Информатиканы оқыту әдiстемесiнде бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан "Информатика" курсы бөлiнiп шығады



жүктеу 2,02 Mb.
бет3/9
Дата09.01.2020
өлшемі2,02 Mb.
#26128
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Файл аты өрiсiне проект атын енгiзiп, Сақтау тұймесiн шерту. Проект файлды .dpr кеңейтiлуi бойынша сақталады да, Негiзгi модуль атауы осы атауға өзгертiледi. Ол программа атауы ретiнде қабылданады.

Мұндағы ескертетiн жайт: модуль мен проектiнi бiрдей атау бойынша сақтауға да болады, Мысалы, Func1.pas, Func1.dpr. Бiрақ модульдi басқа проектiлерде де пайдалану мұмкiн. Сондықтан оларды тұрлi атаулар бойынша сақтау керек.

Сақтаулы проектiнi ашу ұшiн File – Open Project командасының берiлуi тиiс. Көрiнген терезеден қажеттi буманы ашып, онда көрiнген проект атауын екi рет шертсе болғаны.

Жаңа құрылған программманы (проектiнi) сақтаған соң, оны iске қосу үшiн компиляциялау қажет. Ол үшiн берiлетiн команда: Project – Compile Project (Проект- Пректiнi компиляциялау). Жүйенiң сәйкес күйге келтiрiлуiне байланысты, iске қосу командасы берiлген кезде компиляциялау барысы Compiling сұхбаттық терезесiнде көрiнiп тұрады.

FrontPage web-беттер мен web-түйiндер құруға арналған Micro­soft Office 2000 құрамына кiретiн программа. FrontPage пайдалану­шыға HTML тiлiне қарағанда көптеген жеңiлдiктер бередi. Дегенмен HTML тiлiнде программалай бiлу Электрондыте web-құжаттар құруда, оларды тиiмдi ұйымдастыруға мүмкіндiк бередi. Ортаның программалау режимiнде HTML тiлiндегi құжаттар құруға болады.

FrontPage ортасын iске қосу Пуск-Программы-Microsoft FrontPage командасы арқылы орындалады. Орта Windows стилiндегi терезе болғандықтан ондағы негiзгi элементтер де стандартты: яғни ортаның аспаптар панелi мен мәзiрiндегi командаларды пайдаланып бетке мәтiндiк және графикалық информациялар, навигациялар панелi мен гиперсiл­темелер жүйесін пайдаланып, web-құжаттар арасында түрлі байланыстар орнатуға болады. Front Page ортасында сонымен қатар кестелердi, фреймдердi, жұгiртпе жолдарды, түрлі мультимедиялық эффектiлердi, т.с.с. қолдануға болады.

Ортада Microsoft Office құрамына енетiн MS Word, MS Excel, MS Access, MS PowerPoint сияқты қосымшалардан OLE техно­логиясының көмегiмен информация тасымалдап енгiзуге болады.

FrontPage басқа қосымшалардан ерекшелiгi онда құжаттың құрылымдық негiзiн түрлі режимде көрумен қатар, ондағы құжаттың программалық кодын, яғни HTML кодын көруге мүмкіндiк бар. Ол үшін арнайы көру және редакциялау режимдерiн iске қосу жеткiлiктi.

Сонымен бiрге құрылған web-беттiң iске қосылуын да алдын-ала көруге болады.

Ортада web-бет құру ең алдымен web-құжатқа енгiзiлетiн мәтiндi теру мен форматтаудан басталады. Мәтiндi теру мен форматтау Word мәтiндiк редакторындағыдай.

Орта терезесiнiң төменгi жағында орналасқан Көру және редакциялау режимдерiн пайдаланып, web-құжаттың HTML кодын және оны iске қосып көруге мүмкіндiк бар.

FrontPage ортасында Кесте (Tables), Сурет (Picture) аспаптар панелдерiн пайдаланып, web-құжатқа кесте, иллюстрациялар кiрiстiруге болады. Кесте және сурет кiрiстiрумен қатар web-құжатқа анимация, баннер, басқару элементтерi бар форма, т.с.с. объектiлер орнатуға болады. Бұл объектiлердiң барлығы Кiрiстiру (Insert) мәзiрiнiң көмегiмен кiрiстiрiледi.

Web-құжат iске қосылған кезде кесте iшiндегi файл iздеу анимациясы орындалып тұрады, ал формадағы 1-баннер не 2-баннер таңдалып, Iске қосу түймесi басылса сәйкес баннер орындалады. FrontPage ортасында гиперсiлтемелер жүйесін құру да тиiмдi Ұйымдастырылған. Гиперсiлтеменi мәтiн не графикалық объект ретiнде алуға да болатыны белгiлi. Тек қажет объект таңдалып мәзiрдiң Кiрiстiру (Insert) пунктiнен Гиперсiлтеме (Hyperlink) командасы орындалса болғаны. Гиперсiлтеменiң мәтiнi әдеттегiдей асты сызылған көк түстi етiп көрсетiледi.

Гиперсiлтемелер арасындағы байланысты Жұмыс режимi панелiнiң Hyperlinks режимi арқылы көруге болады. Мысалы 1-web құжатының гиперсiлтемелер жүйесi 4-суретте келтiрiлген. Мұнда 1-web құжатының қандай объектiлермен қарапайым байланыстырылғаны (схемадағы 1-web құжатының оң жағындағы объектiлер) және қандай web-құжаттармен гиперсiлтемелер жүйесi арқылы байланысқаны (схемадағы 1-web құжатының сол жағындағы объектiлер) схема түрінде көрсетiлген.




4-сурет. 1-web құжатының гиперсiлтемелер жүйесi


Delphi ортасында Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесін жасаудың алгоритмi:

  1. Оқыту жүйесінiң бас мәзiрiнiң интерфейсiн жобалау;

  2. Курс мазмұнын даярлау;

  3. Тапсырмалар жүйесін даярлау;

  4. Тест жүйесін даярлау;

Оқыту жүйесінiң интерфейсiн жобалау технологиясы:

1. Delphi ортасын iске қосып, 5-суреттегi форма дайындамасын жасау керек. Суретте келтiрiлген компоненттердi форма бетiне орнатып, олардың қасиеттерiне мәндер меншiктеу керек.




жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау