«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет46/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   88

қайраткерліктері. Ойын - әркашан кішкене білім, кішкене білім бола
отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайыңдайды. Ойыңдар   қолданылған   сабақтарда   оқушылар
белсенділік   көрсетеді.   Бұлай   болу барлық   ойынға   тән   нәрсе,   оның   топтық   түрде
өтуіне байланысты.Балалар   бір-бірінің   ойларымен   пікірлерімен   алмасады,   дәлелдейді, қателеседі,   өз
ойларын ортаға салады, негіздейді, есеп жауаптарын бірге шешеді, тексереді, қателерін түзейді т. с. с.
Ойын барысындағы пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді,
қиындықтарды   бірге   шешеді.   Мұндай   жағдайда,   барлық   балалар   алға   жылжиды,   білімдері
терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді.
Атақты француз ғалымы Луй де Брайль былай дейді: «ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың
өзінде   ғылыми   жұмысқа   ұқсас   жалпы   элементтер   көп   кездеседі.   Екі   жағдайда   да   (ойын   мен
ғылыми жұмыс)   ең   бастысы койылған мақсаттың   болуы,   сонан   соң   қиындықтың   болуы,   оны   жеңу,
жаңалықты   ашу   қуаныш. Міне, сондықтан да,   бар адамдарды, жасына карамастан, ойын
өзіне тартып тұрады.»
Мұғалімнің ең басты мақсаты 
 сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның мақсатын ескере
отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда,   оны орынды қолдана білу.   Оқушылар   мен
мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Қазіргі   мұғалім   әрбір   сабаққа,
тақырыпқа   және   әр   кластың   өзіндік   ерекшеліктеріне   байланысты   оқушыларды
өзіндік жұмыска үйрету,   олардың   ізденісін   ұйымдастыру   және   кейбір   материалдарды   кең   көлемде
беріп, тәрбиелік мақсатқа жету үшін де оқьіту формаларын тандай білу керек. Бір сабақтың өзінде
қолданатын әдістерді кезектестіріп, оқушыларды шаршатпай, материалды қызықты жеткізе білуді де
ескерген жөн.Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы
ізденістердің   маңызды   бір   буыны.   Ойын   түрлерін   оқу   процесін   пысықтау,   жаңа   сабақты
қорытындылау   кезеңдерінде,   қайталау   сабақтарында   пайдалануға   болады.   Ойын   түрлерінің
материалдары   сабақтың   тақырыбы   мен   мазмұнына   неғұрлым   сәйкес   алынса,   оның   танымдылық
маңызы да арта түседі.
Физика   пәні   күрделі   пән   екеніне   ешкімнің   де   дауы   жоқ.   Оны   жаттап   алу 
мүмкін емес, түсіну қажет! Егер ол пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне осындай әр
түрлі   ойлардан   кейін   бала   жүрегіне   жол   тауып,   білімге   жетелеу   үшін   мұғалім   оқушыларды
қызықтыратындай   әр   түрлі   әдіс-   тәсілдерді   қолдануы   тиіс.   Соның  бірі-   «сын   тұрғысынан  ойлау»
технологиясы.   Сындарлы   оқыту   бағдарламасында   көрсетілген   жеті   модульді   тиімді   пайдалану
оқудағы негізгі жетістік болып табылады. Бұл модульдер әр сабақта өзара тығыз байланыста және
үнемі қолданыспен көрініс тапса, мұғалімнің мақсатқа жетудегі жеңісі болмақ.
 Нәтижесінде: 
- сабақтың мазмұны, сапасы артады; 
- жауапкершілік, шығармашылық қабілеті қалыптасады; 
- оқушы өзін-өзі бағалап, білім деңгейін арттыра алады; 
- пәнге деген қызығушылығы артады. 
Сабақ сын тұрғысынан ойлау (СТО) –сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаны бірнеше 
стратегиямен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс мынандай мақсат қоя алады: 
-оқушыларды ойландыруға; -өз ойларын ашық айтуға; -пікір таластыруға /дебат/; 
-дұрыс сөйлей білуге; -өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге; -оқушылар шығармашылығын 
дамытуға; Сабақ СТО бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады: 
I. Қызығушылықты ояту 
II. Мағынаны ажырату 
III. Ой толғанысы 
Қызығушылықты ояту кезеңі –мұнда өткен тақырыптан не біледі, не айта алады, өткенді еске түсіру, 
ой қозғап, әсер ету кезеңі болады. 
Мағынаны ажырату кезеңінде – нақты тақырыпты мұғалім сұрақ-жауап арқылы түсіндіре отырып , өз 
беттерімен ойларын ортаға салып, жаңа сабақ, жаңа идеяны жүзеге асыруға талпынады.Яғни 
оқушыға ескі мен жаңаны ұштастырып ойын кеңейтеді. 
Ой толғаныс кезеңінде оқушы не білгенін қорытып, саралап, бекіту арқылы білімін жинақтайды. 
Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл 
бөлемін. Топта жұмыс жасауда алғашқыда оқушылар бір - бірін тыңдамай, сыныпта шу болатын. 
Барлығы да жазғандарын сабақтан соң топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыстарын талдау 
барысында жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды. Бір - бірінің пікірін мұқият тыңдауға 
үйренді.
Оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады:


1. Оқушылар бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
3. Топтарының сұрақтарына жауап береді.
4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды.
5. Қорытынды шығарады.
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.
Оқушылар жұмыс жасау барысында бір - біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш 
- қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең 
мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері 
өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап 
шығуға тырысады. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та
оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан - жақты дамытатынын байқадым.
Физика   пәніне   оқушының   қызығушылығын   арттырып,   түрлендіре   жүргізсе,   жақсы   нәтижеге   қол
жеткізуге   болады.   Ол   мұғалімнің   пәнге   сүйіспеншілігі   мен   қажырлы   еңбегі   арқасында   жүзеге
асатыны хақ.
Біздің міндетіміз – дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да 
жақсысын, тиімдісін ұсыну. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. 
Әрине, дамудың негізі – білімде.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» ІІІ (негізгі) деңгей: Үшінші басылым.
2. «Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру» әдістемелік көмекші құрал. 
Қызылорда 2012ж
3. «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі». Алматы «Рауан», 1998ж. Құдаййқұлов М.Қ., 
Жаңабергенов Қ.
4.
Интернет ресурстары, www. kz.45minut
 
     «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы» Құтанбекова 
Бейбітгүл
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
                                                                     Ерназаров  Мұрат  Сүйінбекұлы
№132 Т.Айтбаев атындағы орта  мектептің  
 қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сырдария ауданы
Қазақ әдебиеті сабақтарында оқыту мен оқудағы жаңа
 (Диалогтік оқыту) тәсілдерді қолданудың тиімділігі
  Мұғалім   мен   оқушылардың   бір-   бірімен   сөйлесуі,   емін-   еркін   ескертулерді   айтуы,   өз   пікірлерін
қысылмай білдіріп,сөз алмасуда өздерін шынайы ашу тәсілін, мен, мұғалімге арналған нұсқаулықты
басшылыққа   ала   отырып,   мектеп   жұмысы   мен   оқушы   жетістіктерін   өрістетудегі   басты   тұлға   –
мұғалім   екеніне   көзім   жетті.   Себебі   мен   өзімнің   мектептегі   зерттеу   кезінде   мұғалім   сабақ
жоспарлағанда сабақты  ұйымдастыру, жаңа материалды меңгертуді диалог түрінде жүргізгенді жөн
деп таптым.
Диаологтік оқыту, оқушы мен мұғалімнің, оқушы мен оқушының арасында жүреді.
  Сабағымда оқушыларды топқа бөліп, оқушылардың ой- өрісін байқау үшін   оқушыларға мынадай
сұрақтар бердім.
1.Атақты би- шешендерден кімдерді білесіңдер?
2. Неліктен осы би – шешендердің айтқан нақылдары осы уақытқа дейін ұмытылмай келеді? деген
сұрақ   қойып,   оқушылардың   не   білетінін     және   сыни   ойлауға   әрі   оқушыларды   диалогке   тартуды
көздедім. Тапсырманы топ болып ақылдасып, ортақ шешімге келуді тапсырдым. Әр топты  бақылау
барысында оқушылардың арасында диалог жүріп жатқанын да байқадым. «Қ» есімді оқушы  топтағы
сыныптастарына би- шешендерден Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерді білетінін айтты. Осы кезде
мотивациясы жоғары оқушы қазақ халқында есімі елге мәлім  Сырым Датұлы, Майқы би, Жиренше
шешен, Бөлтірік шешен т.б. би-шешендер бар екенін айтты. «Ш» есімді оқушы   олардың есімдері,
нақыл   сөздері   ел   жадында   қалай   сақталып  қалғанына   топ  арасында   жауап  беріп  жатырғандығын
аңғардым. Берілген уақыт аяқталған соң, әр топтың баяндамашылары топ атынан шығып,өз ойларын
ортаға салды. Осы төрт топтың ішіндегі екінші топтың  «Д» есімді баяндамашысының жауаптарына
басқа топ мүшелері өз ризашылықтарын білдірді.  Дәл осы сәтте мен өзімнің тарапымнан «Д» есімді
екінші топтың баяндамашысына: 


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау