«информатика»


Сурет-1. Word мәтіндік редакторының терезесі Мәтінді теру



жүктеу 10,93 Mb.
бет11/93
Дата08.01.2020
өлшемі10,93 Mb.
#26024
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93

Сурет-1. Word мәтіндік редакторының терезесі
Мәтінді теру

Абзацтар

Мәтінді теру кезінде жол толған кезде мәтін автоматты түрде келесі жолға ауысады. Enter пернесі екі рет басылған аралықта орналасқан мәтін абзац деп аталады. Әрбір абзац өзінің форматтау ережесіне бағынады.Егер келесі абзацқа көшпей жаңа жолды бастау керек болса, онда Shift+Enter пернелерінің комбинациясын басу керек. Келесі абзацты жаңа беттен бастау керек болса, онда Ctrl+Enter пернелерінің комбинациясын қолдануға болады.



Көрінбейтін символдар.

Мәтінді теру барысында қандай орындарда Enter, Shift+Enter пернелерінің басылғандығын көру қажеттігі туындайды. Word-тың кез келген құжатында көзге көрінетін символдармен қатар, көрінбейтін символдарда қолданылады. Мысалы, баспаға шықпайтын символдар: Enter, Shift+Enter, Бос орын, Tab,… пернелері арқылы пайда болады. Көрінбейтін символдарды экранда көру үшін стандартты құралдар тақтасындағы “Непечатаемые символы” (¶) батырмасын шерту керек. Сондай-ақ, Ctrl+Shift+8 пернелерінің комбинациясында пайдалануға болады.



Пернетақтада жоқ символдар.

Мәтінді теру кезінде, кей жағдайда, пернетақтада жоқ символдарды енгізу керек болады. Мысалы, грек алфавитінің әріптері: α, β, γ, δ, ε, π,... және т.б. символдар, мысалы,, , , , ¥, £ ,& … Бұл символдарды қою үшін Меню=>Вставка=>Символ… командасын пайдалануға болады, ашылған терезеден қажетті символды таңдап, ОК пернесін басу керек. Егер өажетті символ ашылған терезеде жоқ болса, онда шрифт түрін “Шрифт” тізімдерінің ішінен өзгерту керек.



Қажетсіз мәтіндерді өшіру.

Қажетсіз мәтінді жою үшін, оны алдымен ерекшелеп алу керек, содан кейін Delete пернесі басылады. Бір әріпті жою үшін: егер ол курсордың алдында орналасса, BackSpace пенресі, ал курсордан кейін орналасса Delete пернесін басу керек.



Ерекшелеу тәсілдері

Бағандарды және абзацтарды форматтау үшін, ақпаратты көшіру, көшірмесін алу және жою үшін оны ең алдымен тышқанның немесе клавиатураның көмегімен ерекшелеп алу керек.



Клавиатура көмегімен ерекшелеу

  1. Курсорды ерекшелеу керек фрагменттің басына орналастырыңыз.

  2. Мәтінді ерешелеу үшін пернелердің төмендегі комбинациясын пайдаланыңыз:

    • Shift +  немесе Shift + – бір жолды ерекшелеу;

    • Shift +  немесе Shift + –бір символды ерекшелеу;

    • Shift + Ctrl +  немесе Shift + Ctrl +– бір сөзді ерекшелеу;

    • Shift + Ctrl +  немесе Shift + Ctrl + – бір абзацты ерекшелеу;

    • Shift + Home – Курсор тұрған жерден бастап ағымдағы жолдың басына дейін ерекшелеу;

    • Shift + End – курсор тұрған жерден бастап ағымдағы жолдың соңына дейін ерекшелеу;

    • Shift + Ctrl + Home – курсор тұрған жерден бастап құжаттың басына дейін ерекшелеу;

    • Shift + Ctrl + End – курсор тұрған жерден бастап құжат соңына дейін ерекшелеу;

    • Ctrl + A немесе Ctrl + қосымша клавиатурадағы 5 цифрасы– бүкіл құжатты ерекшелеу.

Тышқанның көмегімен ерекшелеу

  1. Мәтіннің кішкене фрагментін ерекшелеу үшін, оның басына тышқанды шертіп, тышқан батырмасын жібермей көрсеткішті фрагмент соңына дейін тартыңыз, содан кейін тышқан батырмасын жіберіңіз.

  2. Мәтін блоктарын ерекшелеу үшін, төменде көрсетілген әдістердің бірін қолданыңыз.

Кесте-2. Тышқанның көмегімен ерекшелеу тәсілдері

Сөз

Сөзге тышқанды екі рет шертіңіз

Сөйлем

Ctrl пернесін басып тұрып, тышқанды сол сөйлемге бір рет шертіңіз

Жол

Ерекшелеу жолағына тышқанды шертіңіз(мәтіннің сол жағындағы бос өріс)

Абзац 

Ерекшелеу жолағына тышқанды екі рет шертіңіз

Құжат 

Ерекшелеу жолағына тышқанды үш рет шертіңіз

Тік блок

Фрагментті ерекшелеу кезінде Alt пернесін басып тұрыңыз





Тапсырма:

  1. Word мәтіндік редакторында жаңа құжат құрыңыз

  2. Осы құжатқа Қосымшада көрсетілген мәтіндерді теріңіз.

  3. Құжатты сақтаңыз.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз.

  2. Жаңа құжатта Қосымша №1 көрсетілген мәтінді теріңіз. Мәтінді теру кезіңде бас әріптер мен кіші әріптерге назар аударыңыз. Құжатты жұмыс үстеліне Word папкасын құрып, сонда TEXT1.DOC деген атпен сақтаңыз. Файлды жабыңыз.

  3. Тағыда бір жаңа құжат құрыңыз(Меню=>Файл=>Создать). Қосымша№2 көрсетілген мәтінді теріңіз (арнайы символдарды Меню=>Вставка=>Символ… командасы арқылы енгізіңіз). Құжатты жұмыс үстеліне Word папкасына TEXT2.DOC деген атпен сақтаңыз. Файлды жабыңыз.

  4. text1.doc файлын ашыңыз. Қосымша№3-те көрсетілген мәтінді қосыңыз. Құжатты атауын өзгертпеі сақтаңыз(Ол үшін Меню=>Файл=>Сохранить командасын пайдаланыңыз)


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.


Бекіту сұрақтары:

  1. Жаңа құжат қалай даярланады?

  2. Терілген құжатты сақтау мүмкіндіктері.

  3. WORD редакторын қалай жабады?

  4. WORD редакторында арнайы символдар қалай қойылады?

  5. WORD редакторында мәтінді ерекшелеу тәсілдерін атаңыз.


Зертханалық жұмыс №12.2
Тақырыбы: Алмастыру буферімен жұмыс: меню көмегімен және пернетақталар комбинациясымен
Мақсаты: Алмастыру буберімен танысу, меню көмегімен және пернелер көмегімен жұмыс істеуді үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, MS WORD мәтіндік процессоры


Теориялық түсініктеме:

Мәтінді ерекшелеп алғаннан кейін Сіз оған қатысты қарапайым амалдарды, мысалы көшіруді орындай аласыз. Бұл үшін бас мәзірде орналасқан Өңдеу(Правка) қосымшасын ашып, Көшіру(Копировать) әмірін таңдау қажет. Сондай-ақ, егер мәтін үзіндісін бір бөліктен екіншісіне ауыстыру қажет болса, дәл сол қосымшада орналасқан Қиып алу(Вырезать) деген әмір бар. Мәтін бөлігі аралық сақтағышқа салынады да, басқа Көшіру, немесе Қиып алу әмірі орындалғанға дейін сонда жатады, содан кейін басқа мәтін бөлігіне ауыстырылады.

Соңғы рет қандай мәтін бөліктері аралық сақтағышқа салынғанын көру үшін, Өңдеу қосымшасын ашып, Office аралық сақтағышын(Буфер обмена Office) шертіңіз.

Көшірілген немесе қиып алынған мәтін бөлігін қою үшін алдыңғы екі әмір сияқты Өңдеу қосымшасынан табуға болатын Қою (Вставка) әмірін пайдалануға болады.

Мәтінді жылжыту немесе көшіру үшін:


  1. Мәтінді бөлектеп алыңыз.

  2. Жылжыту үшін Қиып any ( пернелерінін көмегімен) немесе Көшіру (пернелерінің көмегімен) әмірін орындаңыз.

  3. Курсорды мәтінді қою қажет жаңа орынға апарыңыз. Егер ол орын басқа құжатта
    болса, сол құжатты ашыңыз.

  4. Өңдеу мәзірінен Қою ( пернелерінің көмегімен) әмірін орындаңыз.

Word-та жұмыс істеу кезінде әрекетті болдырмау көзделеді. Бұл қызметті соңғы аяқталған әмірді немесе әрекетті болдырмай тастайтын Болдырмау(Отменить)-әмірі атқарады. Егер де Сіз қандай да бір қате әрекет жасап, нәтижелеріне көңіліңіз толмаса, осы қызметті пайдалануыңызға болады. Бұл үшін Өңдеу мәзірін ашып, Енгізуді болдырмау батырмасын басыңыз немесе пернетақтадағы пернелер жиынтығын пайдаланыңыз.

Осы амалдардың барлығын Стандартты құралдар тақтасы батырмаларының көмегімен орындауға болады(Сурет 1).




жүктеу 10,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау