Сыртқы жады. Сыртқы жадының сақтау құрылғыларында тасымалдауыштардың екі: магниттік және оптикалық формалары қолданылады. Магниттік дисілерге ақпаратты қайталап жаза беруге болады, ал оптикалыққа – тек бір рет қана жазылады. Оптикалық дискілерді – CD–ROM (Compact Disk Read Only Memory) – компакт-дискілер деп атайды. Олар жазылған ақпаратты тек оқуға ғана және ұзақ мерзімге сақтауға арналған. Сыртқы жадының физикалық қасиеттері мынадай болады:
-сыртқы жады электр энергиясынан тәуелсіз, себебі компьютер қосылсын-қосылмасын, тасымалдаушы компьютерге салынсын-салынбасын, оған жазылған ақпарат сақталып тұрады;
-сыртқы жадының жылдамдығы ақырын – яғни, ішкі жадымен салыстырғанда ақпаратты оқу/жазу жылдамдығы баяу жұреді.
-сыртқы жадыға сиятын ақпараттың көлемі үлкен, тіпті тасымалдауыштарды ауыстыру мүмкіндігін ескерсек, шексіз деуге болады.
Оқушылардың назарын терминологияны дәл қолдануға аудару қажет. Дискілер – ақпаратты тасушылар. Оптикалық дискілер үшін, ақпаратты тек қана CD–ROM-нан ғана оқи алатын, оптикалық дискжетек қолданылады. Магниттік дискіге оқу/жазу құрылғысын – магниттік дискіге жинақтауыш деп атайды.
Қатты магнитті дискідегі жинақтауыш (HDD – Hard Disk Drive) немесе винчестер – жүйелік блокта кірістірілген, жұмыс жасауға барлық қажет ақпаратты, атап айтқанда: операциялық жүйелерді, бағдарламалар дестесін, сандық деректерді, мәтіндерді, ойындарды және т.б. сақтау үшін арналған.
Енді – ақпараты ұйымдастыру принциптері туралы. Базалық курсты игерген оқушылар мына қағидаларды білуге тиісті:
1) компьютер деректердің (өңделетін ақпарат) мына формаларымен жұмыс жасайды: символдық, сандық, графикалық, дыбыстық;
2) компьютер жадында кез келген ақпарат (оның ішінде бағдарламаларда) екілік түрінде ұсынылады;
Тұжырымдалған қағидаларды оқушыларға осы тақырыпта айтқан жөн, мына тақырыптада қайталанатын болады.
Компьютердің электрондық элементтері электр сигналдардын жіберді және оларды түрлендіреді. Екілік символдар былай танылады: егер, сигнал болса – бір, сигнал болмаса – нөль. Магниттік тасушыда беттің магниттелген жері – бірге, магниттелмегені – нөльге сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |