Информатиканы оқытудың Әдістемесі



жүктеу 0,98 Mb.
бет13/13
Дата28.01.2020
өлшемі0,98 Mb.
#27557
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.



  1. «Модельдеу» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

  2. Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

  3. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

  1. Модельдеу қоры тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

  2. Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

  3. «Модельдеу» тақырыбының мақсаты?

  4. Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

  5. Сабақ қандай типте өтеді?

  6. Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар

12 өздік жұмыс



Тақырыбы: «Желілер» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты: Желілер тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.
Теориялық түсініктеме

«Желілер» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 9 сыныпта қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 9 сыныпта 23-25-ші сабақ болып IV оқу тоқсанында өтіледі.

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР


№33 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Компьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру. Жергілікті желі.

Электрондық пошта. Хабарлар құру және хаттармен жұмыс істеу.



Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру

ОЕТС, Windows 98 ОЖ. Оқулық. Жұмыс дәптері.

Сабақтың тақырыбы:

«Электрондық хабар», «Компьютерлік желі» ұғымдарымен танысу. Электрондық пошта мен электрондық хабарлар туралы түсінік беру. Электрондық адрес туралы түсінік беру. Internet mail бағдарламасынмен жұмыс іатеуді үйрету.

Сабақтың типі:

Көрсете түсіндіру.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Оқушылар білуі тиіс:

Компьютерлік желінің не екенін;

Компьютерлік желінің арналуын;

Компьютерлік желінің жіктелуі;

Жергілікті және жалпы желі не екенін;

Жергілікті желіні ұйымдастыруды;

ДК және компьютерлік желің ресурстарын;

Хаттама деген не және ол қалай қолданылатынын;

Хабар деген не және қандай құралдардыңң көмегімен хабар жіберуге болды;

Модем дегеніміз не және ол не үшін қолданылады;

Жергілікті желі түрлерін;

Электрондық адрес деген не екенін;

Электрондық хабар деген не екенін;

Хабарлар қалай жіберілетінін;

Электрондық хабарлармен жұмыс істеу ережелерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

Жергілікті желіні қолдануды;

Жергілікті желі мысалдарын келтіруді;

«Желілік орта» қапшығымен жұмыс істеуді;

хабарларды құруды, редакциялауды, сақтауды және ашуды;

хабарларды жіберуді және қабылдауды.


Жергілікті желі мен хабарлар және оларды жіберу/қабылдау туралы айтпас бұрын, берілген тақырыпты түсінуге қажет негізгі ұғымдарды берейік.

ДК ресурстары – бұл құрал-жабдықтар (ақпараттық қамсыздандыру), бағдарламалар (бағдарламалық қамсыздандыру) және ДК-да сақталатын және оқылатын деректер.

Ортақ ресурс – бұл компьютердің немесе жергілікті желінің ресурсы, ол бірнеше қолданбалар немесе пайдаланушылар пайдалана береді (бір уақытта немесе әр уақытта).

Компьютерлік желі (Network) – деп ресурстарды бірге қолдану және ақпараттарды алмасу үшін біріктірілген бірнеше компьютерлерді атайды.

Компьютерлерді тікелей қосу – бұл екі компьютердің параллель портқа қосылған кабельдің қиындысымен қосылуы. Мұнда Windows98 ОЖ-дан басқа, ешқандай қосымша аппараттық немесе бағдарламалық жабдықтаманың керегі жоқ. Тікелей қосқанда бір ДК – жетекші, ал екінші ілесуші болып табылады.



Жергілікті желі LANLocal Area NETwork – бұл географиялық бір жерде орналасқан желі. Жергілікті желінің арналуы – ресурстарға бірігіп қатынау (ақпараттар мен құрал-жабдықтарды бірге қолдану), сондай-ақ желідегі жұмыстың барысын бақылау (әкімшілік функция). -

Бір рангты желі – бұл құқығы бірдей барлық компьютерлері бірдей функциялар орындайтын жергілікті желі. Мұндай желілер арнайы бағдарламалық жабдықтаманы қажет етпейді.

“Клиент-сервер” типті желі – бұл екіден артық ДК-ден тұратын желі, оның бірі – файл сервер, ал қалғандары жұмыс стансасы болып табылады. Мұндай желіге қосылу әр компьютерге желілік тақша орнатуды, компьютердің кабельді жалғануын, олардың біріккен жұмысын басқаратын арнайы бағдарламалық жабдықтаманы талап етеді. Бұл желі табысты жұмыс істеуі үшін жүйелік әкім қажет.

Сервер – бұл компьютер немесе бағдарламалар дестесі, ол басқа компьютерде орындалатын пайдаланушының дестесіне қызмет көрсетудің спецификалық түрі. Бір компьютерде бірнеше сервер болуы мүмкін.

Файлдық сервер – бұл “Клиент-сервер” желісінде жұмысты басқаратын және ақпаратты сақтайтын арнайы компьютер.

Жұмыс стансасы – бұл желідегі кез келген кәдімгі компьютер, оның ішінде “Клиент-сервер” желісіндегі де (файлдық серверден басқа).

Жүйелік әкім – бұл пайдаланушыларға нұсқаулар жүргізетін және ортақ деректерге қатынау режімін басқаратын желідегі жұмысқа жауапты тұлға.

Желілер топологиясы - бұл компьютерлерді бір желіге қосу схемасы (желі конфигурациясы).

Торап – бұл желіге жалғанған кез келген жеке компьютер.

Модем – аналогтық телефон сымдарының көмегімен компьютерлердің арасында цифрлық ақпарат беру құрылғысы. Ақпаратты қабылдау үшін желінің баса ұшында да модем болуы керек.

Протокол – бұл техникалық құрылғылардың өзара қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін ережелер жиыны.

Желілік протокол – бұл желідегі жұмысты басқаратын бағдарламалар кешені (желіде біріктірілген компьютерлердің қатынау тілі).

Хабар (Message) – компьютерде жазылған және түрінде құрылған, белгілі құрылымы және кеңейтілуі бар, оны компьютерлік желі бойынша басқа компьютерге жіберуге болатын хат.

Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі.

Компьютерлік желілерді бірқатар белгілері бойынша жіктеуге болады, мысалы, территориялық таралу дәрежесі бойынша, топологиясы бойынша, қолданатын бағдарламалық жабдықтамасы бойынша (ОЖ немесе желілік қызмет), құрылымы (архитектурасы) бойынша және т.б.

Желінің территориялық таралуының дәрежесі бойынша олар мыналарға бөлінеді:


  1. Жергілікті желі (ЭЕМ-дер арасы 10 км, көбінесе ЭЕМ жоғарғы жылдамдықты деректер беру арнасы)

  1. Жергілікті желі (ЭЕМ-дер арасы 10 км, көбінесе ЭЕМ жоғарғы жылдамдықты деректер беру арнасы арқылы байланысады, атап айтқанда: шиырылған жұп, коаксиальды кабель, оптикалық кабель және т.б. радио байланысы да қолданылуы мүмкін);

  2. Аймақтық желі (тораптар арасындағы қышықтық 10-1000км, байланыс арнасы ретінде көбінесе телефон линиялары қолданылады);

  3. Дүниежүзілік (жалпы) желі (тораптар арасындағы қашықтық 10-15 мың км, көптеген басқалары мен қатар спутниктік байланыс арнасы қолданылады).

Жергілікті желі. Негізгі ұғымдары (түсіндіру).

Бұл желілер кең тараған, оларда ақпараттың 80-90% айналады және олардың тек 10-20% сыртқы қатынастармен байланысты.



Жергілікті желіде жұмыс істеудің артықшылықтары:

  1. Ортақ ресурстарды көп қолданушылық режимде қолданылуы;

  2. Барлық пайдаланушылардың ортақ принтерде бір уақытта баспаға шығара алуы;

  3. Пайдаланушылардың өзара ақпарат алмасуы, электрондық пошта ұйымдастыру мүмкіндігі;

  4. Сыртқы жадты тиімді қолдануы;

  5. Пайдаланушының кез келген компьютерден, жалпы желінің коммуникациялық торабы болған жағдайда, жалпы желінің ресурстарына қатынауды қамтамасыз етуі;

  6. Оқу процесін әдістемелік жетілдіру үшін желілік ортаны пайдалану мүмкіндігі (жетекші компьютерден ілесетін компьютерлерге жұмысты көрсету және керісінше).

Топологиясы бойынша жергілікті желілерді мыналарға бөлуге болады:

  1. Жекеарналы (шина). Мұндай желі арқылы бір торап берген деректерді, барлық тораптар қабылдайды, бірақ тек оған арналған торап қана, оны таниды және қабылдайды.

  2. Сақиналық (тұйық). Мұндай желіде деректер бергенде маркерлер қолданылады (белгілі тізбек бит).

  3. Жұлдыз пішінді. Мұндай желінің барлық компьютерлерін біріктіретін активті ортасы болады. Деректер бергенде мұнда да маркерлер қолданады.

  4. Ақшақар. Жұлдыз тәрізді топологияның бір түрі.

  5. Ағаш түрінде. Жұлдыз тәрізді топологияның бір түрі.


Жергілікті желілер, қосу және бағдарламалық жабдықтамасының құрылымы бойынша мыналарға бөлінеді:

  1. Бір рангылы;

  2. Тікелей қосу желілері (екі компьютер);

  3. Клиент-сервер (бір файлдық серверді қолданатын);

  4. Бірнеше файлдық серверлерді қолданатын желілер;

Жергілікті желіде қолданылатын ОЖ немесе желі қызметі бірнеше негізгі топқа бөлінеді:

  1. NET WARE 4.1.

  2. Windows NT

  3. Vines 6.0.

  4. OS 2Warp.

  5. UNIX

Жергілікті желідегі жұмыс.

Жергілікті желідегі (мысалы, бір рангылы) барлық компьютерлерге берілген желі үшін бірегей ат беріледі. Әрбір желіні пайдаланушының өз аты мен паролі болады. Windows98-дің құрамдас желілік құралдарымен жұмыс істегенде, ОЖ-ны жүктегеннен кейін бірден клиент терезе ұсынады, пайдалануыш ол арқылы өзінің желілік аты мен паролін көрсетіп, желіде тіркеледі. Жалпы ресурстарға қатынау жұмыс үстеліндегі арнайы «Желілік орта» қапшығы арқылы жүзеге асады. «Желілік орта» серверлер (NET WARE 4.1., Windows NT) ресурстарын да, бір рангылы желінің компьютерлерінің ресурстарын да көрсете алады. Бұл қапшық арқылы желінің басқа компьютерінің ақпараттарына, егер ол компьютерде бұған алдын ала рұқсат берілсе, қатынауға болады.

Компьютердің ресурстарын қолдануға рұқсат келесі жолдармен беріледі:


  1. «Менің компьютерім» қапшығына кіру.

  2. арнайы қапшықты – С, А, В, Д, Е дискілерін белгілеу.

  3. Маустың оң жақ батырмасын басу арқылы контексті менюді шақыру.

  4. «Қасиеттер» пунктіне кіру.

  5. «Доступ» (Қатынау) бет белгісін таңдау.

  6. «Ортақ ресурс» деген сөз тіркесінің жанына нүкте қою.

  7. «Тек оқу үшін», «Толық», «Парольмен анықталады» пункттерніңі бірін таңдау.

  8. «Парольмен анықтау» пунктін таңдағанда, пароль енгізіледі.

  9. берілген ресурстарды пайдаланбасын десеңдер, онда «жергілікті ресурс» сөз тіркесін белгілеу керек.

Бұдан басқа, желілік ресурстарды бағыттаушы арқылы, қолданбалардағы құжаттарды ашу мен жабу терезелерінде арнайы «Желілік орта» қапшығын таңдап, ол арқылы компьютерді (аты бойынша) бұл компьютердің қатынауға мүмкін ресурстарын (қапшықтар-дискілер), содан кейін қажет файлды қолдануға болады.

Жергілікті желілер

Мақсаты: оқушыларды жергілікті желінің қызметімен таныстыру.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: оқушылар жергілікті желіні ұйымдастыру, оның қызметін, түрлерін білуі тиіс.

Жоспары:

  1. Кабельді тікелей жалғасу.

  2. Жергілікті желі қызметі.

Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлік желілер компьютерден басқа да желілік құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желі арқылы жіберуге арналған ақпаратты түрлендіруге мүмкіндік береді.

Ақпарат – желі арқылы берілетін сигналдарға түрлендіріледі (кодтау процесі), осыдан кейін сигнал қайта түрлендіріледі (декодтау процесі).

Компьютерлер, жергілікті желіге желілік тақша деп аталатын интерфейстік блок – желілік адаптер арқылы қосылады.

Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.

Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде беріледі. Байланыс желісінің сымды және сымсыз түрлері бар.

Желілік құрылғыларға – концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі бөліктерін біріктіреді.



Кабельдік тікелей жалғау. Екі компьютерді желіге қосудың Direk Cable Connection (DCC) – тікелей кабельдік жалғау деп аталатын қарапайым әрі тиімді тәсілі бар. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың қажеті жоқ: компьютерлер бір-біріне порттары арқылы параллель немесе тізбекті қосылады.

Тікелей жалғауда комьпютерлердің бірі- жетекші,екіншісі жетекте болады.

Жетекшікомьютерден жетектегі компьютердің бумаларына, дискісңне, принтеріне қатынасы қамтамасыз етіледі. Жетектегі комьютердің дискілерімен оған қосылған принтері жетекші компьютерде қатысты жетілік болып қалады. Жетекші компьютерден деректерді бір компьютерден екінші компьютерге жіберуді басқаруға болады.

Тікелей кабельтік жалғаудың кемшілігі – дерек тасымалдау жылдамдығының баяулығы. Сол себепті тікелей жалғау мекемелерде сирек қолданылғанымен, тұрмұстық жағдайда қолдануға ыңғайлы. Тікелей жалғау арқылы бірнеше адам қатысып ойнайтын көптеген компьютерлік ойындар жұмыс істейді.

Екіден көп бірнеше компьютерді Бір-бірімен байланыстыру үшін тікелей жалғау жеткіліксіз. Бұл жағдайда әрбір компьютерге Желілік тақташа орнатылуы қажет, оларды бір-бірімен кабель арқылыбайланыстырып, компьютердің бірлескен жұмысын басқаруға арналған арнайы програмаларды іске қосу керек. Егер компьютерлер бір-бірінен алшақ орналаспаса, олар үшін ортақ желілік жабдық пайдаланылады да, олар бір программалық қамтамасыз ету дестемесімен басқарыла береді. Осындай желіні жергілікті желі деп атайды.

Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент- сервер және бір деңгейлі (бір рангілі), яғни тең дәрежелі желі. Егер желіде оны басқаруға арнайы бөлінген арнайы файылдық сервер деп аталатын қуатты компьютерлер бар болса, онда олар клиент-сервер түріне жатады. Клиент- сервер желісіндегі басқа компьютерлер – жұмыс станциялары немесе клиенттер, яғни тұтынушылар деп аталады.

Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды пайдалану үшін сервер қосылулы болуы керек. Серверге принтерлер, модем, ортақ программалар ( мысалы, электрондық пошта), факстар және т.б. қосылады. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады. Клиент-сервер типіндегі желілер қамтылған ресурстарды толығынан қолдануға мүмкіндік береді. Әдетте, сервер жұмыс өнімділігімен және қатты дискідегі ақпарат көлемінің үлкендігі ьен ерекшеленеді. Мұндай желіде барлық ресурстар – дерек жинақтаушы дискілер (накопители),принтер6 модем, CD-ROM (компакт-диск) дискілері серверге қосылады. Сол себепті ортақ ресурстармен жұмыс жасау үшін алдымен сервермен байланысу қажет.

Бір деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағынасында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар ортақтастырылған желі ресурстарын бірдей қолдана алады және ресурстарды бөлуді бақылап қуатты ортақ сервер компьютер болмайды. Бір деңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі – онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың қажеті жоқ.

Деңгейлерді бірдей жергілікті желілерге әрбір жұмыс станциясы басқалары үшін сервердің қызметін атқара береді. Мысалы, бір компьютерге принтер, басқасына компакт-диск орналастыруға арналған дискжетек ( дискіні айналдырып мәләмет алатын құрылғы) қосылуы мүмкін. Егер мұндай желі Windows 2000 операциялық жүйесі арқылы басқарылса және шалғай құрылғы ортақ ресурс ретінде анықталса, онда желідегі әрбір тұтынушы осы ресурстардың барлығын пайдалана береді. Бірақ принтер қосылған компьютер іске қосылмай тұрса, онда желі арқылы басуға мәлімет шығара алмаймыз. Бірдей деңгейлі жергілікті желіні құру өте жеңіл және осындай тәсілмен байланысқан компьютерлер кез келген мәселені тиімді түрде шеше алады.

Windows 2000 операциялық жүйесі ортақ пайдалануға арналған деректерді кез келген компьютердің пайдалануына толық мүмкіндік береді. Мұндай басқаруды – жүйелік саясат немесе жүйелік ереже деп те атайды. Жергілікті желідегі жұмысты басқаруға жауапты және жүйелік саясатты реттейтін маманды – жүйе басқарушысы немесе жүйелік әкім (администраторы) деп атайды.



  1. Жергілікті желі қызметі. Егер мекемеде Windows 9x, Windows 2000 Professional және Windows NT Workstation операциялық жүйелері орналасқан болса, оларды жергілікті желіге қосқан орынды.

Жергілікті желіннің қаматамасыз ету мүмкіндіктері:

    • ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдаланушының қандай да бір дерекпен жұмыс істеуі;

    • бірнеше пайдаланушы қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;

    • электрондық почтамен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы;

    • желілік принтерлерді бірлесіп пайдалану;

    • интернетке қосылу мүмкіндігі;

Желідегі компьютер санның артуына (он артық) қарай мәліметтерді тасымалдау қиындай түседі. Мұндай жағдайда сервері бар желі құрып, компьютерге ресурстар мен тұтынушыларды орталықтан басқару мүмкіндігін беретін қуатты Windows 2000 Server операциялық жүйесін орнатқан абзал. Ортақ деректер базасынның каталогы желілік ресурстар мен бірыңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырылған тәсілі бар компьютерлер тобының домен атауы болады. Әрбір доменге жеке ат беріледі. Доменннің деректер базасы каталогы домен бақылаушысында (контролер) сақталады. Әрбір доменде тек бір ғана негізгі бақылаушы болады. Мүмкіндігінше бір немесе бірнеше резервттік домен бақылаушы болғаны дұрыс.
жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау