«информатика»


Сурет 1. Стандартты құралдар тақтасындағымәтінді қиюға, көшірмесін алуға, қоюға көмектесетін құралдар Тапсырма



жүктеу 10,93 Mb.
бет12/93
Дата08.01.2020
өлшемі10,93 Mb.
#26024
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   93

Сурет 1. Стандартты құралдар тақтасындағымәтінді қиюға, көшірмесін алуға, қоюға көмектесетін құралдар

Тапсырма:

1 тапсырма

Word мәтіндік редакторын жүктеп Қосымша№1-де берілген мәтінді теріп жазыңыз. Құжатты өзіңіздің папкаңызға TEXT3.DOC деген атпен сақтаңыз. Зертханалық жұмыс№15-де жасаған TEXT1.DOC құжатындағы мәтінді TEXT3.DOC құжатына көшіріп, орналастырыңыз. Құжатты сақтаңыз. Файлды жабыңыз.



2 тапсырма

TEXT3.DOC құжатын ашыңыз. Ең соңғы абзацты буферге қиып алыңыз. Буферге сақталынған мәтінді парақтың ең басына орналастырыңыз. Құжатты атың TEXT4.doc деген атпенсақтаңыз. Файлды жабыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
1 тапсырма

Microsoft Word программасын жүктеңіз.



  1. Пернетақтаның көмегімен Қосымша №4те берілген мәтінді теріңіз:

  2. Жаңа құжатты TEXT3.DOC деген атпен
    Меню->Файл -> Сохранить командасын пайдаланып сақтаңыз. Файлды жабыңыз.


  3. Зертханалық жұмыс№12.1-де жасаған TEXT1.DOC құжатыңызды ашыңыз. Бүкіл мәтінді Правка / Выделить все командасы арқылы ерекшелеңіз.

  4. Правка/Копи­ровать командасын немесе құралдар тақтасындағы Копировать в буфер батырмасына шертіңіз. Файлды Орау батырмасы арқылы есептер тақтасына орап қойыңыз.

  5. TEXT3.DOC құжатын ашыңыз.Буферге көшірілген мәтінді қою үшін мәтін орналасатын жерге курсорды орналастырыңыз. Содан кейін Правка/Вставить командасын немесе стандартты құралдар тақтасындағы Вставить батырмасын шертіңіз.

  6. Құжатты атын өзгертпей Меню->Файл -> Сохранить командасын пайдаланып сақтаңыз. Файлды жабу батырмасын пайдаланып жабыңыз.


2 тапсырма

  1. Microsoft Word программасын жүктеңіз. Меню->Файл -> Открыть командасының көмегімен TEXT3.DOC құжатын ашыңыз.

  2. Ең соңғы абзацты пернетақтаның көмегімен ерекшелеңіз. Ерекшеленген абзацты буферге қиып алыңыз. Курсорды парақтың басына орналастырыңыз. Буферге сақталған мәтінді Меню->Правка->Вставить командасын пайдаланып орналастырыңыз.

  3. Құжатты Меню->Файл -> Сохранить как командасы арқылы, атың TEXT4.DOC деп сақтаңыз. Файлды жабу батырмасын пайдаланып жабыңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

    2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

    3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

    4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

    5. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

    6. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

    7. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

    8. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003


Бекіту сұрақтары:

  1. Алмастыру буферіне анықтама беріңіз

  2. Мәтінді менюдің көмегімен қию, көшірмесін алу және қою тәсілдерін білесіз?

  3. Мәтінді стандартты құралдар тақтасының көмегімен қию, көшірмесін алу және қою тәсілдерін білесіз?

  4. Алмасу буфері не үшін қажет?

  5. Алмастыру буферін қолданудың қолайлылығын айтыңыз


Зертханалық жұмыс №12.3

Тақырыбы: Беттерді форматтау: бет параметрі, бет режимдеріб алдын ала көруб масштаб
Мақсаты: Бет параметрлерін тағайындау, көру режимдерінің батырмаларымен танысу, алдын ала көру режимін қарастыру, құжат масштабын тағайындау.
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, Word мәтіндік редакторы


Теориялық түсініктеме:

Бет параметрлерін тағайындау

Word мәтіндік редакторында бет параметрлерін тағайындау үшін келесі команданы орындау керек:



  1. Файл-> Параметры страниц

  2. Осы кезде Параметры страниц сұхбат терезесі ашылады(Сурет-1)




Сурет-1. «Параметры страниц» сұхбат терезесі

Бұл сұхбат терезесі үш астарлы беттерден тұрады:




  1. Поля астарлы бетінде парақ шетінен мәтіннің жиегіне дейінгі аралықты, бет ориентациясын, парақ түрін тағайындауға болады;

  2. Размер бумаги астарлы бетінде қағаз түрін(А4, А3, Letter) тағайындауға болады;

  3. Источник бумаги астарлы бетінде бөлімдерді тағайындауға болады, колонтитулдар қасиетін беруге болады, сондай-ақ жолдарды номерлеуге болады.


Поля астарлы бетінде қолданылатын параметрлер:

  1. Мәтіннен парақтың жоғарғы, төменгі, оң жағы және сол жақ шетіне дейінгі аралықты тағайындау;

  2. Түптеудің(переплет) орының және өлшемін тағайындауға болады;

  3. Парақтың бағатталуын, яғни парақтың тігінен немесе көлденеңінен орналасуын тағайындауға болады;


Бет режимдері

Көру режимдерінің батырмалары қалып қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады:

  • Кәдімгі режим(обычный режим) батырмасы-бұл көру режимі келісім бойынша редакторға кірген кезде бірден орнатылады. Ол мәтінді форматтау элементтерінін қарапайым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир-сызықшамен бейнелеп, символдарды теру, түзету және көру процесін жылдам орындайды. Бұл форматта суреттермен және кадрлармен жұмыс істеуге болмайды.

    жүктеу 10,93 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау