Модельдеу мақсаты. Модельде нақты объектінің тек келешекте қолданысқа ие болатын негізгі қасиеттері ғана қайталанады. Сондықтан, модельдеуде ең маңызды ұғым – модельдеу мақсаты болып табылады. Модельдеу мақсаты – келешек модельдің атқаратын қызметі. Мақсат – нақты объектінің (түпнұсқаның) моделінде болатын қасиеттерді анықтайды.
Материалдық объектілерді ғана емес, процестерді де модельдеуге болатынын, ерекшелеп айта кеткен жөн. Сондықтан модельдеу ұғымын кең мағынада түсіну керек. Мысалы, синоптиктер, атмосфералық процестерді қуатты компьютерлерде модельдеп, ауа райы болжамын береді, физиктер зертханаларда әртүрлі физикалық процестерді модельдейді, авиациялық конструктор аэродинамикалық моржаны, ұшақтың моделін ауа ағынымен айналу процесін модельдеу үшін қолданады. Мұндай модельде ұшақтың тұлғасына түсетін күш өлшенеді, ұшақтың беріктігі зерттеледі. Физикалық процестердің модельдерімен экпериментші-физиктер жұмыс істейді.
Ақпараттық модельдер – ақпараттық үрдістерді (ақпараттың пайда болуын, жіберуін, түрлендіруін және пайдалануын) табиғаты әртүрлі жүйелерде сипаттайтын таңбалы модельдер топтары .
Модельдерді құру және қолдану жанды және жансыз табиғаттанудың барлық ғылымдарында, қоғамтануда танымның қуатты құралы болып табылады. Ғылыми танымда модель жүйелі және мазмұнды құрастырушылық рөлін атқарады. Модельдеу арқылы заттардың белгісіз қасиеттері зерттеледі. Модель құбылыстардың құрылымын, оның басты аспектілерін неғұрлым ашық көрсетуге ұмтылады.
Формализациялау – нақты объектіні немесе процесті, оның формалды сипаттауымен, яғни ақпараттық моделімен ауыстыру.
Сонымен, ақпараттық модельдерді құру үшін әртүрлі тәсілдер және саймандар қолданылады. Мысалы, вербальді модельді құру үшін табиғи тілдермен суреттер қолданылады.
Вербальды (мәтіндік) модельдер объектілердің немесе қатынастардың шындығын сипаттау үшін формалданған табиғи тілдердің диалектілерінің сөйлемдерінің тізбегін қолданады (мұндай модельдердің мысалы ретінде жол жүру ережелерін, милиция хаттамысын айтуға болады).
Әйтсе де, вербальдік құралдар, күрделі зерттеулер жүргізуге жеткіліксіз. Сондықтан математиктер, физиктер, химиктер баяғыдан объектілердің, құбылыстардың және процестердің математикалық модельдерін жасауда.
Математикалық модельдер – объектінің немесе үрдістің мәнді жақтарын теңдеулермен немесе математикалық басқа құралдарының тілімен бейнелейді. Олар теориялық физика, механика, химия, биология және әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарда зерттеудің дәстүрлі түрі болып қалыптасты.
Математикалық модельдерді сипаттау үшін арнайы – формалды тіл – математикалық ұғымдар, алгебралық формулалар, геометриялық функциялар, т.б. қолданылады. Оқушыларға белгілі химиялық формулалар, нота тілі, тіпті қалта телефонымен мәтіндік хабарды жіберуге қолданылатын смайликтер, бәрі формалды тілдердің мысалдары. Баяндалған мысалдардың бәрі «формализациялау» ұғымын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |