9
Негізгі алты проекция жазықтығына проекциялау арқылы
алынған кескіндер негізгі көріністер деп аталады (2.2 сурет).
2.305-68 МСТ бекіткен негізгі көріністер атаулары: алдынан
қараған көрініс (басты көрініс); үстінен қараған көрініс; сол
жағынан қараған көрініс; оң жағынан қараған көрініс; астынан
қараған көрініс; артынан қараған көрініс (2.3 сурет).
10
Негізгі
көріністер
өзара
проекциялық
байланыста
орналастырылады. Мұндай жағдайда сызбада кескіндер атауын
жазып қажет емес (2.4 сурет). Негізгі көріністердің үстіне атаулар
мынадай жағдайларда жазылады:
1.
негізгі
көріністердің
бірі
басты
көрініске
қатысты проекциялық
байланыста
орындалмай ығысып
кеткен болса (2.4. а
сурет), проекциялау
бағыты нұсқамамен
көрсетіледі де, үстіне
алфавиттің бас әрпі
салынады және сол
жердің
кескінінің
үстіне осы әріпті қайталап жазамыз.
2. нұсқама өлшемдері
2.5
суретте
көрсетілген.
Әріптер
биіктігі
өлшем
сандарынан екі есе үлкен
болуы керек.
2. негізгі
көріністер
проекциялық
байланыста
болғанымен, араларын басқа
кескіндер бөліп тұрса.
Қосымша
көрініс
–
нәрсені немесе оның бөлігін
негізгі
жазықтықтарға
параллель емес қосымша
проекция
жазықтығына
проекциялау
арқылы
алынған кескін. Егер нәрсе
бөлігінің
пішіні
мен
өлшемдері негізгі проекция
жазықтықтарына бұрмаланусыз түспейтіндей болса, онда сол
жердің қосымша көрінісін орындау қажет (2.6 сурет).
11
Қосымша көрініс өзі тиісті негізгі көрініспен проекциялық
байланыста орналасса, оны белгілеудің қажеті жоқ (2.6 в сурет).
Өзге жағдайларда қосымша көрініс әріппен белгіленіп (2.6 а
сурет), онымен байланысты кескінге қарау бағытын көрсететін
нұсқама мен сәйкес әріп қойылуы керек.
Сонымен қатар, қосымша көріністі нәрсенің басты кескінде
орналасуын сақтай отырып бұруға болады, мұндайда әріпке
(бұрылған) деген сөзді қоса жазу керек (2.6 б сурет).
Жергілікті
көрініс.
Сызбада негізгі және қосымша
көріністермен бірге жергілікті
көріністі де қолдануға болады.
Нәрсе бетінің жекелеген, аз
ғана шектеулі жерінің кескіні
– жергілікті көрініс деп
аталады (2.7 сурет). Жергілікті
көріністің шектелу сызығын
көрсетуге (А) де, көрсетпеуге
де (Б) болады.
Жергілікті көріністердің
белгіленуі қосымша көріністің
белгіленуіне ұқсас.
Тіліктер. Нәрсенің ішкі
пішіні түсінікті болу үшін сызбада көрінбейтін кескін сызықтары
– үзік сызықтар қолданылады. Бұл сызбаны оқуды қиындатады,
кейде қателіктер жіберуге де себепші болады. Сызбаны оқу мен
орындауды жеңілдету үшін шартты кескіндер – тіліктерді
қолданады.
Тілік дегеніміз – бір немесе бірнеше қиюшы жазықтықтармен
ойша қиғанда алынатын нәрсенің кескіні. Бақылаушы мен
қиюшы жазықтық арасындағы нәрсе бөлігі ойша алынып,
проекция жазықтығына нәрсенің қиюшы жазықтыққа түскен
және оның артындағы кескіні салынады. Тілік орындау
нәтижесінде үзік сызықтармен көрсетілген нәрсенің ішкі
кескіндері көрінетін болады да, олар тұтас негізгі сызықтармен
сызылады.
Қиюшы жазықтыққа түскен кескін 2.306-68 МСТ ережесіне
сәйкес штрихталуы керек.
12
Әртүрлі материалдарды штрихтау үлгісі 3 қосымшада
берілген.
Тіліктер классификациясы
Қиюшы жазықтықтардың орналасуына сәйкес тіліктер
көлденең, тік және көлбеу болып
бөлінеді.
Қиюшы жазықтық горизонталь
проекция жазықтығына параллель
болса, көлденең тілік деп аталады
(2.8 сурет).
Горизонталь
проекция
жазықтығына
перпендикуляр
қиюшы жазықтықпен орындалған
тілік – тік немесе вертикаль тілік деп
аталады (2.9 сурет).
Егер вертикаль тілік фронталь
қиюшы жазықтықпен орындалса,
фронталь тілік (А – А)
(2.9
сурет)
деп,
ал
профиль
қиюшы
жазықтықпен орындалса,
профиль тілік (Б – Б) (2.9
сурет) деп атайды.
Қиюшы
жазықтық
горизонталь
проекция
жазықтығына қандай да
бір
бұрыш
жасай