Автотолтыру
Электрондық кестеде торларды мәліметпен автоматты түрде толтыру мүмкіндігі бар. Ұяшықтарға ай атарын, сандарды т.б. автоматты түрде енгізуге болады. Мысалы, ұяшыққа кез келген ай атын теріп жазған соң, кестелік курсорды сол ұяшыққа орналастырып, тышқанның көмегімен толтыру әрекетін орындасақ, келесі ұяшықтарға реті бойынша ай аттары енгізіледі. Дәл осы әрекетті орындай отырып, ұяшықтарды белгілі бір заңдылықпен реттелген санмен де толтыруға болады. Ұяшықтарды санмен толтыру үшін, міндетті түрде екі сан енгізілуі керек. Excel программасы сандар енгізілген мезетте сандардың айырмасын есептеу арқылы, қадамды анықтайды да, толтыру әрекеті орындалған кезде келесі ұяшыққа сол қадамды ескере отырып, сан мәндерін есептеп енгізеді. Ұяшықтарға сандарды, белгілі қадаммен кему немесе арту реті бойынша автоматты түрде жазу үшін, екі сан енгізілген ұяшықты бірге белгілеп алып, толтыру әрекетін орындау қажет.
Функция ұғымы
Excel программасына функциялардың ауқымды жиыны ендірілген:
Финанстық
Дата және уақыт
Математикалық
Статистистикалық
Сілтемелер және массивтер
МҚ жұмыс
Мәтіндік
Логикалық
Қасиеттер мен мәндерді тексеру
Егер кестеге бірнеше сандар енгізілетін болса, Excel 2003 программасы оларды қарапайым арифметикалық ортасын табудан бастап, күрделі тригонометриялық есептеулерді жасауға дейін 300- ден аса тәсілмен өңдей алады. Excel 2003 функциялары – программа жадында сақталып тұрған арнайы формулалар болып табылады. Әрбір функция аты (мысалы, СУММ т.с.с) мен оның аргументі арқылы өрнектеледі. Аргументтер дегеніміз - нәтиже алу үшін қолданылатын мәліметтер. Функцияның аргументі сілтемелер немесе атау, мәтін немесе сан, уақыт немесе мерзім бола алады. Аргументтер функция атының оң жағында жай жақшаның ішінде жазылады.
Функциялар есептеулерді ықшамды күйде жазу үшін қолданылады.
Мысалы, СУММ (А1:А300) функциясы =>А1:А300 аралығындағы ұяшықта орналасқан мәндердің қосындысын табады.
Қосу функциясы өте жиі қолданылатындықтан, оған саймандар тақтасында автоматты түрде қосу батырмасы ∑ меншіктеліп қойылған. Қосу амалын жылдам орындау үшін осы батырманы пайдалануға болады.
Формулаға Excel программасында қолданылатын кез келген функцияны енгізу үшін, Кірістіру (Вставка) - Функциялар командасын орындаймыз немесе саймандар тақтасындағы батырмасын шертеміз. Осы әрекеттердің бірін орындаған соң, экранда функцияны таңдау мүмкіндігін беретін сұхбат терезесі ашылады (Сурет 5).
Сурет 5. Функция шебері. Қадам 1.
Функциялар шеберінің бұл терезесінде көрсетілген тізімнен өзімізге қажетті функцияны таңдап аламыз. Осы терезенің төменгі бөлігінде функцияның атқаратын қызметі жөніндегі анықтамалықты оқуға болады.
Екінші сұхбат терезе (Функциялар шеберінің екінші қадамы) таңдалған функцияның аргументтерін енгізу мүмкіндігін береді (Сурет 6). Бұл терезе формулалар тақтасы деп те аталады.
Сурет 6. Функциялар шеберінің екінші қадамы.
Осы терезеде функцияның және аргументтерінің анықтамасы көрсетілген. 1- сан (Число1) мәтіндік өріске сан, ұяшыққа сілтеме, формула немесе басқа функция енгізуге болады.
Диаграммалар
Диаграмма мәліметтерді көрнекі түрде бейнелеу үшін қажет. Сандық мәліметті график түрінде көрсетеді. Excel программасында диаграмма құру өте жеңіл жүзеге асады.Диаграмма құру үшін оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып, диаграмма шеберін іске қосу жеткілікті.Бұл диаграммалар шебері біраз дайындық жұмыстарын жасайды,ал біз оның жұмысын бақылап отырып, қажетті жерде өзгерістер енгіземіз.Диаграммалар шебері қажетті параметрлер тағайындалғаннан кейін сол ақпараттарға сәйкес диаграмма құру қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |