелдердің қатары арасында қашықтық кемінде 0,5 м болуы көзделеді;
4) 1-қатардағы үстелдердің жарық түсіретін қабырғадан қашықтығы – 1 м;
5) қабырғалық тақтаның төменгі шетелінің ілмесінің биіктігі 0,7 – 0,8 м.
2.6.14 Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың түрлі әдіс-тәсілдеріне
(топтық, жұптық, т.с.с.) байланысты жиһаздарды орналастырудың басқа
тәртіптеріне (мысалы, жартылай шеңбер жасап, 2-6 орынды біріктіріп) де
рұқсат етіледі.
2.6.15 Бастауыш мектепке арналған оқу кабинеттерінде оқушылардың
үзіліс кезінде немесе сабақтан тыс уақыттарда демалуына немесе
қызығушылығына қарай жұмыс істеуіне арналған орын (оқу бұрышы, жазу
бұрышы) ескеріледі.
2.6.16 Жазу бұрышы және оқу бұрышындағы жиһаздар: диван,
кілемшелер, орындықтар, кіші үстелдер орналасады.
2.6.17 Бастауыш мектепке арналған оқу кабинеттерінде оқушылардың
киіміне арналған шкафтар қойылады және оларда бас киімге арналған сөрелері
бар ұяшықтар мен сыртқы киім ілетін ілгіштер болады, оларды жеке
таңбалайды.
2.6.18 Стендтер мен оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған орын
қарастыру қажет.
2.6.19 Санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес бастауыш сыныптың
оқу бөлмесінде ыстық және суық су келтірілген раковина орнатылады,
орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған жағдайда суды қолмен
құятын қол жуғыштар орнатылады.
2.6.20 Бастауыш мектепке арналған «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу»
пәндерін оқыту барысында еңбек және техникасы қауіпсіздігі ережелерін
сақтау өте маңызды.
2.7 Лингафонды кабинет шетел, қазақ, орыс тілдерін үйренуде ауызекі
тілді дамыту үшін пайдаланылады.
2.7.1 Оқу кабинетінде білім беру үдерісін ұйымдастыруда лингафон
кабинетінің қызметі:
- ақпараттық;
- оқыту және тренерлік;
- бақылаушы-түзеуші;
- коммуникативтік;
- оқу қызметін басқару.
2.7.2 Кабинетті лингафондық құрылғымен жабдықтау барысында,
оқушылардың үстелдері телефон-микрофондық гарнитурмен, дыбыс реттегіш
және мұғалімді шақыру тетігімен жабдықталуы және бекітілуі тиіс. Телефон-
микрофондық гарнитурлар арнайы тағанға немесе оқушылардың үстеліндегі
арнайы шұңқыршықта орналастырылуы мүмкін.
2.8 Шетел тілі кабинеті білім алушылардың ауызекі және жазбаша тілдік
13
практикасын бірдей қамтуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тілдік зертхана
түсінігін қамтиды, әр білім алушының дағды мен біліктерін қалыптастыру үшін
неғұрлым қолайлы жағдай жасайды.
2.8.1 Оқу бөлмесінің жиһазбен жабдықталуы:
– басқару пульті бар мұғалім үстелі, магнитофон және күйтабақ ойнатқыш
қоятын тұғыр; лингафондық рецептивті құрылғылар;
– жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың үстелдері мен орындықтары
(№ 4, 5, 6 жиһаз тобы).
2.8.2 Оқушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуде жұпта немесе топта
жұмыс жасауда, бір-бірлерінің жүздерін көру үшін, бет-әлпетті көруде,
сөйлеген кездегі ым-ишарасын, қимылдарын көру үшін бір орынды, екі орынды
үстелдермен немесе екі жартылай шеңберлі қосарланған немесе орынын
ауыстырып қозғалтатын үстелдермен қамтамасыз етілуі тиіс, мұғалімнің үстелі
ортасында болуы керек.
2.8.3 Оқушылардың үстелдерінің арақашықтығы кем дегенде 0,6 метр
болуы керек.
2.8.4 Мұғалімнің үстелі мен тақтаның арасындағы қашықтық 1,0 м-ден кем
болмауы тиіс. Қатарлы үстелдер арасы мен бойлық қабырғалардың арасындағы
қашықтық 0,5-0,7 м, алдыңғы үстелден қабырғаға дейінгі арақашықтық 2,6-2,7
м болуы керек.
2.8.5 Сыныптың алдыңғы қабырғасында интерактивті тақта және аспалы
экран орналастырылуы тиіс. Тақта аспалы немесе жылжымалы және беті
магнитті болуы тиіс.
2.8.6 Лингафон құрылғылармен жабдықталған шетел тілі кабинетінде
оқушылардың үстелдеріне «телефон-микрофон, мұғалімнің шақыруын бақылау
қоңырау түймелері» гарнитурасы болуы тиіс.
2.8.7 Бастауыш сынып оқушылары үшін дыбыс жазбасының ұзақтығы 10-
15 минут, жоғары сынып оқушылары үшін 20-25 минут, аудио сигналдарды
дыбыс деңгейі 40-50 дБ ауқымында ұсынылады. Осы талаптардың сақталмауы
оқушы ағзасының тез шаршауына және білім сапасының төмендеуіне әкеледі.
2.9 Информатика кабинеті – информатика пәні бойынша сабақтар,
факультативтік сабақтар жүргізілетін, білім алушыларды әлемдік ақпараттық
қоғам жағдайында өмір сүруге дайындық, білім деңгейін жоғарылату жүзеге
асырылатын білім беру ұйымының бөлімшесі.
2.9.1 Информатика кабинетінде білім беру үрдерісін ұйымдастыру
төмендегі функциялар арқылы жүзеге асырылады:
информатика,
алгоритмдеу,
программалау,
ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар, ақпараттық модельдеу салаларында
оқушылардың теориялық білімдері мен практикалық білік пен дағдыларын
қалыптастыру;
оқушылардың алгоритмдік, операциялық және сыни тұрғыдан ойлау
қабілеттерін және ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары
арқылы логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық
қабілеттерін дамыту;