14-ДӘРІС «Формальдау және ақпараттық модельдеу» мазмұндық бағытын
оқыту әдістемесі.
Теориялық материалды баяндаудың әдістемелік нұсқаулары
Қарастырылатын сұрақтар:
- модель ұғымы;
- материалдық (заттық) және ақпараттық модельдер;
- ақпараттық модельдердің типтері;
- формализациялау ұғымы;
- ақпараттық модельдердің кестелік пішімі.
Модельдеу бағытының негізгі оқу мазмұны – ақпараттық модельдеу болып табылады. Бұл сызықтың мазмұны мына түсініктердің – модельдеу танымдық әдісі ретінде, формализациялау, материалдық және ақпараттық модельдер, ақпараттық модельдеу, ақпараттық модельдердің негізгі типтері тізбесімен анықталады.
Ақпарат және ақпараттық үрдістер сызығымен қатар, модельдеу сызығы информатиканың базалық курсының теориялық негізі болып табылады. Әйтсе де, модельдеу сызығы курстың басқа сызықтарымен тығыз байланыста. Базалық курстың көптеген бөлімі, оның ішінде технологиялық сызыққа жататын тақырыптар, модельдеуге тікелей қатысы бар. Ақпарататты өңдеудің технологиялық әдістерін және оған сәйкес бағдарламалық құралдарды (кестелік процессорлар, деректер қорын басқару жүйелері, т.б.), әртүрлі ақпараттық модельдермен жұмыс жасауға арналған саймандар ретінде қарастыруға болады. Алгоритмдеу және бағдарламалау тақырыптары модельдеуге тікелей қатысы бар деп саналады. Демек, модельдеу сызығы базалық курстың бір қатар бөлімдері үшін ортақ болып табылады. Жалпы білімдік информатиканың базалық курсының ары қарай дамуы осы мазмұндық сызықтардың тереңдеуімен байланысты.
Ақпараттық модеьдеу сызығының мазмұны. Материалдық модельдер тақырыбы ең басында модель ұғымын анықтауға байланысты қарастырылады. Модельдерді материалдық (орысш. – натурные) және ақпараттық деп бөлуге болады [26]. Ақпараттық модельдеу өз алдына былай бөлінеді:
- объектілер мен процестерді модельдеу;
- білімді модельдеу.
Білімді модельдеу тақырыбы жасанды интеллект тақырыбымен байланысты болғандықтан, информатиканың базалық курсында тек іздеу, зерттеу түрінде ғана жүреді. Сонда да, оқушыларға жасанды интеллектпен мына жағдайларда: компьютерде терілген мәтіннің орфографиялық қателері автоматты тексерілгенде, машиналық аударма жасалғанда, оқу және бақылау бағдарламаларымен жұмыс жасағанда кездесетіндерін айта кеткен жөн. Бұл мәліметтер оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, білімді жүйелеуге және кәсіптік бейімдеуге мүмкіндік береді.
Объектілердің және процестердің модельдері – ұсыну пішіндері бойынша жіктеледі. Бұл белгі бойынша модельдер – графикалық, вербальдік кестелік, математикалық, объектілі-ақпараттық болып бөлінеді.
Математикалық және объектілі-ақпараттық модельдер компьютерлік технологияларда, объектілі-бағытталған бағдар-ламалауда, қазіргі жүйелік және қолданбалы БҚ-да пайда болып, дамуда.
Бөлінген сағат санына және оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты модельдеу және формализациялау сұрақтары әртүрлі дәрежеде оқытылуы мүмкін:
-бірінші - минималды;
-екінші – толықтырылған;
-үшінші – тереңдетілген деңгей.
Достарыңызбен бөлісу: |